- •Тақырып 1. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаты мен дебиторлық берешектер
- •Дәрістің мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып- 2: «қорлар есебі ( қехс 2)»
- •4. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі.
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып – 3. Негізгі құралдар есебі ( хқес 16)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып 4. Материалдық емес активтердің есебі (қехс 38)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Тақырып 6. Ұйымның міндеттемелерінің есебі
- •Дәрістің мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып 7. Түсім кірістер мен шығыстарды тану (18 хқбс)
- •Дәрістің негізгі мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Тақырып 8: «капитал және резервтер есебі»
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Міндеттемелердің қандай түрлері бар?
2.Міндеттемелер қандай шоттарда есептеледі?
3.Ұзақ мерзімді міндеттемелерге нелер жатады?
4.Ағымдағы міндеттемелер қалай есепке алынады?
5.Міндеттемелер есебінде қандай бухгалтерлік құжаттар пайдаланылады?
Әдебиеттер тізімі : 1,2,3,4,5,6,7,10,11,12
Тақырып 7. Түсім кірістер мен шығыстарды тану (18 хқбс)
Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның табысы мен шығысын тану қағидалары, олардың өлшемін, табысты тану оқиғаларын зерттеп, табыс пен шығыс есебін меңгеру.
Негізгі түсініктер: табыс, түсім, шығыс, пайда, зиян
Дәріс сұрақтары:
1. Табысты тану қағидалары
2. Тауарларды сатудан, қызмет керсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер туріндегі түсімді тану.
3. Ұйымның шығысының есебі
4. Қорытынды кірісті немесе зиянды тану, жабылушы жазбалар
5. Корпоративті табыс салығы бойьнша шығындар есебі.
Дәрістің негізгі мазмұны
Қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:
Тауарды сатқан кезде;
Қызмет көрсеткен сәтте;
Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.
Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.
Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:
Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;
Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;
операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;
Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.
Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.
Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.
Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;
Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.
Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.
ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.
Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.
Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:
активті бергеннен кейінгі танылған табыс;
активті бергенге дейінгі танылған табыс;
активті беру сәтінде танылған табыс.
Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:
Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.
Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.
№11стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.
Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:
Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100
Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:
Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)
Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кез‑келген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.
Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:
Тура шығыстар- табысппен байланысты өткізілген тауардың өзіндік құны. Мұндай шығыстар дәл сол операциялар немесе оқиғаларды іске асыру нәтижесінде туындайтын табысты танумен бірге танылады.
Кезең шығыстары- -өткізу процессімен байланысты шығыстар және жалпы әкімшілік шығыстар. Бұл шығыстар қай кезеңде туындаса сол кезең ішінде танылады.
Таратылған шығыстар- бұл амортизация және сақтандыру тәріздес шығыстар. Мұндай шығыстар тиісті активтер пайда әкеледі деп күтілетін кезеңдерге жүйелі түрде таратылып бөлінеді.
Өнімді өткізуге тікелей қатысты шығыстар.
Кезең ішінде өнімді сатумен тікелей байланысты шығыстарға әдетте мыналар жатады:
Өндірісте пайдаланылатын материалдар мен еңбектің өзіндік құны немесе есепті кезең ішінде өткізілетін тауарларды, қорларды, шикізатты сатып алу шығыстары (өткізілген тауарлардың өзіндік құны).
Өткізу процессімен байланысты шығыстар (сату бойынша сыйақылар, еңбек ақы, жал, жүкті тасымалдау шығындары).
Сатылған өнімге кепілдемелік міндеттемелер бойынша шығыстар.
Сәйкес келу қағидасына сәйкес,өнімді өткізумен тікелей байланысты шығыстарды өнімді сатумен байланысты табыстар танылатын есепті кезең ішінде шығыс ретінде тану қажет.
Қызметті өткізуге тікелей қатысты шығыстар.
Оларды келесідей жіктеуге болады:
Бастапқы тура шығындар-бұл қызмет көрсету бойынша жүргізілген операциялар және келіссөздермен тікелей байланысты шығындар. Мұндай шығындарға сыйақылар, заң қызметтерін көрсеткені үшін гонорарлар, сауда агенттеріне берілетін өтем ақы жатады.
Қосымша тура шығындар-бұл қызметтерді өткізумен байланысты шығындар. Мысалы, қызмет көрсету мәмілесіне қосылмай қалған, бірақ қызмет көрсету операцияларына қатысқан қосалқы бөлшектер мен еңбек құны.
Барлық тура шығыстарды табыстар мен шығыстардың сәйкес келуі қағидасы бойынша танылатын қызметтен түскен табыс танылған кездегі кезең шығыстары ретінде тану қажет.
Табыс пен шығыстар есебі Типтік шоттар тізбегінің 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттарында есепке алынады. Табыс танылғанда 6-бөлім шоттары кредиттеледі және ал шығыс танылғанда 7-бөлім шоттары кредиттеледі. Есепті кезең аяғында уақытша шоттарда есепке алынған табыстар мен шығыстар есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зиян) шоттарына аударылып жабылады. Табыс шоттары жабылғанда дебеттеледі, ал шығыстар шоттары – кредиттеледі.
