- •Б) динамикада бақылау
- •Рубеждік бакылау -1 Ішкі аурулар Эталон жауаптары
- •Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубеждік бакылау -2 Ішкі аурулар Эталон жауаптары
Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
2-вариант
1~ Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Ревматикалық артрит
В) Бехтерев ауруы
С) Ревматоидты артрит
Д) Буындардың хондроматозы
Е) Подагра
2~ 28 жастағы әйел қозғалысы шектелген тізе буынының ауырсынуымен бақылануда. Объективті: тізе буындарының дефигурациясы, зақымдалған буында шектелу. Қан талдауында: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9,0х109/л, жалпы белок 75г/л, ЭТЖ 27мм/сағ. СРБ – (). Буындардың R-графиясы – буын маңындағы остеопороз белгілері, буын саңылауының тарылуы. Көрсетілген аурудың базисті еміне ... қосуға болады.
А) Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин В) Азатиоприн
С) Азатиоприн, метотрексат Д) Азатиоприн, метотрексат, кризанол Е) Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин, преднизолон
3~ Жанұялық дәрігерге ер науқас 4 айға созылған омыртқаның көкірек бөлігі мен сегізкөз – бел бөлігінде ауырсыну, сіресуге шағымданып қаралды. Бел бөлігінде қозғалыс шектелген. Рентгенологиялық тексеруде ... болуы ықтимал.
А) көкірек – қабырға, көкірек-бұғана буындасуларының анкилозы
В) «бамбук таяшалары» тәрізді сүйек көпіршелері пайда болуы
С) деструктивті өзгерістер, квадратты, «жонылған омыртқалар»
Д) шеткі буындардың ассиметриялы өзгерістері
Е) сүйек шектері айқын емес, периартикулярлы склероз, буындар анкилозы
4~ 37 жастағы науқас күні бойы барлық буындарындағы құрысуларға, дене қызуының 37,5-38С дейін көтерілуіне, жүдеуге, тізе буындарындағы бірден ісінуге және деформацияға, ауырсынумен жүретін саусақ ұштарының бозаруына, бұлшықеттеріндегі кезеңді ауырсынуларға шағымданады. Ауырғанына жыл боған. Жағдайының нашарлауы асқынусыз өткен 2-ші рет босанғаннан соң байқалды. Объективті: Саусақ буындары деформацияланған, ісінген, тізе буындарында айқын ісіну мен деформация, оларда қозғалыс шектелген, саусақтарда, сүйек аралық бұшықеттерде сему. Ішкі мүшелердің патологиясы табылған жоқ. Болжам диагнозыңыз:
А) Дәнекер тінінің аралас ауруы
В) Жүйелі склеродермия, созылмалы ағымы, белсенділігі II.
С) ЖҚЖ, созылмалы ағымы, белсенділігі III.
Д) РА, буындық-висцералды түрі, полиартрит, белсенділігі III, МПТ
Е) Жүктіліктен соң дамыған жүйелі остеопороз
5~ Науқаста ЖҚЖ, жеделдеу ағымы, белсенділігі II (дерматит, артрит, кардит, Верльгоф синдромы, нефрит, симптоматикалық АГ, СБЖ 0) анықталды. Бұл жағдайда ... патогенетикалық ем нұсқасы ретінде қолданылады.
А) Пульс терапия мега дозами гормонов ежемесячно в сочетании с постоянным приемом преднизолона в дозе 1мг/кг массы тела
В) Преднизолон 1мг/кг дене салмағына ұзақ уақыт бойы
С) Преднизолон 0,5 мг/кг дене салмағына ұзақ уақыт бойы
Д) Ай сайын гормондар мен цитостатиктерді мега-мөлшермен пульс-терапия
Е) Артериалды гипертонияның болуына байланысты гормондар қарсы көрсеткіш болып табылады. Аминохинолин препаратарын тағайындау қажет.
6~ Созылмалы энтеритте іш өту ... ерекшелінеді. А) Шырышпен аз мөлшердегі нәжістің болуымен
В) Тенезммен С) Ботқа тәріздес көлемді нәжіспен Д) Тамақтан соң бірде дефекацияға шақырудың болуымен Е) Меленамен
7~ 55 жастағы ер адам үш жыл бойы он екі елі ішектің жара ауруының жиі рецдивтерімен ауырады. Н2-гистаминблокаторлармен емдеуге оң әсер берді. Жараның қанауымен түсті. Ранитидинмен 4 апта емдегенде жара тыртықтанды. Емдік тактика ... тағайындауын қарастырады.
