Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОВП вн болезни каз-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.64 Кб
Скачать

Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар

4-вариант

1~ Функциональды диспепсия кезінде тағайындалатын дәрі-дәрмектер:

А) ранитидин, лансопразол, омепразол

В) метоклопрамид, домперидон, цизаприд

С) цефуроксим, ципрофлоксацин, норфлоксацин

Д) одестон, мебеверин. дротаверин

Е) престариум, моноприл, эналаприл

2~ Науқаста алкоголь қабылдағаннан кейін көп рет құсу, соңғы құсығы ал қызыл қан аралас болды. Науқастың диагнозы:

А) өңештің варикозды кеңейген веналарынан кансырау

В) Меллори-Вейс синдромы

С) жіті панкреатит

Д) асқазанның ойық жарасы

Е) Крон ауруы

3~ Асқазан асты бездің сыртқы секреторлық қызметін зертханалық тексеру тесті:

А) қандағы глюкоза

В) қандағы секретин

С) қандағы панкреозимин

Д) қандағы адреналин

Е) қандағы амилаза

4~ 40 жастағы науқаста 12-елі ішектің ойық жарасы алғашқы анықталған кезде жетекші тексеру әдісі:

А) қанның жалпы анализы

В) ФГДС және биопсия

С) асқазан сөлінің анализы

Д) нәжісті жасырын қанға анализы

Е) дуоденальды зондтау

5~ 44 жастағы науқас оң қабырға доғасы асты және эпигастрийде ауырсыну, құсуға шағымданады. 3 күн ішінде алкоголь қабылдаған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі құрғақ, боз. Дене температурасы 38,6. Пульс 110 рет минутына. АҚҚ 80/40 мм.с.б. Өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс әлсіреген. Тілінде жабынды бар, құрғақ. Кер, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Науқастың диагнозы:

А) ойық жара ауруы

В) жіті холецистит

С) жіті гастрит

Д) жіті панкреатит

Е) бауыр циррозы

6~ Жіті ішек түйнегіне тән рентгенологиялық белгі:

А) Клойбер табақшалары

В) диафрагма доғасы астында газдың болуы

С) барий пассажының кешігуі

Д) ішекті ісінуі

Е) қараю

7~ Гепатомегалия, гипергликемия, терінің гиперпигментациясы, қан сарысуында темірдің жоғарылауы ... тән.

А) бауыр циррозына

В) созылмалы гепатитке

С) гемохроматозға

Д) бүйрек үсті безінің гиперфункциясына

Е) Вильсона – Коновалов ауруына

8~ Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура кезінде геморрагиялық синдром ... сипатталады.

А) бөртпелердің полиморфтилігімен

В) бөртпелердің симметриялығымен

С) бөртпелердің кезеңділігімен

Д) бөртпелердің мерзімділігімен

Е) бөртпелердің монохромділігімен

9~ Жанұялық дәрігерге қан анализінің келесі көрсеткіштеоімен науқас жолықты: Эритроциттер – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түс көрсеткіші– 0,83, сарысулық темір – 9 мкмоль/л. Қан сарысуының жалпы темірбайланыстырушы қабілеті – 76 мкмоль/л. Науқасқа тағайындалатын ем:

А) преднизолон 20 мг/сут

В) В12 витамин 200 мкг в/м күн ара

С) темір сульфаты 150 мг/тәулігіне

Д) фолий қышқылы 5 мг/тәулігіне

Е) Е витамині

10~ 60 жастағы әйел науқас, салмағы 93 кг, бойы 160 см, ИТ қантты диабетімен ауырады, 240 бірлік инсулин қабылдайды. Қан сарысуындағы глюкоза 22.2 ммоль/л. Инсулинге резистенттілік ... байланысты:

А) семіздікке

В) инсулинді ауыстыру керектігіне

С) қантты диабеттің бұл түрінде пероральды қантты төмендетедін препараттары тағайындалады

