- •Мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- •Қр дәрілік саясатың құқықтық негіздерін реттейтін заңды-нормативтік құжаттар.
- •Фармацевтикалық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері.
- •Фармацевтикалық лицензиялаудың құқықтық нормалары.
- •Дәрі-дәрмектердің және медицинада қолданылатын бұйымдардың сапасын қадағалау.
- •Фармацевтикалық нарықтағы тарау өткізу торабының,фармацевтикалық өнімдерді өткізу арналарының (каналдарының)жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Фармацевтикалық нарықтағы дәрілік заттар қозғалысының аясында логистикалық жолдарды қолдану,тауар қозғалысы арналары.
- •Фармацевтикалық нарықтағы көтерме сауда бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу тәртібі:
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •Дәріханалық қоймалардың қызметін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті.
- •Фармацевтикалық(дәріханалық) ұйымдардың санитарлық тәртіптері.
- •Фармацевтикалық(дәріханалық) ұйымдардың санитарлық тәртіптері.
- •Тауарлардың фармацевтикалық (дәріханалық) ұйымдарда сақталуы.
- •Тауарлардың фармацевтикалық(дәріханалық)ұйымдарда сақталуы(жалғасы).
- •Дәріханалық ұйымдар қызметтерінің ұйымдық-құқықтық нысандары.Дәріханалық ұйымдардың түрлері.
- •Дәрілік заттарды бөлшек сауда бойынша босату ережелері.
- •Дәріханалық ұйымдардан босатылатын тауарлардың түрлері,дәріханада дәрілік заттарды және басқа да тауарларды шипашақсыз босату. Дәріханалық ұйымдардан тауар босатылуының түрлері
- •Халыққа қызмет көрсететін дәріханалық ұйымдар.
- •Дәріханалық ұйымдардың санитарлық тәртібі.
- •Фармацевтік кадрларды дайындау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайларды қалыптастыру.Дәріханалық ұйымдардағы ақпараттық технологиялар.
- •Фармацевтикалық этика және деантология.Валеология және сауатты өмір салты негіздері.
- •Қр дәрілік препараттар өндірісінің мемлекеттік нормалануы.Дәріханалық мекемелерде дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру қағидаттары.
- •2.1 Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі
- •3. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау тәртібі
- •Дәріханалық ұйымдардағы шипашақтық-өндірістік бөлімінің қызметін ұйымдастыру,қызметтері мен міндеттері,шипашақтарды қабылдау және дәрі-дәрмектерді босату жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәріханалық ұйымдарда шипашақтарды қабылдау және дәрі-дәрмектерді босату тәртіптерін.Дәрі-дәрмектерге заттық-сандық есеп жүргізу.
- •Дәріханалық мекемелерде дәрі-дәрмектерді дайындауды ұйымдастыру,дәріхана ішінде дайындау және бөлшектеп өлшеу.Дәрі-дәрмектерді рәсімдеу және босату жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәрі-дірмектердің сапасын дәріхана ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
- •Дәрілік заттардың сапасын бағалау.
