- •Б) динамикада бақылау
- •Рубеждік бакылау -1 Ішкі аурулар Эталон жауаптары
- •Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный конроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубежный контроль 2 Ішкі аурулар
- •Рубеждік бакылау -2 Ішкі аурулар Эталон жауаптары
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
1-вариант
1. 47 жастағы науқаста 2 апта бұрын 4-ші қабатқа жылдам көтерілгенде тоқтағанда басылатын төстің төменгі үштен бір бөлігінде ауырсыну пайда болған. Бұл ауырсыну бірінші рет байқалған. Кейін мұндай жағдай жылдам жүргенде, 2-ші қабатқа көтерілгенде байқала бастады. Стенокардия түрін анықтаңыз және жүргізу тактикасын таңдаңыз:
а)ЖИА. Үдемелі стенокардия. Ауруханаға жіберу б) ЖИА. Күштемелі стенокардия. ФК 2. Антиангиналді терапия тағайындау в) Кардиалгия коронарлық аурумен байланысты болмауы мүмкін. Тексеру жүргізу
г) ЖИА. Алғашқы пайда болған стенокардия. Ауруханаға жіберу, антиангиналді терапия тағайындау д) ЖИА. Принцметал стенокардиясы. Нитраттар тағайындау 2. Бірнеше жыл бұрын анықталған гипертрофиялық кардиомиопатиямен науқаста есінен танып қалу пайда болған. ЭКГ-сында алты ай бұрын түсірілген ЭКГ-мен салыстырғанда өзгерістер жоқ. Келесі тағайындау қажет диагностикалық әдіс:
а) эхокардиография б)бас миының компьютерлік томографиясы в) тәуліктік ЭКГ мониторлеу г) коронароангиография
д) қан ферменттерін зерттеу
3. 73 жастағы науқас ер адам ентігуге, кезеңді жүрек тұсында қолайсыз сезімге, жүрек үзіліспен соғуына, жүрегі жиі соғу эпизодтарына шағымданып қаралды. АҚҚ 154/80 мм сын.бағ. деңгейінде. ЖСЖ - минутына 82 . ЭКГ - да – сол қарынша гипертрофиясы. Тәуліктік ЭКГ мониторлеуде – орташа ЖСЖ – минутына 78 (ең төмен – 58, ең жоғарғы - 147). ST сегментінің нақты ишемиялық өзгеруі анықталмаған. Мониторлеудің барлық кезеңінде арасында жиі, топтасқан қарыншаүстілік экстрасистолалар тіркелген. Осы фонда жүрекше фибрилляциясы ұстамасының 4 эпизоды байқалған. Емдеу тактикасын таңдаңыз:
а) эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) дилтиаземді қосу. б) эналоприл мөлшерін 10 мг-ға дейін көтеру және гипотиазид 25 мг в) эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) тәулігіне 5 мг бисопрололды қосу г)эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) седативті препараттар (назепам) қосу д) эналоприлмен 5 мг және гипотиазидпен 25 мг емдеуді өзгеріссіз қалдыру
4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясының ең нақты электрокардиографиялық белгілеріне жатады:
а) V4-V6 тіркемелерінде терең Q тісшесі б) І, ІІ және aVL тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
в) ІІ, ІІІ және aV F тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы г) S1- Q 3 синдромы және ІІІ, V1, V2 тіркемелерінде ST сегменті жоғары ығысуы д) кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің инверсиясы 5. Жүрек ырғағы жиілігінің ауытқуы ... көрсетеді.
а) миокардтың жиырылу қызметін б) вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық белсенділік арасындағы тепе-теңдікті в) синус түйіні қызметін
г) атрио-вентрикулярлық түйін қызметін д) жүректің өткізгіштік жүйесі қызметін
6. Дене жүктемесімен ЭКГ- сынама жүргізуге қарсы көрсеткішке жатады:
а) ФК стенокардияның ФК бағалау б) жүрек ишемиялық ауруы анықталған науқас болжамын бағалау
в) жіті миокард инфаркті (48-72 сағатқа дейін) г) симптомдар қайта пайда болған жағдайда реваскуляризация жасалған науқастарды зерттеу
д) жиілік-бейімділік кардиостимулятор жұмысының көрсеткіштерін бекіту қажеттілігі
7. Канадалық жіктемеге сәйкес күштемелі стенокардияның II функционалдық класы ... сипатталады. а) ұстама тек экстремалді күштеме кезінде дамуымен
б) ұстама күнделікті күштеме кезінде дамуымен в) ұстама аздаған күштеме кезінде дамуымен г) күштемені орындау қабілеті барынша төмендеуімен
д) ұстама тыныштық күйде пайда болуымен 8. Науқаста стенокардия ұстамасы 500 метрден аз қашықтықта орташа ырғақта жүргенде, 1-2 сатыға баспалдақпен көтерілгенде, кейде ұстама тыныштық күйде пайда болады. Канадалық жіктемеге сәйкес науқасқа тұрақты күштемелі стенокардияның ... анықталды. а) I функционалдық класы б) II функционалдық класы в) III функционалдық класы г) IV функционалдық класы д) 0 функционалдық класы
9. Үдемелі стенокардия диагнозын қоюға негіз болатын негізгі белгіні таңдаңыз: а) стенокардия ұстамаларының ауырлығы және жиілігі артуы б) типтік ауырсыну ұстамасы бір ай бұрын алғашқы рет дамыған в) типтік ауырсыну ұстамасы ЭКГ –да қарыншалық комплекстің соңғы бөлігі өзгеруімен бірге байқалады г) ауырсыну ұстамасы түнде тыныштық күйде пайда болады
д) ауырсыну ұстамасы алғашқы рет жарты жыл бұрын пайда болған 10. Тұрақсыз стенокардияға жүректің ишемиялық ауруының ... түрі жатпайды. а) алғашқы дамыған б) күштемелі (3 ФК) в) ерте инфарктан кейінгі г) ерекше д) үдемелі 11. Алғашқы дамыған стенокардия диагнозын қоюға негіз болатын негізгі белгіні таңдаңыз: а) ауырсыну ұстамасы алғашқы рет жарты жыл бұрын пайда болған б) ауырсыну ұстамасы алғашқы рет үш апта бұрын пайда болған в) дене жүктемесі кезінде төс артында ауырсыну пайда болуы г) төс артында ауырсыну түнде (тыныштық күйде) пайда болады
д) стенокардия ұстамаларының ауырлығы және жиілігі артуы
12. Қолқа стенозымен науқас ер адамның ЭКГ-сында: жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, көшпелі зона оңға ығысуы, V 5, V6 тіркемелерінде R тісшесі биіктенуі, ST сегменті төмендеуі, теріс T тісшесі. ЭКГ- өзгерістерді интерпретациялаңыз:
а) күштенуімен оң қарынша гипертрофиясы б) систолалық күштенумен сол қарынша гипертрофиясы в) сол қарынша гипертрофиясы
г) оң қарынша гипертрофиясы
д) екі қарынша гипертрофиясы
13. Артериялық гипертензияның қатер тобын анықтауда ассоцирленген ауруларға жатпайды:
а) жіті ми қан айналымы бұзылысының транзиторлы атакасы
б)тұрақты күштемелі стенокардия в) созылмалы пиелонефрит г) диабеттік нефропатия д) миокард инфаркті 14. Ұзақ әсерлі нитраттардың ішінде қазіргі кезде ең нәтижелі антиангиналді препаратқа ... жатады. а) нитролонг б) нитросорбид в) нитролонгранулонг г) изосорбид -5- мононитрат д) сустонит 15. Холестерин мен триглицеридтер деңгейін төмендететін ең нәтижелі препаратқа жатады: а) никотин қышқылы (эндурацин) б) холестирамин (квестран) в) ловастатин (мевакор) г) гемфиброзил (гевилон) д) пробукол (липомал) 16. Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқас келесі жұмыс түрін орындай алады: а) айқын дене жүктемесімен байланысты жұмыстар б) биіктікте орындалатын жұмыс в) улы заттар әсерімен байланысты жұмыстар г) көлік айдау кәсіптері д) есеп-канцелярлық жұмыстар 17. Асқынбаған төменгі миокард инфарктінің жеделасты кезеңінің (10 күннен 8 аптаға дейінгі) негізгі ЭКГ белгілері: а) III және aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі, теріс "коронарлық" Т тісшесі б) V2-V4 тіркемелерінде ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы в) V1-V4 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі, теріс "коронарлық" Т тісшесі
г) V5-V6 тіркемелерінде теріс "коронарлық" Т тісшесі д) V2-V4 тіркемелерінде монофазалы қисық болуы 18. Асқынбаған миокард инфарктінің жіті кезеңінің ұзақтығы ... созылады. а) 2 сағатқа дейін
б) 10 күнге в) 8 тәулікке г) 5 тәулікке д) 3 тәулікке 19. Фибринолитикалық препараттар қолдануға көрсеткіш болып табылмайды: а) ірі ошақты миокард инфаркті (алғашқы 4-6 сағат) б) массивті өкпе артериясының тромбоэмболиясы в) жіті терең сирақ венасының тромбозы г) майда ошақты миокард инфаркті
д) ST көтерілуімен жіті коронарлық синдром 20. Ірі ошақты миокард инфарктімен ауырған науқас өлімі төмендеуі ... қолданғанда байқалады. а) хинидин б) бета-блокаторлар в) милдронат г) этацизин
д) предуктал
21. 50 жастағы жиі өршитін шылым шегуші бронхитімен ауыратын науқаста алғашқы рет тыныс алумен байланысты емес 2-3 сағатқа созылған мойынға берілетін төс артында қысып ауырсыну ұстамасы, күрт әлсіздік және тершеңдік пайда болған. Сіздің диагнозыңыз:
а) мойын остеохондрозы б) спонтанды пневмоторакс в) өкпелік жүрек г) миокард инфаркті д) өкпе инфаркті 22. Трансмуралді миокард инфарктінің негізгі электрокардиографиялық белгісі: а) ST сегментінің бірнеше тіркемелерде көтерілуі б) ST сегментінің бірнеше тіркемелерде төмендеуі
в) екі және одан көп тіркемелерде QS комплексі пайда болуы г) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы
д) ST сегментінің тостақ тәрізді ығысуы
23. Миокард инфарктімен ауырған науқаста қарыншалық фибрилляция дамуы мүмкіндігі бойынша болжамдық жағынан қолайлырақ қарыншалық экстрасистолаларға жатады: а) монотопты б) политопты в) ерте T-ға R түрі г) қосарланған
д) топтасқан 24. Миокард инфарктінде ... белсенділігі артуы ең спецификалық белгі болып табылады. а) ЛДГ1-2 б) АСТ в) АЛТ г) МВ-КФК
д) тропонин 25. Жіті ірі ошақты миокард инфарктінің клиникалық тұрғыда нәтижелі аяқталуын қамтамасыз ететін емдеу әдісіне ... қолдану жатпайды. а) аспирин және бета-блокаторлар б) кальций антагонисттері в) ААФ ингибиторлары г) тромболитиктер д. алғашқы баллонды коронарлық ангиопластика
26. Артқы миокард инфарктінің тікелей ЭКГ белгілері келесі тіркемелерде тіркеледі: а) aVL, V1-V4 б) ІІ, ІІІ, aVF в) І, aVL, V5-V6
г) aVL, V1-V2
д) V1-V6 27. Миокард инфарктінің зақымдалу кезеңінің негізгі ЭКГ- белгілеріне жатады: а) патологиялық Q тісшесі б) ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы в) теріс "коронарлы" Т тісшесі г) монофазалы қисық қалыптасуы д. QRS комплексі кеңеюі 28. Ірі ошақты миокард инфарктінің тыртықтану кезеңінің негізгі ЭКГ- белгілеріне жатады: а) патологиялық Q тісшесі б) ұзақ уақыт ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы сақталуы в) QRS комплексі кеңеюі г) R тісшесі амплитудасы ұлғаюы
д) теріс "коронарлы" Т тісшесі 29. Инфарктан кейінгі кардиосклероз диагнозы науқасқа асқынбаған миокард инфарктінен ... кейін қойылады. а) 4 аптадан б) 2 айдан в) 3 айдан г) 5 айдан
д) 6 айдан 30. Миокард инфарктімен ауырған науқаста 4 айдан соң қайта дамыған миокард инфаркті ... деп саналады. а) қайталанған б) рецидивирленген
в) созылмалы
г) алғашқы дамыған
д) тұрақсыз
31.Сол қарыншаның жіті аневризмасын анықтауға көмектесетін аспаптық зерттеу әдісі: а) вентрикулография б) велоэргометрия в) холтерлік мониторлеу г) төс торының рентгенографиясы д) коронарография 32. Атропин қолдану миокард инфаркті ... асқынғанда көрсетілген. а) нақты кардиогенді шокпен б) қарыншалық фибрилляциямен в) II дәрежелі атриовентрикулярлы блокадамен г) Дресслер синдромымен
д) жүрекшелік фибрилляциямен
33. Трансмуралді миокард инфарктінің ең ерте электрокардиографиялық белгісіне жатады: а) QRS комплексі өзгеруі б) Т тісшесінің инверсиясы в) жүрек ырғағы бұзылуы г) ST сегменті жоғарылауы
д) Q тісшесі пайда болуы
34.Төс артында қолайсыз сезім пайда болуының алғашқы 2-3 күнінде гиперферментемия (КФК, ЛДГ, АсТ жоғарылауы), нейтрофилді лейкоцитоз, дене қызуы 38 С жоғарылауы, сонымен бірге ЭКГ- өзгерістер байқалуы ... тән. а) пневмонияға б) миокард инфарктіне в) қолқа аневризмасы ыдырауына г) стенокардияға
д) ревматизмге 35. Хирургиялық ем жоспарланған науқас үшін жүрек күйі жағынан ең қолайсыз болып табылады: а) Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы б) инфаркттан кейінгі кардиосклероз в) жүрек түрткісінде қатал систолалық шу г) жиі политопты қарыншалық экстрасистолалар
д) бір-екі қарыншалық экстрасистолалар 36. Пароксизмалді тахикардияның қайталануының алдын алу үшін ең нәтижелі препаратқа ... жатады. а) нифедипин б) ритмилен в) анаприлин г) кордарон
д) этмозин 37. Толық көлденең жүрек блокадасына ... тән. а) толық жүрекшелік-қарыншалық диссоциация б) PQ интервалы 0,20 сек-тан жоғары ұзаруы в) Самойлов-Венкебах кезеңдері пайда болуы г) QRS комплексі кеңеюі
д) Р тісшесі жоғалуы 38. II дәрежелі атриовентрикулярлы блокаданың негізгі ЭКГ белгілері: а) Самойлов-Венкебах кезеңдері б) ЖСЖ минутына 60 реттен баяулауы в) Р тісшесі жоғалуы г) QRS комплексі кеңеюі (0,14 сек-тан жоғары)
д) толық жүрекшелік-қарыншалық диссоциация
39. Науқаста пароксизмалді қарыншалық тахикардия дамығанда антиаритмиялық препараттардың ішінде таңдаулысына ... жатады. а) изоптин б) дигоксин в) лидокаин г) обзидан
д) этмозин 40. Жүрекшелік фибрилляция жиі байқалатын ауруларға жатады: а) жүректің ишемиялық ауруы, митралді стеноз, тиреотоксикоз б) қолқалық жетіспеушілік, гипертрофиялық кардиомиопатия в) экссудативті перикардит, митралді стеноз, гипотиреоз г) өкпелік жүрек, алкоголді кардиомиопатия, тиреотоксикоз д) гипотиреоз, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия 41. Миокард инфарктінің жіті кезеңінде топтасқан қарыншалық экстрасистолия пайда болғанда ... қолданады.
а) жүрек гликозидтерін б) верапамилді в) лидокаинді г) аденозинді
д) хинидинді 42. Тез арада электроимпульстік терапия (ЭИТ) жүргізудің абсолютті көрсеткішіне жатады: а) қарыншалық фибрилляция б) қарыншаүстілік пароксизмалді тахикардия в) жыбыр аритмиясы г) III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада
д) жүрекше дірілі 43. Қарыншалық экстрасистолаларының электрокардиографиялық белгілеріне жатпайды: а) өзгерген QRS комплексі уақытынынан ерте пайда болуы б) кезектен тыс қарыншалық комплекстің кеңеюі (0,14 с-тан жоғары) в) кезектен тыс қарыншалық комплекстің алдында P тісшесі болмауы г) толық емес компенсаторлық үзіліс д) толық компенсаторлық үзіліс 44. Селективті емес бета-блокаторларды тағайындауға қарсы көрсеткішке жатады: а) күштемелі стенокардияның I-II функционалдық класы б) артериялық гипертония в) бронх демікпесі г) қарыншалық аритмиялар д) тахикардия 45. Жүрекше фибрилляциясының ЭКГ- белгісіне жатпайды: а)тіркемелерде Р тісшесі болмауы б) QRS комплексі алдында өзгерген Р тісшесі тіркеледі Р в) f жыбыр толқындары тіркеледі г) өзгермеген қарыншалық комплекстер д) жүрек ырғағы дұрыс емес
46. Сол жүрекше гипертрофиясында ЭКГ-да анықталады: а) І, aVL, V5-6 тіркемелерінде екіөркешті кеңейген Р тісшесі б) ІІ, ІІІ, aVF, V1 тіркемелерінде ұшқырлан биік Р тісшесі в) І, aVL, V5-6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі г) ІІ, ІІІ, aVF тіркемелерінде терең S тісшесі д) І, aVL тіркемелерінде терең S тісшесі
47. Жүрекшелік экстрасистолаға тән емес ЭКГ- белгісін таңдаңыз: а) Р тісшесі мен QRS комплексінің ерте пайда болуы б) Р тісшесіз QRS комплексінің ерте пайда болуы в) ерте пайда болған Р тісшелері синустықтардан жиі ерекшеленеді
г) компенсаторлық үзіліс толық емес д) кеңеймеген қарыншалық комплекстер
48. Жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түріне тән: а) пульс дефициті б) парадоксалді пульс в) альтернирленген пульс г) яремді веналар пульсациясы д) қарыншалық комплекстер кеңеюі
49. Кенеттен ентігу пайда болуы (ортопноэсыз) ... болуы мүмкінірек. а) миокард инфаркті б) қолқа аневризмасы ыдырауы в) өкпе артериясының тромбоэмболиясы г) жіті плеврит
д) жіті перикардит 50. Кенеттен ЭКГ-да I тіркемеде терең S және III тіркемеде Q (Макджин-Уайт синдромы), сонымен қатар көшпелі зона солға ығысуы пайда болатын ауру:
а) төменгі миокард инфаркті б) өкпе артериясының тромбоэмболиясы в) перикардит г) сол қарынша аневризмасы
д) сол қарынша күштенуі
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
2-вариант
1. Қан айналымының солқарыншалық жетіспеушілігі бар науқасқа нитроглицеринді қолданудың негізгі емдік нәтижесі ... байланысты.
а) коронарлық артериялар кеңеюіне
б) шеткі артериялар кеңеюіне в) жүрек соғу жиілігі жоғарылауы салдарынан коронарлық қан айналымы артуына
г) шеткі венозды жүйе кеңеюіне
д) ЖСЖ баяулауы және миокардтың оттегіне қажеттілігі
2. Нитраттарға толеранттылықты жоюға бағытталған «интервалді терапия» түсінігіне жатады:
а) нитраттарды қабылдауда 4-6 сағатқа үзіліс жасау б) нитраттарды қабылдауда 8-12 сағатқа үзіліс жасау в) нитраттарды қабылдауда 24 сағатқа үзіліс жасау г) нитраттарды қабылдауда 3 тәулікке үзіліс жасау д) нитраттарды қабылдауда 1-2 сағатқа үзіліс жасау
3. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің емінде ұсынылмайды: а) ААФ ингибиторлары б) несеп айдаушы препараттар в) бета-блокаторлары г) жүрек гликозидтері д) қысқа әсерлі кальций антагонисттері – нифедипин 4. β-адреноблокаторлармен бірге қолданған тиімді емес препаратты көрсетініз:
а) гипотиазид б) верапамил в) каптоприл г) аспирин
д) мевакор
5. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз салдарынан дамыған 1-ші дәрежелі жүрек жетіспеушілігі бар науқасқа ... тағайындаған тиімдірек. а) изоланид б) сустак в) периндоприл г) фуросемид д) дигоксин 6. СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: дене жүктемесі айқын шектелуі, науқас тек тыныштықта өзін қолайлы сезінуі, үйреншікті дене жүктемесінен аз жүктеме әлсіздік, жүрек жиі соғуы, ентігу немесе ангинозды ауырсыну тудыруы … сәйкес.
