Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОВП вн болезни каз-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.64 Кб
Скачать

Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар

6-вариант

1~ 45 жастағы науқас әйел 6 сағат ішінде мазалайтын өт тас ауруы кезінде колика тәрізді ауырсынуға шағымданып тұр. Науқастың жүргізу тактикасы:

А) өт қапшығының УДЗ

В) қанның биохимиялық анализі

С) хирург кеңесі

Д) гастроэнтеролог кеңесі

Е) құрсақ қуысының рентгенографиясы

2~ Өт шағару жолдарының обструкциясында ... жоғарылайды.

А) сілтілі фосфатаза

В) аланинаминотрансфераза

С) жалпы ақұыз

Д) С-реактивті ақұыз

Е) лактатдегидрогеназа

3~ 39 жасар науқас, банкир, 5 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған, қазіргі к41езде энцефалопатия белгілері, терінің сарғаюы анықталады. Созылмалы гепатит бойынша терапевттің диспансерлік бақылауында тұрады. Сарғаюдың себебі:

А) АЛТ деңгейінің жоғарылауы

В) тікелей емесбилирубин деңгейінің жоғарылауы

С) тікелей билирубин деңгейінің жоғарылауы

Д) өт пигменттері деңгейінің жоғарылауы

Е) холестерин деңгейінің жоғарылауы

4~ 48 жасар науқас әйелдің диагнозы: Вирусты бауыр циррозы (HbsAg-пол), орташа белсенді, декомпенсирленген, Чайлд-Пью бойынша С тобы. Порталды гипертензия. I-II дәрежелі өңеш көк тамырларының варикозды кеңеюі. Ісіктік-асциттік синдром. Бауыр-жасушалық жетіспеушілігі. Уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі ... күн .

А) 40-55

В) 45-60

С) 20-35

Д) 30-50

Е) 25-60

5~ Ішектің тітіркену синдромын ... ажырату керек.

А) ішектің органикалық ауруларымен

В) эндокриндік аурулармен

С) гинекологиялық аурулармен

Д) хирургиялық аурулармен

Е) асқазан ауруларымен

6~ Қан аралас жіті диареяның себебі:

А) ішек ісіктері

В) дисбактериоз

С) ферментопатиялар

Д) Крон ауруы

Е) ішек дивертикулезі

7~ Аш ішек патологиясы бар науқаста ұлы дәретінің мүмкін өзгерістері:

А) нәжісі көлемді, сулы және майлы

В) нәжісі көлемді, тенезмдер және кілегей бар

С) ұлы дәретке жиі барады, нәжісінде қан, ірің және кілегей бар

Д) ұлы дәретке жиі барады, нәжісі аз, тенезмдер

Е) нәжісі көлемді, сулы және ірің бар

8~ Диареясы бар науқаста ректороманоскопия кезінде қансырап тұрған, эрозивті-ойықты өзгерістері бар жеңіл зақымдалатын шырышты қабат анықталды: Дұрыс диагноз:

А) псевдомембранозды колит

В) дизентерия

С) ойық жаралы колит

Д) ішек ісіктері

Е) ішек дивертикулезі

9~ 36 жасар науқас энтероколит фонында диареямен зардап шегеді. Науқасты жүргізу тактикасы:

А) диета, кортикостероидтар, адсорбенттер

В) антибиотиктер, кортикостероидтар, адсорбенттер

С) моториканың регуляторлары, антибиотиктер, адсорбенттер

Д) диета, антибиотиктер, адсорбенттер

Е) диета, антибиотиктер, ферменттер

10~ 32 жасар науқас әйел аймақтық дәрігерге ішектің тітіркену синдромымен байланысты диареяға шағымданады. Уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі ... күн.

А) 18-20

В) 18-25

С) 12-14

Д) 14-18

Е) 20-30

11~ 42 жасар науқас ішектің тітіркену синдромымен диспансерлік бақылауда тұрады. Науқасты жылына ... рет диспансерлік бақылау қажет.