А) Омепразолмен курсты ем
В) Н2-гистаминблокаторлармен үзілісті курсты ем С) Хирургиялық ем Д) Сукральфатпен ем Е) Н2-гистаминблокаторлармен сүйемелдеуші ем
8~ 40 жастағы әйел үдемелі әлсіздікке, эпигастрии аймағындағы ауырсынуға, әсіресе аш қарында және түндегі эпигастриидегі ауырсынуға, іш қату, бас айналу, терінің құрғауы, шаш пен тырнақтың сынғыштығы, жүктемеге байланыссыз жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұрын ештеңемен ауырмаған, жақында жұмыста жағымсыз конфликт болған. Диагнозды негіздеу үшін ... жүргізу қажет.
А) Электрокардиография В) Фиброгастродуоденоскопия
С) Сигмоидоскопия Д) Невропатолог кеңесі Е) Қанның клиникалық талдауы
9~ Отбасылық дәрігер 28 жастағы науқастағы әлсіздік, бас ауруы, бел тұсындағы ауырсыну, беттегі, жоғары және төменгі аяқ–қолдардағы, ұрық қабындағы ісіну шағымдарымен стационарға жатқызды. Анамнезінен: 3 апта бұрын ЖРВИ–мен ауырған. Объективті: қабағы, тізесі, ұрық қабы ісінген. Өкпесі ерекшеліксіз. Жүрек тондары тұйықталған,ритмді. ЖСЖ минутына 58 соққы. АҚҚ – 160/90 мм.сын.бағ. ЖҚА–де: лейкоцитоз, эозинофилия, анемия, ЭТЖ жоғарлауы. БХА–де: мочевина -12 ммоль/л, креатинин – 0,35 ммоль/л. ЖЗА–де: түсі кір-қызғылт, гематурия, эритроциттер көру алаңында 60, лейкоциттер 10-15 к.а, белок - 3 г, бүйрек эпителиінің жасушалары, гиалинді, дән тәріздес және эритроцитарлы цилиндрлер. Тәуліктік диурез 400 мл. Сіздің диагнозыңыз:
А) Бүйрек амилоидозы
В) Созылмалы гломерулонефрит, өршу фазасы
С) Интерстициалды нефрит, өршу фазасы
Д) Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы
Е) Жедел гломерулонефрит
10~ 55 жастағы ер адамды зертханалық тексеру кезінде ісіктері болуына қарамастан, тостағандық сүзу көрсеткіштері(80-120мл/мин), қандағы креатинин мөлшері қалыпты. Зәр талдауында белок 2г/л, көру алаңында эритроциттер 20-50 және бірең–сараң гиалинді цилиндрлер анықталды. Бүйрек биоптаттарын тексеруі ... көрсетуі мүмкін.
А) Пролиферативті экстракапиллярлы
В) Нефрит, минималды өзгерістерімен
С) Мембранозды гломерулонефрит
Д) Пролиферативті интракапиллярлы
Е) Мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит
11~ 16 жастағы науқас әйел 4 жыл бойы қант диабетімен ауырады және инсулин қабылдайды. Дене шынықтыру сабағында есінен танып, қысқа уақытқа дірілдер болған. Терісі ылғалды. Бұл жағдайда ... дамуы мүмкін.
А) Лактацидотикалық кома
В) Гиперосмолярлы кома
С) Гипогликемиялық кома
Д) Кетоацидотикалық кома
Е) Жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігі
12~ Патогенді анықтағанша ауруханадан тыс пневмонияның тиімді антибактериалды емі үшін ... тағайындаған дұрыс.
А) Ровамицинді
В) Гентамицинді
С) Тетрациклинді
Д) Бисептолды
Е) Кефзолды
13~ Егде жастағы ер адам созылмалы маскүнемдік және ӨСОА ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Бұлжағдайда аурудың қоздырғышы ... болуы мүмкін.
А) Микоплазма
В) Хламидиялар
С) Клебсиелла
Д) Тұмау вирусы
Е) Ішек таяқшасы
14~ 55 жастағы науқас анда санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» белгісі оң, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап тәрізді өкпелік дыбыс, аускультативті – әлсіреген везикулярлы тыныс. Бұл жағдайда кауқаста ... дамуы мүмкін.