Дәрілік заттарды бөлшек сауда бойынша босату ережелері.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу тәртібі:
1. Дәріханада, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пунктінде, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пунктінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу жүзеге асырылады. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу жүзеге асырылады. Оптика дүкенінде оптиканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу жүзеге асырылады. 2. Аудандық орталық шалғайдағы дәріханасы жоқ елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді субъектілер алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасының сақталуын, қауіпсіздігін және тиімділігін аттестатталған медициналық білімі бар мамандар қамтамасыз етеді. 3. Витринаға дәрігердің рецептісінсіз өткізілетін дәрілік заттар қойылады. 4. Рецептіде немесе қажетті емдеу курсында көрсетілген мөлшерде дәрілік заттарды босату қажет болған жағдайда бастапқы (ішкі) қаптаманы қоспағанда, дәріхана қаптамасына фармацевтикалық қызмет объектісін, дәрілік заттың атауын, санын, дозасын, сериясын, өндіруші елді көрсете отырып, оның атауын, препараттың жарамдылық мерзімін, қолдану тәсілін сақтық шараларын міндетті түрде көрсете отырып, екінші (сыртқы) түпнұсқа қаптамасын бұзып өткізуге жол беріледі. 5. Халыққа дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық айғақтар болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде рецептісіз және жазып берген және ресімдеген рецептісі бойынша жүзеге асырылады. 6. Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен тегін немесе жеңілдікті қамтамасыз етілуге құқылы науқастардың жекелеген санаттары үшін тегін немесе жеңілдікті шарттарда дәрілік заттарды алуға халыққа дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде жазылып берілетін рецепт бойынша жүзеге асырылады. 7. «Есірткі, психотроптық заттар прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада берілген медициналық мақсатта пайдаланатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар тізімінің ІІ кестесінің есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттарды халыққа бөлшек саудада өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде жазылып берілетін рецепт бойынша жүзеге асырылады. 8. «Есірткі, психотроптық заттар прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада берілген, медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар тізімінің ІІІ кестесінің психотроптық заттары бар дәрілік заттарды халыққа бөлшек саудада өткізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде жазылып берілетін рецепт бойынша жүзеге асырылады. 9. Рецептіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға қөрсетілген қысқартуға рұқсат етіледі. 10. Дәрігер бір реттік жоғары мөлшерден асатын дозадағы дәрілік затты жазып берген кезде рецептіде дәрілік заттың дозасын жазбаша жазып, леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтикалық қызметкер жазып берілген дәрілік заттың белгіленген бір реттік жоғары мөлшердегі дозаның жартысын босатады. 11. Дәріханада, дәріхана пунктінде дәрігердің рецептісінде жазылған дәрілік зат болмаған жағдайда көтерме саудада өткізу объектісінің маманы пациенттің және (немесе) емдеуші дәрігердің келісімі бойынша оны фармакологиялық баламасымен ауыстыруды жүзеге асырады. Дәріханада, дәріхана пунктінде қажетті дәрілік зат болмаған жағдайда маман дәрігердің келісімінсіз ассортиментте бар, халықаралық патенттелмеген атауымен дәрілік заттың синонимін ұсынады. 12. Маман дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу кезінде пациентке: 1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс және ұтымды қолдану немесе пайдалану; 2) дәрілік заттардың мүмкін болатын жанама әсерлері мен қарсы айғақтары; 3) басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі, оларды қолдану немесе пайдалану кезіндегі сақтық шаралары; 4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы үй жағдайында сақтау қағидалары мен жарамдылық мерзімі; 5) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы пайдалану қағидалары, жинақтылығы бойынша ақпаратты ұсынады. 13. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін және (немесе) құрамында үйлеспейтін компоненттер бар дәрілік зат бар рецепт жарамсыз деп саналады және дәріханада, дәріхана пунктінде қалдырылады. Бұл ретте бөлшек саудада өткізу объектісінің маманы құрамында үйлеспейтін компоненттер бар дәрілік заттарды қоспағанда, науқасқа жазып берілген дәрілік затты босатады. 14. Жарамсыз рецептілерге «Рецепт жарамсыз» деген мөр қойылады, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызмет объектісі басшысының қолымен және дәріхананың, дәріхана пунктінің мөрімен бекітіліп, нөмірленіп және тігіліп, дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі. 15. Дұрыс жазып берілмеген рецептілер туралы ақпарат тиісті медициналық ұйымның басшысына және (немесе) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органдарына беріледі. 16. Дәріханада, дәріхана пунктінде дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімдері: 1) тегін және жеңілдікті шарттарда босатылған дәрілік заттарды – 3 жыл; 2) құрамында 8-оксихинолиннің туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидинге, анаболиялық стероидтер бар дәрігерлік заттарға – 3 ай. 17. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін рецептілер жоюға жатады. 18. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхананың, дәріхана пунктінің басшысы және материалдық жауапты тұлғалар болатын комиссия құрылады. Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазбаша көрсетіледі.
Тірек дәрісі №18