а) ФК І б) ФК ІІ в) ФК ІІІ г) ФК ІV д) ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес 7. Дигитализацияның ең тиімді ырғағына жатады: а) 12-24 сағат ішінде жылдам б) 24-36 сағат ішінде жылдам
в) 3-4 күн ішінде баяу жылдамдықпен г) 7-10 күн ішінде баяу жылдамдықпен
д) 20-30 күн ішінде өте баяу жылдамдықпен 8. Науқаста қатты басы ауырып, айқын тершеңдік және жүрек жиі соғуымен ("пароксизмалді триада") бірге байқалатын гипертониялық криздер пайда болуы ... тән. а) біріншілік альдостеронизмге б) феохромоцитомаға в) Иценко-Кушинг синдромына г) тиреотоксикозға
д) қолқа коарктациясына 9. Науқастарды артериялық гипертониямен емдеудегі бета-блокаторлардың негізгі әсер ету механизміне жатады.
а) ангиотензин-конвертирлеуші фермент ингибициясы б) жүректің қан айдауы төмендеуі в) айналымдағы қан көлемі төмендеуі г) ренин бөлінуі төмендеуі
д) шеткі тамырлар кедергісі төмендеуі 10. Миокардтың сол қарыншасы гипертрофиясын анықтауға көмектесетін аспаптық зерттеу әдісі: а) жүректі УДЗ б) жүреті катетеризациялау (Swan-Ganz бойынша) в) ЭКГ (вольтажды критерилер) г) коронароангиография д) холтерлік мониторлеу 11. Жедел көмекті қажет ететін гипертензивті күйлерге ... дамуы тән емес. а) қолқа ыдырауы б) жіті жүрек жетіспеушілігі в) жіті миокард ишемиясы г) миға қан құйылуы д) өкпе инфаркты 12. Артериялық гипертензияның 4 қатерлілігінің негізгі критериіне жатады: а) артериялық қысым деңгейі б) тіршілікке маңызды органдардағы өзгерістер в) ассоцирленген аурулар болуы г) гипертониялық криздер дамуы
д) қатерлі факторлар болуы 13. Екіншілік артериялық гипертензия дамуы ... тән емес.
а) феохромоцитомаға б) микседемаға в) Иценко-Кушинг синдромына немесе ауруына г) біріншілік гиперальдостеронизмге (Конн синдромына) д) тиреотоксикозға 14. Гипертониялық криздерді тоқтатуға қолданылатын негізгі препараттарға жатпайды: а) клофелин б) нифедипин в) каптоприл г) натрий нитропруссиді д) адельфан 15. Гипотензивті препараттар ішінде ... ангиотензин II рецепторларының антагонисттері тобына жатады. а) клофелин б) капторил в) лозартан г) верошпирон
д) метопролол 16. Гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде дамыған жіті солқарыншалық жетіспеушілікті емдеуде таңдаулы препараттарға жатады: а) диуретиктер б) вазодилататорлар в) жүрек гликозидтері г) бета-блокаторлар
д) кальций антагонисттері 17. Кеуде тұсында терең тыныс алғанда, жөтелгенде, жұтынғанда, арқаға жатқанда күшейетін ауырсыну, ЭКГ-да барлық тіркемелерде (aVR-дан басқа) ST сегменті көтерілуімен бірге пайда болуы жиі ... белгісіне жатады.
а) рецидивті миокард инфаркті б) инфарктан кейінгі стенокардия в) құрғақ перикардит г) өкпе артериясы тромбоэмболиясы д) сол қарынша аневризмасы 18. Жіті перикардитте байқалатын электрокардиографиялық өзгерістер:
а) aVR-дан басқа барлық тіркемелерде ST сегменті конкордантты көтерілуі б) көптеген тіркемелерде SТ сегменті депрессиясы в) патологиялық Q тісшелері
г) көкірек тіркемелерінде R тісшесі амплитудасы ұлғаюы
д) көкірек тіркемелерінде R тісшесі амплитудасы төмендеуі 19. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі дамуының жиі себебі: а) жүректің ишемиялық ауруы б) қақпақшалық ақаулар в) кардиомиопатиялар г) коллагеноздар д) артериялық гипертензиялар
20. Сол қарынша гипертрофиясының ЭКГ – белгілеріне жатады:
а) ІІІ, aVF, V 1-2 тіркемелерінде R тісшесінің вольтажы ұлғаюы
б) І, ІІ, aVL тіркемелерінде Р тісшесінің вольтажы ұлғаюы
в) көшпелі зона оңға ығысуы
г) R тісшесінің өрлеу бөлігінде тісшелену болуы
д) V 5-6 тіркемелерінде R тісшелері жинағы ұлғаюы және V 1 тіркемесінде S 38 мм
21. Созылмалы жүрек жетіспеушілігімен науқастарды емдеудің заманауи тактикасының басты мақсаты:
а) терапияны барынша ертерек, аурудың ең ерте кезеңінде бастау, мүмкіндігінше ең жоғарғы нәтижеге жету және процесс үдеуін тоқтату
б) терапияны созылмалы жүрек жетіспеушілігінің алғашқы клиникалық белгілері пайда болғанда бастау
в) терапияны созылмалы жүрек жетіспеушілігінің айқын клиникалық белгілері пайда болғанда бастау
г)симптоматикалық ем
д) емді объективті аспаптық зерттеу әдістерін жүргізу кезінде өзгерістер анықталғаннан соң бастау
22. Митралді стенозға тән ЭКГ өзгерістерін көрсетіңіз:
а) ЖЭО солға ығысуы
б) V 5-6 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 1-2 тіркемелерінде терең S тісшесі
в) Р – mitrale, V 1-2 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі
г) Р-pulmonale, V 1-2 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі
д) V 5-6 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 4-6 тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
23. СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: дене белсенділігі шектелмеген, үйреншікті дене белсенділігінде тез шаршау, ентігу немесе жүрек жиі соғы байқалмауы, жоғарғы жүктемені науқас жақсы көтеруі, бірақ ентігу және/немесе баяу қалпына келу … сәйкес.
а) ФК І б) ФК ІІ в) ФК ІІІ г) ФК ІV д) ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес 24. Миокардиттерге тән емес ЭКГ өзгерістер:
а) QRS амплитудасы төмендеуі
б) тахикардия
в) І, ІІ, aVL тіркемелерде ST көтерілуі
г) қарыншалық экстрасистолия
д) АВ-блокада
25. СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: дене белсенділігі шектелуі айқын емес – тыныштық күйде белгілері болмауы, үйреншікті дене белсенділігінде шаршау, ентігу немесе жүрек жиі соғуы байқалуы … сәйкес.
а) ФК І б) ФК ІІ в) ФК ІІІ г) ФК ІV д) ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес 26. СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: қандай да болсын дене жүктемесін орындауда қолайсыз сезім пайда болуы – тыныштық күйде жүрек жетіспеушілік белгілері байқалуы және аздаған дене белсенділігінде күшеюі … сәйкес.
а) ФК І б) ФК ІІ в) ФК ІІІ г) ФК ІV д) ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес 27. Лауна бойынша қарыншалық экстрасистолия классификациясына жатпайтын экстрасистолиялар:
а) сирек монотопты қарыншалық экстрасистолия
б) жиі қарыншалық экстрасистолиялар
в) қосарланған қарыншалық экстрасистолиялар
г) ерте қарыншалық экстрасистолиялар (T-ға R)
д) политопты қарыншалық экстрасистолиялар
28. ST көтерілуімен миокард инфарктінің алғашқы 12 сағатында болжам үшін ең нәтижелі емдік іш-шараны таңдаңыз:
а) наркотикалық анальгетиктерді венаішіне енгізу
б) нитраттарды венаішіне енгізу
в) фибринолитикалық терапия
г) антикоагулянттар енгізу
д) бета-блокаторлар енгізу
29. Синустық тахикардияның ЭКГ белгілері:
а) R- R жиілігі ретсіз
б) f толқыны болуы
в) ырғақ дұрыс: Р – Р мен R- R жиілігі сәйкес
г) компенсаторлық үзіліс болуы
д) QRS алдында формасы өзгермеген Р болуы
30. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі салдарынан туындаған синустық тахикардияда жүргізілетін ем:
а) статиндер мен нитраттар
б) аспирин мен нифедипин
в) бета-адреноблокатор мен ААФ ингибиторлары
г) статиндар мен предуктал
д) аспирин мен пропранолол
31. Артериялық гипертензиямен науқасқа ангиотензин айналдырушы ингибиторларымен монотерапия жеткілікті гипотензивті нәтиже бермеген жағдайда диуретиктік препараттардан ... бірге қолданған тиімді.
а) фуросемидті б) триамтеренді в) верошпиронды г) урегитті д) гипотиазидті
32. Синусты түйін әлсіздігімен жүретін жүрек ырғағы бұзылыстарына жатпайды:
а) жүрекше бойымен ырғақ ошағы миграциялануы
б) асистолиия
в) тахибрадикардия синдромы
г) тыныс аритмиясы
д) конституцияналдық ерекшеліктер
33. Синусты түйін әлсіздігімен науқасты емдеу принциптері:
а) атропиннің жоғарғы дозасын тағайындау
б) электрокардиостимулятор орналастыру
в) жүрек трансплантациясы
г) жүрек гликозидтерін тағайындау
д) антиаритмиялық препараттардың күштемелі дозасын қолдану
34. І дәрежелі АВ-блокадасының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
а) Р тісшесі болмауы
б) қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
в) F толқыны болуы
г) QRS комплексінің деформациясы
д) PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
35. ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц І түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
а) QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
б) қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
в) QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы
г) Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы
д) әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
36. ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц ІІ түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
а) QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
б) қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
в) QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы
г) Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы
д) әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
37. ІІІ дәрежелі АВ-блокадасының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
а) QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
б) қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
в) QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы
г) Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы
д) әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
38. Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасымен науқасты емдеу тактикасы:
а) электрокардиостимулятор имплантациялау
б) антиаритмиялық препараттардың күштемелі мөлшерін қолдану
в) антиагреганттарды ноотроптармен бірге қолдану
г) ангиопротекторлар қолдану
д) атропинді ұзақ қолдану
39. Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгілеріне жатпайды:
а) QRS комплексі кеңеюі
б) оң кеуде тіркемелерінде QRS комплексі М-тәрізді ажырауы
в) сол кеуде тіркемелерінде S тісшесі тісшеленіп кеңеюі
г) QRS комплексіне қатысты ST сегментінің дискордантты орналасуы
д) оң кеуде тіркемелерінде S тісшесі тісшеленіп кеңеюі
40. Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгілері:
а) өзгермеген QRS комплексі
б) сол кеуде тіркемелерінде кеңейген ажыраған R тісшесі және оң кеуде тіркемелерінде кеңейген тісшеленген S тісшесі
в) сол кеуде тіркемелерінде кеңейген тісшеленген S тісшесі
г) оң кеуде тіркемелерінде QRS комплексі М-тәрізді ажырауы
д) барлық кеуде тіркемелерінде ST көтерілуімен кеңейген QRS комплексі
41~ Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну ... тән.
а) тұрақты күштемелі стенокардияның II ФК-ына
б) тұрақты күштемелі стенокардияның I ФК-ына
в) тұрақты күштемелі стенокардияның III ФК-ына
г) тұрақты күштемелі стенокардияның IV ФК-ына
д) тұрақсыз стенокардияға
42~ 57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада ІІ, ІІІ, aVF, V5-V6 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
а) сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
б) сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
в) сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
г) сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
д) сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
43~ 38 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. Диагнозды дәлелдеуге ... көмектеседі.
а) кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы
б) холестерин, үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы
в) жалпы қан талдауы
г) физикалық жүктемемен сынама
д) эхокардиография
44~ Миокард инфарктімен ауырған 62 жастағы ер адам басы ауруы мен басы айналуына шағымданып дәрігерге қаралды. Тексергенде: пульс – минутына 86 рет, артериялық қысым – 200/100 мм сын. бағ., жүрек жетіспеушілік белгілері жоқ, аяқ тамырларының облитерленген атеросклерозы байқалады. Науқасқа артериялық гипертензияны емдеуде ... қолданған тиімді.
а) верапамил
б) анаприлин
в) коринфар
г) гипотиазид
д) капотен
45~ 50 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге 2-3 сағатқа созылған төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып қаралды. Анамнезінде жиі өршитін созылмалы бронхиті бар. Темекі шегеді. Ұстама бүгін түнде бірінші рет пайда болған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) мойын остеохондрозы
б) спонтанды пневмоторакс
в) өкпелік жүрек
г) миокард инфаркті
д) өкпе инфаркті
46~ 30 жастағы науқас ер адам кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқасқа ... жүргізу қажет.
а) вентрикулография
б) коронароангиография
в) электроэнцефалография
г) эхокардиография
д) тәуліктік ЭКГ мониторлеу
47~ 42 жастағы науқас ер адам төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің диагнозыңыз:
а) ЖИА. Үдемелі і стенокардия
б) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II
в) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
г) ЖИА Күштемелі стенокардия ФК III
д) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV
48~ 62 жаста нақас ер адам кеуде артындағы тыныс алуға байланыссыз және ұстама тәрізді үдемелі қысып ауырсынуға шағымданады. Нитроглицеринді қабылдағанда нәтиже болмаған. Бұл науқасқа ... жасау қажет.
а) сцинтиграфия Tl201- мен
б) ЭхоКГ добутаминмен
в) тропонин Т анықтау, ЭКГ
г) физикалық жүктемемен ЭКГ
д) тәуліктік ЭКГ мониторинг
49~ Дәрігерге 63 жастағы науқас ер адам қаралуға келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыбыр аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен диспансерлік бақылауда тұрады. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағымданады. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформацияланған, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистолалар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлау себебіне ... жатады.
а) гипертоникалық криз
б) қайталанған инфаркт миокардісі
в) декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі
г) гликозидті интоксикация
д) ми қан айналымының бұзылуына ауысуы
50~ Дәрігерге 55 жастағы ЖИА. Атеросклероздық кардиосклероз, СЖЖ ФК II диагнозымен диспансерлік бақылауда тұратын науқас әйел қаралды. Анамнезінде - стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ- да сол қарыншаның диастолалық дисфункциясы анықталды. Жүректің функционалдық күйін жақсарту үшін ... қолданған тиімді.
а) селективті бета-адреноблокаторларды
б) жүрек гликозидтерін
в) альдостерон антагонисттерін
г) ілмекті диуретиктер
д) гликозидті емес инотропты препараттар
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
3-вариант
1~ Науқас мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып істейді, анамнезінде жіті миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігінің І дәрежесінің белгілері анықталған. Еңбекке жарамдылығы дәрежесі туралы сұрақ шешімі:
а) мүгедектіктің I тобы
б) мүгедектіктің II тобы
в) мүгедектіктің III тобы
г) еңбекке жарамды
д) 2-3 күн еңбекке жарамсыз
2~ Жіті миокард инфарктімен ауырған науқасқа басқа климаттық аймаққа (санаторлық-курорттық емге қарсы көрсеткіші болмаса) шығуға ... айдан соң рұқсат етуге болады.
а ) 3
б) 6
в) 12
г) 18
д) 24
3~ Науқасты ... диагнозымен алыс курортқа жіберуге болады.
а) ЖИА, күштемелі стенокардия, II функционалдық класс, ЖЖ 0 – кезеңі
б) АГ, кризді ағымы
в) созылмалы активті гепатит
г) созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі
д) ЖИА, күштемелі стенокардия, III функционал дық класс, ЖЖ I- кезеңі
4~ Емхана кезеңіндегі миокард инфарктінен кейінгі реабилитация жүргізілуі қажет:
а) барлығына миокардтың функционалдық күйін ескере отырып жеке бағдарламамен
б) 40- жастағы науқастарға ғана
в) қосалқы аурулары жоқ жағдайда
г) тек асқынбаған ағында
д) 50 - жастағы науқастарға ғана
5~ Стенокардияға ... тән.
а) төс артының ауырсынуы және ЭКГ -да SТ сегментінің 1 мм және одан да жоғары депрессиялануы
б) физикалық күштемеге байланыссыз төс артының ауырсынуы
в) күштемеден кейінгі қарыншалық экстрасистолия
г) SТ сегментінің 1 мм және одан да жоғары көтерілуі
д) ІІІ және аVF тіркемелерінде Q тісшесінің ұлғаюы
6~ Жүрек ишемиялық ауруы бойынша тұқымқуалаушылық бейімділік және семіздік байқалатын клиникалық тұрғыда дені сау ер адам диспансерлік бақылау ... тобына жатады.
а) ДII
б) ДI
в) ДIIIА
г) ДIIIБ
д) ДIIIВ
7~ ФК ІІІ тұрақты стенокардиямен науқаста тыныштық күйде стенокардия ұстамасы пайда болды, ұстама жиілігі және қуаты мен ұзақтығы жоғарылады, ЭКГ-да бұрын байқалмаған өзгерістер пайда болып бірнеше күн сақталған және вегетативтік ауытқулар (терлеп кету, жүрек соғуы), демікпе қосылған, ал ЭКГ динамикасы мен ферменттер белсенділігін зерттеу миокард инфарктін анықтауға көмектеседі. Сіздің диагнозыңыз:
а) тұрақты күштемелі стенокардия ФК IV
б) Принцметал стенокардиясы
в) тұрақсыз стенокардия
г) тұрақты стенокардия ФК II
д) тұрақты стенокардия ФК III
8. ~ 47 жастағы ер адам жүйкелік-психикалық күштемеден кейін кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, бетінің жабысқақ термен жамылғанын сезінді. Өзі машинасымен ауруханаға келді. Тексергенде бозарған, ары қарай төс артында қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ — да синустық тахикардия, PQ 0,14 с, V1-V3 тіркемелерде ST сегменті R ортасынан басталады және биік Т тісшесіне жалғасады. Жедел түрде қандағы ферменттер анықталды (қалыпты), перифериялық қан өзгермеген. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) күштемелі стенокардия
б) тұрақсыз стенокардия
в) спонтанды стенокардия
г) миокард инфаркті
д) миокардит
9 ~ 47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауырады. Бұл жағдайда науқасқа ... тағайындауға болмайды.
а) карведилолды
б) верапамилды
в) индапамидті
г) лизиноприлді
д) амлодипинді
10~ 57 жастағы науқас ер адам дәрігерге демікпе ұстамасымен ентігу, көбікті қызғылт қақырықпен жөтелге шағымданып қаралды. Жағдайы нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде: 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік бақылауда тұрады. Тексергенде: Ортопноэ. Өкпесінде екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі сырылдар. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ритм ырғақсыз. АҚҚ 160/100 мм сын.бағ.ЭКГ: жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет. Сол қарынша гипертрофиясы күштенуімен. Сіздің диагнозыңыз:
а) жіті солқарыншалық жетіспеушілік
б) бронх демікпесі ұстамасы
в) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
г) спонтанды пневмоторакс
д) өкпе инфаркті
11~ 42 жасар ер адам жалпы тәжірибелі дәрігерге соңғы 4 ай ішінде жиі бас ауыруына шағымданып келді. 3 жылдан бері 2 типті қантты диабетпен отбасылық дәрігерге қаралады, барлық нұсқауларды орындайды.
Объективті тексергенде: артериялық қан қысымы 150/100 мм сынап бағанасына дейін көтерілгені анықталды. 15 минуттан кейін тексергенде және қайта тексерулерде қан қысымы өзгермеді. Қандағы қант мөлшері 6,1 ммоль/л. Бұл жағдайда науқастың қан қысымын төмендету ... .
а) қандағы қант мөлшерін тұрақтандырады
б) аурудың симптомдарын жояды
в) қажет емес, себебі қан қысымы өзі реттеледі
г) науқас өмірінің болжамын жақсартады
д) қажет емес, себебі қантты диабетті емдеу жеткілікті болады
12~ 50 жастағы ер адам жалпы тәжірибелі дәрігерге медициналық тексеруге келді. Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин талдауы өзгеріссіз. Дәрігердің тактикасы:
а) жедел түрде гипотензивті препараттар енгізу
б) «Артериалық гипертония» диагнозын қою, гипотензивті ем тағайындау
в) қан қысымын 3 күн бойы өлшеу және науқасты қадағалау
г) тексерілуге стационарға жіберу
д) гипотензивті терапия тағайындау, симптоматикалық гипертензияға тексеру
13~ 45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз.
Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықтаңыз:
а) артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III
б) артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV
в) артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV
г) артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III
д) артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV
14~ 67 жастағы науқас әйелде 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарылауы байқалады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ 160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:
а) артериялық гипертензия 2 дәрежесі, қатер тобы 3
б) артериялық гипертензия 3 дәрежесі, қатер тобы 4
в) артериялық гипертензия 2 дәрежесі, қатер тобы 4
г) артериялық гипертензия 1 дәрежесі, қатер тобы 4
д) артериялық гипертензия 3 дәрежесі, қатер тобы 3
15~ Артериялық гипертензия емінде ... комбинациясы тиімсіз деп есептелінеді.
а) бета - адреноблокаторлардың диуретиктермен
б) ангиотензин айналдырушы ферменттер ингибиторлары мен нифедипиннің
в) бета - адреноблокаторлардың верапамилмен
г) ангиотензин айналдырушы ферменттер ингибиторлары мен диуретиктердің
д) бета – адреноблокаторлармен амлодипиннің
16~ ДЖДСҚ – ХГҚ (2003 ж.) эксперттерінің артериялық гипертензия жіктемесіне сәйкес гипертонияның І-ші дәрежесіне ... жатады.
а) 125/85 мм сын. бағ.
б) 135/85 мм сын. бағ.
в) 140/95 мм сын. бағ.
г) 145/105 мм сын. бағ.
д) 160/85 мм сын. бағ.
17. ~ Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензияда бірінші қатардағы антигипертензивті препаратқа ... жатады.
а) эналоприл
б) индапамид
в) метопролол
г) диован
д) допегит
18~ 78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін ... тағайындау ең тиімді.
а) эсмолол
б) доксазозин
в) урегит
г) периндоприл
д) верапамил
19~ 65 жастағы науқас ер адам соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселудің байқалатынына шағымданды. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия, 50-58 рет минутына. Миокардтын диффузды өзгерістері. Науқасты жүргізу тактикасы:
а) калций антоганистері мен АПФ ингибиторлары
б) амиодарон мен калий препараттары
в) коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу
г) жасанды ритм беруші имплантациясы
д) бета-блокаторлар мен жүрек гликозидтері, диуретиктар
20~ 60 жастағы ер адам 4 сағат бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Бұл жағдайда ең тиімді ... тағайындау.
а) флеканид
б) амиодарон
в) хинидин
г) лидокаин
д) верапамил
21~ 30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды. Сіздің клиникалық және ЭКГ қорытындыңыз:
а) Қарыншалық экстрасистолия
б) Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы пароксизмалды жүрекшелік тахикардия ұстамасымен
в) Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық блокадасы
г) Синустық түйіннің әлсіздік синдромы
д) II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасымен
22~ 66 жастағы ер адам физикалық күш түскен кездегі ентігуге шағымданып дәрігерге қаралды. 4 ай бұрын сол жақ қарыншаның артқыбүйірлік қабырғасының іріошақты миокард инфарктімен ауырған. Объективті: жүрек тондары сердца тұйықталған,дұрыс емес ырғақты, ЖСС 78 рет/ мин, АҚҚ 120/80 мм.с.бб. Бауыры 10х8х7 см. Қанында: эритроциттер 4,5 х 1012/л, Нв 137 г/л, лейкоциттер 4,5х109/л, ЭТЖ 10 мм/с. ЭКГ: синусты ырғақ кезектен тыс РQRS комплексімен үзіледі. (QRS 11 сек артық емес), сол жақ қарыншаның артқыбүйірлік қабырғасының тыртықтық өзгеруі. Сіздің ЭКГ қорытындыңыз:
а) жүрекшелік экстрасистолия
б) қарыншалық тахикардия
в) синустық тахикардия
г) жүрекшелер фибрилляциясы
д) қарыншалық бигеминия
23~ 25 жастағы науқас ер адам дәрігерге жүрегі соғу, басы айналу және құлағы шулауға шағымданып қаралды. ЭКГ-да: жүрекше фирилляциясы. Науқастың алдыңғы ЭКГ-да WPW синдромы тіркелген. Қарыншалық фибрилляция тудыру қаупі болғандықтан бұл жағдайда қолдануға болмайтын препаратты таңдаңыз:
а) изоптин
б) амиодарон
в) аймалин
г) ритмилен
д) пропафенон.
24~ . Дене жүктемесі сынамасында жүректің ишемиялық ауруында қолайсыз болжам тудыратын белгіге ... жатпайды.
а) бірнеше өрістерде ST сегментінің депрессиясы
б) сирек қарыншалық экстрасистолалар пайда болуы
в) ST сегментінің 2 мм - ден жоғары депрессиясы
г) қарыншалық тахикардия пайда болуы
д) жүктемені тоқтатқаннан соң 6 минуттан кейін де депрессияның сақталуы
25~ Санаторлық-курорттық емге қарсы көрсеткішке жатады:
а ) ЖИА, тұрақсыз стенокардия
б ) түбірлік синдромсыз остеохондроз
в ) өт жолдары дискинезиясы
г ) артериялық гипертензия, 1 қатер тобы
д ) созылмалы гастрите
26~ Науқасқа төс артында арнайы ауырсыну синдромы және ЭКГ зерттеу деректері негізінде сол қарыншаның артқы қабырғасының жіті іріошақты миокард инфаркті диагнозы қойылды. ЭКГ-дағы тән өзгерістер:
а) II, III, AVF – тіркемелерінде кеңейген және терең Q тісшесі, ST және Т тісшесі изолиниядан көтерілуі байқалады. I стандартты тіркеме мен АVL тіркемесінде ST сегменті 3 мм-ге депрессиясы тіркелген
б) I тіркемеде терең S тісшесі, III тіркемеде терең Q тісшесі, ST - изолинияда, T – оң мәнді
в) V3R- V6R тіркемелерінде ST сегментінің 1 мм-ге көтерілуі
г) I, AVL, V1 және V2 тіркемелерінде изолиниядан жоғарылаған ST мен бірге QS комплексі тіркелген
д) AVL, AVF, I, II, III, V3 ,V4 тіркемелерінде QrS комплексі тіркелген, ST сегменті изолинияда
27~ Кеуде торында айқын ауырсынумен бірге ЭКГ-да V1-V3 тіркемелерінде Q тісшесі монофазалы қисықпен бірге байқалуы ... дәлелдейді.
а) сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшелі жіті миокард инфарктін
б) сол жақ қарыншаның алдыңғы-перделік және бүйірлік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін
в) сол жақ қарыншаның бүйірлік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін
г) сол жақ қарыншаның алдыңғы-перделік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін
д) артқы - диафрагмалық Q тісшелі жіті миокард инфарктін
28. ~ Оң мәнді дене жүктемесімен сынаманың ЭКГ – белгілері:
а) ST сегментінің 1 мм-ден жоғары 80 мс-тан ұзақ горизонталді депрессиясы
б) ST сегментінің қиғаш өрлеу депрессиясы
в) ST сегментінің қиғаш құлама депрессиясы
г) айқын емес синусты тахикардия
д) ST сегментінің 0,5 мм -ден жоғары горизонталді депрессиясы
29. ~ ЭКГ-да «митралді» Р тісшесінің белгілері ... болмайды.
а) жүрекше фибрилляциясында
б) айқын өкпелік гипертензияда
в) өкпелік жүректе
г)оң жүрекше гипертрофиясында
д) үшжармақты қақпақша жетіспеушілігінде
30. ~ ЭКГ –да көршілес циклдік QRS комплекстері арасындағы интервал 0,10 с –тан көп емес, Р тісшелері әр QRS комплекстерінің алдында (I,II,AVF тіркемелерде) оң мәнді. Сіздің қорытындыңыз:
а)синусты ырғақты ритм
б)синусты ырғақсыз ритм
в)жыбыр аритмиясы
г)атриовентрикулярлы ырғақты ритм
д)атриовентрикулярлы ырғақсыз ритм
31. ~ ЭКГ-да синусты ритм, R-R -0,95 с, P-Q-0,22 с, QRS-0,09 с. Дене жүктемесінен соң: R-R- 0,65 с, P-Q - 0,18 с, QRS-0,09 с. Қорытынды:
а) жүрекшеішілік өткізгіштік бұзылуы
б) синоатриалды өткізгіштік бұзылысы
в) ваготония салдарынан толық емес атриовентрикулярлы блокаданың I – ші дәрежесі
г) жүрекше бойынша ритм көзі миграциясы
д) қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуы
32. ~ Верапамилді тағайындауға қарсы көрсеткішке ... жатады.
а) жүрекшелік экстрасистолия
б) жүрекше дірілі
в) жыбыр аритмиясы
г) қарыншалық тахикардия
д) ВПВ синдромы кезіндегі жыбыр аритмиясының ұстамалы түрі
33. ~ 2 апта бұрын ауыр вирустық инфекциямен ауырған (гриппен) 24 жастағы науқас әйелде әлсіздік, ентігу, жүрек тұсында ауырсыну, жүрек соғуы байқалды. Тексергенде: АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ тыныштық күйде минутына 80 рет. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЭКГ – да PQ интервалы ұзарған, ұзақтығы 0,28 с, QRS комплексі өзгермеген. ЭКГ деректерін интерпретациялаңыз:
а) АВ - блокада І дәрежелі
б) АВ - блокада ІІ дәрежелі Мобитц 1
в) АВ - блокада ІІ дәрежелі Мобит
г) АВ - блокада ІІІ дәрежелі
д) Синоатриалды блокада ІІ дәрежелі
34. ~ Бета-адреноблокаторлар қолдануға болатын көрсеткішті таңдаңыз:
а. синустық тахикардия
б. синустық брадикардия
в. АВ блокада
г. бронх демікпесі
д. артериялық гипотензия
35. ~ Миокард инфарктінің ең нақты серологиялық маркеріне жатады:
а. алғашқы тәуліктерде АЛТ деңгейі жоғарылауы
б. оң мәнді С – реактивті белок
в. алғашқы тәуліктерде Tn I және/немесе Tn T деңгейі жоғарылауы
г. алғашқы 3-4 сағатта ЛДГ деңгейі жоғарылауы
д. алғашқы тәуліктерде АСТ деңгейі жоғарылауы
36. ~ Ангиотензин айналдырушы ингибиторларды қолдану көрсеткіштері:
а. қант диабеті және артериялық гипертензия
б. жүктілік және артериялық гипертензия
в. артериялық гипертензия және құрғақ жөтел болуы
г. артериялық гипертензия және екіжақты бүйрек артериясы стенозы
д. артериялық гипертензия және айқын қолқа саңылауының стенозы
37. ~ Жүрек жетіспеушілігінде таңдаулы препаратқа жатады:
а. ААФ ингибиторлары
б. диуретиктер
в. нитраттар
г. кальций антагонисттері
д. бета-адреноблокаторлары
38. ~ Миокард инфарктінде жүрек ремоделирленуінің алдын алу үшін ... қолданады:
а. ААФ ингибиторларын
б. диуретиктерді
в. жүрек гликозидтерін
г. кальций антагонисттерін
д. бета-адреноблокаторын
39. ~ Бүйрек жетіспеушілігі кезінде антигипертензивті препараттардың (монотерапия нәтижесіз болғанда) ең тиімді комбинациясын таңдаңыз :
а. каптоприл доксазозинмен бірге
б. метилдопа клофелининмен бірге
в. анаприлин дилтиаземмен бірге
г. каптоприл спиронолактонмен бірге
д. нифедипин дилтиаземмен бірге
40. ~ Профилактикалық тексеру кезінде 55 жастағы ер адамның ЭКГ-да V5,V6, І, aVL тіркемелерінде ұзақтығы 0,16 сек. кеңейген QRS комплексі, ұштары деформацияланған тісшеленген R тісшелері, RS-T сегментінің QRS комплексіне қатысты дискордантты ығысуы, V1,V2, ІІІ, aVF тіркемелерінде ұштары кеңейген тісшеленген QS комплексі анықталды. ЭКГдеректерін интерпретациялаңыз:
а) Гис шоғырының сол аяғының толық блокадасы
б) Гис шоғырының сол аяғының толық емес блокадасы
в) Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы
г) Гис шоғырының сол артқы бұтағының блокадасы
д) Гис шоғырының сол алдыңғы бұтағының
41. ~ Бұл пероралді препарат терапияда стенокардия және гипертензия кезінде қолданылады. Осы класқа жататын басқа препараттармен салыстырғанда ол атриовентрикулярлық өткізгіштік бұзылысы бар науқастар үшін қауіпсіздеу. Дегенмен теріс инотропты әсеріне байланысты ауыр жүрек жетіспеушілігін тудыруы мүмкін. Сәйкес препаратты таңдаңыз:
а) лидокаин
б) нифедипин
в) нитропруссид
г) гидралазин
д) метилдопа
42. ~ Подаграмен бірге артериялық гипертензиясы бар науқас емінде антигипертензивті препараттардың ішінде таңдаулы препаратқа жатады:
а) ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисттері
б) диуретиктер
в) кальций антагонисттері
г) альдостерон антагонисттері
д) ААФ ингибиторлары
43. ~ Подаграмен бірге артериялық гипертензиясы бар науқас емінде антигипертензивті препараттардың ішінде қарсы көрсеткішке жатады:
а) диуретиктер
б) ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисттері
в) кальций антагонисттері
г) бета-адреноблокаторлары
д) ААФ ингибиторлары
44. ЭКГ-да PQ интервалының ұзақтығы 0,20 секундтан жоғары болуы ... тән.
а) синоаурикулярлы блокадаға
б) толық атриовентрикулярлы блокадаға
в) Гис шоғыры аяқшаларының блокадасына
г) I дәрежелі атриовентрикулярлы блокадаға
д) жүрекшелерде ритм ошағы миграциясына
45.~ Науқас 48 жаста, диагнозы: артериялық гипертензия ІІ дәрежесі, қауіп 3, сол қарынша гипертрофиясы. Науқасқа тәулігіне 5 мг-нан амлодипин тағайындалған. Науқастың артериялық қысымының тәуліктік профилін амлодипин жақсы бақылағанмен, соңғы кездері тахикардия ұстамасы жиі мазалайды. Науқасты кейінгі бақылаудың дұрыс тактикасын таңдаңыз:
а) амлодипинге 2,5 мг метопролол 25 мг қосу
б) амлодипинге 2,5 мг валсартан 40 мг қосу
в) амлодипинге 2,5 мг периндоприл 2 мг қосу
г) амлодипинге 2,5 мг индапамид 1,5 мг қосу
д) амлодипинге 2,5 мг доксазазин 1 мг қосу
46. ~ Толық АВ-блокада фонында жыбыр аритмиясы дамуы ... деп аталады.
а) Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы
б) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
в) Фредерик синдромы
г) Дресслер синдромы
д) синус түйіні әлсіздігі синдромы
47. ~ Жүректің ишемиялық ауруымен науқастың өмірін ұзарту мүмкіндігін арттырады:
а) кальций антагонисттері
б) бета-адреноблокаторлар
в) статиндер
г) ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары
д) антиагреганттар
48. Қант диабеті және артериялық гипертензияда АҚҚ мақсатты деңгейі:
а) <130/80 мм сын. бағ.
б) <140/90 мм сын. бағ.
в) >135/95 мм сын. бағ.
г) <150/90 мм сын. бағ.
д) >130/85 мм сын. бағ.
49. Протеинурия 1 г/ л мен бүйрек жетіспеушілігі және артериялық гипертензияда АҚҚ мақсатты деңгейі:
а) <130/80 мм сын. бағ.
б) <140/90 мм сын. бағ.
в) >135/95 мм сын. бағ.
г) <150/90 мм сын. бағ.
д) >130/85 мм сын. бағ.
50. ~ 47 жастағы ер адам екі ай бойы орташа ырғақпен 500 м жүргеннен соң немесе 3-ші қабатқа баспалдақпен көтерілгенде пайда болатын төс артында қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштық күйде пайда болады. Стенокардияның бұл түрін ... деп жіктеуге болады.
а) тұрақты күштемелі стенокардия III ФК
б) тұрақты күштемелі стенокардия I ФК
в) тұрақсыз стенокардия
г) тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК
д) тұрақты күштемелі стенокардия II ФК
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
4-вариант
1. ~ 57 жастағы науқас Т. математика пәнінің мұғалімі жалпы тәжірибелік дәрігерге желке тұсында тартып ауырсынуға, жүрегі айнуға, жүрегі соғуға шағымданып қаралды. Анамнезінде: жыл бойы кезеңді бас ауруы, құлағы шулауы, ұйқысы бұзылуы мазалайды. Дәрігерге қаралмаған. Тексергенде: бойы 164 см, дене салмағы 97 кг. Тері қабаты қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 170/100 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 92. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан, RV5,6 > RV4. ЭКГ өзгерістерді интерпретациялаңыз:
а) сол қарынша гипертрофиясының белгілері
б) сол жүрекше гипертрофиясының белгілері
в) оң қарынша гипертрофиясының белгілері
г) оң жүрекше гипертрофиясының белгілері
д) екі қарыншаның гипертрофиясының белгілері
2. 2-3 дәрежелі артериялық гипертензиямен науқасты (160/100 мм сын.бағ. және жоғары), қатер дәрежесіне байланыссыз жүргізу тактикасы:
а)өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
б) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
в) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)
г) медикаментозды терапия
д) өмір сүру салтын өзгерту
3. Жоғарғы артериялық қысым (130-139/85-89 мм сын. бағ.),төменгі және орташа қатер тобымен науқасты жүргізу тактикасы:
а) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
б) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
в) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)
г) медикаментозды
д) өмір сүру салтын өзгерту
4. Артериялық гипертонияның 1 дәрежесінің (140-159/90-99 мм сын.бағ.), төменгі қатер тобымен науқасты жүргізу тактикасы:
а) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
б) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
в) өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)
г) медикаментозды
д) өмір сүру салтын өзгерту
5. Артериялық гипертензиямен науқастарға антигипертензивті емдеу барысында жалпы популяция үшін артериялық қысымның мақсатты деңгейі:
а) < 140/90
б) < 135/90
в) < 130/85
г) < 120/80
д) < 125/75
6. Артериялық гипертензияның ІІ дәрежесімен науқастарға келесі еңбек түрі көрсетіледі:
а) айқын дене жүктемесімен жұмыс
б) айқын жүйкелік-психикалық жүктемемен жұмыс
в) түнгі кезеңмен жұмыс
г) шу, вибрация
д) дене жүктемесі төмен жұмыс
7. АҚҚ жоғарылауы, қандағы альдостерон деңгейі көтерілуі, бұлшық ет әлсіздігі, кейде ісінулер ... тән.
а) біріншілік артериялық гипертензияға
б) феохромоцитомаға
в) Конн синдромына
г) бүйрек артериясы атеросклерозына
д) тиреотоксикозға
8. Артериялық гипертензия және кіндік үстінде систолалық шу анықталуы кезінде диагнозды дәлелдеу үшін науқасқа ... тағайындау қажет.
а) кеуде торы органдарының шолу рентгенографиясын
б) бүйрек УД зерттеуін
в) бүйрек артерияларының УДДГ- сын
г) көз түбірін зерттеуді
д) экскреторлы урографияны
9. Дәрілік препаратты және оның мөлшерін анықтау кезеңінде амбулаторлық емде жүрген артериялық гипертензиямен науқасты дәрігер ... қарауы қажет.