А) Жедел бронхит
В) Пневмония
С) Пневмоторакс
Д) Өкпе эмфиземасы
Е) Созылмалы бронхит
15~ 28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен қайтарған. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды.Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу ТЖ III
В) Бронх демікпесі, жеңіл дәреже, өршу ТЖ I
С) Бронх демікпесі, орта ауырлықта, өршу, гормон тәуелді түрі,ТЖ II
Д) Бронх демікпесі, орта ауырлықта,өршу, ТЖ II
Е) Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу,гормон тәуелді түрі, ТЖ I
16~ 38 жастағы науқас К-да., ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасын беротекпенг қайтарған, преднизолон 10 мг/тәул 2 жыл бойы қабылдайды.Тыныс шығару шыңының жылдамдығы - 65%. Науқасқа базисті ем ретінде ... тағайындау керек.
А) Ипратропиум бромиді
В) Теофиллин
С) Беклометазон
Д) Сальметерол
Е) Дексаметазон
17~ 35 жастағы науқас бронх демікпесімен 2 жылдан бері ауырады. Тұншығу ұстамасын беротекпен қайтарады, гормонға тәуелді. Тыныс шығару шыңы жылдамдығы - 66%. Қараған кезде – тыныштықта ентігу, аускультацияда – барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар. Науқас соңғы сағатта үш рет беротекті ингаляция түрінде қабылдаған. Науқасқа ем ретінде ... тағайындау керек.
А) Теофиллин per os
В) Преднизолон к/т доза 30-60 мг
С) Эуфиллин 2,4% 10 мл б/е
Д) Вентолин небулайзер арқылы
Е) Беротекпен ингаляция
18~ 67 жастағы науқас қиын бөлінетін кілегейлі – іріңді сипаттағы қақырықты жөтелге, ентігуге, дене қызуының 38 С көтерілуіне шағымданады. Суық тиген соң жедел ауырды. Тәулігіне 20 сигарет шегеді. Аускультацияда әлсіреген тыныс фонында екі жақтан құрғақ сырылдар, оң жақтан жауырын астындағы аймақта – ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сол жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде 1-2 см көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер – 14 мың., ЭТЖ - 22 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Бронх демікпесі, орта ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы
В) ӨСОА, жеңіл дәреже, өршу
С) ӨСОА,орта ауырлықта, өршу
Д) Бронх демікпесі,орта ауырлықта, өршу
Е) ӨСОА, орта ауырлықта,өршу. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы
19~ Созылмалы пиелонефриттің жеңіл өршу кезеңінде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін ... құрайды.
А) 20-25 күн
В) 6 күн
С) 30 күн
Д) 7 - 15 күн
Е) 2 ай
20~ 32 жастағы ер адам ұзақ уақыт дене қызуының 38,4*С көтерілуіне және кешке қарай субфебрилді деңгейге дейін төмендеуіне, қалтырауға, тершеңдікке, тізе буынындағы ауырсынуларға,құрғақ жөтелге, бас ауруына, әлсіздікке, делсалдыққа шағымданып келді. Ананезінен: 2 жыл шопан болып істеген. Қан талдауында: лейкоциттер 3,2х109/л, лимфоциттер 56%, Райт-Хеддльсон реакциясы 1:200. Науқастағы қызбаның ... түрі тән.
А) Толқын тәрізді
В) Тұрақты
С) Әлсірететін
Д) Ауыспалы
Е) Гектикалық
21~ Қабылдауда ер адам қызбаға, тершеңдікке, оң жақ кеуде клеткасындағы терең тыныс алғандағы ауырсынуға, әлсіздікке, ентігуге, «тотық » түсті қақырыққа шағымданады. Аускультацияда өкпенің төменгі бөлімінде оң жақтан әлсіз везикулярлы тыныс, крепитация естіледі. ТАЖ минутына 28 рет. Рентгенде: оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде қараю. Науқастағы қызбаның ... түрі тән.
А) Дұрыс емес
В) Әлсірететін (ремитирлеуші)
С) Интермиттирлеуші
Д) Қайтымды
Е) Қажытатын (гектикалық)
22~ 26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Бұл жағдайда науқасқа ... тағайындау керек.