А) 1

В) 1-2

С) 2

Д) 2-3

Е) 3

12~ Іш қатуда ұлы дәретке аптасына ... реттен кем барады.

А) 5

В) 1

С) 2

Д) 4

Е) 3

13~ Жиі кездесетін іш қатудың түрі:

А) алиментарлы

В) дискинетикалық

С) механикалық

Д) гипокинетикалық

Е) гиперкинетикалық

14~ Бірнеше апта ішінде іш қату үдеюінің мүмкін себебі:

А) төсектегі тәртіп

В) бас ми жарақаты

С) дәрмектердің жанама әсері

Д) ішектің ісігі

Е) ішек түйнелуі

15 ~ 42 жасар науқас әйел жанұялық дәрігерге іштегі ауырсыну, жиі ұлы дәретке бару, метеоризм, әлсіздікке шағымданып жолықты. 3 жыл ішінде созылмалы гастрит бойынша есепте тұрады. Объективті: ішті сипағанда кіндік айналасында, тоқ ішектің бойында ауырсыну, қорылдау анықталады. , Копрограммада: креаторея, стеаторея, амилорея, лямблия цисталары.

Дұрыс диагноз:

А) созылмалы энтероколит

В) созылмалы атрофиялық гастрит

С) созылмалы гастродуоденит

Д) созылмалы панкреатит

Е) ішек дискинезиясы

16~ Науқаста 7-8 күн ішінде ішек токсикоинфекциясының белгілері бар. Нәжісті бактериологиялық тексергенде стафилококкты дисбактериоз белгілері анықталды. Науқасқа ... тағайындау қажет.

А) тетрациклиндер

В) макролидтер

С) пенициллиндер

Д) аминогликозидтер

Е) сульфаниламидтер

17~ 34 жасар науқас, экономист, созылмалы энтероколиттің асқынуы бойынша емханаға жолықты. Уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі ... күн.

А) 20-35

В) 15-20

С) 20-30

Д) 25-35

Е) 30-35

18~ 57 жасар науқас бірнеше жыл ішінде бейспецификалық ойық жара колит ауруымен зардап шегеді, терапевттің диспансерлік бақылауында тұрады, рет-ретімен ауруханада емделіп тұрады. Науқаста дамуы мүмкін асқыну:

А) аденокарцинома

В) тоқ ішектің дилатациясы

С) тоқ ішектің стриктурасы

Д) ішектен қан кету

Е) дивертикулез

19~ 46 жастағы әйелде 3 жылдан бері жиі тесіп ауырсынуға және жүрек қағуына, эмоциональді жүктеме мен жағымсыз ауа райында бетінде қанқұйылу сезіміне шағымданады.Ауырсыну сол бұғана астында және сол қолға иррадияцияланады.Жүрек пен өкпенің физикальді және рентгенологиялық зерттеулері өзгеріссіз. Диагнозды растау үшін науқасқа ... тағайындау қажет.

А) спирография

В) гинеколог кеңесін

С) ФГДС

Д) ЭХО-КГ

Е) Невропатолог кеңесін

20~ Диффузды токсикалық зоб 3 дәрежелі, тиретоксикалық жүрек,жыпылық аритмиясы, ҚЖ 2Б бар науқас троллейбуста кондуктор болып жұмыс жасайды. Қазір 4 ай бойы ем қабылдауда. Сіздің тактикаңыз:

А) Еңбекке жарамсыздық парағын жабу, жұмысқа жолдау

В) ІІ топ мүгедектігін беру үшін МӘСК - ке жолдама беру (088 ф)

С) Ары қарай емін жалғастыруға рұқсат алу үшін МӘСК-ке жолдама толтыру (088ф)

Д) ДКК арқылы науқастың еңбекжайы туралы анықтама беру

Е) І топ мүгедектігін беру үшін МӘСК - ке жолдама беру (088 ф)