а) қан қысымын жатқанда және отырғанда өлшей отырып аптасына 1 реттен жиі
б) қан қысымын жатқанда және отырғанда өлшей отырып айына 1 реттен жиі
в) қан қысымын жатқанда және отырғанда өлшей отырып жартыжылда 1 реттен жиі
г) 3 күнде 1 реттен жиі
д) диспансерлік бақылау мерзіміне сәйкес
10. Жоғарғы қатерлі артериялық гипертензиямен науқаста 10 жыл ішінде инсульт және миокард инфаркті туу қаупі:
а) 5 % -дан төмен
б) 15%-дан төмен
в) 15-20%-ға жуық
г) 20-30% жуық
д) 30%-дан жоғары
11. Көмірсу алмасуына кері әсер ететін препараттар:
а) диуретиктер
б) ААФ ингибиторлары
в) АТ1 рецепторлар блокаторлары
г) альфа -1 блокаторлары
д) орталық әсерлі антиадренергиялық
12. 27 жастағы ер адамды тексеру барысында артериялық гипертензия диагнозы қойылған. Зерттеу кезінде анықталған: минутына 90 – 100 ретке дейін тахикардияға бейімділік, АҚҚ терапиясыз 145/95-175/105 мм сын.бағ. арасында ауытқиды, басқа ерекшеліктер жоқ. Бұл науқас үшін таңдаулы препарат:
а) клонидин
б) нифедипин
в) пропранолол
г) гипотиазид
д) гидралазин
13. ААФ ингибиторларын қолдануға қарсы көрсеткіш:
а) жүрек жетіспеушілігі
б) сол қарынша дисфункциясы
в) миокард инфарктінен кейін
г) диабеттік нефропатия
д) гиперкалиемия
14. Противопоказанием к назначению АТ1-ангиотензин рецепторларының блокаторлары мен ААФ ингибиторларын қолдануға қарсы көрсеткіш:
а) жүрек жетіспеушілігі
б) сол қарынша дисфункциясы
в) миокард инфарктінен кейін
г) диабеттік нефропатия
д) жүктілік
15. Велоэргометриялық сынама жүргізгенде миокард ишемиясының нақты белгілеріне жатады:
а) Q тісшесі пайда болуы
б) барлық тіркемелерде ST сегментінің 1 мм-ден төмен депрессиясы
в) ST тісшесі инверсиясы
г) ST сегментінің 0,5 мм-ге көтерілуі
д) ST сегментінің 2 мм –ге және одан да жоғары депрессиясы
16. Науқас іріошақты миокард инфарктінен кейін 21-ші күні стационардан шықты. Жарты жылдан кейін үйреншікті ырғақта орындалатын күнделікті аздаған дене жүктемесі кезінде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 метрге жуық жүргенде) 5-10 минутқа созылатын төс артында ауырсыну қайта пайда болған. Тиімді дәрілік емді таңдаңыз:
а) антиангиналді препараттармен монотерапия
б) антиангиналді препараттармен комбинирленген терапия
в) аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангиналді препараттар
г) статиндер, антиангиналді препараттар
д) аспирин, статиндер, антиангиналді препараттар
17. Эргометринмен сынама ... диагностикасында қолданылады.
а) алғашқы дамыған стенокардия
б) үдемелі стенокардия
в) тұрақты стенокардия
г) инфарктан кейінгі стенокардия
д) спонтанды стенокардия
18. 57 жастағы науқас ер адам 3 жыл бойы күштемелі стенокардиямен ауырады, антиангиналді препараттар (атенолол тәулігіне 50мг, нитраттар) қабылдайды. Жоғарғы дене жүктемесі фонында стенокардия ұстамасы жиілеген, кешеден бері айқын ауырсыну синдромымен созылмалы ұстама, АҚҚ күрт төмендеуі, мұздай жабысқақ тер мазалайды. Бұл науқасты ауруханаға дейінгі кезеңде дұрыс жүргізу тактикасын таңдаңыз:
а) науқасты қарқынды терапия бөліміне жатқызу
б) науқасты амбулаторияда 8-12 сағат бойы бақылау
в) әр 10-15 минут сайын нитроглицеринді тіластына тағайындау
г) антиангиналді терапияны күшейту
д) аспиринді шайнап қолдану, ЭКГ түсіру, ауруханаға жатқызу
19. Алғашқы дамыған күштемелі стенокардиямен науқаста миокард инфаркті даму мүмкіншілігі төмен:
а) егер ауырсыну ST сегменті ығысуымен және Т тісшесі өзгеруімен бірге байқалғанда
б) егер ауырсыну экстрасистолиямен бірге байқалғанда
в) егер ауырсыну өткізгіштік бұзылуымен бірге байқалғанда
г) егер нитроглицеринмен басылатын ауырсыну ұстамалары байқалса
д) егер ауырсыну үнемі бірдей дене жүктемесінде қайталанса
20. Оң қарынша инфаркті диагностикасы үшін ең ақпаратты ЭКГ- белгілері:
а) ІІ, ІІІ, aVF тіркемелерінде p-pulmonale пайда болуы
б) оң қарынша күштенуінің белгілері ( V5-6 –да терең S )
в) V3R и V4R тіркемелерінде ST сегменті көтерілуі
г) жүрек электр өсі күрт оңға ығысуы
д) Гис шоғырының оң аяқщасының толық блокадасы
21. Миокард инфарктінде тромболитикалық терапия жүргізудің қарсы көрсеткіші:
а) артериялық қысым 160/100 мм сын.бағ.
б) қолқа аневризмасының ажырауына күдіктенгенде
в) трансмуралді миокард инфаркті
г) алғашқы дамыған Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы
д) некроз дамыған сәттен 3 сағаттан көп уақыт өтпеуі
22. 55 жастағы науқас әйелде жүрек тұсында дене жүктемесімен айқын байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин қабылдағаннан соң басылатын қысып ауырсыну пайда болады. Науқаста аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. АҚҚ 160/90 мм сын.бағ. дейін жоғарылайды. ЭКГ-ның 12 стандартты тіркемелерінде спецификалық өзгерістер жоқ. Келесі диагностикалық зерттеу:
а) велоэргометрия
б) обзиданмен сынама
в) тәуліктік мониторлеу
г) коронароангиография
д) қандағы кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау
23. Варфарин қолдануды қажет ететін жағдайлардың көпшілігінде халықаралық қалыптастырылған қатынастың тиімді деңгейіне жатады.
а) 1,0 –ден төмен
б) 1,0-2,0
в) 2,0-3,0
г) 3,0-4,0
д) 4,0-5,0
24. Кальций антагонистері ... таңдаулы препарат болып табылады.
а) Принцметал стенокардиясында
б) Күштемелі стенокардияның ІІ ФК -да
в) Күштемелі стенокардияның І ФК -да
г) Миокард инфарктінде
д) Миокардтың ауырсынусыз ишемиясында
25. Жүрек жетіспеушілігінде спиронолактонды қолдануға қарсы көрсеткішке жатады:
а) калий деңгейі 5 ммоль/л-ден төмен
б) калий деңгейі 5 ммоль/л-ден жоғары
в) креатинин деңгейі 200 ммоль/л-ден төмен
г) натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден төмен
д) натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден жоғары
26~ Амбулаторлық – емханалық көмек көрсетуші денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі бойынша Ережелер ҚР ДСМ-ң № ... бұйрығымен бекітілген.
а) 7
б) 90
в) 145
г) 626
д) 885
27~ ҚР тұрғындарының мақсатты топтарын скринингті тексеру жүргізу ережесі ДСМ-ң № ... бұйрығымен бекітілген.
а) 7
б) 145
в) 90
г) 626
д) 885
28~ Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқаста ұйқы безі қызметі бұзылысы бар, ол ІІ дәрежелі еңбекке жарамсыздыққа, ІІ дәрежелі өз-өзіне қызмет ете алмауға, І дәрежелі өз еркімен жүріп-тұра алмауға алып келген. Еңбекке жарамсыздықты анықтаңыз:
а) 2-3 күнге еңбекке жарамсыз
б) ІІІ топ мүгедегі
в) ІІ топ мүгедегі
г) еңбекке қабілетті
д) І топ мүгедегі
29~ Созылмалы аурулармен науқастарды диспансерлік бақылау № ... бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
а) 125
б) 7
в) 90
г) 885
д) 907
30~ Созылмалы холециститпен ауыратың науқасқа еңбекке жарамсыздық парағын беруге болатын көрсеткішке . . . жатады.
а) өт коликасы
б) аспаптық зерттеуде өт қапшығында конкременттердің болуы
в) дуоденалды зондтауда лейкоциттер табылуы
г) дуоденалді порцияда паразиттердің болуы
д) өт қапшығының қалыңдауы
31~ Науқаста жұқпалы ауруды анықтаған учаскелік дәрігер ... толтырады.
а) амбулаторлы карта
б) ифекционистке хабарлама
в) жедел жұқпалы ауру және тағаммен улану туралы хабарлама
г) бас дәрігерге және бөлім меңгерушісіне хабарлама
д) жүқпалы ауру картасын
32~ Ревматизм тууының қатер тобына ... . науқастар жатады.
а) поллинозбен ауыратын
б) пневмониямен ауырып жазылған
в) ревматоидты полиартритпен ауыратын
г)деформациялаушы остеоартрозбен ауыратын
д) стрептококты инфекция тасымалдаушы
33~ ІІІ топ диспансерлік бақылау тобына ... жатады.
а) негізінен дені сау, анамнезінде жедел және созылмалы аурулары бар, бірақ бірнеше жылдан бері(еңбекке қабілетін төмендететін) өршу байқалмағандар
б) өтпелі бұзылыстары бар науқастар
в) қатерлі топқа жататын науқастар
г) дені сау, шағымдары жоқ, анамнезінде және тексергенде созылмалы аурулары мен физикалды бұзылыстары жоқтар
д) созылмалы аурулары бар (компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған ағымда және емдеуді қажет ететін науқастар
34 ~ 48 жасар ер адамға, көкіректің сол жағының ауырсынуына, ауа жетіспеу сезіміне, қысқа мерзімді есінен тануына байланысты жалпы тәжірибелі дәрігер шақырылды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы байқалады, жүрек тондары тұйық. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б. Пульсі 180 соқ. мин. Мониторда: қарынша фибрилляциясына ұласқан пароксизмалды қарыншалық тахикардия.
Науқастың диагнозы:
а) Күш түсу стенокардия
б) Жіті миокард инфаркті
в) Тұрақсыз стенокардия
г) Тыныш күйдегі стенокардия
д) Варианттық стенокардия
35 ~ Ер адам 58 жаста, ес-түссіз жатқан жерінен табылдған. Туыстарының айтуынша, 8 жыл бойы қант диабетімен ауырады, қант төмендететін дәрілер қолданады. Соңғы күндері науқаста полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық байқалған. Тексеру кезінде есі жоқ, арефлексия, жиі дем алады (ацетон иісі жоқ). Тері құрғақ, көз алмасының тонусы төмендеген. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық. Пульсі 100 соқ. мин. АҚҚ – 90/70 мм. с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды.
Болжам диагноз:
а) Церебральдық кома
б) Гиперкетонемиялық кома
в) Гиперосмолярлық кома
г) Гиперлактацидемиялық кома
д) Гипогликемиялық кома
36~ Миокард инфарктын алған науқастар, стенокардияның функционалды класына қарамастан ... орындай алады.
а) ауыр аттлетиканы
б) конвейермен істелетін жұмысты
в) жоғары санатты мұғалімдікті
г) кардиохирург жұмысын
д) мемлекет басшысы жұмысын
37~ Әйел 37 жаста, көп реттік ашық түсті қан аралас құсуына шағымданады. Себебін, көп мөлшерде алкоголь ішкенімен байланыстырады. Анамнезінде: созылмалы алкоголизммен сырқаттанады.
Болжам диагноз:
а) Бауыр циррозы
б) Меллори – Вейс синдромы
в) Жіті панкреатит
г) Асқазанның ойық жара ауруы
д) Крон ауруы
38~ Қарт әйел 78 жаста, бронх демікпесі ұстамасына байланысты учаскелік дәрігер шақырылды. Дәрігер небулайзер арқылы сальбутамол ингаляциясын қолданған, содан кейін науқаста шамалы жеңілдену байқалады. Бірақ ентігу мен ысқырық сырылдар сақталады.
Емге ... қосу қажет:
а) теофиллин
б) интал
в) алупент
г) преднизолон
д) тербуталин
39~ Жұмысқа жарамсыздық қағазы . . . жасалатын ауруларға беріледі.
а) бүйректің сцинтиграфиясы
б) ректоромоноскопия
в) гастроскопиямен бірге биопсия
г) құрсақ қуысындағы мүшелерге УДЗ
д) компьютерлік томография
40~ Ер адам 60 жаста, көкірек тұсының ұстама тәрізді ауруына байланысты дәрігерге қаралды. ЭКГ-да синусты бракардия, ЖЖЖ 42 минутына, қарыншалық экстрасистолия. АҚҚ 70/50 мм. с.б.б. Көрсетілген дәрілердің қайсысы Науқасқа бірінші кезекте ... қолдану қажет.
а) дофамин
б) лидокаин
в) морфин
г) атропин
д) изадрин
41~ Науқас 52 жаста, төс астының қысып ауруына шағымданады. Кенет есін жоғалтып, тынысы тарылып, қорылдай бастады. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Реанимациялық шаралар жүргізу мақсатында бірінші кезектегі тәсіл:
а) Жүректің жабық массажы
б) Өкпені жасанды желдендіру
в) Жүрек ішіне 1 мг адреналинді енгізу
г) Көктамырға 10 мг атропинді енгізу
д) Көктамырға 100 мг лидокаинді енгізу
42 ~ 43 жастағы науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Бірінші кезектегі шара:
а) Көктамырға лидокаин енгізу
б) Электрлі дефибрилляция
в) Көктамырға атропин енгізу
г) Жүректің жабық массажы
д) Көктамырға амиодарон енгізу
43~ 35 жастағы ер адам, дәрігерге бас ауруына, бұлшық еттер әлсіздігіне, шөлге, көп зәр
шығуына, қайтымды тырысу байқалатынына шағымданып келді. Ауру белгілері бірнеше ай бойы мазалайды, аурудың басталуын ешқандай себеппен байланыстырмайды. Объективті тексергенде науқаста АҚҚ 170/100 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы анықталды. Анализдерінде гипокалиемия– 2,5 ммоль/л, гипернатриемия – 170 ммоль/л анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Феохромоцитома
б) Реноваскулярлы гипертония
в) Диабеттік нефропатия
г) Біріншілік гиперальдостеронизм
д) Бүйрек поликистозы
44~ 18 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек соғуы жиілеу, дірілдеу, қатты терлеу, бас айналу, жүрек айну, құсу, қатты басы ауруы, көзі қарауыту байқалатын ұстамаға шағымданды. Объективті тексергенде: Тері қабаты қалыпты түсті. Жүрек тондары айқын, аорта үстінде 2 тон акценті, жүрек түрткісі тұсында нәзік систолалық шу естіледі. АҚҚ 180/100-170/95 мм сынап бағанасы бойынша. Бауыр қабырға доғасы шетінде пальпацияланады. Бүйрек тұсын пальпациялағанда науқастың жағдайы күрт нашарлайды: үрей, тері қабатының күрт бозаруы, мұздаюы, тремор, жүрек айнуы, тершеңдік пайда болады. АҚҚ 220/120 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы, пульстің кернелуі, минутына 120-140 ретке дейін жиілеуі байқалады. Ұстама соңында 1,5 литрге жуық ашық түсті зәр бөлінді. Зертханалық тексеру нәтижелері аздап лейкоцитоз, глюкозурия, гипергликемия және зәрде норадреналин деңгейі бірнеше тәулік бойы 254 мкг, адреналин 326,4 мкг деңгейіне жоғарылауын көрсетті. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Бүйрек поликистозы
б) Біріншілік гиперальдостеронизм
в) Созылмалы гломерулонефрит
г) Реноваскулярлы гипертония
д) Феохромоцитома
45~ 50 жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді. Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин талдауы өзгеріссіз. Дәрігердің тактикасы:
а) Қан қысымын 3 күн бойы өлшеу және науқасты қадағалау
б) «Артериалық гипертония» диагнозын қою, гипотензивті ем тағайындау
в) Гипотензивті терапия тағайындау, симптоматикалық гипертензияға тексеру
г) Тексерілуге стационарға жіберу
д) Жедел түрде гипотензивті препараттар енгізу
46~ 59 жасар науқас артериялық гипертония бойынша бақылауда. Гипотензивті дәріні қолдануды тоқтатқаннан кейін апта көлемінде жағдайы нашарлады: бастың ауруы, бастың айналуы, жүрек айнуы. Екі сағат алдында құсу, аяқтардың тырысуы, аз уақытқа естен тануы байқалған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есенгіреген, беті бозғылт, жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ минутына 66 рет, ҚҚ 240/130 мм сын.бағ., ТЖ минутына 22 рет. Мойын, тізе бұлшық еттерінің гипертонусы, Кернинг симптомы 1200, ошақты симптомдар жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
а) инсульт
б) бас сақинасы
в) криз фонындағы гипертониялық энцефалопатия
г) гипертониялық криз
д) миокард инфаркті
47~ Артериялық гипертензиямен бронх демікпесі бірге байқалатын науқасқа гипотензивті препарат тағайындау қажет. Бұл жағдайда ... қолдануға болмайды.
а) индапамид
б) лизиноприл
в) верапамил
г) карведилол
д) амлодипин
48~ 25 жастағы науқас әйел дәрігерге басы айналуға, қорқыныш сезімге шағымданып қаралды. Объективті: беті бозарған, мұздай. ЖСЖ – минутына 100 рет. АҚҚ күрт жоғарылаған - 230/140 мм сын. бағ. Терапевт феохромацитома кезіндегі гипертониялық кризді анықтады. Кризді тек ... тоқтату мүмкін.
а) фентоламинмен
б) капотенмен
в) коринфармен
г) дибазолмен
д) пентаминмен
49~ 30 жастағы ер адам тұлғаны қозғалтқанда пайда болатын кеуде тұсының сол жағында ауырсынуға шағымданды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну таңертең пайда болған. Бірнеше күн бұрын гриппен ауырған. Өкпесіне перкуссия және аускультация жасағанда патологиялық өзгерістер анықталмаған. Пальпациялағанда IY сол қабырғааралық айқын ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) пневмония
б) жүректің ишемиялық ауруы
в) жіті қабырғааралық невралгия
г) омыртқаның көкірек бөлігінің остеохондрозы
д) қолқа аневризмасының ыдырауы
50~ ЖИА, күштемелі стенокардияның IIІ ФК-мен 49 жастағы науқаста ауырсыну ұстамасы кезінде түсірілген ЭКГ-да SТ сегментінің изолиниядан 1 мм-ге төмен депрессиялануы анықталды. 3 күннен кейінгі бақылау ЭКГ-сында теріс динамика пайда болды (SТ ығысуы және теріс Т тісшесі). Осы жағдайдағы дәрігер тактикасы:
а) мамандандырылған кардиологиялық стационарға жатқызу
б) амбулаторлық жағдайда емдеу тағайындау
в) үй жағдайында емдеу ұйымдастыру
г) күндізгі стационарға жіберу
д) кардиологқа жіберу
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
5-вариант
1~ Жатқанда пайда болатын, көлденең күйге ауысқанда басылатын немесе азаятын қолдарға, кеуденің сол жағына берілетін семсер өсінді артында орналасқан қыжылдаумен сипатталатын кеудедегі ауырсыну ... тән.
а) перикардитке
б) диафрагманың өңеш саңылауының жарығына
в) миокард инфарктіне
г) плевропневмонияға
д) қабырғааралық невралгияға
2~ 50 жастағы ер адам айқын күштеме кезінде пайда болатын кеуде тұсында ауырсынуға шағымданды. Сол қолын қозғалтқанда және терең тыныс алғанда ауырсыну күрт күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жақта тыныс айқын әлсіреген. Перкуторлағанда тимпанит. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) ЖИА. Стенокардия
б) остеохондроз
в) қабырғааралық невралгия
г) спонтанды пневмоторакс
д) экссудативті плеврит
3~ 40 жастағы науқас ер адам М. мойынға берілетін және тыныс алғанда күшейетін жіті пайда болған төс артында ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну кеше кешке пайда болған және біртіндеп күшейе отырып таңертеңгі уақытта барынша қатты байқалған. Бір апта бұрын гриппен ауырған. Жөтел жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Титце синдромы
б) жіті трахеобронхит
в) миокард инфаркті
г) остеохондроз
д) жіті перикардит
4~ 37 жастағы ер адам таңертең жүргенде кезеңді қол ұштары ұйып төс артында қысып ауырсыну пайда болуына шағымданды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну кезінде науқас жүрісін баяулатады. Алғашқы мұндай көрініс бір айға жуық уақытта пайда болған. Диагностикалау әдісі:
а) эхокардиография
б) жүректі радиоизотопты сканирлеу
в) коронарография
г) электрокардиография
д) кеуде торын рентгенологиялық зерттеу
5~ 53 жастағы сырлаушы болып істейтін әйелді ұзақ уақыт кеуденің сол жағында тесіп, қысып, жаншып, қыжылдап сипатталатын ауырсыну мазалайды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшейеді. Ауырсыну тұлғаның, сол қолдың қимылына, жүргенге байланысты, жиі себепсіз де пайда болады. Пальпациялағанда омыртқаның І және ІІ ортаңғы өсіндісі тұсында күрт ауырсыну байқалады. Науқастың еңбекке жарамдылығын анықтаңыз:
а) I топ мүгедегі
б) еңбекке жарамдылығы сақталған
в) III топ мүгедегі
г) II топ мүгедегі
д) уақытша еңбекке жарамсыз
6~ Аяқ веналарының варикозды кеңеюі бар науқас ер адамда кенеттен ентігу, кеудеде ауырсыну, тахикардия, қанды қақырық, плевраның үйкеліс шуы, цианоз пайда болғанда ең алдымен ... болжау қажет.
