- •Мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- •Қр дәрілік саясатың құқықтық негіздерін реттейтін заңды-нормативтік құжаттар.
- •Фармацевтикалық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері.
- •Фармацевтикалық лицензиялаудың құқықтық нормалары.
- •Дәрі-дәрмектердің және медицинада қолданылатын бұйымдардың сапасын қадағалау.
- •Фармацевтикалық нарықтағы тарау өткізу торабының,фармацевтикалық өнімдерді өткізу арналарының (каналдарының)жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Фармацевтикалық нарықтағы дәрілік заттар қозғалысының аясында логистикалық жолдарды қолдану,тауар қозғалысы арналары.
- •Фармацевтикалық нарықтағы көтерме сауда бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу тәртібі:
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті.
- •Фармацевтикалық(дәріханалық) ұйымдардың санитарлық тәртіптері.
- •Фармацевтикалық(дәріханалық) ұйымдардың санитарлық тәртіптері.
- •Тауарлардың фармацевтикалық (дәріханалық) ұйымдарда сақталуы.
- •Тауарлардың фармацевтикалық(дәріханалық)ұйымдарда сақталуы(жалғасы).
- •Дәріханалық ұйымдар қызметтерінің ұйымдық-құқықтық нысандары.Дәріханалық ұйымдардың түрлері.
- •Дәрілік заттарды бөлшек сауда бойынша босату ережелері.
- •Дәріханалық ұйымдардан босатылатын тауарлардың түрлері,дәріханада дәрілік заттарды және басқа да тауарларды шипашақсыз босату. Дәріханалық ұйымдардан тауар босатылуының түрлері
- •Халыққа қызмет көрсететін дәріханалық ұйымдар.
- •Дәріханалық ұйымдардың санитарлық тәртібі.
- •Фармацевтік кадрларды дайындау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайларды қалыптастыру.Дәріханалық ұйымдардағы ақпараттық технологиялар.
- •Фармацевтикалық этика және деантология.Валеология және сауатты өмір салты негіздері.
- •Қр дәрілік препараттар өндірісінің мемлекеттік нормалануы.Дәріханалық мекемелерде дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру қағидаттары.
- •2.1 Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі
- •3. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау тәртібі
- •Дәріханалық ұйымдардағы шипашақтық-өндірістік бөлімінің қызметін ұйымдастыру,қызметтері мен міндеттері,шипашақтарды қабылдау және дәрі-дәрмектерді босату жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәріханалық ұйымдарда шипашақтарды қабылдау және дәрі-дәрмектерді босату тәртіптерін.Дәрі-дәрмектерге заттық-сандық есеп жүргізу.
- •Дәріханалық мекемелерде дәрі-дәрмектерді дайындауды ұйымдастыру,дәріхана ішінде дайындау және бөлшектеп өлшеу.Дәрі-дәрмектерді рәсімдеу және босату жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәрі-дірмектердің сапасын дәріхана ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәрілік заттардың сапасын бағалау.
Халыққа қызмет көрсететін дәріханалық ұйымдар.
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ТЕГІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖЕҢІЛДІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЕРЕЖЕСІ
(ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес)
Жалпы ережелер:
1. Осы Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі Ереже) аурулардың түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Аурулардың түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен (оның ішінде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен) тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі дәрі-дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде амбулаториялық емдеу кезінде рецептілер бойынша жүзеге асырылады.
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар рецептілер бойынша тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайда берілетін аурулардың түрлері меназаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін, сондай-ақ оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.
3. Тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда қосымша беру уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
4. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрә - тапсырысшы) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан (бұдан әрі - өнім беруші) қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарды сақтауды және диабетпен ауыратын, онкологиялық аурулармен ауыратын, бүйрегінің кемістігі бар және бүйрегін ауыстырып қондыру бойынша операция жасалған амбулаториялық науқастарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді өнім берушілерден сатып алуды тапсырысшы бөлек жүзеге асырады.
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) берілетін бағасы – дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде азаматтарға өнім беруші беретін дәрілік заттың, тасымалдауға, сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге, дәрілік заттардың құнына, дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша есепті жүргізуге және есеп беруге арналған шығыстарды қамтитын бағасы;
2) өтеу коэффициенті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін дәрілік заттың берілу бағасын тапсырысшының өнім берушіге өтеу үлесі;
3) өтеу сомасы осы Ережеге сәйкес дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін тапсырысшының өнім берушіге өтеу үлесі.
Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін қажеттілікті айқындау
6. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттарға қажеттілік мынадай:
1) уәкілетті орган бекіткен аурулар түрлерінің, азаматтардың жекелеген санаттарының және дәрілік заттардың тізбесінің;
2) бір науқасқа арналған дәрілік затты берудің, бұрынғы кезеңдегі нақты тұтынуының есептік нормасының;
3) жоспарланатын науқастар санының негізінде айқындалады.