21~ Науқасқа диффузды токсикалық зобқа байланысты ота жасалынған.Ота салдарынан жеңіл дәрежелі гипотиреоз дамыды. Науқастың еңбекке жарамдылығын анықтаудағы сіздің татикаңыз:

А) Ітоп мүгедектігін беру үшін МӘСК - ке жолдама беру (088 ф)

В) ІІ топ мүгедектігін беру үшін МӘСК - ке жолдама беру (088 ф)

С) ДКК арқылы науқастың еңбекжайы туралы анықтама беру

Д) Бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс жасай алады.

Е) Ары қарай емін жалғастыруға рұқсат алу үшін МӘСК-ке жолдама толтыру (088ф)

22~ М.есімді 38 жастағы науқас артериальді гипертензиямен емделуде.Эндокринолог кеңесінде болғанда Кон синдромы белгілері анықталды. Диагноз ... негізінде қойылған.

А) АҚҚ жоғарлауы, гипергликемия, глюкозурия

В) Жоғары диастолалық АҚҚ ,жалпы әлсіздік,полидипсия, парастезиялар, гипокалиемия, гиперальдостенурия

С) Бас ауру, бас айналу, қол дірілімен бірге пароксизмальді гипертензия

Д) систолалық АҚҚжоғарлауы, диастолалық АҚҚ аздап төмендеуі

Е) Жоғары АҚҚ,қалтырау,тершеңдік, , гипергликемия, лейкоцитоз

23~ Жиі қалтыраусыз жүретін ... қызба пайда болса ол жүрек жұмысына әсер етпейді.

А) туберкулезде

В) іш сүзегінде

С) бруцеллда

Д) лептоспирозда

Е) тұмауда

24~ 30 жастағы науқас 1 ай бойы дене t-38 С-қа дейін жоғарлауына, емге басылмауына,тершеңдікке шағымданады.Мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы,нейтрофильді лейкоцитоз,ЭТЖ - 50 мм/сағ.Диагнозды верификациялау үшін ... қажет.

А) стернальді пункция

В) лимфатүйіндер биопсиясы

С) спецификалық емес қабынуға қарсы емді жасап көру

Д) кортикостероидтарды тағайындап көру

Е) антибиотик тағайындап көру

25~ Қарыншалық экстрасистолияға тән ЭКГ белгілері:

А) Толық емес компенсаторлы пауза

В) эстрасистолалық QRS комлексінің алдында Р иісшесінің болмауы

С) QRS комлексіне SТ интервалының және Т сегментінің дискорданттылығы

Д) QRS комплексінің қысқаруы

Е) Экстрасистолалық комлесте QRS амплитудасының жоғарлауы

26~ 48 ж. науқас бронх демікпесі фонында ГЭРА көріністерімен зардап шегеді. Бұл науқасқа ... тағайындау қажет.

А) папаверин,ношпа

В) фенотерол, домперидон

С) интал,сальбутамол

Д) теофиллин, нитраты

Е) омепразол, лансопразол

27~ 45 ж науқас алкаголь қолданады,өзі толық дене бітімді. Соңғы рет ішімдік қабылдаған соң сол аяғның бірінші саусағында жедел артрит пайда болды.Осы жағдайдағы ең ақпаратты зерттеу әдісі:

А) стрептококкты антиденелер

В) Қызыл жегі жасушалары

С) Райт – Хеддельсон реакциясы

Д) ревматоидты фактор

Е) Зәр қышқылы

28~ Науқас майлы ,ащы,қуырылған тағам қабылдаған соң, эпигастрийде ауырсыну пайда болған, ауырсынудың омыртқаға ирадияциялануына, сілекейдің көптеп бөлінуіне, кекіруге,жүрек айнуға,іш кебуіне, жеңілдік әкелмейтін құсыққа шағымданады. Науқастың диагнозы:

А) холецистит

В) гастрит

С) асқазанның ойық жара ауруы

Д) панкреатит

Е) гепатит

29~ Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бірақ зәрдің жалпы анализінде микрогемотурия,аздаған цилиндрурия. Науқастың диагнозы:

А) гломерулонефриттің латентті формасы

В) гломерулонефриттің нефротикалық форма

С) созылмалы пиелонефрит ,өршу кезеңі

Д) бүйрек тас ауруы

Е) цистит.