а) өкпе артериясының тромбоэмболиясын
б) астматикалық статусты
в) асқазан ойық жарасы тесілуін
г) өкпе бөлігінің ателектазын
д) өкпенің ошақты туберкулезін
7~ 52 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының ауырсынуы, жүректің қатты соғуы, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Жүрек тондары тұйықталған, артериялық қан қысымы 80/50 мм сынап бағанасында, қарыншаүстілік тахикардия. Дәрігер тактикасы:
а) тамыр ішіне мезатон енгізу
б) тамыр ішіне мезатон новокаинамид енгізу
в) тамыр ішіне верапамил енгізу
г) тамыр ішіне новокаинамид енгізу
д) тамыр ішіне строфантин енгізу
8~ 45 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қайталанып тұратын жүрек тұсының ауырсынуына, жүректің қатты соғуына шағымданды. Қайталанып тұратын қарынша үстілік тахикардиямен жүретін, созылмалы жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Осы науқастың қолдау терапиясына қажетті препарат болып ... табылады.
а) атропин
б) эналаприл
в) панангин
г) кордарон
д) новокаинамид
9~ 41 жастағы ер адам отбасылық дәрігерге жоспарлы тексеруге келді. ЖИА. Күштену стенокардиясы II ФК. Артериялық гипертензия II, қауіп III, ҚЖ 0 диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Шағымы жоқ. АҚҚ 130/80 мм сынап бағанасына дейін, ЖСЖ минутына 72 рет. Электрокардиограммада сирек қарыншалық экстрасистолалар тіркелген. Эхокардиограммада қосымша хорда анықталды.
Науқасқа аритмияға қарсы препараттар тағайындау қажеттігі ... .
а) жоқ, себебі ырғақтың бұзылуын науқас субъективті жақсы көтереді
б) бар, себебі қосымша хорда анықталды
в) бар, себебі қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы мүмкін
г) жоқ, себебі науқасқа жасанды ырғақ жүргізгішін орнату қажет
д) бар, себебі Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
10~ 30 жастағы науқас ер адам кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқасқа ... жүргізу қажет.
а) электроэнцефалография
б) коронароангиография
в) тәуліктік ЭКГ мониторлеу
г) эхокардиография
д) вентрикулография
11~ Емханаға жүрегі үзіліспен соғуына шағымдалып науқас қаралды. ЭКГ –да синусты ритм фонында кезектен тыс алдында деформацияланған Р тісшесімен, қысқарған PQ интервалымен, толық емес компенсаторлық паузамен қалыпты QRS комплексі анықталған. Сіздің ЭКГ қорытындыңыз:
а) жыбыр аритмиясы
б) қарыншалық экстрасистолия
в) атриовентрикулярлы блокаданың II дәрежесі
г) жүрекшелік экстрасистолия
д) қарыншалық тахикардии ұстамасы
12~ Толық АВ-блокада фонында жыбыр аритмиясы дамуы ... деп аталады.
а) Дресслер синдромы
б) Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы
в) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
г) Фредерик синдромы
д) синус түйіні әлсіздігі синдромы
13~ Миокард инфаркті диагностикасын қиындататын аритмия түрі:
а) синусты аритмия
б) Вольф-Паркинсон -Уайт синдромы
в) қарыншалық тахикардия
г) синусты тахикардия
д) қарыншалық экстрасистолия
14~ Верапамилді тағайындауға қарсы көрсеткішке ... жатады.
а) ВПВ синдромы кезіндегі жыбыр аритмиясының ұстамалы түрі
б) жүрекше дірілі
в) жыбыр аритмиясы
г) қарыншалық тахикардия
д) жүрекшелік экстрасистолия
15~ Синустық түйін әлсіздігі бар науқас ер адамда минутына 45 реттік синустық брадикардия байқалады. Кардиостимулятор қоюдан науқас бас тартты. Науқасты консервативті емдеу үшін ... қолдануға боладыю
а) новокаинамидті
б) кордаронды
в) анаприлинді
г) дигоксинді
д) атропинді
16~ Жіті миокард инфарктімен науқасқа қарыншалық жүрек ырғағы бұзылысын тоқтату үшін қолданатын таңдаулы препарат:
а) хинидин
б) амиодарон
в) лидокаин
г) верапамил
д) дилтиазем
17 ~ 63 жастағы науқас ер адам 3 жыл бұрын ауырған инфекциялық миокардиттен кейін пайда болған кенеттен қатты басы айналып есінен танып қалатын ұстамаларға шағымданды. Соңғы кезде ұстамалардың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқайды. АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 57 рет. ЭКГ-да PQ интервалы ұзарған, ретті Самойлов-Венкебах кезеңдері. Осы науқасты ең тиімді емдеу әдісі:
а) ырғақты қолдан реттеуші аппарат қою
б) бета-адреноблокаторды үзбей қабылдау
в) М-холиноблокаторды жүйелі қабылдау
г) кальций антагонистерін үзбей қабылдау
д) аортокоронарлық шунтирлеу жасау
18~ 22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
а) митралді стеноз
б) митралді жетіспеушілік
в) қолқалық стеноз
г) қолқалық жетіспеушілік
д) үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі
19~ 23 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тез шаршауға шағымданып келді. Бала кезінде ангинамен жиі ауырған. Объективті тексергенде әлсіз, баяу пульс, каротид биі анықталды. Аускультацияда жүрек түрткісінде 1 тонның, аортада 2 тонның әлсіреуі, аортада және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталды. Систолалық шу аорта үстінде жақсы естіледі, ұйқы артериясына және жауырынаралық аймаққа беріледі. Сіздің диагнозыңыз:
а) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа саңылауының стенозы
б) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді қақпақша жетіспеушілігі
в) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармақты қақпақша жетіспеушілігі
г) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, сол атриовентрикулярлы саңылау стенозы
д) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
20~ Төмендегі аускультация нәтижесінен жүрек ақауын анықтаңыз: жүрек ұшында 1 тон қатты шапалақпен естіледі, митралді қақпақшалық қосымша тонның ашылуы (бөдене ырғағы), өкпе бағанының үстінен 2 тон акценті, жүрек ұшында науқасты вертикалді жағдайда жатқызғанда күшейетін диастолалық шу естіледі:
а) қолқалық стеноз
б) митралді жетіспеушілік
в) қолқалық жетіспеушілік
г) митралді стеноз
д) үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі
21~ Дәрігерге 28 жастағы науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу сезімдеріне, жүрек аймағында ауырсыну сезімдеріне жүрек қызметінің бұзылуына шағым түсіріп келді. Анамнезінен: бала кезінен жүрек ауруымен ауыратындығы анықталды. Ауыскультацияда 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, өкпе бағанының тұсында 2 тон акценті байқалады, жүрек ұшында систололық шу, 1 тонның иррадициясы қолтық асты аймағына беріледі. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б. ЖСЖ – 76 рет/минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі
б) митралды стеноз
в) қолқалық жетіспеушілік
г) қолқалық стеноз
д) митралді жетіспеушілік
22~ Науқас тәбеті төмендеу немесе жоғалуымен бірге байқалатын оң жақ қабырғаастында тартып ауырсынуға және ауырлық сезімге, жүрек айнуға, іші кебуге, сирақ тұсы, аяқ басы ісінуіне, асцитке шағымданады. Үдемелі әлсіздік, тез шаршау, мойында пульсация, ентігу байқалады. Бұл симптомдар ... тән.
а) митралді стенозға
б) үшжармақты қақпақша жетіспеушілігіне
в) үшжармақты саңылау стенозына
г) қолқа саңылауының стенозына
д) қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне
23~ Әйел адам 33 жаста. Шағымдары: енжарлық, кезеңдік жүрек аймағындағы ауру
сезіміне. Анамнезінде жиі баспа. Объективті: Пульс 95 рет/ мин. аускультацияда: жүрек тондары тұйықталған, мезосистолиялық щелчок және вертикальды қалыпта күшейетін үрлемелі систолалық шум төстің сол жақ шетінде. Диагностикалық әдістердің ішінде ең негізгісі:
а) Электрокардиография
б) Эхокардиография
в)Коронарография
г)Рентгенография
д)Томография
24~ Ер адам, 28 жаста. Шағымы жоқ. Профқарауға келген. Объективті: акроцианоз. Жүректің жиырылу саны 89 рет/ мин, пульс 75 рет/мин . Жүрек шекаралыры: оң жағы – төстің оң шетінен 1 см сыртқа, кнаружи от правого края грудины, жоғарғысы – II қабырғаралықта, солы- ортаңғы бұғана сызығы бойында.I тон күшейген, өкпе артериясында II тон акценті, диастола басында жоғары жиілікті тон,жүрек ұшында дөрекі диастолалақ шу. Бұл жағдайда зерттеу әдістерінің ішінде ең алдымен ... жасау қажет.
а) Допплерография
б) Рентгенография
в) Эхокардиография
г) Фонокардиография
д) Электрокардиография
25~ Қан ... кезінде қарыншалар систоласы кезінде сол қарыншадан сол жүрекшеге кері өтеді.
а) митралді қақпақша жетіспеушілігі
б) қолқалық стеноз
в) қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
г) митралді стеноз
д) үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
26~ Төмендегі аускультация нәтижесінен жүрек ақауын анықтаңыз: жүрек ұшында 1 тон қатты шапалақпен естіледі, митральді клапаннан қосымша тонның ашылуы («бөдене» ырғағы), өкпе бағанының үстінен 2 тон акценті естіледі, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, науқасты вертикальді жағдайда жатқан кезде жақсы естуге болады:
а) митралді стеноз
б) митралді жетіспеушілік
в) қолқа жетіспеушілігі
г) қолқа стенозы
д) үшжармалы клапан жетіспеушілігі
27~ 29 жастағы науқас әйелді дене жүктемесінде ентігу, жүрек тұсында, жауырынаралық тұста ауырсыну мазалайды. Анамнезінде ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары, оңға ығысқан. 1 тон күшейген, жүрек түрткісінде диастолалық шу, «бөдене» ырғағы, жыбыр аритмиясы. R-графия: контрастирленген өңеш кіші радиус доғасына қарай ығысқан. ЭКГ: Р - mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.
Сіздің диагнозыңыз:
а) сол атриовентрикулярлық саңылау стенозы
б) митралді қақпақша жетіспеушілігі
в) қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
г) митралді қақпақша пролапсі
д) қолқа саңылауының стенозы
28~ 50 жастағы М. науқас әйелде үйінде қарағанда ентігу, тыныштық күйде жүрегі жиі соғуы, дене жүктемесінде оның күшеюі, жөтел, қанды қақырық байқалды. Ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз. Өкпесінде – артқы төменгі бөлікте ылғалды, үнсіз сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, ЖСЖ = минутына 110 рет. Жүрек түрткісінде үшмүшелі сыңғыр естіледі: шапалақты 1 тон, диастолалық шу және митралді қақпақша ашылу тоны. Бауыр жиегі 2 см-ге шығыңқы. Сирақтар ісінген.
Дәрігер тактикасы:
а) амбулаторлық емдеу
б) үй жағдайындағы стационар ұйымдастыру
в) жедел дәрдем шақыру
г) күндізгі стационарда емдеуге жіберу
д) ревматологиялық бөлімшеге жатқызу
29~ 55 жастағы науқас әйел У. дене жүктемесінде күшейетін тыныштық күйдегі ентігуге, жүрегі жиі соғуына, жөтелге, қанды қақырыққа шағымданды. Ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде - артқы төменгі бөлікте ылғалды, үнсіз сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, ЖСЖ = минутына 110 рет. Жүрек түрткісінде үшмүшелі сыңғыр естіледі: шапалақты 1 тон, диастолалық шу және митралді қақпақша ашылу тоны. Бауыр жиегі 2 см-ге шығыңқы. Сирақтар ісінген. Осы науқастың еңбек ету болжамын анықтаңыз:
а) І топ мүгедегі
б) дене жүктесімен байланысты емес жұмысқа ауыстыру
в) қалыпты шектелген жұмыс
г) емнен кейін еңбекке қабілетті
д) ІІ топ мүгедегі
30~ 42 жастағы науқасты қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары солға ығысқаны, жүрек түрткісі күшейгені, төстің оң жағында ІІ қабырғааралықта систолалық діріл сипмтомы, сол жерде жүректің ІІ тоны әлсірегені анықталған. Осы науқаста болуы қажет аускультативтік феномен:
а) төстің оң жағында ІІ-ші қабырғааралықта эпицентрі орналасқан систолалық шу
б) жүрек түрткісінде естілу эпицентрі орналасқан диастолалық шу
в) жүрек түрткісінде естілу эпицентрі орналасқан систолалық шу
г) төстің оң жағында ІІ-ші қабырғааралықта эпицентрі орналасқан диастолалық шу
д) семсер өсіндісі тұсында эпицентрі орналасқан систолалық шу
31~ Сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойында V –ші қабырғааралықта естілу эпицентрі орналасқан диастолалық шу, диастолада қосымша тон, І тон күшеюі байқалған 42 жастағы науқас әйел жүрегі жиі соғуына, тез шаршауға шағымданады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) митралді қақпақша пролапсі
б) митралді саңылау стенозы
в) идиопатиялық гипертрофиялық субаорталды стеноз
г) қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
д) митралді қақпақша жетіспеушілігі
32~ 18 жастағы науқас ер бала военкоматтан тексеруге жіберілген. Дамуы қалыпты. Жүрек негізінде естілу эпицентрі төстің оң жақ жиегінде ІІ-ші қабырғааралықта орналасқан мойын артерияларына берілетін қатты систолалық шу естіледі. Қолқа үстінде ІІ тон әлсіреген. Пульс – минутына 64 рет, ырғақты. Иық артериясындағы АҚҚ - 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында АҚҚ - 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз:
а) қарыншааралық перде дефекті
б) жүректің қосарланған ақауы
в) қолқа коарктациясы
г) қолқа саңылауының стенозы
д) ашық артериялық өзегі
33~ 28 жастағы науқас әйел жанұялық дәрігерге аздаған дене жүктемесінде ентігуге, тез шаршауға, жүрек соғуы жиілеуіне шағымданып қаралды. Бала кезінде ангинамен жиі ауырған. Аускультацияда: жүрек түрткісі күшейген, жүрек түрткісінде диастолалық шу, қатты І тон, митралді қақпақша ашылу тоны, ІІІ тон («бөдене» ырғағы). Сіздің диагнозыңыз:
а) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді саңылау стенозы
б) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді қақпақша жетіспеушілігі
в) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа саңылауының стенозы
г) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақша жетіспеушілігі
д) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармақты қақпақша жетіспеушілігі
34~ Науқасты тексергенде акроцианоз, эпигастралді пульсация және жүрек түрткісі аймағында диастолалық діріл («мысық пырылы») анықталған. Салыстырмалы жүрек тұйықтылығы аймағы оңға және жоғарыға қарай ығысқан. Аускультацияда жүрек түрткісінде шапалақты күшейген І тон және митралды қақпақшаның ашылу тоны . ЭКГ -да сіз күтетін өзгерістер:
а) Оң жүрекше және сол қарынша гипертрофиясы
б) Сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы
в) Сол жүрекше және сол қарынша гипертрофиясы
г) Оң жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы
д) Оң қарынша және сол қарынша гипертрофиясы
35~ В 12 витамин– дефициттік анемиясына тән белгілер жинағы:
а) Шеткі қанда мегалобласттар, тіндердегі дистрофиялық өзгерістер, ішкі Касл факторына антиденелер, сүйек кемігіндегі қан түзілуі жетіспеушілігі
б) Гипохромды анемия, фуникулярлы миелоз, асқазанның париеталді жасушаларына антиденелер, Шиллинг сынамасы оң мәнді
в) Гиперхромды макроцитарлы анемия, гепатоспленомегалия, фуникулярлы миелоз, тромб түзілуіне бейімділік
г) Панцитопения, сіңіру бұзылуы синдромы, спленомегалия, койлонихия
д) Гипербилирубинемия, ретикулоцитоз, шеткі қанда мегалоциттер, қызыл цианоз
36~ Қан түзілудің мегалобластты түрі, қанда ферритин деңгейі жоғарылауы, неврологиялық симптоматика ... тән.
а) теміртапшылық анемиясына
б) Минковский – Шоффар анемиясына
в) В 12 - тапшылық анемиясына
г) аутоиммунндық гемолитикалық анемияға
д) апластикалық анемияға
37~ Амбулатория жағдайында гипохромды анемиямен науқасты кезекті зерттеудің дұрыс схемасын таңдаңыз:
а) қанның толық жалпы анализі – сарысулық темір деңгейі – жалпы темір байланыстырушы сарысу
б) гемоглобин, ЭТЖ, лейкоциттер деңгейін анықтау – сүйек кемігін пункциялау –гематолог кеңесі
в) гемоглобин, эритроциттер деңгейін, түстік көрсеткішті анықтау –фиброгастроскопия – асқазан секрециясын зерттеу
г) қанның жалпы анализі – сарысудағы билирубинді анықтау – Кумбс сынамасын жасау
д) қанның жалпы анализі – гематолог кеңесі
38~ Жанұялық дәрігерге келесі қан анлизі көрсеткіштерімен науқас қаралды. Эритроциттер – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83
Сарысулық темір – 9 мкмоль/л. Жалпы темір байланыстыруға қабілетті сарысу – 76 мкмоль/л. Бұл науқасқа қажетті медикаментозды ем:
а) преднизолон тәулігіне 20 мг
б) витамин В12 200 мкг в/м күнара
в) темір сульфаты тәулігіне 150 мг
г) фолий қышқылы тәулігіне 5 мг
д) витамин Е
39~ Гиперхромды макроцитарлы анемиямен науқасқа (пернициозды) қажетті ем:
а) цианокобаламин енгізу
б) темір сахаратын енгізу
в) темір сульфатын қабылдау
г) Эр-масса құю
д) аскорбин қышқылын қабылдау
40~ Гипохромды микроцитарлы анемия және созылмалы энтеритпен науқаста сіз пероралді тағайындаған темір сульфаты нәтиже берген жоқ. Сіздің тактикаңыз:
а) Эр-масса құю
б) темір препараттарын парентералді тағайындау
в) темір сульфаты дозасын көтеру
г) науқасты гематолог кеңесіне жіберу
д) науқасты гастроэнтеролог кеңесіне жіберу
41~ 39 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге басы айналуына, ентігуге, тез шаршауға, аяқ-қолдарында парестезияларға және диареяға бейімділікке шағымданып қаралды. Тексергенде тері қабаты сарғыш түсті, тіл емізікшелері тегістелген, глоссит белгілері. 2 жыл бұрын науқасқа гастрэктомия жасалған. Гиперхромды анемия байқалады. Сүйек кемігінің пункциясы: қан түзілуінің мегалобластты түрі. Қанда ферритин деңгейі жоғарылауы анықталған. Сіздің диагнозыңыз:
а) апластикалық анемия
б) теміртапшылық анемиясы
в) аутоиммунды гемолитикалық анемия
г) туа пайда болған гемоглобинопатия
д) В12- тапшылық анемиясы
42~ Қабылдауда 58 жастағы науқас келді. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. ЖҚА: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Науқасқа тағайындау қажет:
а) Хеферол 350 мг 2 р/д
б) Эр-масса құю 250 мл
в) фенюльс қабылдау 150 мг 2 р/к
г) цианокобаламин енгізу 500 мкг 2 р/к
д) аскорбин қышқылын 50 мг 3 р/к
43~ 20 жастағы науқас ер адамда соңғы 2 ай ішінде әлсіздік үдеюі, қанталау, субфебрилді температура байқалады. Лимфатикалық түйіндері, бауыры, көк бауыры ұлғайған. Қан анализінде: Нв- 50 г/л; Эр.- 1,3*1012/л; ТК-1,0; Л.- 1,7*109/л; Тр.-30*109/л; ЭТЖ-55 мм/ч. Диагнозды дәлелдеу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісіне ... жатады.