Д) инсулиннің мөлшері тым төмендігіне

Е) бұл жасқа глюкоза мөлшері қалыпты

11~ 52 жастағы науқаста кетоацидоздан кейін әлсіздік және жүрек жұмысында ретсіздік дамыды. Зертханалық көрсеткіштер: қандағы глюкоза 19 ммоль/л, калий 3,9 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, несеп қышқылы 5,6 ммоль/л. Стационарда инсулин, бикарбонат, 0,9% натрий хлоридын қабылдады. Бұл жағдай дамуының мүмкін себебі:

А) аурудың қалыпты дамуы

В) инсулинге реакция

С) гипогликемия

Д) басқа патологияның қосылуы

Е) гипокалиемия

12~ 17 жастағы науқас 6 жыл ішінде инсулинге тәуелді қантты диабетпен ауырады, күнделікті 18 бірлік актрапид, 38 бірлік инсулин ленте, 40 бірлік инсулин- ультраленте қабылдайды. Үнемі бас ауыруы, көрудің өзгерісі, бас айналуы, ұйқышылдық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі байқалады. Бұл жағдайды науқас «гипогликемия» деп санайтын, бірақ гликемия 15,3 ммоль/л мөлшерде болған. Тұрақты протеинурия, несеп қышқылы қалыпты. АҚҚ 170/90 мм.с.б. Науқастың диагнозы:

А) ИТҚД ауыр ағымы, декомпенсация, диабетикалық нефропатия 2 дәрежесі

В) ИТҚД ауыр ағымы, декомпенсация, Сомоджи синдромы, диабетикалық нефропатия 3 дәрежесі

С) ИТҚД ауыр ағымы, декомпенсация, Сомоджи синдромы, диабетикалық нефропатия 2 дәрежесі

Д) ИТҚД ауыр ағымы, декомпенсация, Киммелстил-Уилсон синдромы, диабетикалық нефропатия 2 дәрежесі

Е) ИТҚД ауыр ағымы, декомпенсация, диабетикалық нефропатия 1 дәрежесі

13~ 59 жастағы науқас инсулинге тәуелді емес қантты диабетпен ауырады. Жүрек жиі соғуы, бас ауыруы, бас айналуы, оң аяқтағы ауыруға шағымданады. Қарағанда: тахикардия, АҚҚ 85/50 мм.с.б., тромбофлебит белгілері. Гликемия 55 ммоль/л. Кетоацидоз жоқ. Лейкоцитоз. Гиперазотемия. Кома алды жағдайдағы науқаста кетондық денелердің болмау себебі:

А) инсулиннің эндогенді секрециясының сақталуы

В) контринсулярлы гормондардың жоғары мөлшері

С) ауыр дегидратация

Д) айқын ацидоз

Е) коматозды жағдайдың тез дамуы

14~ 32 жастағы әйел науқас жүректің жиі соғуына, әлсіздікке, тітіркендігіштікке, тершеңдікке, азуына шағымданып жолықты. Бір жылдам астам ауырады. Қарағанда: қимылдары жылдам, мақсатсыз, көздерінің қатты жылтырауы, қол саусақтарының треморы байқалады. Ромберг қалпында тұрақсыз. Гипергидроз. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тахикардия, пульс 110 рет 1 мин, АҚҚ 160/40 мм.с.б. Диарея. Науқастың болжам диагнозы:

А) біріншілік альдостеронизм

В) нейроциркуляторлы дистония

С) гипотиреоз

Д) феохромацитома

Е) гипертиреоз

15~ 45 жастағы науқасты оң аяғындағы қатты ауырсыну мазалайды. Бір күн алды қокақта кәуап және қызыл шарап көп мөлшерде қабылдаған. Ауырсыну кенеттен таңғы сағат 6-да басталды, оң аяқтың 1 және 2 табанық фалангалар аймағында орналасқан. Аяқтың үлкен саусағының үстіндегі терісі қызарған, сипағанда ыстық, ісік қоршаған жұмсақ тіндерге жайылған, смпағанда қатты ауырады, буында қимылдар мен қозғалыс мүмкін емес. Жалпы әлсіздік, дене қызбасы 37,6 С, бас ауыруы мазалайды. Бұл жағдай бірінші рет байқалады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:

А) ревматоидты факторды анықтау

В) буын пункциясы

С) қанның клиникалық анализі

Д) табанның R-граммасы

Е) несеп қышқылына тәуліктік зәрді тексеру

16~ 74 жасатағы науқаста баспадан кейін ісік синдромы, қатты бас ауыруы, қызыл түсті несеп (ет жуындысы текті) дамыды тексергенде: протеинурия – 13,5 г/тәу, эритроциттер – бүкіл көз алаңында. Объективті: ісік синдромы, анасарки, АҚҚ 200/ 110 мм.с.б. Қанда: Hb – 124 г/л, СОЭ-40 мм/сағ, жалпы ақұыз – 60 г/л, альбуминдер – 60 г/л. Бүйректің УДЗ-де: бүрек көлемдері өзгермеген, табақша-тостағанша жүйесі - өзгеріссіз. Ұзақ уақытта ЖИА фонында қарыншалық экстрасистолия, артериалды гипертензиямен (АҚҚ 170/100 мм.с.б.) ауырады. Ісік синдромының болжам генезі:

А) созылмалы пиелонефрит

В) жүрек жетіспеушілігі

С) жіті гломерулонефрит

Д) жіті пиелонефрит

Е) жеделдеу пиелонефрит

17~ 43 жастағы науқас, аспазшы, 14 жасына темекі тартады. 4 жыл ішінде жеңілдік бермейтін шырышты қақырық бөлінуімен тұрақты жөтел, жүктеме кезіндегі ентігу мазалайды. Кеуде торы бөшке тәрізді. Дауыс дірілі екі жақта әлсіз. Перкуссияда қорап дыбысы. Тынысы қатқыл, дем шығаруы созылыңқы, бүйірлерінде дискантты сырылдар естіледі. Науқастың диагнозы:

А) пневмония

В) бронх демікпесі

С) ӨСОА

Д) трахеит

Е) бронхит

18~ 40 жастағы әйел аралас түрдегі бронх демікпесі бойынша жанұялық дәрігердің тіркеуінде тұрады. Ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта белгілер айына 2 реттен көп. Күнделікті фенотерол ингаляциясын қабылдайды. Науқаста ... .

А) созылмалы бронхиттің өршуі

В) бронх демікпесінің персистирлеуші түрі, жеңіл ағымы

С) созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі

Д) бронх демікпесінің персистирлеуші түрі, орташа ағымы

Е) жіті пневмония

19~ 22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды.

Дұрыс диагноз :

А) Аорталді стеноз

В) Митралді стеноз

С) Митралді жетіспеушілік

Д) Аорталді жетіспеушілік

Е)Үшжармақты қақпақша стенозы

20~ 63 жастағы ЖИА, күштемелі стенокардия ФК II ауыратын науқаста ангинозды ұстама 1 қабатқа көтерілгенде және тегіс жермен 100-500 метр жүргенде тәулігіне 4-5 рет байқалады. Бұл жағдайда тағайындалатын препарат:

А) ұзақ әсерлі нитраттар

В) антибиотиктер

С) витаминдер

Д) тромбоАсс 100 мг тәулігіне

Е) симвастерол 10 мг тәулігіне.

21~ Миокард инфарктысының профилактика кешені қарастырады:

А) липидтердің деңгейін бақылау (ТТЛП концентрациясы2,57 ммоль\л кем)

В) АҚҚ 150\90 – 155\95 мм.с.б. аралықта болуы

С) гликемия 6,5 ммоль\л астам болмауы

Д) диета

Е) психо-эмоциональды статусты транквилизаторлар арқылы қалпына келтіру

22~ ЖИА кезінде жұмысқа қабылеттілігін бағалауда ескеру керек:

А) амбулаторлық емнің ұзақтылығын

В) атипиялық ағымын

С) реабилитациялық шараларды

Д) ауруханадағы емнің ұзақтылығын

Е) коронарлық қан айналымының бұзылу ауырлығы

23~ 58 жастағы науқас 10-15 жыл ішінде артериалды гипертензияның II дәрежесі ауруымен тіркеуде тұрады. Бір жыл бұрын алдынғы перделік аймағындағы ірі ошақты миокард инфаркты болған. Науқастың еңбек болжамы:

А) II топтағы мүгедек

В) жұмысқа қабылеті бар, тәртіп сақтау керек

С) физикалық жүктемеден тыс жұмысқа орналастыру

Д) түнгі жұмысқа орналастыру

Е) I топтағы мүгедек

24~ 37 жастағы науқас таңертең жүргенде қысқа уақытылы төс артында қысылу мен саусақтарының жансыздануына шағымданады. Терең дем алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну кезінде науқас жүру ырғағын төмендетеді. Осындай белгілер бір ай бұрын пайда болған. Диагностика ретінде ... әдісін таңдаймыз:

А) кеуде торын рентгенологиялық тексеру.

В) жүректің радиоизотопты сканирлеу

С) коронарография

Д) эхокардиография

Е) электрокардиография

25~ 53 жастағы әйел науқас, темекі тартады, бір жыл ішінде оң өкпенің S 9 сегментінде ошақты пневмония дамыды. Ауру аралықта шаршағыштық, жөтел, қан аралас қақырық мазалайды. Науқаста ... болуы мүмкін.

А) созылмалы бронхит

В) бронхтың қатерлі ісігі

С) туберкулез

Д) инфаркт пневмония

Е) бронхоэктаздық ауру.

26~ 27 жастағы науқас далада жасаған физикалық жаттығулардан кейін пайда болған ентігуге шағымданып жолықты. Анамнезінде құлпынай, жұмыртқаға аллергиясы бар. Бір ай бұрын респираторлық аурумен ауырды. Дәрігерге жолықпады, өзінше емделді (аспирин, қыша). шырышты қақырықпен жиі жөтел мазлайды. Тынысы қатқыл, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ЖЖЖ 76 минутына, АҚҚ 134/70 мм.с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) бронх демікпесі

В) жүрек демікпесі

С) пневмония

Д) туберкулез

Е) ӨАТЭ

27~ 19 жастағы науқас екі күн ішінде дене 37,5-37,8, құрғақ жөтел мазалайды, ЖЖЖ 100 минутына, ТЖ 28 минутына. өкпенің перкуторлық дыбысы өзгермеген. Тынысы қатқыл, төменгі бөліктерінде құрғақ ысқырықты, ызылды және орта калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз:

А) обструктивті емес бронхит

В) пневмония

С) ларинготрахеит

Д) бронх демікпесі

Е) туберкулез

28~ науқас ұйқышылдыққа, әлсіздікке, естің нашарлауына шағымданады. Семіз. Қимылдары баяу. Терісі құрғақ. Шынтақ буындар аймағында гиперкератоз. Өкпесінде везикулярлық тыныс, жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Пульс 60 рет мин. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры ұлғаймаған. Іштің қатуы бар. Диагноз қою үшін тексеру жоспарыңыз:

А) бас сүйегінің R-графиясы

В) бауырды УДЗИ

С) қалқанша безі гормондары деңгейін анықтау

Д) Эхо-КГ

Е) қанның жалпы анализі

29~ 35 жастағы науқаста пеницилинге тұрақты ұзақ уақытылы қызба, түйінді эритема, анемия (Нв 100 г/л, түс көрсеткіші 0,8, ретикулоциттер 12%), моноциттердің 20% дейін жоғарылауы. Бұл жағдайда біріншіден ... болжау керек.