30~ А. есімді науқас 28 жаста .Басынан өткерген жедел респираторлы вирусты инфекциядан соң ентігу, тахиартимия аяқ-қолындағы ісінулер мазалайды. Науқастың диагнозы:

А) Миокардит

В) НЦД

С) ЖИА, стенокардия

Д) Пиелонефрит

Е) Пневмония

31~ Лимфатикалық ісінуге тән белгілер:

А) ісінулер жұмсақ, ауырсынусыз

В) ісінулер ауырсынусыз,анамнезінде жиі дерматиттер

С) еркектерде жиі кездеседі

Д) «апельсин қабығы » тәрізді тері ,тығыз консиятенциялы

Е) іркілулі пигментация, вена бойында ауырсыну

32~ Отбасылық дәрігер тәжрибиесінде ... өзіндік маңыздылығы жоқ.

А) нефрогенді ісінудің

В) бауыр ауруларындағы ісінудің

С) ортостатикалық перифериялық ісінудің

Д) жүректік генезді ісінудің

Е) лимфогенді ісінудің

33~ ЖИА-ның өзгеріп отыратын факторына ... жатады.

А) жынысы

В) Гиперхолестермия

С) жасы

Д) ЖИА –нан отбасылық анамнез

Е) аллергиялық анамнез

34~ Холестериннің оптимальді концентрациясы ... ммоль/л.

А) 7

В) 6

С) 5

Д) 6,5

Е) 9-5,5

35~ β-адреноблокаторды тағайыдауға көрсеткіш:

А) Синусты брадикардия

В) Синусты тахикардия

С) Артериальді гипотензия

Д) Бронх демікпесі

Е) Психогенді депрессия

36~ Тұрақсыз стенокардияның жағымсыз белгілеріне жатпайды:

А) МВ-фракциясы мен КФК жоғкарлауы

В) ST сегментінің 1 мм-ден жоғары депрессиясы

С) Тұрақсыз гемодинамика (төмен АҚҚ, лабильді пульс)

Д) ST сегментінің 1 мм –ден төмен депрессиясы

Е)Ұстаманың 20 минуттан ұзаққа созылуы

37~ Миокард инфарктіне тән спецификалық сарысу маркерлары:

А) Сиал қышқылы ,СРБ

В) тропонин

С)АСТ

Д)ЛДГ

Е)МВ фракцияся менКФК

38~ 20 жастағы ер бала бас ауруына, көшпелі ақсаңдауға және тез шаршауға шағымданып қаралды. Объективті тексергенде тұлғасының жоғарғы бөлігі төменгі бөлігімен салыстырғанда жақсы дамыған. АҚҚ қолынан өлшегенде 190/100 мм сынап бағанасымен. Аяғында пульстің айқын әлсіздігі анықталды. ЭКГ — сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері.

Болжам диагноз:

А) Аорта коарктациясы

В) Феохромоцитома

С) Түйінді периартериит

Д) Кон синдромы.

Е) Иценко—Кушинг синдромы

39~ Кардиогенді шоктың клиникалық триадасы::

А) артериальді гипотензия, салқын тер, әлсіздік

В) Бас ауру,салқын тер,әлсіздік

С) Артериальді гипотензия, перифериялық гипоперфузия, өкпе ісінуі

Д) артериальді гипотензия, бозару, салқын тер

Е) әлсіздік, салқын тер, коллапс

40~ Өкпе ісінуінде ... қажеті жоқ.