а) Кумбс сынамасын жүргізу
б) стерналды пункция жүргізу
в) эритроциттердің осмотикалық тұрақтылығын анықтау
г) десфералды сынама жүргізу
д) шеткі қанға тексеру жүргізу
44~ Науқас 37 жаста, гриптен кейін 12-ші күні дене қызуы қайта көтерілгенін, қызба, бел тұсындағы ауырсыну, зәрінің қарайғанын және склераның шамалы сарғайғанын байқаған. Тексергенде шамалы бауырдың ұлғайғаны анықталды. Қан анализінде: Нв-78 г/л; Эр.- 2,6*1012/л; Тр.- 210*109/л; Л.- 6,2*109/л; жалпы билирубин- 49,7 мкмоль/л, тіке - 5,1 мкмоль/л. Диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты зерттеу:
а) эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау
б) стернальді пункция
в) Кумбс сынамасы
г) қан сарысуындағы темірді анықтау
д) эритроциттердің өмір сүру ұзақтығын анықтау
45~ Аддисона-Бирмер анемиясымен зардап шегетін 62 жасар науқастың халі нашарлады: субфебрилді дене қызбасы, әлсіздік, бас айналу, естің бұзылуы, бас ауыруы мазалайды. ЖҚА: Нв-50 г/л; Эр.- 1,09*1012/л; ТК- 1,3. Болжамдауға болады:
а) жіті инфекция
б) жіті қан жоғалту
в) гемолитикалық криз
г) аурудың рецидиві
д) жергілікті қан айналымының бұзылысы
46~ 74 жасар науқас жалпы әлсіздікке, бас айналу, ентігу, эпигастрии аймағында ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін ауыр сезімі, ашығанмен кекіруге шағымданып жолықты. Қарағанда: терісінің боздығы, склера сарғыштығы, орташа спленомегалия, снижение тактильной чувствительности на нижних конечностях по типу «щулкі» тәрізді аяқтарындағы тактильді сезімталдығының төмендеуі. ЖҚА:Нв -83 г/л; ТК - 1,2; Эр.- 2,5х1012/л; лейк.– 3,2х109/л; тромб. - 150х109/л; ретикулоциттер – 0,2%; билирубин-42 ммоль/л (тікелей емес фракция 33 ммоль/л). Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) темір тапшылық анемия
б) созылмалы гепатит
в) гемолитикалық анемия
г) созылмалы атрофиялық гастрит
д) В12-тапшылық анемия
47 ~ 23 жастағы науқас мұрыннан, тіс иегінен қансырау, әлсіздік, ентігу, қызбаға шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, терісі боз, денесінде көгертулер, перифериялық лимфа түйіндер ұлғаймаған. ЖҚА: Hb-60 г/л; Эр.-2.0х1012/л; ТК-0.9; Лейк.-1.5х109/л; Тромб.-20х109/л. Миелограммада: майлы сүйек кемігі 90%болуға тиістісіне қарағанда 10%. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) жіті миелолейкоз
б) жіті эритромиелоз
в) апластикалық анемия
г) созылмалы миелолейкоз
д) тромбоцитопениялық пурпура
48~ Аутоиммундық гемолитикалық анемия диагнозына сәйкес белгілер:
а) миросфероциттер
б) гипербилирубинемия
в) оң мәнді Хем сынамасы
г) оң мәнді Кумбс сынамасы
д) феталды гемоглобин анықталуы
49~ 25 жастағы науқас ер адам эпигастрий аймағында ауырсынуға және айқын циркуляторлық-гипоксиялық синдромға шағымданып қаралды. Анамнезінде – асқазан ойық жара ауруы. Тері қабаты бозарған. Қан анализі: Нв – 85 г/л, Э – 3,2х 1012/л, ТК – 0,75, тромбоциттер – 165,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,5 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң мәнді. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Апластикалық анемия
б) Гемолитикалық анемия
в) Жіті постгеморрагиялық анемия
г) B12-дефицитті анемия
д) Темір тапшылық анемия
50~ Шилинга сынамасы – бұл;
а) В 12- дефицитті анемия диагнозын дәлелдейтін зәрмен бөлінуіне қарай саны бойынша цианкобаламиннің асқазан – ішек жолдарында сіңуі бұзылуын анықтау
б) теміртапшылық анемиясы диагностикасында қолданылатын ішекте темірдің сіңірілуін зерттеу
в) мегалобластты анемиялардың ажыратпалы диагностикасында қолданылатын қандағы фолий қышқылы деңгейін анықтау
г)В 12 витамин – дефицитті анемияның диагностикасында ғана негізгі диагностикалық сынама болып табылатын зәрмен бөлінуіне қарай саны бойынша цианкобаламиннің асқазан – ішек жолдарында сіңуін зерттеу
д) В 12 – дефицитті анемия диагностикасына қажет зәрдегі В 12 витаминді сандық анықтау
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
6-вариант
1~ 45 жастағы науқас ер адам тез шаршауға, жүрісі тұрақсыздығына, күнделікті дене жүктемесінде ентігуге шағымданады. Объективті: дене қызуы – 37,2ºС, тері қабаты бозарған, склерасы аздап сарғайған, бауыр пальпациясында шеті домаланған. ЖҚА: Нв-90 г/л, ТК - 1,2, L – 4,2х109/л, Тр 120х109/л, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофилдер, ЭТЖ-38мл/сағ. Аурудың туу себебіне ... жатады.
а) туа пайда болған микросфероцитоз
б) ішкі Касл факторының секрециясы жетіспеушілігі
в) фолий қышқылының сіңірілуі бұзылуы
г) радиоактивті сәулелену
д) жіті қан кету
2~ 28 жасар науқас әйел ЖДА-да профилактикалық қараудан өтті. Анамнезінде – 10 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен өткен бірінші ревматикалық шабылуы. Әлсіздік, тез шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде ентігу, кешке қарай табан аймағында ісінулерге шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, боз. Жүрек тондары тұйық, айқын пансистолалық шүлар естіледі. Сіздің тактикаңыз:
а) ревматолог кеңесіне жіберу
Б) динамикада бақылау
в) жүректің УДЗ және допплерография
г) кардиохирург кеңесіне жіберу
д) антибиотиктер және фуросемид тағайындау
3~ 37 жасар науқас әйел, оқытушы, қантты диабетпен, I дәрежедегі СЖЖ бар II дәрежедегі АГ ауырады. Қандағы глюкоза мөлщері 7,8 ммоль/л. Аймақтық дәрігер гипотензивті терапия ретінде пропранолол тағайындады. Бұл жағдайда гипотензивті препараттардың ішінде ... таңдаулы болып табылады.
а) АПФ ингибиторлары
б) кальций каналдарының блокаторлары
в) β-адреноблокаторлар
г) АТ ІІ рецепторларының антагонисттері
д) Диуретиктер
4~ Жанұялық дәрігерге жағдайы нашарлауына байланысты 68 жастағы ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Артериялық гипертензия ІІ дәрежесі, қатер ІV. ҚЖ ІІБ. диагнозымен бақылауда тұратын науқас ер адам қаралуға келді. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрегі айнуына, кезеңді ішінде ауырсынуға, көзінде екеуленуге шағымданады. Дәрілерді жүйелі түрде қабылдайды. АҚҚ 150/90 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 50 рет. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS комплексі деформацияланған, барлық тіркемелерде ST сегментінің изоэлектрлік сызықтан төмен қарай «астаутәріздес» ығысуы, бигеминия түріндегі қарыншалық экстрасистолиялар. Науқастың жағдайы нашарлауының мүмкін себебі:
а) гликозидтік интоксикация
б) жүрек жетіспеушілігі декомпенсациясы
в) қайталанған миокард инфаркті
г) гипертониялық криз
д) ми қан айналымының көшпелі бұзылысы
5~ Қимылдағанды тізе буындарында сықыр және тыныштық күйде басылатын ал жүрген кезде ауырсыну, буын сңылауларының біркелкі емес тарылуы және остеофиттер тән … .
а) подаграға
б) ревматоидты артритке
в) остеоартрозға
г) ревматизмге
д) түйінді периартериитке
6~ 45 жастағы ер адам, дәрігерге сол жақ табанында қатты ауырсыну пайда болуына шағымданды. Анамнезінде: жақын арада алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқ астынан 1- ші алақанфалангалық буыннан басталған. Объективті тексергенде бас бармақ буыны тұсында тері қабаты айқын қызарған, ұстап көргенде ыстық, қозғалыс шектелген.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Псориаздық артрит
б) Реактивті артрит
в) Рейтер синдромы
г) Подагралық артрит
д) Ревматикалық полиартрит
7~ 45 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы 37,6 С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр. Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:
а) Табанның R-граммасы
б) Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау
в) Ревматоидты факторды анықтау
г) Қанның клиникалық талдауы
д) Буын пункциясы
8~ 62 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге ұсақ буындарындағы механикалық сипаттағы, кешке қарай күшейетің ауырсынуға шағымданып келді. Объективті: саусақтарының дисталды буындары деформацияланған, Геберден, Бушар түйіндері анықталды. Бұл науқасқа ... тағайындау қажет.
а) антибиотиктерді
б) ангиопротекторларды
в) кортикостероидтарды
г) стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды
д) спазмолитиктерді
9~ 27 жастағы әйел дәрігерге саусақ, тізе буындарында ауырсынуға, сол буындардың ісінуіне, қимылының шектелуіне шағымданып келді. Таңертең, сағат 12 - ге дейін зақымданған буындарда тырысу байқалады.
Объективті: саусақ, тізе буындарының дефигурациясы. Қан талдауы: эриттроциттер- 3,2х1012/л, гемоглобин- 105 г/л, лейкоциттер- 12х109/л, ЭТЖ- 36 мм/с. Саусақтар рентгенографиясы: саусақ буындары маңының остеопорозы, буын қуысының тарылуы, көптеген узурлар. Сіздің диагнозыңыз:
а) РА, полиартрит, баяу үдемелі ағым, II белсенділік сатысы, РС III
б) РА, полиартрит, жедел үдемелі ағым, III белсенділік сатысы, РС I
в) РА, полиартрит, айқын үдемелі, I белсенділік сатысы, РС II
г) РА, олигоартрит, баяу үдемелі ағым, II белсенділік сатысы, РС IV
д) РА, моноартрит, жедел үдемелі ағым, III белсенділік сатысы, РС III
10~ Науқас 35 жаста, 15 жыл бойы ревматоидты артрит диагнозымен тіркеуде тұр. Вирусты инфекциядан кейін жөтел, қақырық, буындарда ауырсыну сезімі күшейген. Объективті: Білезік буынының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер байқалған. Өкпесінде қатты дыбыс. Құрғақ сырылдар. Қанында: Гемолглабин 102 гр/л., эритроциттер -4,2 х 1012, лейкоциттер 3,6 х 109, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Рентгенограммада өкпе суретінінің күшейгені байқалады, емдеу тактикасы:
а) цитостатиктер тағайындау
б) кортикостероидтер тағайындау
в) алтын препараттарын тағайындау
г) антибиотиктер тағайындау
д) аминохинолин қатарындағы дәрілер тағайындау
11~ 16 жасар науқас тізе, тобық, білезік буындардағы ауырсынуға, 38С дейін дене қызбасына, жүрек соғуына, денедегі бөрпелерге шағымданады. 2 апта бұрын фарингитпен ауырды. Объективті: терісінде – сақина тәрізді эритема. Буындар дефигурациялынған, сипағанда ыстық, қимылдағанда ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық. ЖЖЖ 58 мин. ЖҚА: эр-5,2 млн., Нв-135 г/л, л-18 тыс. ЭТЖ-35 мм/сағ. Бұл жағдайда емдеу тактикасы:
а) диклофенак преднизолон каптоприл
б) амоксициллин диклофенак дигоксин
в) амоксициллин диклофенак гипотиазид
г) диклофенак преднизолон конкор
д) амоксициллин диклофенак преднизолон
12~ Ұшпалы ірі буындардың симметриялы зақымдануы және процестің жылдам кері дамуы ... тән.
а) подагралық артритке
б) ревматикалық полиартритке
в) деформациялаушы остеоартрозға
г) ревматоидты артритке
д) псевдоартритке
13~ Ревматоидты артритпен ауыратын әйел соңғы 2 жылда метотрексат қабылдайды. Өттас ауруына байланысты жоспарлы операцияға дайындалуда. Метотрексатпен емделу мәселесін шешу қажет:
а) препаратты 2-3 айға тоқтату
б) операциядан 1 апта бұрын препаратты тоқтату
в) метотрексатты преднизoлонмен алмастыру
г) метотрексат дозасын көбейту
д) метотрексатты қабылдауды жалғастыру
14~ Псориаздық артритке тән рентгенологиялық белгіге ... жатады.
а) остеофиттер
б) екіжақты сакроилеит
в) буын беттерінің остеолизі
г) буын жанындағы остеопороз
д) симметриялы синдесмофиттер
15~ 55 жастағы ұзақ уақыт ревматоидты артритпен ауыратын науқаста тізе және сирақаяқбасы буындарының фиброзды анкилозы байқалады. Еңбекке жарамсыздығын анықта:
а) II топ мүгедектігі
б) I топ мүгедектігі
в) III топ мүгедектігі
г) бірнеше күн еңбекке жарамсыз
д) еңбекке жарамды
16~ Науқас 56 жаста, қос жақты коксартроз ІІІ-ІV дәр. Еңбекке қабілеттілігін анықтаныз:
а) ІІІ топ мүгедек
б) еңбекке қабілетті
в) ІІ топ мүгедек
г) І топ мүгедек
д) 2-3 күнге еңбекке жарамсыз
17~ Остеоартрозда уақытша еңбекке жарамсыздықтың негізгі белгісі . . . болып табылады.
а) синовит
б) буын ауырсынуы
в) буындағы сықыр
г) R-графияда буын беттерінің остеофиттері
д) ЭТЖ-25мм/сағ.
18~ Ревматоидты артрит кезінде уақытша еңбекке жарамсыздықтың белгісіне . . . жатады.
а) таңертең аздап буындардың сіресуі
б) ЭТЖ – 40мм/сағ баяулауы
в) БФБ І дәрежесі
г) рентгенографияда остеопороз белгілері болуы
д) лейкоцитоз
19~ 30 жастағы жас ер адам тізе буынындағы ауырсынуға, дене қызуының 38,5С көтерілуіне, үрпіден аз мөлшердегі бөлініс бөлінуіне, ауыз қуысындағы жараға шағымданады. Склера тамырларының қызаруы байқалады. Қарағанда тізе буындары ісінген, оң жағынан көкшіл сипаттағы қызару, қозғалыстың шектелуі байқалады. ЖҚА-де нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Үрпіден алынған жағындыда хламидий табылды. Сіздің диагнозыңыз:
а) РА, буындық түрісу
б) Подагра
в) Остеоартроз
г) Рейтер ауруы (синдром)
д) Ревматикалық қызба
20~ 29 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына екі реттен жиі мазалайтын демікпе ұстамасына шағымданды. Ұстама барысында сальбутамолды ингаляция түрінде қолданады. Ауру белгілері бір жылдан бері байқалады. Темекі шегеді. Жағдайы нашарлауын салқындаумен байланыстырады. Объективті - өзгерістер анықталған жоқ. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы сальбутамолмен дем алғаннан соң 20 минуттан кейін алғашқы көрсеткішімен салыстырғанда 25 % жоғары. Ұстамадан тыс уақытта тыныс шығарудың жылдамдық шыңы қажетті мөлшердің 80% құрайды, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы көрсеткішінің ауытқуы 30%. Сіздің диагнозыңыз:
а) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жеңіл ағымы
б) Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл ағымды персистирленген
в) Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, орташа ағымды персистирленген
г) Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, ауыр ағымды персистирленген
д) Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл интермиттирленген ағымы
21~ 57 жастағы ер адам, дәрігерге ентігуге, демікпеге, қызғылт көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданды. Науқас жағдайының нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде 5 жыл бойы артериялық гипертензия ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінің екі жағында да әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ырғақ бұзылған. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасымен. Электрокардиограммада жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет орташа есеппен. Сол жақ қарынша гипертрофиясы күштену белгісімен. Сіздің диагнозыңыз:
а) Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік
б) Бронх демікпесі ұстамасы
в) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
г) Спонтанды пневмоторакс
д) Инфарктті пневмония
22~ 37 жастағы, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас сипаттағы ентігуге, дірілдеуге, дене қызуы 39С жоғарылауына, аздаған қан ізі байқалатын қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. Бұл симптомдар шіріген шөптермен жұмыс істегеннен кейін 6 сағаттай уақыт өткен соң пайда болған. Қан сарысуында преципиттирлеуші қарсы денелер анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) пневмония
б) экзогенді аллергиялық альвеолит
в) милиарлы өкпе туберкулезі
г) идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит
д) бронх демікпесі
23~ 67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне, кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі – минутына 28 рет, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90 мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет.
Науқасқа ... тағайындаған тиімді.
а) сальбутамолмен ингаляция
б) гентамицинді бұлшықетке
в) сальбутамолды көктамырға
г) вентолинмен ингаляция
д) кларитромицинді per os
24~ Бронх демікпесінің атопиялық варианты және нейроциркуляторлық дистонияның тахикардиалды синдромымен ауыратын 35 жастағы науқас әйел бір апта пропранололды минималды дозада қабылдап, саяжайға кеткен. Жүйектерді шабу барысында ауыр тұншығу ұстамасы дамыды. Бронх демікпесі ұстамасын ... тоқтатады.
а) амброксолмен
б) пропранололмен
в) эуфиллинмен
г) сальбутамолмен
д) антибиотиктермен
25~ 72 жастағы ер адам өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқас жалпы тәжірибелі дәрігерге суық тиген соң басталған дене қызуының жоғарылауына, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып келді. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Науқасты жүргізудегі тиімді тактика:
а) Кларитромицин амброксол ипратропиум бромиді
б) Амоксиклав гентамицин бромгексин
в) Кларитромицин преднизолон бромгексин
г) Метронидазол амброксол ипратропиум бромиді
д) Тетрациклин метрогил лазолван
26~ Көп жылдар бойы бронхообструктивті синдроммен 65-жастағы науқаста тұншығу ұстамасы, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, зәр мөлшерінің азаюы байқалады.Объективті: акроцианоз, мойын веналарының білеуленуі, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да ... анықталуы мүмкін:
а) сол жүрекше гипертрофиясы
б) сол қарынша гипертрофиясы
в) оң қарынша гипертрофиясы
г) қарыншаішілік блокада
д) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы
27~ 29 жастағы науқаста сирек экспираторлы тұншығу ұстамалары байқалады, тұншығуды басу үшін аптасына бір реттен кем емес сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама аралық кезеңді зерттегенде болу керек шамадан ЖФТШ1 (ОФВ1) 80-85 %. Сіздің диагнозыңыз:
а) бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші
б) бронх демікпесі, жеңіл интермиттирлеуші
в) созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағым
г) бронх демікпесі, орташа дәрежелі
д) созылмалы обструктивті бронхит, орташа ауырлықта
28~ 45 жасар науқас дәрігерге мынадай шағыммен келді: жөтел, бірнеше жыл көлемінде аз мөлшердегі кілегейлі қақырық, соңғы төрт айда 3 этажға көтерілгенде және жүгіргенде ентігу пайда болған. 20 жылдан астам темекі шегеді, күніне бір қораптан. Қарап тексергенде тыныс шығаруы ұзарған, аздаған құрғақ сырылдар байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
а) ауруханадан тыс пневмония
б) өкпе саркоидозы
в) бронх демікпесі
г) бронхоэктазды ауру
д) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
29~ Науқаста физикалық жүктемеден соң тұншығумен сипатталатын ентігу ұстамасы, көпіршікті қызғылт бөлініспен жөтел мазалайды. Қарағанда: өкпесінің екі жағынан әр түрлі калибрлі сырылдар, жыбыр аритмиясы, бауырдың ұлғаюы, төменгі аяқ қолдарда ісіктер байқалады. Көрсетілген симптомдар ... тән.