7. Дәрілі заттардың нақты қол жетімділігімен қамтамасыз ету мақсатында тапсырысшы дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз етілуі қажет облыстардың, Астана және Алматы қалалары елді мекендерінің тізбесін айқындайды.
2. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету
1. Жергілікті мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ тегін амбулаториялық-емханалық медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынатын медициналық ұйымдардың (бұдан әрі амбулаториялық медициналық ұйымдар) көрнекі ақпарат органдарында және дәрілік заттардың бөлшек саудасы объектілерінде тапсырысшы мынадай ақпараттарды орналастырады:
1) аурулар түрлерінің және амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда берілетін азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі;
2) берілетін бағасы мен өтеу коэффициенті көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттардың тізбесі;
3) дәріхана ұйымдарының және дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бастапқы медициналық – санитарлық көмек объектілерінің мекен – жайлары.
2. Тапсырысшы өнім берушіге дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін рецептілер жазып беруге құқығы бар медицина ұйымдарының тізбесін береді.
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда беру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жазып берілген рецептінің негізінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесін көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Дәрілік затты басқа адам алған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшірмесін көрсеткен кезде беріледі. Дәрілік заттарды науқас балалардың ата – аналары алуы үшін баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай – ақ ата – аналарының жеке басын куаландыратын құжаты көрсетіледі.
Өнім берушіге белгіленген тәртіпті бұза отырып, жазып берілген рецепт бойынша берілген дәрілік заттың берілу бағасы өтелмейді.
4. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету:
1) өнім берушінің және (немесе) дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша онымен шарттық қатынастарда тұрған адамның дәрілік заттарды бөлшек саудада сату объектілері;
2) өнім беруші және (немесе) онымен шарттық қатынастарда тұрған адамдар дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша дәрілік заттарды сатуға құқығы бар шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі бастапқы медициналық – санитарлық көмек объектілері арқылы жүзеге асырылады.
Туберкулезден зардап шегетін азаматтар амбулаториялық емдеу кезінде туберкулез мекемелері арқылы туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз етіледі.
5. Өтеу сомасын дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін жазып берілген және дәрілік заттарды беру жүзеге асырылған рецептілердің тізілімдерін медицина ұйымдары мен өнім берушілер ұсынған салыстырулар негізінде тапсырысшы айқындайды. Берілген тізілімдердің деректері сәйкес келмеген жағдайда тапсырысшы өтеуге жатпайтын және ол бойынша тапсырысшы мен өнім берушінің тарапынан дұрыстығын бақылау жүзеге асырылатын жағдайлардың тізілімі жасалады.
6. Тегін негізде дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде азаматтарға өнім беруші мен тапсырысшының арасындағы шартпен белгіленген дәрілік заттардың берілу бағасы мен өтеу сомасының арасындағы айырма төленеді.
Тегін негізінде дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде өнім берушінің берілетін бағасын тапсырысшы толық өтейді.
7. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету туралы ақпаратты тапсырысшылар уәкілетті органға ұсынады.
3. ҚҰРАМЫНДА ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАР БАР ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА РЕЦЕПТ ЖАЗЫП БЕРУ ЖӘНЕ ДӘРІГЕРДІҢ РЕЦЕПТІСІ БОЙЫНША БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ
ҚР Қаулыларына сәйкес:
1. Рецептілерді денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзіреті шегінде сәйкес нысан бойынша банкілермен тиісті медициналық айғақтар болған кезде береді.
Рецептілер рецептіні жазып беретін медицина қызметкерінің қолымен және мөрімен бекітіледі.
2. Дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етілуге құқығы бар науқастардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептілер сәйкес бланктерге жазылып беріледі.
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілерге денсаулық сақтау ұйымының басшысы қосымша қол қояды және мөрімен бекітеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептіге қол қояды және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен бекітеді.
3. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазып беруге жол берілмейді.
4. Рецептілер науқастың жасы және дәрілік заттың құрамына кірген ингредиенттер әрекетінің сипаты ескеріле отырып жазылып беріледі.
5. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында көрсетіледі. Рецептілердің бланкілері сәйкес нысан бойынша рецепт бланкілерін есепке алатын арнайы кітапта тіркеледі.
6. Рецептілер бланкілердегі көрсетілген барлық бағандар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазумен жазылып беріледі.
7. Рецептіде сәйкес қысқартуларға жол беріледі.
8. Дәрілік затты қолдану тәсілі қабылдау мөлшері, жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде жазылады. Жалпы нұсқаулармен («Белгілі», «Ішке», «Сыртқа») шектеуге болмайды.
