- •Мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- •Қр дәрілік саясатың құқықтық негіздерін реттейтін заңды-нормативтік құжаттар.
- •Фармацевтикалық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері.
- •Фармацевтикалық лицензиялаудың құқықтық нормалары.
- •Дәрі-дәрмектердің және медицинада қолданылатын бұйымдардың сапасын қадағалау.
- •Фармацевтикалық нарықтағы тарау өткізу торабының,фармацевтикалық өнімдерді өткізу арналарының (каналдарының)жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Фармацевтикалық нарықтағы дәрілік заттар қозғалысының аясында логистикалық жолдарды қолдану,тауар қозғалысы арналары.
- •Фармацевтикалық нарықтағы көтерме сауда бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу тәртібі:
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті.
- •Фармацевтикалық(дәріханалық) ұйымдардың санитарлық тәртіптері.
- •Фармацевтикалық(дәріханалық) ұйымдардың санитарлық тәртіптері.
- •Тауарлардың фармацевтикалық (дәріханалық) ұйымдарда сақталуы.
- •Тауарлардың фармацевтикалық(дәріханалық)ұйымдарда сақталуы(жалғасы).
- •Дәріханалық ұйымдар қызметтерінің ұйымдық-құқықтық нысандары.Дәріханалық ұйымдардың түрлері.
- •Дәрілік заттарды бөлшек сауда бойынша босату ережелері.
- •Дәріханалық ұйымдардан босатылатын тауарлардың түрлері,дәріханада дәрілік заттарды және басқа да тауарларды шипашақсыз босату. Дәріханалық ұйымдардан тауар босатылуының түрлері
- •Халыққа қызмет көрсететін дәріханалық ұйымдар.
- •Дәріханалық ұйымдардың санитарлық тәртібі.
- •Фармацевтік кадрларды дайындау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайларды қалыптастыру.Дәріханалық ұйымдардағы ақпараттық технологиялар.
- •Фармацевтикалық этика және деантология.Валеология және сауатты өмір салты негіздері.
- •Қр дәрілік препараттар өндірісінің мемлекеттік нормалануы.Дәріханалық мекемелерде дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру қағидаттары.
- •2.1 Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі
- •3. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау тәртібі
- •Дәріханалық ұйымдардағы шипашақтық-өндірістік бөлімінің қызметін ұйымдастыру,қызметтері мен міндеттері,шипашақтарды қабылдау және дәрі-дәрмектерді босату жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәріханалық ұйымдарда шипашақтарды қабылдау және дәрі-дәрмектерді босату тәртіптерін.Дәрі-дәрмектерге заттық-сандық есеп жүргізу.
- •Дәріханалық мекемелерде дәрі-дәрмектерді дайындауды ұйымдастыру,дәріхана ішінде дайындау және бөлшектеп өлшеу.Дәрі-дәрмектерді рәсімдеу және босату жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәрі-дірмектердің сапасын дәріхана ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәрілік заттардың сапасын бағалау.
Фармацевтикалық этика және деантология.Валеология және сауатты өмір салты негіздері.
Фармацевке арналған этика
Этика деп адамның бір ортадағы мінез-құлықтарының жүйесін айтамыз. Этика терминің Аристотель ғылым ретінде адамның моральдық іс-әрекетін зерттейтін ғылым деп ұсынды. Фармацевтикалық этика фармацевтикалық персоналдың әртүрлі қызметтегі іс-әрекеттерінің нормаларын айтамыз. Фармацевтикалық деонтология өзінің әртүрлі бағытымен ж/е қарым-қатынастармен анықталады.
Фармацевт қоғаммен қарым-қатынаста
Фармацевт дәрігермен
Фармацевт науқаспен
Фармацевт фармацевтпен
Фармацевт жұмыскерімен қоғамның қарым-қатынасы фармацевтің алдына келген науқастың жасы социалды статусы политикалық көзқарасы ұлтына байланысты науқасты өзгеше қызмет көрсету мүмкін еместігін айтамыз. Фармацевттің міндеті ж/е құқығы өзінің қызметтік тәуелсіздігін ж/е іс-әрекеттеріне жауапкершілігін жоғары дәрежеде жүруін қамтуы тиіс. Фармацевтикалық жұмыскер өзінің мамандығына қайшы келмейтін жоғары жауапкершілікте бар білімін қолдануы тиіс. Науқаспен қарым-қатынас жағанда ашуланшақ, реңіш, асығыс іс-әрекет жасамай сабырлықпен науқастың берген мәліметін жақсылап тыңдап дұрыс бағытта шешім қабылдап оның алдына қойған мақсаты науқастың денсаулығын дұрысталуын дәрігермен бірге шешуі тиіс. Әріптестерімен қарым-қатынас бір-бірімен сыйласып, білген білімін бөлісіп, ризашылығын көрсету керек.
Денсаулық сақтау жүйесі туралы №1903 Кодексте берілген мәліметтер бойынша медициналық қызметкерлерінің заңдылық жауапкершілік бойынша келесі қылмыс бағыттары бөлінеді:
Науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе
Заңсыз түрде наркотикалық ж/е психотропты заттармен дәрілік заттар дайындап, сатып алып сақтаса н/е сатса
Құрамында наркотикалық н/е психотропты дәрілік заттарды сақтаса н/е тартып алса
Рецептерді н/е басқа құжаттарды заңсыз түрде жалған құжаттармен қолданса
Заңсыз түрде жеке фармацевтикалық іс-әрекетпен айналысса
Экологияға үлкен апат келтіретін заттармен ж/е олардың қалдықтарымен жұмыс істегенде ережелерін қолданбаса.
Егер дұрыс емес іс-әрекеттер ортаға үлкен қауіп-қатер жасамаса онда жауапты жұмыскер қатал түрде ескертіледі. Дәрілік заттар айналымындағы барлық жұмыскерлерге фармацевт, провизорларға деонтология ж/е фармацевтикалық этика талаптары қойылады, қатаң түрде. Фармацевтикалық жұмыскерге жоғары деңгейде өзіне қойған мақсатымен, міндетін орындап пофессионал ретінде қателік жасамай қылмыстық іс-әрекет көрсетпей адамның денсаулығын дұрыс сақтап қауымға қатер төңдірмей өзінің фармацевтік жұмыскер атағын жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды. 2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде: 1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге; 3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға; 4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге; 5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға; 6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге; 7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге; 8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға; 9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға; 10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға; 11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге; 12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге; 13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге; 14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс. 3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері: 1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге; 3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға; 4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге; 5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға; 6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс. 4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері: 1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға; 2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға; 3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге; 4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс. 5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы олардың кәсіптік борышы болып табылады. 6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады. 7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тірек дәрісі №24