а) бронх демікпесінің ұстамасына
б) жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілікке
в) өкпе артериясының тромбоэмболиясына
г) спонтанды пневмотораксқа
д) инфаркті пневмонияға
30~ Созылмалы обструктивті бронхитті емдеудің негізгі мақсаты:
а) бронхиттің үдеуінің жылдамдығын азайту
б) қақырықпен бактерия бөлінуін тоқтату
в) эмфиземаның дамуын қайтару
г) науқасты бронхитті хирургиялық емдеуге дайындау
д) толық сауығу және науқасты реабилитациялау
31~ Созылмалы обструктивті бронхитте сыртқы тыныс күйі ... сипаттталады.
а) үдемелі аз қайтымды обструкциямен
б) өкпе көлемдерінің жекешеленген қайтымды төмендеуімен
в) бронхтық обструктивтік бұзылыстар ұстамаларымен
г) үздіксіз үдемелі рестрикциямен
д) сальбутамолмен ингаляциядан соң қайтымды рестрикциямен
32~ Жіті бронхиттан кейін бронхтағы гистологиялық өзгерістер ... сақталады.
а) 7-10 күн
б) 2-3 күн
в) 1,5-2 ай
г) 2-3 жыл
д) 1-2 апта
33~ Өкпе эмфиземасының жылдам дамуын ... жетіспеушілігі қалыптастырады.
а) ЛДГ
б) альфа 1- антитрипсин
в) аденилатциклаза
г) фосфодиэстераза
д) ДНК- гираза
34~ «Бронх демікпесі» диагнозымен 31 жастағы науқас айына 3 реттен ентігу ұстамасына, айына 1-2 реттен түнгі ұстамаларға шағымданады, ұстамалар арасындағы сыртқы тыныс параметрлері және дене қызуы өзгермеген. ЭТЖ 10 мм /с., қандағы лейкоциттер деңгейі 6,5 . 10 /л, эозинофилдер 9%. Бронх демікпесі сатысын анықтаңыз:
а) 5-ші сатысы (астматикалық статус)
б) 4-ші сатысы (ауыр персистирлеуші бронх демікпесі)
в) 3-ші сатысы (персистирлеуші бронх демікпесі орташа ауырлықта)
г) 2-ші сатысы (жеңіл персистирлеуші бронх демікпесі)
д) 1-ші сатысы (интермиттирлеуші бронх демікпесі)
35~ Созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын науқасқа 1 ай бойы күніне 2 дозадан 3 рет дәрімен ингаляция тағайындалды. Препарат қауіпті емес, оның дозасы артық болуы мүмкін емес, ал тынысы жеңілдену ингаляциядан соң 30-40 минуттан кейін басталады, гормоналды препаратқа жатпайды. Бұл қасиеттер мөлшерленген аэрозоль ... тән.
а) бромид ипратропиясына
б) флутиказонға
в) альбутеролға
г) кромглиций қышқылына
д) сальметеролға
36~ Созылмалы обструктивті бронхит кезіндегі бронхоспазмдарды жою үшін препараттар ... арқылы тағайындалады.
а) препараттардың нәтижелілігін оларға дейінгі және кейінгі 1 секундтағы форсирленген тыныс шығару көлемі көрсеткіштерін салыстыруға негіздей біртіндеп зерттеу
б) 2-3 күндік сынамалы емдеуден кейін клиникалық бақылап және сыртқы тыныс қызметі көрсеткіштерін анықтау
в) 2-3 күндік сынамалы емдеуден кейін науқасты бақылау
г) спирометрия көрсеткіштері
д) алдындағы жүргізілген ем
37~ 15 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл дейін иісті кілегейлі іріңді қақырықпен жөтелге, қанды қақырыққа, дене қызуының 38,2 С жоғарылауына, ентігуге, тез шаршауға шағымданып қаралды. Бала кезінен жиі жөтеледі. Соңғы 5 жыл ішінде жылда жөтел мазалайды. Ең алдымен науқаста ... жоққа шығару керек.
а) пневмонияны
б) созылмалы өкпе абсцессін
в) туберкулезді
г)өкпе поликистозын
д)бронхоэктатикалық ауруды
38~ 27 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге тоңып дірілдеуге, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірінде ауырсынуға, дене қызуы 38,5 С жоғарылауына шағымданып қаралды. Үш күннен бері ауырады. Кеуде торының оң жақ бөлігі тыныс алу актісіне ілеспейді. Перкуссияда кеуде торының алдыңғы 3-ші қабырғааралығында және жауырынаралық аймақтың ортаңғы бөлігінен бастап дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс бұл аймақтарда естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Созылмалы бронхиттің өршу фазасы
б) Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы
в) Оң жақты крупозды пневмония
г) Оң жақты экссудативті плеврит
д) Оң жақты гидроторакс
39~ … құрғақ жөтелді тудыратын препарат.
а) Аторис
б) Теопек
в) Беротек
г) Недокромил
д) Капотен
40~ 25 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге кілегейлі-іріңді, қиын бөлінуші қақырықты жөтелге, дене температурасының 37 С дейін көтерілуіне шағымданып келді. Ауруы суықтаудан кейін жедел басталған. Сол жағында, жауырын аралық аймақта құрғақ сырылдар естіледі. Қанның жалпы талдауы өзгеріссіз. Науқасқа оның жүктіліктің 8-10 аптасында екенін ескере отырып ... тағайындау қажет.
а) метрогил, гентамицин
б) лазолван, жылы суықтық
в) ципрофлоксацин
г) амоксиклав, бронхолитин
д) бромгексин, тетрациклин
41~ Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40С-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдар ... пневмонияға тән.
а) пневмококкты
б) клебсиеллалы
в) аденовирусты
г) стафилококкты
д) микоплазмалы
42~ Анамнезінде пансионат, қонақ үйде душпен, кондиционермен қолданған; айқын интоксикациямен фебрильді қызба, миалгиямен, артралгия, жөтел, абдоминальды ауырсыну, диарея;қанда - лимфоцитопения лейкоцитозбен, ЭТЖ 50 мм/сағ. Осы симптомдар ... пневмонияға тән.
а) микоплазмалы
б) хламидиялы
в) легионеллезды
г) пневмококкты
д) стафилококкты
43~ Науқас Е.., 45 жас.Дене қызуының 39 C градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады.Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Сіздің диагнозыңыз:
а) өкпе абсцессі
б) ошақты пневмония
в) өкпе туберкулезі
г) экссудативті плеврит
д) өкпе гангренасы
44~ 23 жаста науқас құрғақ жөтелге, қалтырауға, дене қызуының 38º градусқа жоғарылауына, артралгия мен миалгияға, терісінің бөртуіне шағымданады. Объективті қарағанда: лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөлігінде шекарасы айқын емес қараю. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз. Жоғарыда көрсетілген белгілердің дамуына ... себеп болады.
а) пневмококк
б) стафилококк
в) микоплазма
г) гемофильді таяқша
д) көкіріңді таяқша
45~ Өкпе тінінің абсцесін тудыратын ең жиі қоздырғыш ... болып келеді.
а) вирустар
б) стрептококк
в) пневмококк
г) рикетсия
д) стафилококк
46~ 64 жастағы науқас дәрігерге келесі шағымдармен келді: қою, сасық иісті қақырықты жөтелге, әлсіздік пен салмақ жоғалту. Анамнезінен: эпилепсиялық ұстамамен 10 жылдан бері ауырады. Соңғы ұстамасы 2 апта бұрын болған. Өкпе рентгенограммасында: оң жақта жоғарғы сегменте – сұйықтық деңгейі бар қуыс. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) өкпе фиброзы
б) жоғары бөліктік пневмония
в) өкпе туберкулезі
г) өкпе абсцесі
д) бронхоэктазды ауру
47~ Пневмониямен ауырып жазылған науқастар диспансерлік бақылау үшін терапевтке ... шақырылады.
а) жылына 2 рет
б) жылына 3 рет
в) жылына 6 рет
г) 6 айда 2 рет
д) 6 айда 3 рет
48~ Құрғақ жөтел және ангионевротикалық ісіну ... кері әсері болады.
а) диуретиктердің
б) кальций антагонисттерінің
в) альфа - адренорецепторлар блокаторларының
г) бета - адреноблокаторларының
д) АПФ ингибиторларының
49~ 35 жасар әйел темекі шегеді, артық дене салмағы 32 кг, 1 жылдан астам пероралды контрацептивтер қолданған, ентігуге, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілуіне, қан аралас қақырықты жөтелге, әлсіздікке, көкірек қуысының оң жақ бөлімінің ауырсынуына шағымданады. Сіздің диагнозыңыз:
а) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
б) созылмалы бронхиттың өршуі
в) ошақты пневмония
г) бронхоэктазды ауру
д) жүректің митральды ақауы
50~ Госпитальді (нозокомиальді) пневмония деп .... айтады
а) ауруханаға түскен күнге байланысты емес аурухана ішінде дамитын
б) ауруханадан шыққанда дамитын;
в) ауруханада болған мерзімге байланысты емес полирезистентті штаммдар инфекцияға байланысты
г) ауруханаға түскеннен 48 және одан да көп сағаттан кейін
д) ауруханадан тыс жағдайда, ауыр жүретін және ауруханаға жатқызуға талап ететін
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
7-вариант
1 ~ Халықаралық консенсус және Ресейлік терапевттік хаттамаға сәйкес жіктемесіне кіреді ... пневмония.
а) ауруханадан тыс, ауруханаішілік, иммундық тапшылық бар адамдарда, аспирациялық
б) аллергиялық, аспирациялық, жарақаттан кейінгі, кәсіби
в) жіті, жітіастыртын, созылыңқы, созылмалы
г) хирургиялық емді қажет ететін және қажет етпейтін
д) туа пайда болған және жүре пайда болған
2~ Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің орташа-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика ... өте тән.
а) саркоидозға
б) ошақты пневмонияға
в) пневмокониозға
г) милиарды туберкулезге
д) инфильтративті туберкулезге
3~ Қант диабетімен ауыратын 47 жасар әйел пневмония бойынша ем қабылдауда. Оның дене қызуы 39 C градусқа дейін жоғарылаған және қатты тершеңдік байқалады. ТЖ – минутына 32 рет. ЖСЖ – минутына 108 рет. Қан анализінде: лейкоцитоз – 18 мың, таяқшаядролы – 14, сегментядролы- 52, лимфоциттер -34, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Қанынан алтын стафилококк себілді. ЭКГ-да жүрек қақпақшалары таза интактты. Науқаста ... асқынуы дамуы мүмкін.
а) жіті респираторлы дистресс синдром
б) инфекциялық эндокардит
в) инфекциялық-токсикалық шок
г) жіті тыныс жетіспеушілігі
д) сепсис
4~ Науқас 59 жаста, 1 жыл бұрын созылмалы бронхит және өкпе тектес жүрек диагнозы бойынша МӘСК – те мүгедектік беру мерзімін қайта қарастырған. ІІ топ мүгедектігі берілген, бұл 5 жылдан бері қайта қаралмаған. Мүгедектік топ . . . берілген.
а) өмір бойы
б) 2 жыл уақытқа
в) 6 ай уақытқа
г) 1 жыл уақытқа
д) 5 жыл уақытқа
5~ Қосымша патологиясы жоқ 60 жастағы науқас, жеңіл дәрежелі ауруханадан тыс пневмония диагнозы бойынша ем алуда. Бірінші топтағы антибактериялық препараттардың ішінде ... қолданылғаны тиімді.
а) макролидтер
б) цефалоспориннің екінші туындысы
в) аминопенициллин
г) аминогликозидтер
д) сульфаниламидтер
6~ Рентген суретте домалақ пішінді қараюларды анықтағанда ажыратпалы диагностика ... жүргізіледі.
а) өкпенің перифериялық қатерлі ісігі, қатерсіз ісіктер, липома, фибромамен
б) 1 дәрежедегі пневмония, саркоидозбен
в) өкпе абцесі, плевра эмпиемасы
г) 3 дәрежедегі саркоидоз, пневмокониозбен
д) пневмония, өкпе абцесімен
7~ Экссудат және транссудаттың зертханалық ажыратпалы-диагностикалық критериилері ... негізінде жатады.
а) салыстырмалы тығыздықты анықтау, ақұыз мөлшерін және ЛДГ белсенділігін анықтау
б) майлы қышқылдар мөлшерін, амилазаның белсенділігін анықтау
в) калий, натрий, магний мөлшерін анықтау
г) сүйықтықтың опалесцирленуін анықтау, нефелометрия
д) глюкоза, хлоридтер мөлшерін анықтау және АсТ, АлТ белсенділігін анықтау
8~ Созылмалы обструктивті бронхитпен, ТЖ-ІІІ ауыратын науқастар диспансерлік бақылау жасау үшін терапевтке . . . шақырылады
а) жылына 2 рет
б) жылына 3-6 рет
в) жылына 1 рет
г) жылына 8 ретке дейін
д) жылына 1-2 рет
9~ Саркоидозда Лефгрен синдромында ... байқалады.
а) қызба, ентігу, кеуде торы ішіндегі лимфа түйіндері ұлғаюы
б) ентігу, жөтел, қызба;
в) ентігу, жөтел, шеткі лимфа түйіндері ұлғаюы
г) қызба, түйінді эритема, полиартралгия
д) ентігу, жөтел, әртүрлі топтағы лимфа түйіндері ұлғаюы
10~ Кеуде торындағы ауырсыну фонында электрлік осінің оңға ығысуы, жүрекшелік комплекстің Р-pulmonale түрінде өзгеруі, ІІІ –те SI-Q, Т тісшесі инверсиясы, Гис бұтағының оң аяғының толық емес блокадасы, сонымен қатар ЭКГ тісшелері вольтажының төмендеуі (81 % науқастарда) жіті дамуы ... байқалады.
а) миокардиодистрофияда
б) бактериалды эндокардитте
в) миокард инфарктінде
г) инфекциялық миокардитте
д) тромбоэмболияда
11~ Көп жыл бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын 72 жастағы науқас ер адам суықтағаннан соң дене қызуы көтерілуіне, кілегейлі іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Рентгенологиялық оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталған. Науқасқа ... тағайындау ең тиімдірек болады.
а) тетрациклин
б) линкамицин
в) кларитромицин
г) преднизолон
д) гентамицин
12~ 23 жастағы ер адам 4 күннен бері дене қызуы 38 С дейін жоғарылауына, сары жасыл қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып үйіне дәрігер шақырды. Ауруын суықтаумен байланыстырады. Объективті: тері қабаты бозарған, ТЖ минутына 20 рет, оң жауырын бұрышынан төмен перкуторлы дыбыс тұйықталған ошақтар, аускультативті майда көпіршікті ылғалды сырылдар.
Бұл науқас үшін ең тиімді ... тағайындау жөн.
а) азитромицинді 0,5мг күніне 1таблеткадан, 5 күн
б) эритромицинді 0,25мг күніне 2 таблеткадан 4 рет, 7 күн
в) бисептолды 480 мг 2 таблеткадан күніне 2 рет, 7 күн
г) тетрациклинді 0,25 мг күніне 1таблеткадан 4 рет, 10 күн
д) цефазолинді 1,0 күніне 3рет бұлшық ет ішіне, 10 күн
13~ Әлсіздік, жүрек айнуы, тәбет болмауы, эпигастрий аймағында тұрақты ауырсыну, салмақ жоғалту... байқалады.
а) ойық жара пенетрациясында
б) асқазанның шығыс бөлігінің стенозында
в) ойық жараның малигнизациясында
г) ойық жарадан майда қан кетуінде
д) ойық жара перфорациясында
14~ Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекіру шағымдары пайда болды. Науқастың ауруы ... асқынған.
а) малигнизациямен
б)пенетрациямен
в)перфорациямен
г) стенозбен
д) қан кетумен
15~ Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Малигнизация
б) Қан кету
в) Стеноз
г) Пенетрация
д) Перфорация
16~ Ер адам 38 жаста,жүргізуші, темекі тартады. Шағымдары: ас қабылдағаннан кейін пайда болатын қыжыл,жатқан қалыпта және еңкейген кезде күшейеді, қышқылмен лоқсу, түнде жөтел ұстамалары мазалайды. Эндоскопияда –шырышты қабаты ақшыл қызыл түсті, тегіс,жылтыр, дефекттер жоқ. Мотилиум 10 мг күніне 4 рет қабылдайды. Емдеу тиімділігін бақылау үшін ... ең сезімтал диагностикалық әдіс болып келеді.
а) Өңештегі рН тәуліктік мониторингтеу
б) Манометрия
в) Эндоскопиялық зерттеу
г) УДЗ
д) Рентгенологиялық зерттеу
17~ 12- елі ішек және асқазан ойық жара ауруындағы эрадикациялық терапияның ұзақтығы ... күн.
а) 21
б) 7
в) 14
г) 28
д) 30
18~ Ойық жара ауруының хирургиялық емінің абсолютті көрсеткішіне ... жатпайды.
а) малигнизация
б) перфорация
в) жиі өршуі
г) декомпенсация сатысындағы стеноз
д) қан кету
19 ~ Рефлюкс-эзофагиттің негізгі диагностикалық әдісіне ... жатады.
а) ультрадыбысты зерттеу
б) рентгенологиялық зерттеу
в) эндоскопиялық зерттеу
г) рН-метриялық зерттеу
д) асқазанды зондтау
20~ 32 жастағы науқас ер адам тамақтан кейін азаятын эпигастриде тамақтан соң 3-4 сағаттан кейін, кейде түнгі және «аш қарынға» қатты ауырсынуға, тұрақты қыжылға, қышқылды кекіруге, жеңілдік әкелетін қышқылмен құсуға, іші қатуына шағымданды. Объективті: перкуторлы және пальпациялағанда эпигастридің оң жағында ауырсыну. Жасырын қанға нәжіс анализі – оң мәнді. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) асқазанның субкардиалды бөлігінің ойық жара ауруы
б) асқазанның үлкен иінінің ойық жара ауруы
в) он екі ішек ойық жара ауруы
г) гастроэзофагеалды-рефлюксті ауру
д) қақпа стенозы
21~ 45 жастағы науқас ер адамды дене жүктемесі мен тамақтан соң төс артында ауырсыну, қыжыл, жеген тамағымен кекіру, тамақты қиналып жұтынуды сезіну мазалайды. Тексергенде: электрокардиограмма: патологиясыз; эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия: өңештің төменгі сфинктері жабылмайды, гиперемия, өңеш кілегейлі қабаты ісінген, бірен-саран эрозиялар.
Бұл жағдайда науқасқа ... дәрілік препараттар комбинациясын тағайындаған тиімдірек.
а) омепразол және маалокс
б) маалокс және ампициллин в) омепразол және смекта г) домперидон және рабепразол д) омепразол және но-шпа
22~ 26 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуы 38 С жоғарылауына, іші ауыруына, тәулігіне 8-10 рет қан және кілегей аралас іші өтуіне шағымданып келді. Ауру жіті респираторлық вирустық аурудан соң жедел түрде дамыған. Объективті тексергенде іші аздап үрленген, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, осы аймақта жіп тәрізді тоқ ішек пальпацияланады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Крон ауруы
б) Спецификалық емес ойық жаралы колит
в) Жіті дизентерия
г) Тік ішек ісігі
д) Уиппл ауруы
23~ Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Сіздің диагнозыңыз:
а) Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен
б) Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен
в) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі
г) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен
д) Тоқ ішектің қатерлі ісігі
24~ ... - Крон ауруын жаралы колиттен ажырату белгісі.
а) іш өту
б) сыртқы және ішкі жыланкөз пайда болуы
в) іште ауырсыну
г) нәжісте қан болуы
д) қызба
25~ 44 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге соңғы тамақты қабылдағаннан соң 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, көп рет қайталанған жеңілдік әкелмейтін құсық, эпигастрий тұсында жағымсыз сезім, күрт әлсіздік пайда болуына шағымданып қаралды. Анамнезінде бір апта бойы алкоголь қабылдаған. Объективті қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, аузынан алкоголь исі шығады, есеңгірегендік, тері қабатының бозғылттығы байқалады. АҚҚ 60/20 мм сынап бағанасымен, ТСЖ минутына 60 рет. Пальпациялағанда ішінде ауырсыну байқалады, бұлшық еттік қорғаныс реакциясы жоқ, ішперде тітіркену сипмтомы теріс мәнді. Нәжіс формалы күніне бір рет. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Алкоголь суррогаттарымен улану
б) Экзотоксикалық шок
в) Миокард инфарктінің абдоминалді түрі
г) Тамақтан болған токсикоинфекция
д) Панкреонекроз
26~ 62 жасар науқаста сарғаю, қатты арықтау, эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айну мен құсу байқалады. Қан анлизінде ауыр дәрежелі анемия, ЭТЖ 60 мм/сағ. Байланысқан фракциясының көптігінен гипербилирубинемия. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) ұйқы безі басының ісігі
б) рак-бауыр циррозы
в) созылмалы гепатит холестазбен
г) псевдотуморозды панкреатит
д) өт жолдарының дискинезиясы
27~ Қан сарысуындағы амилазаның қалыпты деңгейі ... құрайды.