А) морфин енгізудің

В)оксигенацияның

С) инфузионды терапияның

Д)фуросемид енгізудің

Е)добутамин енгізудің

41~ Селективті емес β-адреноблокатор:

А) атенолол

В) пропранолол

С)метопролол

Д)бисопролол

Е)бетоксолол

42~ Инфаркт миокардімен қосарласқан гипертониялық кризде АҚҚ төмендету үшін ... тағайындалады.

А) АПФ ингибиторы

В)β-адреноблокаторлар

С)кальций каналының блокаторы

Д) нитроглицерин

Е)симпатолитиктер

43~ 48 жастағы науқас асқазан тұсының сығып ауруына, сол қабырға астына берілуіне, көңілінің айнуына, жеңілдіксіз көп реттік құсыққа, нәжісінің жағылып шығуына байланысты ЖЖ дәрігеріне шағымданды. Анамнезінде: жоғарыдағы келтірілген симптомдар бұрын да мазалаған, ішімдік пен майлы тағам жегенмен байланыстырады. Объективті: жүдеу, “френикус-симптомы” сол жақтан, Мейо – Робсон симптомдары оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:

А) созылмалы панкреатит, өршу фазасы

В) 12-елі ішектің жара ауруы

С) асқазанның пилориялық бөлігінің жара ауруы

Д) аортаның іш бөлігінің аневризмасы

Е) созылмалы жарасыз колиті

44~ Вазоренальді артериальді гипретнзияның диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:

А)Бүйрек артериографиясы

В)Бүйректің УДЗ

С) Бүйрек сцинтиграфиясы

Д)Бүйрек артериясыныңУДЗ

Е)Бүйректің рентгенологиялық зерттеуі

45~ «Атипті пневмония» терминінің мағынасы:

А) вирусты бронхопневмония

В) жоғарыда орналасқан пневмококкты пневмония

С) легионелла, хламидия немесе микоплазма тудырған пневмония

Д) эозинофильді инфильтрат

Е) грамм теріс микрофлора тудырған пневмония

46~ 25 жасар әйел. Құрғақ жөтелге, кеудесінің қысылуына шағымданады. Дене қызуы 37,5С. Суық таумен үшінші күн ауырады. Тыңдағанда өкпеде тынысы везикулярлы, ауа шығаруы ұзақ, құрғақ сырылдары естіледі. Сіздің болжам диагнозыныз.

А) құрғақ плеврит

В) созылмалы бронхит

С) бронхтық астма

Д) жедел бронхит

Е) пневмония

47~ Бөшке тәрізді кеуде клеткасы, тырнақтардың («сағат әйнегі ») өзгерісі ... тән.

А) жедел пневмонияға

В) пневмотораксқа

С) жедел респираторлы ауруға

Д) жедел бронхитқа

Е) өкпе эмфиземасына

48~ Созылмалы обструктивті бронхиттің ауырлық дәрежесін обьективті ... қарап бағалаймыз:

А) өкпе перкуссиясына

В) өкпе аускультациясына

С) сыртқы тынысқа

Д) ЭКГ-ге

Е) бронхографияға

49~ Созылмалы обструктивті бронхитті емдеудің мақсаты:

А) эмфиземаның кері даму

В) толық емдеу және науқас реабилитациясы

С) бактериялардың қақырықпен бөлінуін азайту

Д) бронхит үдеуін азайту

Е) бронхитті хирургиялық емге дайындау

50~ Созылмалы обструктивті бронхитте сыртқы тыныс жағдайы:

А) прогрессирлеуші рестрикция

В) изолирленген өкпе көлемінің қайтымды төмендеуі

С) бронхобструктивті бұзылыстардың ұстамасы

Д) прогрессирлеуші аз қайтымды обструкциясы

Е) сальбутамол ингаляциясы кейінгі қайтымды рестрикция