- •1 «ForteBank» ақ туралы қысқаша мәлімет
- •Қызметтің негізгі бағыттарының тізімі:
- •3. Компанияның қысқаша мәселелері мен сұрақтары
- •1 Сурет - 2015 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайының деңгейі
- •2 Сурет - 2015 жылғы 31 наурызда аяқталған кезеңдегі үш айлық пайда немесе залал және басқа жинытықты табысының деңгейі
- •4. Таңдалған дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі және компанияның проблемаларын шешуге қосатын үлесі
- •5. Алынған практикалық тәжірбие және компаниямен байланысты нығайтуға ұсыныстар.
SULEYMAN DEMIREL UNIVERSITY
Тәжірибеден өту туралы
ЕСЕП
«ForteBank» Акционерлік қоғамы
Қаскелең қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 25А
Университет жолдауымен
Қаржы мамандығының
4курс студенті
Омарова Жансая
Тәжірибе жетекшісі
Заманбеков Д
Мекеме бойынша тәжірибе жетекшісі
Балтабек А
Қаскелең, 2016 ж
1 «ForteBank» ақ туралы қысқаша мәлімет
«ForteBank» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 20 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді. ForteBank өз тарихын Павлодар қаласында (Павлодар облысы) Қазақстанның алғашқы аймақтық банкілерінің бірі «ИртышБизнесБанк» ААҚ құрылған 1993 жылғы 7 шілдеден бастады. 1999 жылғы 13 шілде «ИртышБизнесБанк» ААҚ «Семей қалалық банк» ААҚ бірігеді. Жаңа «ИртышБизнесБанк» ААҚ Алматы, Астана, Екібастұз, Павлодар, Семей және Өскемен қ.қ. филиалдарымен қатар Павлодар қ. бас офиске орналасады. Бірігу 1993 жылдан бастап осы құрылымдармен жинақталған банк қызметінің тәжірибесін интегралдады, сондай-ақ оларды Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысына бағытталған аймақаралық банкіге ауыстырды.
Банк тарихы:
2003 ж. 2- қыркүйек |
Moody’s Investors Service жетекші рейтингтік агенттігі Альянс Банкіне «тұрақты» деген болжаммен алғашқы E+/Ba3/NP кредиттік рейтинг ұсынды.
|
2004 ж. |
Альянс Банкі банкілік ақпарат жүйесін автоматтандыру және оны сертификаттау бөлігінде бухгалтерлік есепке алудың халықаралық стандарттарына көшеді.Альянс Банкі Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қазақстандық қор жүйесінің алғашқы қатысушысы болды. (ИККҚЖ).
|
2006 жылдың шілде |
Банк Қазақстанда активтер және меншік капиталы мөлшері бойынша (2006 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша) төртінші болды. Активтер 521 969 млн. теңгені, меншік капиталы - 37 155 млн. теңгені құрады. Таза пайда 2005 ж. ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары 2 104 млн. теңгені құрады. «Казпочта» АҚ-мен бірлесіп зейнеткерлерді кредиттеу жөніндегі жоба шығарылды. Альянс Банкі Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеу жөніндегі абсолютті жетекші болды.
|
2006 ж. 1 қыркүйек |
Альянс Банкі Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес процесін дербес басқару мүмкіндігін алды.
|
2007 ж. мамыр |
Альянс Банкі Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес процесін дербес басқару мүмкіндігін алды. |
2008 ж. |
Альянс Банкі тұтынушылық кредиттеу моделін түзетті және дербес тұтынушылық кредиттен жақсы кредиттік тарихы бар клиенттерге жаңартпалы кредит карталарын беруге көшті.
|
2009 жыл |
Ақпанда Альянс Банкінің басты акционері – «Сеймар Альянс» Қаржы корпорациясы Банк акцияларының бақылау пакетін «Самұрық-Қазына» қорына сату туралы келіссөздер жүргізуді бастады.
|
2012 жыл. Сәуірде |
«Альянс Банкі» АҚ 2011 жыл үшін халықаралық қаржы есебінің стандарттары бойынша (ХҚЕС) аудиттелген біріктірілген есепті жариялады.Жылдың басты нәтижесі болып ХҚЕС бойынша меншік капиталын қалпына келтіру табылды: капитал тұтас алғанда 106 млрд. 67 млн. теңгеге ұлғайды және 2011 жылдың 31 желтоқсанына 1 млрд. 32 млн. теңге (2010 жылдың 31 желтоқсаны жай-күйі бойынша ХҚЕС бойынша капитал тапшылығы 105 млрд. 35 млн. теңге) құрады.«Альянс Банкі» АҚ ХҚЕС бойынша активтері 24% ұлғайды (102,3 млрд. теңгеге) және 2011 жылғы 31 желтоқсанбойынша529 млрд. 888 млн. теңгеқұрады.«Альянс Банкі» АҚ 2011 жылғы ХҚЕС бойынша пайдасы 39 млрд. 887 млн. теңгеқұрады.
|
2015 жылғы 1 қаңтар |
«Альянс Банк» АҚ-ға «Темiрбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ қосылуы.
|
2015 жылғы 10 ақпан |
«Альянс Банк» АҚ атауы «ForteBank» АҚ атауына ауыстырылды.
|