А) бруцеллезді

В) туберкулезді

С) лимфогранулематозды

Д) аденовирусты инфекцияны

Е) инфекциялық мононуклеозды

30~ 38 жастағы науқас артериалды гипертензия бойынша емделді. Эндокринологқа жіберілгенде Конн синдромы анықталды. Диагноз қою үшін қажетті белгілер:

А) АҚҚ жоғарылауы, гипергликемия, глюкозурия

В) систолического АҚҚ жоғарылауы, диастолалық АҚҚ төмендеуі

С) жоғары диастолалық қысым, жалпы әлсіздік ұстамасы, полидипсия, парастезиялар, гипокалиемия, гиперальдостенурия

Д) пароксизмальды гипертензия

Е) тахикардия, гипергликемия, лейкоцитоз

31~ Екі күн бұрын баспамен ауырған науқаста дизурия, бел аймағында ауырсыну, субфебрилитет, лейкоцитоурия, бактериурия байқалады. Науқаста ... .

А) гипертониялық ауру

В) созылмалы гломерулонефриттің өршуі

С) диэнцефальды синдром

Д) созылмалы пиелонефриттің өршуі

Е) бүйрек үсті безінің ісігі

32~ Реноваскулярлы артериялық гипертензияда ... тиімді:

А) ангиотензинайналдырушы фермент ингибиторлары

В) кальций антагонисттері

С)  - адреноблокаторлары

Д) хирургиялық емдік әдіс

Е) гидралазин

33~ Феохромоцитоманы анықтау үшін ... зерттеу қолданылады:

А) 11-оксикортикостероидтардың тәуліктік экскрециясын.

В) креатининнің тәуліктік экскрециясын

С) плазмадағы калий деңгейін

Д) жүрек УДЗ

Е) катехоламиндердің тәуліктік экскрециясын

34~ Крон ауруын анықтау үшін тағайындалатын ең ақпаратты тексеру әдісі:

А) құрсақ қуысының жалпылама рентгенографиясы

В) колоноскопия

С) иригоскопия

Д) тік ішекті саусақпен тексеру

Е) лапороскопия.

35~ Он екі елі ішектің ойық жара ауруына ... ауырсыну тән.

А) эпигастрий аймағында аш қарынға және тамақ қабылдағаннан соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын

В) эпигастрий аймағында тамақ қабылдағанда күшейетін тұйық, қысып

С) оң жақ қабырғаастында майлы тамақтан соң пайда болатын оң жақ иыққа берілетін толғақты

Д) эпигастрийде тамақ қабылдаумен байланысы жоқ тұрақты тұйық

Е) майлы тамақ қабылдағанда күшейетін, арқаға берілетін сол жақ қабырғаастында қысып

36~ 58 жастағы науқас ер адам ұзақ уақыт созылмалы панкреатитпен ауырады. Дәрігерге салмақ жоғалту, тәулігіне 3-4 рет іш өтуіне, кекіру, лоқсу, іші кебуіне шағымданып қаралды.

Науқасқа ... қолдану қажет.

А) парацетамол

В) ранитидин,тетрациклин

С) креон, мезим-форте

Д) гепабене

Е) эссенциале

37~ 45 жастағы науқас ер адамда іш кебу, ауырсыну, диарея пайда болған. Біраз уақыт өткен соң дене қызбасы, ірі буындар полиартриті байқалды. Тексеруден өткеннен кейін Уиппл ауруы диагнозы қойылды. Бұл диагнозды қоюға ... негіз болған :

А) 12 елі ішектен алынған биоптатты морфологиялық зерттеу

В) ирригоскопия, колоноскопия

С) Ваалер-Роузе реакциясы

Д) СРБ тексеру

Е) қанды бактериологиялық зерттеу

38~ Орташа ауырлықтағы Крон ауруымен ауыратын науқасқа ... тағайындау қажет:

А) жүйелі кортикостероидтарды пероралді

В) аминогликозидтер

С) 12 айдан кем емес уақыт бойы антибиотиктер қабылдау

Д) ішектің қабынған бөлігін резекциялау

Е) лоперамид, макроголь

39~ 40 жастағы науқас ер адам 10 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Жүйелі түрде холинолитиктер, ингаляциялық ГКС, бета-агонисттерін, теофиллин қабылдайды. Соңғы кезде қыжыл, дисфагия, түнгі уақытта төс артында қыжыл пайда болды. Науқастың диагнозы:

А) асқазан ойық жара ауруы

В) кандидозды фарингит

С) ЖИА, күштемелі стенокардия

Д) гортани стенозы

Е) ГЭРА

40~ На амбулаторный прием пришел больной 32 жастағы науқас ер адам сол жақ қолтықасты аймақта ауырсынуға, бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуы 38С жоғарылауына шағымданды. 3 күн бұрын науқас білезік тұсындағы фурункулын жарақаттап алған. Қарағанда бір-бірімен және қасындағы тіндермен тұтасып қалған лимфа түйіндері күрт ауырсынады, қозғалмайды. Олардың үстіндегі тері қабаты қызарған, жұмсарған ошақтар жоқ.

Лейкоциттер 10х109/л, таяқша дәнділер - 7%, түйіршікті дәнділер - 70%, лимфоциттер - 22%, моноциттер - 1%, ЭТЖ 22 мм/с. Науқастың диагнозы:

А) созылмалы лимфолейкоз

В) жіті лимфолейкоз

С) жіті лимфаденит

Д) спецификалық лимфаденит

Е) барлық жауап дұрыс

41~ 15 жастағы жасөспірім дене қызуы қатты көтерілуіне, мойынның оң жақ бөлігінде тығыздалған ісіну және оның ауырсынуына, түнгі тершеңдікке, жөтелге шағымданды. Тәбеті 5 айдан бері төмендеген. Қарағанда мойынында тесікті жол, бір-бірімен тұтасқан, пальпациялағанда ауыратын лимфа түйіндері, периаденит анықталады. Рентгенологиялық тексергенде мойынында жұмсақ тіндерде тығыз көлеңкелер, кальцинаттар анықталған. Науқастың диагнозы:

А) созылмалы лимфолейкоз

В) жіті спецификалық емес лимфаденит

С) лимфогрануломатоз

Д) туберкулезді лимфаденит

Е) барлық жауап дұрыс.

42~ 65 жастағы науқас ер адам қышымаға, тері қабаты мен склера сарғаюына, нәжіс түссізденіп, зәр қоңырлануына, оң жақ қабырғаастында ауырсыну пайда болуына шағымданды. 3 ай бойы ауырады. Тері қабаты сарғайған, тырнау іздері бар. Салмағы күрт төмендеген. Науқастың диагнозы:

А) бауыр циррозы

В) созылмалы гепатит

С) ұйқы безі басының ісігі

Д) өт-тас ауруы

Е) Минковский-Шоффар ауруы

43~ 36 жастағы науқас ер адам бет терісі мен қол-аяқ терісінде сарғаю, диспепсиялық белгілерге, іш қатуына шағымданды. Бала кезінен ауырады. Об-ті: тері ашық сары түсті, қабақ ксантелазмасы. Қанда конъюгирленген емес билирубин деңгейі жоғарылаған. Бауыр сынамасы ауытқусыз. Биопсия – бауыр тіндері қалыпты. Науқастың диагнозы:

А) созылмалы гепатит

В) талассемия

С) Жильбер синдромы

Д) гемолитикалық сарғаю

Е) сарғаюмен асқынған инфекциялық мононуклеоз.

44~ 45 жастағы науқас ер адам ауырсынусыз сарғаю, зәр қоңырлануы, нәжіс түссізденуі, қышыма пайда болуына шағымданды. УДТ өт жолдарының кеңеюін, бауыр мен өт қапшығы ұлғайғанын көрсетті. Қанда эозинофилия байқалады. Р-графия: бауыр кистасы. Кацони тері сынамасы, латекс – агглютинация реакциясы оң. Науқастың диагнозы:

А) эхинококкты киста

В) ұйқы безі бас бөлігінің қабыну ісігі

С) ұйқы безі бас бөлігінің ісігі

Д) стенозирленген холангит

Е) фатеров емізікшесінің ісігі

45~ 42 жастағы науқас ер адам, шойын құюшы. Ауыр дене жүктемесіне байланысты жұмыс істейді. Диагноз: созылмалы вирусты гепатит В ауыр ағымды цитолиз синдромы басым, аса айқын емес холестаз синдромы. Еңбекке жарамдығын анықтаңыз:

А) ІІІ топтағы мүгедек

В) еңбекке қабілетті

С) уақытша еңбекке жарамсыз

Д) ІІ топтағы мүгедек

Е) І топтағы мүгедек.