9. Бір рецепт бланкісіне бір дәрілік зат жазылып беріледі.
10. Дәрілік затты жоғары бір реттіктен артық мөлшерде жазып берген кезде дәрігер рецептіге дәрілік заттың мөлшерін жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазып берілген дәрілік заттың белгіленген жоғары бір реттік мөлшерінің жартысын береді.
11. Рецептілер стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында айрықша қолданылатын дәрілік затқа (ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттар және басқалары) жазылып берілмейді.
12. Рецептілер жеті күннің ішінде жарамды.
13. Тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға дәрілік заттарды (дәріханалардан тегін немесе жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттарды қоспағанда) жазып беру кезінде рецептілердің жарамдылық мерзімі 1 айға дейін белгіленеді. Мұндай жағдайда рецептілерде дәрігердің қолымен және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен бекітілген «Арнайы тағайындалған» деген жазу болуы тиіс.
14. Жоғары санамалаған талаптарға сай келмейтін және/немесе үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік зат жазылған рецепт жарамсыз болып есептеледі.
15. Жарамсыз рецептілер «Рецепт жарамсыз» деген мөртаңбамен күші жойылады, сәйкес дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алатын арнайы журналға тіркеледі.
Бұл орайда фармацевтика қызметкері науқасқа үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік заттарды қоспағанда, жазылып берілген дәрілік заттарды береді де, дұрыс жазылып берілмеген рецептілер туралы ақпаратты денсаулық сақтау ұйымының басшысына береді.
16. Тегін немесе жеңілдікті жағдайлардағы рецептілер бойынша дәрілік заттарды беруді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісім-шарты бар дәріхана ұйымдары жүзеге асырады.
17. Дәрілік затты рецептіде көрсетілген санымен беру қажет болған кезде дәріхана орамына дәріхана ұйымының атауын, дәріні, санын, мөлшерін, сериясын және жарамдылық мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, түпнұсқа орамды бұзуға болады.
18. Әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс) жарамды тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республикасының бүкіл аумағында жарамды.
19. Дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі:
1) тегін және жеңілдікті жағдайларда босатылғандар – 3 жыл.
2) басқалары – 3 ай.
20. Сақтау мерзімі асып кетісімен рецептілер жойылуы тиіс.
21. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхана ұйымының басшысы мен материалдық жауапты адамы бар комиссия құрылады.
Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазумен көрсетіледі.
Тірек дәрісі №20
Кішібөлшектік сауда жүргізетін жүйелердің қызметтерін ұйымдастыру.Емханалық және емханааралық дәріханалардың қызметі,құрылымы,емдеу-профилактикалық мекемелерді дәрі-дірмектермен және медицинада қолданылатын бұйымдармен қамтамасыз ету тәртіптері.
Дәріханалық ұйымдардың құрамына кіретін бөлме тізімі
Құрамы, ауданы, жоспары және дәріхана ұйымының бөлмелерінің жабдықталуы, оның атқаратын жұмысының көлемі және өндірістік іс-әрекетіне байланысты. Минималды дәріхана бөлмелерінің құрамы:
1. Сауда залы
2. Д.З- ы дайындау бөлмесі
3. Қабылдау және сақтау (дәріхана қорын)
4. Тазартылған су
5. Д.З- ы бөлшектеп, өлшеп қорапқа салу
6. Жуу, жұмыскерлер бөлмесі
7. Стерилизациялау бөлмесі
8. Дәретхана, киім ауыстыру бөлмесі
9. Бастық бөлмесі
Сауда залында келесі жұмыс орындары орналасқан:
1. Рецепторлы өндірістік
2. Дайын дәрілік пішіндер
3. Рецептсіз таратылатын
4. Парафармацевтикалық тауап
5. Оптика
Сауда залында жұмыс орындалу көлеміне байланысты бір немесе бірнеше жұмыс орындарымен қамтылады.Оның ішінде: 1. Рецептті қабылдау 2.Дайындалған Д.З жіберу 3. Д.З рецептсіз тарату және басқа тауарларды тарату.