А) Туберкулезге қарсы емді
В) Фтизиатр кеңесін
С) Антибактериалды емді
Д) БК-ға қақырық талдауын
Е) Пульмонология бөлімінде емді
23~ Артериальды гипертониямен ауыратын науқасқа гипотензивті препарат тағайындау керек. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, ... тағайындауға болмайды.
А) Индапамид
В) Лизиноприл
С) Верапамил
Д) Карведилол
Е) Амлодипин
24~ 60 жастағы науқас соңғы жылы анда-санда болатын бас ауруына,бас айналуына шағымданады. Басы ауырғанда бірнеше рет АҚҚ 170/100 мм.с.б.көтерілген. Науқастың анасы 57 жасында АҚҚ жоғары көтеріліп инсультпен қайтыс болған. Науқастың артық салмағы бар,көп шылым шегеді,сыра мен майлы тамақты жақсы көреді. Болжам диагнозыңыз:
А) Артериальды гипертония ІІІ дәреже,қауіп ІІІ
В) Артериальды гипертония І дәреже,қауіп ІІІ
С) Артериальды гипертония ІІ дәреже, қауіп ІУ
Д) Артериальды гипертония ІІ дәреже, қауіп ІІІ
Е) Артериальды гипертония ІІІ дәреже, қауіп ІУ
25~ ... гипертрофиялық кардиомиопатия кезіндегі кардиалгия себебі болып келеді.
А) Коронарлы (ТӘЖ) артериялардың тарылуы
В) Арнайы емес коронарит
С) Салыстырмалы коронарлы жетіспеушілік
Д) Қандағы эндорфиндер деңгейінің төмен болуы
Е) Коронарлы артериялар атеросклерозы
26~ 35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б.
... науқасты жүргізудегі келесі ең дұрыс қадам болып табылады.
А) Жалпы қан талдауын жасау
В) Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу
С) Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру
Д) Аналгетик тағайындап үйге қайтару
Е) Сол жерде электрокардиограммаға түсіру
27~ 32 жастағы науқас төс артындағы ешқайда таралмайтын,отырғанда азаятын,басып ауырсынуға, субфебрилді температураға шағымданады. Өзі ауруды суық тиюмен байланыстырады. Осы ауруға ... тән.
А) АСГ мен ЛДГ қалыпты мөлшерде
В) Қанда нейтрофильді лейкоцитоз
С) ST барлық әкетулерде изо сызықтан жоғары ығысқан
Д) Қанда холестерин мөлшері жоғары
Е) Жедел фазалық көрсеткіштері жоғары
28~ Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке,тершеңдікке шағымданады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Мойын остеохондрозы
В) Миокард инфаркті
С) Спонтанды пневмоторакс
Д) Өкпелік жүрек
Е) Өкпе инфаркті
29~ 50 жастағы науқас жанұялық дәрігерге кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда жүрек және өкпе жағынан көзге көрінетін өзгеріс байқалмайды. АҚҚ 120/85 мм.с.б.,ЖСЖ минутына 88 рет. Дәрігер «науқасқа сырқатыңыз қатерлі емес деп сендіріп, үйде жатып дем алып ертең келерсіз»-дейді. Дәрігердің дұрыс тактикасы ... қарастырады.
А) тез арада ЭКГ зерттеуін
В) ауруханаға жіберуді
С) келесі күні көмек көрсетуді
Д) аналгетиктермен ем тағайындауды
Е) науқасты жоспарлы ем алуға жіберуді
30~ Стенокардия ұстамасы мен синус түйінің әлсіздігі синдромы бар қарт адамға антиангиналды ем ретінде ... тағайындауға болады.
А) Метопролол
В) Амлодипин
С) Верапамил
Д) Кордарон
Е) Дилтиазем
31~ 38 жастағы науқас физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. ... диагноз қоюға мүмкіндік береді.
А) Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы
В) Жалпы қан талдауы
С) Холестерин,үшглицеридтер дейгейінің жоғарылауы
Д) Физикалық жүктемемен тест
Е) ЭХОКГ
32~ 47 жастағы ер адам соңғы 2 айда 500 м. жаяу жүргенде немесе 3 қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштықта да пайда болады.Стенокардияның бұл түрі ... жатады.
А) Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІ ФК
В) Тұрақты күш түсу стенокардиясы І ФК
С) Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІІ ФК
Д) Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІУ ФК
Е) Функциональды класты анықтау мүмкін емес
33~ Науқаста созылмалы обструкциялық бронхит болса ... қолданған тиімдірек.
А) Кальций антагонистерін
В) Бета-блокаторларын
С) Нитраттарды (монотерапия ретінде)
Д) ААФИ ингибиторларын
Е) Сиднониминдерді
34~ Науқаста ЖИА дамуының жоғары қаупі бар. Науқасты оқыту … керек.
А) фобия дамуын болдырмау үшін
В) науқасты осы ауру туралы және өздігінен емдеу туралы ақпараттандыру үшін
С) депрессия дамуын болдырмау үшін
Д) өздігінен емдеуді болдырмау үшін
Е) қауіп факторларын бақылау мақсатымен медикаментозды емес шараларды орындау үшін
35~ 55 жастағы науқасты бұрын тез жүргенде пайда болып,дем алғанда басылған, бүгін кешкі тамақтан кейін басталып 20 минутқа созылған оң жақ иығындағы ауырсыну мазалайды. Бұл ауырсыну синдромы … тән.
А) Миокардит
В) Тұрақты күш түсу стенокардиясы
С) Вазоспастикалық стенокардия
Д) Жедел миокард инфаркті
Е) Мойын остеохондрозы
36~ Өңеш арқылы жүрек стимуляциясы … тиімді басады.
А) Қарыншалық тахикардияны
В) Жүрекше жыбырын
С) Қарыншалық экстрасистолияны
Д) Атриовентрикулярлы жүрек блокадасы II дәреже
Е) Синусты тахикардияны
37~ Ревматоидты артрит – бұл ...
А) Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру
В) Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру
С) Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру
Д) Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру
Е) Фалангааралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру
38~ 45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Рейтер синдромы
В) Реактивті артрит
С) Подагра
Д) Псориаз
Е) Ревматиті полиартрит
39~ 62 жастағы науқас оң жақ тізе буынындағы ауырсынуға, таңертеңгі құрысу 2 сағат дейін, буынның қиын қозғалуы мен қозғалғандағы сықырға шағымданады. Анамнезінен: ауру 5 күн бұрын басталған. Қарағанда: оң тізі буынының дефигурациясы, зақымдалған буындағы қозғалыстың шектелуі, ісінген, ұстағанда ыстық. Қан талдауы: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9х109/л, жалпы белок 75 г/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) ДОА, біріншілік гоноартроз, ФЖ I дәр.
В) ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ II дәр.
С) ДОА, біріншілік олигоартроз, ФЖ II дәр.
Д) ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ III дәр.
Е) ДОА, біріншілік коксоартроз ,ФЖ II дәр.
40~ Емхана дәрігеріне 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 72 рет мин. АҚҚ -170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400мл/тәул. ЖЗА-де эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0
В) Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0
С) Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0
Д) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0
Е) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0
41~ 56 жасар науқаса әлсіздік, тез шаршағыштық, 38 С дейін дене температурасының жоғарылауы, бел аймағында аырсынуға шағымданады. Анамнезінде созылмалы пиелонефритпен ауырған. Қарағанда жалпы жағдайы орташа. Терісі боз. АҚҚ 150/100мм.с.б., Пастернацкий симптомы екі жағынан оң мәнді. Зәрді зерттегенде диурездің жоғарылауы, салыстырмалы тығыздығының төмендеуіпротеинурия, лейкоцитурия. Бүйректің УДЗ-де бүйрек паренхимасы тығыздалған, көмедері ұлғайған. Дәрігер тактикасы ... қарастырады.