46~ Созылмалы вирусты гепатиттің ремиссия кезеңіндегі науқас мас күйінде жарақат алды. Еңбекке жарамдығын анықтаңыз:

А) № 54 анықтамасы беріледі

В) № 54 анықтамасы берілмейді

С) жарақаттан емделу үшін еңбек ақысы төленбейтін демалыс беру ұсынылады

Д) кезекті еңбек демалысына шығу ұсынылады

Е) еңбекке жарамсыздық қағазы беріледі

47~ 32 жастағы инженер, химик, өндірісте бензолмен жиі жұмыс істейді, күніне 2-3 сағат. Жұмыс өтелі 7 жыл. Жеңіл дәрежелі гепатиттің В түрімен ауырады. Дұрыс ұсыныс беріңіз:

А) науқасқа кезекті еңбек демалысын беру

В) денсаулық жағдайына қарай еңбек ақысы төленбейтін демалыс беруді ұсыну

С) ДКК шешімімен басқа жұмысқа ауыстыру

Д) санаторлық-курорттық емге жолдама беру

Е) осы өндірісте жұмысын жалғастыра береді

48~ 40 жастағы науқас ер адам 2 сағат бұрын жүмыста отырғанда дене қызуы көтерілгеніне, бұлшық етте ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Кешке қарай қалтырап, дене қызуы 39 С – қа көтерілген, көкірек қуысында жөтелгенде күшейетін ауырсыну, құрғақ жөтел, артынан аздап қақырық бөліну, демікпе пайда болған. Объективті: жағдайы ауыр, тері қабаты қызарған. Тынысы жиілеген, минутына 26 рет, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс тұйықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған. Науқастың диагнозы:

А) жіті бронхит

В) созылмалы бронхит, өршу кезеңі

С) ауруханадан тыс пневмония

Д) бронхоэктатикалық ауру

Е) бронх демікпесі

49~ 32 жастағы науқас ер адам тотты қақырықпен жөтелге, тыныс алғанда оң жақ бүйірде ауырсынуға, қалтырауға, дене қызуы 39 С –қа дейін көтерілуіне, демікпеге шағымданды. Ауру суықтағаннан соң жедел ауырған. Тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 39,1 С, тыныс жиілігі – минутына 40 рет. Перкуссияда оң жақ IV қабырғаның алдыңғы төменгі бөлігі мен артқы жақта жауырын ортасында перкуторлық дыбыс тұйықталуы байқалады, бронхтық тыныс, бронхофония күшейген. Пульс – минутына 94 рет. АҚҚ - 90/60 мм сын.бағ. ЖҚА: Нв-128 г/л, лейкоциттер - 10,8х10*9/л, ЭТЖ 26 мм/сағ. Емдеу тактикасы:

А) үй жағдайындағы стационарда емдеу

В) пульмонология бөлімшесіне жатқызу

С) емхананың күндізгі стационарында емдеу

Д) амбулаторлық ем

Е) кардиологиялық бөлімшеге жатқызу

50~ 19 жастағы науқас әйел 2 күн бойы дене қызуы 37,5 - 37,8 С – қа көтерілуіне, құрғақ жөтелге, мұрны бітелуіне шағымданды. ЖСЖ – минутына 100 рет. ТЖ –минутына 28 рет. Өкпеде перкуторлық дыбыс өзгермеген. Тыныс қатқыл, екі жақтан, әсіресе базалді бөліктерде құрғақ ысқырықты, орташа калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Науқастың диагнозы:

А) ауруханадан тыс пневмония

В) жіті бронхит

С) ларинготрахеит

Д) бронх демікпесі

Е) туберкулез.