а) 2-8 мг/мл
б) 12-32 мг/мл
в) 0 мг/мл
г) 4 мг/мл
д) 8 мг/мл
28~ ... - біріншілік бауыр рагін бауыр циррозынан ажыратуға көмектесетін белгі.
а) альфа-фетопротеин деңгейінің жоғарылауы
б) сарғаю
в) аминотрансферазалар деңгейі жоғарылауы
г) билирубин деңгейі жоғарылауы
д) сілтілі фосфатаза деңгейі жоғарылауы
29~ ... - созылмалы панкреатитте ұйқы безінің инкреторлы жетіспеушілігінің белгілері.
а) сарғаю
б) есін жиі жоғалтуы
в) қан мен зәрде глюкоза деңгейі жоғарылауы
г) бауыр ұлғаюы
д) креаторея, стеаторея
30~ ... - созылмалы панкреатитте ұйқы безінің экскреторлы жетіспеушілігінің белгілері.
а) бауыр ұлғаюы
б) есін жиі жоғалтуы
в) сарғаю
г) дене салмағы азаюы, креаторея, стеаторея
д) қан мен зәрде глюкоза деңгейі жоғарылауы
31~ 51 жастағы ер адам ауруханаға оң жақ қабырғаастында ұзақ тартып ауырсынуға шағымданып түсті. Тексергенде: сарғаю жоқ, Кер симптомы оң мәнді, субфебрилді температура , ЭТЖ - 30 мм/сағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз: а) Созылмалы холецистит, өршуі б) Асқазанның ойық жара ауруы, өршуі в) Созылмалы гепатит, өршуі г) Созылмалы панкреатит, өршуі д) Одди сфинктерінің дисфункциясы
32~ Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі, асцит байқалған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Созылмалы гепатит
б) Бауыр цирозы
в) Созылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі
г) Нефротикалық синдром
д) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
33~ Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия, декомпенсация
б) Аутоиммунды генездегі цирроз
в) Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация
г) Бауырдың вирусты циррозы, портальды гипертензия, компенсация
д) Бауырдың холестатикалық циррозы
34~ Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Коновалов ауруы
б) Аутоиммунды гепатит
в) Бауырдың билиарлы циррозы
г) Созылмалы гепатит
д) Жильбер ауруы
35~ Науқас С., 52 жаста оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға оның оң жақ қолына берілуіне, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: тәбетінің жоғарылауы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейкоциттер – 9 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Өтті тексеру нәтижесі бойынша: үш порциясындада – сұйықтық, лейкоциттер 4 –ші порцияда лямблиялар анықталған. Бұл жағдайда ... тағайындалған мақсатқа лайықты.
а) Эритрмицин
б) Гентомицин
в) Левомицитин
г) Трихопол
д) Амоксициллин
36~ Науқас әйел Е., 74 жаста ОДА дәрігеріне жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну, тамақтан кейін ауырлық сезімі, сасық иіспен кекіру шағымдарымен келді. Объективті: терісі бозарған, склерасы сарғайған, шамалы спленомегалия, аяқтарының «шұлық» тәрізді сезімталдығының төмендеуі. ЖҚА:Нв -83 г/л; ТК - 1,2; Эр.- 2,5х1012/л; лейк.– 3,2х109/л; тромб. - 150х109/л; ретикулоциттер – 0,2%; билирубин-42 ммоль/л (тікелей емес фракция 33 ммоль/л). Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) витамин В12-тапшылық анемия
б) гемолитикалық анемия
в) созылмалы гепатит
г) созылмалы атрофиялық гастрит
д) теміртапшылық анемия
37~ 54 жасар әйелде тұрақты ағымды бауыр циррозымен ауырады, жағдайы нашарлады, дірілдер, әлсіздік және санасының шатасуы дамыды, сарғаюы ұлғайды. Жағдайының нашарлағанын анықтау үшін ... қажет.
а) азот көрсеткіштерін анықтау
б) билирубина деңгейін анықтау
в) бұлшықет тініне қарсы антиденелерді анықтау
г) бромсульфалеинді сынамасын жүргізу
д) гамма-глобулин деңгейін анықтау
38~ Бауырішілік холестаздың индикаторларына ... жатады.
а) сілтілі фосфатаза белсенділігің жоғарылауы
б) лактатдегидрогеназаның белсенділігің жоғарылауы
в) протрмбин белсенділігің жоғарылауы
г) аминотрансфераздар белсенділігің жоғарылауы
д) ЭТЖ жоғарылауы
39~ Уробилиногенурияның билирубинуриямен бірге байқалуы ... тән.
а) бауырастылық сарғаюға
б) бауырлық сарғаюға
в) бауырүстілік (гемолитикалық) сарғаюға
г) іркілісті бүйрекке
40~ Мезенхималды қабыну синдромына қандағы ... жоғарылауы тән.
а) холестерин
б) гамма-глобулиндер
в) сілтілі фосфатаза белсенділігі
г) билирубин
д) альбумин
41~ Жильбер синдромын сипаттайтын зертханалық көрсеткішке ... жатады.
а) қанда конъюгирленбеген (байланыспаған) билирубин жоғарылауы
б) билирубинурия;
в) трансаминаздар белсенділігі жоғарылауы
г) ретикулоцитоз
д) гипоальбуминемия
42~ Созылмалы активті гепатитке сәйкес … .
а) сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция
б) сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы
в) сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі
г) сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы
д) сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз
43~ Жіті бауыр дистрофиясына сәйкес … .
а) сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы
б) сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы
в) сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция
г) сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз
д) сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі
44~ Өт жолдарының гипермоторлы, гиперкинетикалық дискинезиясында … тағайындалады.
а) реглан
б) церукал
в) нитроглицерин
г) метаклопрамид
д) атропин
45~ Цитолитикалық синдром айқындығын бағалауға көмектесетін биохимиялық көрсеткіштерге ... жатады.
а) билирубин деңгейі жоғарылауы
б) амилаза белсенділігі артуы в) трансаминазалар белсенділігі артуы
г) альбумин деңгейі төмендеуі
д) холестерина деңгейі жоғарылауы
46~ … - гепатоциттердің белок түзу қызметі жетіспеушілігінің зертханалық көрсеткіші.
а) Альбумин, протромбин, фибриноген деңгейлерінің төмендеуі
б) Қандағы аминотрансферазалар деңгейлерінің жоғарылауы
в) Қандағы глобулиндердің әртүрлі фракциялары деңгейлерінің жоғарылауы
г) Сілтілі фосфатаза белсенділігінің артуы
д) Қандағы холестерин деңгейлерінің жоғарылауы
47~ Біріншілік билиарлы циррозға … тән.
а) сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы
б) сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі
в) сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз
г) сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция
д) сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы
48~ Жіті холециститке … тән.
а) сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз
б) сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі
в) сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы
г) сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция
д) сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы
49~ Вирусты гепатитке ... тән.
а)сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі
б) сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы
в) сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция
г) сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы
д) сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз
50~ 50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге барлық денесінде ісіну пайда болуына шағымданып қаралды. 5 жыл бойы оң сирақ аймағында жыланкөз мазалайды, екі жылдай ісіну байқалады. АҚҚ жоғарыламаған. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы салмағы 1015, белок 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және дәнді цилиндрлер анықталды. Мочевина, креатинин қалыпты деңгейде. Зимницкий сынамасы ауытқусыз. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Созылмалы пиелонефрит
б) Созылмалы гломерулонефрит
в) Екіншілік бүйрек амилоидозы
г) Жіті пиелонефрит
д) Біріншілік бүйрек амилоидозы
Рубеждік бақылау -1
Ішкі аурулар, 7-курс
8-вариант
1~ Науқас М., 40 жаста әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің нашарлауына, аяғының ісінуіне шағымданады. 8 жыл бойы бүйрек ауруларымен ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері түсінің бозаруы. Қан анализінде: Нв-80 гр/л, эр – 3,2 млн., лейк – 6,8 мың, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Зәр анализінде: үд.салмағы – 1015, белок – 1,8 г/л, лейк – 6-7 к/ай, эрит – 3-4 к/ай. Бұл жағдайда ... жасау қажет.
а) хромоцистоскопия
б) бүйректің пункциялық биопсиясын
в) бүйректің жалпы рентгенографиясын
г) Бенс-Джонс белогына тексеру
д) зәрді бактериологиялық зерттеу
2~ Жүрек және бүйрек ісіктері кезіндегі жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптеріне ... жатады.
а) осмотикалық диуретиктерді қолдану
б) жүрек лақтырысын төмендеуі
в) бүйрек перфузиясын жақсаруы
г) біріншілік гиперальдостеронизмді қолдануы
д) қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлауы
3~ Гломерулонефириттің салыстырмалы диагностикасы үшін тиімді зерттеу әдісі ... болып табылады.
а) бүйректің пункциялық биопсиясы
б) экскреторлы урография
в) радиоизотопты зерттеу
г) клиникалық- лабораторлық зерттеу
д) бүйректің компьютерлі томографиясы
4~ Науқас В., 19 жаста. Бас ауруымен бел аймағында ауырсынумен бетінің және аяқ-қолдарының ісінуіне шағымданып келді. Зәр шығаруы сирек. Анамнезінен: 3 апта ангина мен ауырған. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Зәр анализінде: олигурия 500мл/ тәул., гематурия, эр 40, лейкоцитурия, белок тәул 30 гр. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) Зәр тас ауруы
б) Созылмалы пиелонефрит
в) Созылмалы гломерулонефрит
г) Жедел диффузды гломерулонефрит
д) Бүйрек амилоидозы
5~ Науқас А., 35 жаста, кіші дәретке отырғанда күдіріп ауырсынуға, белінің оң жағынан ауырсынуға және қызбаға шағымданады. Жалпы зәр анализінде – салмағы – 1024, ақуыз – іздері анықталады, лейкоцит 100-ге дейін көру алаңында, эритроцит – 2-3 к/а, бактерия , шырыш . Бұл аталған белгілер ... тән.
а) жедел пиелонефритке
б) созылмалы гломерулонефритке
в) жедел гломерулонефритке
г) созылмалы пиелонефритке
д) интерстициальді нефритке
6~ Науқас М., 57 жаста, ішкі органдардың келесі өзгерістері анықталды: бүйрек өлшемдерінің ұлғаюы, шамалы гепатомегалия мен спленомегалия, ащы ішектерде сіңірудің бұзылыстары. Зәр анализінде өте жоғары протеинурия – 20 г/л дейін. Бұл өзгерістер ... тән.
а) созылмалы пиелонефритке
б) бүйрек амилоидозына
в) созылмалы гломерулонефритке
г) жедел гломерулонефритке
д) диабеттік нефропатияға
7~ Науқас әйел И., 48 жаста, ОДА дәрігеріне келесі шағымдармен: бас ауруы, аяқтарындағы ісінулер, жүргенде ентігу, әлсіздік, тәбетінің төмендеуімен келді. 10 жыл бойы бүйрегі ауырады. Объективті: аяқтарының ісінуі. Жалпы қан анализінде: Нв–96 г/л; Эр.–2,8х1012/л; Лейк.- 8,8х109/л; ЭТЖ–35 мм/сағ. Мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л.Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005; ақуыз -4,5 г/л; лейк.– 6-10 к/а; эр.– 20- 25 к/а; гиалинді цилиндрлер - 2-3 к/а. Бұл көрсеткіштер ...тән.
а) созылмалы бүйрек шамасыздығына
б) созылмалы гломерулонефритке
в) бүйрек тас ауруына
г) созылмалы пиелонефритке
д) бүйрек поликистозына
8~ Науқас әйел К. 29 жаста, келесі шағымдармен: оң жақ беліндегі ауырсыну, бас ауруы, 38 С дейін қызба, жиі зәр шығарумен түсті. 4 жылдан бері ауру, бірнеше рет емделген. Ауруы аяқтарын суықтатып алғаннан кейін қозған. Объективті: беті ісінген, бозарған, қабақтары ісінген. Пастернацкий симптомы оң. Қан анализі: Нв – 114 г/л, лейк.- 9,8х109/л; ЭТЖ – 34 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. – 1025, ақуыз –0,99 г/л, Лейк.– бүкіл көру алаңында; гиалинді цилиндрлер –2-4 к/а. Диагнозды анықтау үшін ... қажет.
а) Реберг-Тареев сынамасын жүргізу
б) функциональді Зимниций сынамасын жүргізу
в) зәрді микобактерия туберкулезге себу
г) зәрді бактериологиялық зерттеу
д) қанды иммунологиялық зерттеу
9~ Науқас Д., 27 жаста, бірнеше жылдан бері бүйрек ауруы мен буындық синдроммен ауырады, қан сарысу протеинограммасында альбумин-глобулин коэффициенті 0,8-ге дейін төмендеген, гипопротеинемия, диспротеинемия, альфа-2 және гамма- глобулин фракциялары 30 %-ға дейін жоғарылаған. Бұл өзгерістер ... тән.
а) несептас ауруына
б) созылмалы гломерулонефритке
в) жедел пиелонефритке
г) жедел гломерулонефритке
д) созылмалы пиелонефритке
10~ Науқас әйел Г., 24 жаста, әйелдер консультациясына әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға шағымданып келді. Тексергенде: жүктіліктің 17 аптасы, АҚҚ – 110/70 мм.с.б. Жалпы зәр анализі: салмағы-1008, лейк – 14-25 к/а. Нечипоренко сынамасы: эр-500, лейк-4500, цилиндр-100. Антибиотиктерден .... тағайындалады.
а) плацента барьерінен оңай өтетін тетрациклинді
б) кері әсері өте төмен макролид - ровамицин
в) нефро- және ототоксикалық әсері бар аминогликозид - гентамицин
г) плацента барьерінен өтетін цефалоспорин цефазолин
д) түзіліп келе жатқан сүйек-буын ұлпасына токсикалық әсер ететін норофлоксацин
11~ Науқас А., 49 жаста бүйрек ауруымен бірнеше жылдан бері ауырады. Тексергенде беті мен қабақтарында шамалы ісіну бар. АҚҚ жоғарлаған. Бүйрек пальпациясында ауырсынады. Зәр анализінде: гипостенурия 1007-1010, лейкоцитурия, микрогематурия. УДЗ-да: бүйрек өлшемдері ұлғайған, контурлары нақты емес, екі бүйректе де диаметрі 2х3 см қуыстар анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) бүйрек поликистозы
б) несептас ауруы
в) созылмалы пиелонефрит
г) созылмалы гломерулонефрит
д) өкпе туберкулез почек
12~ Науқас әйел Д., 27 жаста келесі шағымдармен: беті мен аяқтарының ісінуі, бел тұсындағы ауырсыну, дене қызуы 38 С көтерілуі, қол буындарының ауырсынуымен қаралды. Жазда курортта демалғаннан кейін бірінші рет бетінде, ұртында, мұрын үстінде қызару пайда болған, қызба және шаш түсу. Қан анализінде: Нв–81г/л, Эр.– 2,8х1012/л; Лейк.- 3,6х109/л; Э–8%; ЭТЖ– 40 мм/сағ; СРБ (), гамма-глобулин-25%. Зәр анализінде: ақуыз – 3,1 г/л, лейк.–10 к/а, эр. –25 к/а, гиалинды цилиндрлер – 10 к/а. Сіздің болжам диагнозыңыз:
а) жедел пиелонефрит
б) жедел гломерулонефрит
в) подагралық нефропатия
г) қызыл жегілік нефрит
д) созылмалы гломерулонефрит
13~ Науқас әйел И., 48 жаста ОДА дәрігеріне келесі шағымдармен келді: бас ауруы, аяқтарының ісінуі, жүргенде ентігу, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Бүйрек ауруымен 10 жылдан ауырады. Жалпы қан анализінде: Нв–96 г/л; Эр.–2,8х1012/л; Лейк.- 8,8х109/л; ЭТЖ–35 мм/сағ. Мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде: тығыздығы – 1005; ақуыз-4,5 г/л; лейк.– 6-10 к/а; эр.– 20- 25 к/а; гиалинді цилиндр - 2-3 к/а. Клиникалық диагнозды нақтылау үшін ... қажет.
а) шумақтық фильтрацияны анықтау
б) зәрді микобактерия туберкулезіне себу
в) Бенс-Джонс ақуызын анықтау
г) зәрді бактериологиялық зерттеу
д) Нечипоренко сынамасын жасау
14~ Науқас С., 35 жаста бетіндегі, аяқтары, сандары және бел аймағының ісінуіне шағымданады. Жас шағынан брохэктазды аурумен ауырады, соңғы жылда зәрінде бірнеше рет протеинурия анықталды. Қан анализінде: ЭТЖ – 50 мм/сағ; жалпы ақуыз – 47 г/л; зәр анализінде – тығыздығы - 1030; ақуыз – 12 г/л, гиалинді цилиндрлер – 5-7 к/а. Диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі ... болып келеді.
а) қанның ақуыз фракцияларын анықтау
б) қандағы креатинин деңгейін анықтау
в) функциональді Зимницкий сынамасы
г) шумақтық фильтрацияны анықтау
д) тік ішектің шырышты қабатын биопсиялау
15~ Қан сарысуындағы ... деңгейі созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дәрежесін ең нақты көрсетеді.
а) калий
б) мочевина
в) қалдық азот
г) креатинин
д) несеп қышқылы
16~ Нефротикалық синдромның негізгі клиникалық белгісіне ... жатады.
а) гематурия
б) тәулігіне 3,5 г-нан жоғары протеинурия
в) артериялық гипертензия
г) пиурия
д) гипоизостенурия
17~ Созылмалы гломерулонефритте глюкокортикоидтарды қолдану көреткіштеріне ... жатады.
а) гипертензия
б) зәр синдромы
в) нефротикалық синдром
г) бүйрек жетіспеушілігі
д) профилактикалық емдеу курсы
18~ 28 жастағы әйел әйелдер консультациясына 17-18 апталық жүктілік бойынша тіркеуге алынды. Объектив тексергенде аяқтарында ісік бары анықталды. АҚҚ 160/90 мм сын. бағ. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1012, белок деңгейі 1,066 г/л, лейкоциттер 4-5, эритроциттер көру аймағында 7-8; лейкограммада – 40% лимфоциттер. Зимницкий сынамасы: салыстырмалы салмағының ауытқуы – 0,007. ЭКГ – сол қарынша гипертрофиясының белгілері. Қандағы креатинин деңгейі 100 мкмоль/л. Бұл жағдайдағы жүктілік кезінде бірге бүйрек зақымдалуының нұсқа ретінде ... болып келеді.
а) Жүктілік гестозы
б) Жіті гломерулонефрит
в) Созылмалы пиелонефрит
г) Жіті пиелонефрит
д) Созылмалы гломерулонефрит
19~ 35 жастағы науқас ер адам жанұялық дәрігерге соңғы 5 күнде бел тұсында тартып ауыруға, жиі ауырсынулы диурезге, дене қызуы 38-38,50С көтерілуге шағымданды. Дәрігерге қаралмаған. Тері қабаты бозарған. АҚҚ – 180/100 мм сын. бағ. Пастернацкий симптом оң жағында оң мәнді. ЖЗА: полиурия, салыстырмалы салмағы төмендеген, айқын емес протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия. ЖҚА: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған, гипохромды анемия. Бұл жағдайда бүйрек УДЗ-де ... өзгерістерді көруге болады.
а) Бүйрек өлшемдерінің асимметриясы, тостақша-астау жүйесінің деформациясы, бүйрек паренхимасының диффузды акустикалық біркелкісіздігі
б) Бүйрек өлшемдерінің симметриялы ұлғаюы, паренхимасының акустикалық біркелкілігі
в) Паренхима ісінуі, тығыздалуы. Бүйрек контурлары ажыратылмайды.
г) Бүйрек өлшемдерінің екі жақты азаюы, паренхимасының акустикалық біркелкілігі
д) Паранефралды клетчатка ісінуі, бүйрек қозғалысының шектелуі