Бір жұмыс орны бар сауда залында минималды мөлшерде дәріхана орналасады. Сауда залы ең негізгі бөлме. Ол бөлмеде жоғары деңгейде қызмет көрсетіліп, көп мөлшерде Д.З таратылу мүмкін. Тауарлардың ассортименті жоғары мөлшерде көрнекі түрде орнасалады. Санитарлы бюллютендер, хабарландыру жабыстырылып тұру керек. Лицензияның көшірмесі (берілген мерзімі,орган) көрсетіледі, телефон, мекен-жайы, жұмыс істеу кестесі, фармацевтикалық анықтама ұжымы, жеңілдік беру мәліметтері жазылуы тиіс.Арнайы сөгіс және ескерту жазылатын кітапша. Д.З дайындалатын ассистенттік бөлме болуы керек. Ассистенттік бөлме келесі:
Арнайы дәріханалық жиһаз
Приборлар, құрал-жабдықтар: араластыратын,сүзетін, бөлшектейтін, этикетка жабыстыратын, қорапқа салатын
Уытты және наркотикалық Д.З этил спиртін сақтайтын арнайы сейфтер, штангластар
Таразылар, Д.З химиялық тексерістен өткізетін реактивтер.
Дайын Д.З дайындалу көлеміне байланысты ассистенттік бөлме бір немесе бірнеше жұмыс орындарымен қамтылады. Тазартылған су дайындалатын арнайы аппараттар бөлек бөлмеде орналасып, санитарлық талап бойынша жұмыс істейді.Дайын Д.З- ы сақталынатын қор бөлмесі стилаждармен, шкафтармен, сейфтермен, уытты, жанғыш, боятқыш Д.З бөлек шкафтарда сақталу тиіс.Осы бөлмелерге жауап беретін фармацевт материалдық жауапкершілікте болады.Киім ауыстыратын бөлме дәріханаішілік санитарлық режим бойынша әр жұмыскерге бөлек шешінетін шкафтармен қамтылады.Өндірістік дәріхана өзінің негізгі міндетін атқару үшін келесі:
Асептикалық блок (асептикалық және сперилді дәрілік пішінді дайындау үшін )
Автаклаф
Апирогенді суды алуға арналған бөлме
Фармацевт, аналитик отыратын бөлме
Өндірістік бөлмелердің орналасуы технологиялық процесстің үрдістің өтуі бойынша орналасады.Бөлме аралық тиімді байланыс болу тиіс.Ол жұмыстың дұрыс жүруіне ықпал етеді. Мысалы: ассистенттік бөлме Д.З сақтау бөлмесіне жақын тұру тиіс, рецептпен тарататын бөлме фармацевт, аналитик бөлмесінің қасында орнасалады. Асептикалық блок апирогенді су алынады.Дәріхана ұйымдарының санитарлық режимі нұсқауында өндірістік дәріханалардың максималды және минималды жұмыс орындары берілген. Минималды жұмыс орны келесі:
ММБ және Д.З тарату
Рецепт бойынша дайындалған дәрілік препарат
Дәрілік препарат сапасын тексеру
Рецепт дайындағанда қолданылатын ыдыстарды жуып, тазалау
Залалсызданған суды алу
Тауарларды кіші қаптамаға салу
Дәрілік шикізаттарды саламыз
Максималды жұмыс орны:
Сауда залы (халыққа қызмет көрсету орны )
а) рецепт бойынша дайындалған дайын препаратты тарату
б) репептсіз қолданылатын дайын дәрілік препаратты тарату
в) дәріханада дайындалған дәрілік препаратты тарату
г) ақпараттар
д) оптиканы тарату
е) парафармацевтикалық тауар тарату
Ассистенттік дәріхана ішке қабылдауға арналған дәрілік препарат дайындайтын,сыртқа қабылдауға арналған дәрілік препарат дайындайтын, ішке қабылдауға арналған дәрілік препарат қорапшаға салу(фармацевт технолог), емханаларда қолданылатын көп мөлшерде дайындалған дәрілік препарат, емханаларда қолданылатын дәрілік препараттарды қорапқа салуға арналған орын
Аналитикалық (фармацевт, аналитик бөлмесі) дайын дәрілік препараттың сапасын тексеретін
Жартылай шикізаттар және концентративті (жартылай шикізаттар концентративті заттар дайындайтын)
Залалсыздандырғыш – жуғыш (рецепт бойынша дайындалатын Д.З-ы дайындайтын ыдыстарды жуып, шаю.Ыдыстарды залалсыздандыру қосымша өнімдерді және тығындарды дайындау)
Дистилляциялау (тазартылған дистелденген суды алу)
Дизенфекциялайтын емханаларда қолданылатын Д.З- ы бос ыдыстарының жуылып, тазарылуы
Қорапқа салу
Рецептурно- экспедициялық – емханалардан келетін рецепттерді алу үшін(бланк) толтырылған талаптарды қабылдау.Емханалардан келген сұраныстарды қабылдау
Асептикалық ассистенттік – сперилді Д.З дайындау, дайын Д.З – ы қорапқа салу
Стерилизациялау - дәрілік препараттарды стерилизациялау, емханаларға жіберуге арналған Д.З стерилдеу
Маркировканы тексеру - дәрілік препаратты безендіру.
Тірек дәрісі №21