А) Тәртіптің орташа шектеуін, жұмысқа орналастыруын
В) самалдауды жоққа шығарып белсенді тәртіп
С) Тәртіптің айқын шектеуін, жұмысқа орналастыруын
Д) спортпен шұғылдануды шектеуді
Е) Стационарлық емді
42~ 44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда беті бозарған, үрленген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:
А) Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, СБЖ 0
В) Жедел гломерулонефрит, жайылған ағым артериалды гипертониямен бірге, СБЖ 0
С) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0
Д) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0
Е) Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0
43~ 62 жастағы науқас әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бел аймағындағы ауырсыну, қол аяғының ісінуіне, таңертеңігі уақытта көбіне болады, табас ауруына шағымданады. Қарағанда жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ-170/100мм.сын.бағ. Пастернацкий белгісі оң мәнді. Несеп талдауында: протеинурия, цилиндрурия. ЭКГ-де сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:
А) Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0
В) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0
С) Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0
Д) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0
Е) Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, СБЖ 0
44~ 43 жастағы автобус жүргізушісі, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, ауамен кекіруге шағымданады. ФГДС биопсия жасағанда хеликобактерлі инфекция, асқазанның кілегей қабының атрофиясы анықталды. Уреазды тест оң. Сіздің диагнозыңыз:
А) Созылмалы атрофиялық гастрит H.pylori-мен ассоцияцияланған
В) Созылмалы аутоиммунды пангастрит
С) Созылмалы атрофиялық емес гастрит
Д) Жедел гастрит С тип
Е) Созылмалы гипертрофиялық гастрит
45~ 46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Науқасқа ... жүргізу керек.
А) Баримен контрастты рентгеноскопия
В) Жасырын қанға нәжісті тексеру
С) Фиброгастродуоденоскопия
Д) Ультрадыбысты зерттеу
Е) Радионуклидті зерттеу
46~ Гастропарез – бұл ... .
А) Асқазанның перистальтика ырғағының бұзылуы
В) Антралды бөлімнің моторикасының әлсіреуі
С) Антродуоденалды координацияның бұзылуы
Д) Аккомодацияның бұзылуы
Е) Кардиалды бөлімнің моторикасы әлсіреуі
47~ 20 жастағы науқас қабырға астындағы ауырлық сезіміне, ерте тойыну сезіміне, аузындағы жағымсыз иіске, ауамен кекіруге шағымданады. Пальпацияда пилородуоденалды аймақта ауырсынады. Диагнозды нақтылау үшін асқазан кілегей қабығының биоптатын морфологиялық тексерілді. Бұл тәсіл ... жүргізіледі.
А) Н. Руlorі-дің антибактериалды дәрілерге сезімталдығын анықтау үшін
В) Биоптатта Н. руlorі бактериясының уреазды белсенділігін анықтау үшін
С) Биоптатта арнай антиденелерді анықтау үшін
Д) Н. руlorі эрадикациясы үшін
Е) Биоптатта Н. Руlorі анықтау үшін
48~ 48 жастағы науқас отбасылық дәрігерге таңертеңнен аузындағы ащы сезімге, әлсіздікке, делсалдыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы тартып ауырсынуға шағымданып келді. Обьективті қарағанда Кер белгісі оң және оң жақ қабырға асты аймағындағы алдыңғы іш қабырғасының резистенттілігі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша
В) Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша
С) Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша
Д) Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша
Е) Созылмалы калькулезді холецистит,өршу кезеңі
49~ Науқас отбасылық дәрігерге таңертең кенеттен болған жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Қарағанда тілі құрғақ, жабынмен жабылған, температурасы 37,7 С, пальпацияда іші ауырады, алдыңғы іш қабырғасының жайылмалы қатаюы. АҚҚ 100/70 мм.сын. бағ. ЖСЖ 97 рет минутына. Дәрігерлік тактика ... қарастырады.
А) Хирургия бөліміне жедел жеткізуді
В) Құсуға қарсы және қызу түсіретін препараттар тағайындауды
С) Мұқият қарау және науқастың жағдайын БМСК жағдайында бақылауды
Д) Үйде бақылау, суық, тыныштық, ашықтыруды қамтамасыз ету, қатты ауырсынуда аналгетик тағайындауды
Е) Жағдайы тұрақталғанша көктамырға тамшылатып реополиглюкин құюды
50~ 35 жастағы науқас кекіруге, тамақ қабылдағаннан 1,5-3 сағ кейін пайда болатын, аш қарында және түнде болатын ауырсынуға шағымданады. Тамақ қабылдаған соң ауырсыну басылады. Ішті пальпациялағанда қабырға бұрышында және кіндік маңында ауырсыну байқалады. Науқаста айқын астеновегетативті синдром. Науқас стационарлы емді қажет етеді, себебі ... .
А) науқаста асқазанның жарасы алғаш анықталған
В) науқаста 12-елі ішектің жарасы алғаш анықталған
С) айқын астеновегетативті синдром анықталған
Д) науқаста асқынбаған асқазан жара ауруы анықталған
Е) стационарда эндоскопиялық зерттеу жүргізіледі
