- •Тақырып 1. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаты мен дебиторлық берешектер
- •Дәрістің мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып- 2: «қорлар есебі ( қехс 2)»
- •4. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі.
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып – 3. Негізгі құралдар есебі ( хқес 16)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып 4. Материалдық емес активтердің есебі (қехс 38)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Тақырып 6. Ұйымның міндеттемелерінің есебі
- •Дәрістің мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып 7. Түсім кірістер мен шығыстарды тану (18 хқбс)
- •Дәрістің негізгі мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Тақырып 8: «капитал және резервтер есебі»
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Материалдық емес активтердің сипаттамасы?
2. Материалдық емес активтердің жіктелуі?
3. Материалдық емес активтердің есебін жүргізу тәртібі?
4. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу,
5. Материалдық емес активтердің аналитикалық есебі?
Әдебиеттер тізімі : 1,2,3,4,5,6,7,10,11,12
Тақырып 5. АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ (36 ҚЕХС)
Сабақтың мақсаты: Активтердің құнсыздануы түсінігін ашу және 36 ҚЕХС-ті қолдануды үйрену.
Негізгі түсініктер: Активтердің құнсыздануы, Орны толтырылатын құн, орны толтырылатын құн, басты (генерирующая) бірлік, Құнсыздану белгілері, Құнсызданудан алынатын інинды қайта қалпына келтіру (реверсирование).
Дәріс сұрақтары:
1. Активтердің құнсыздануы түсінігін
2. 36 ҚЕХС қолдану аясы
3. Орны толтырылатын құн.
4. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн.
5. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік.
Дәрістің мазмұны:
36 Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.
36 Стандарт мыналардан басқа барлық активтердің құнсыздануын есепке алу үшін қолданылуға тиіс:
(а) босалқыларды (2-"Босалқылар" IAS Халықаралық стандартын қараңыз);
(b) құрылыс салуға жасалған шарттардан туындайтын активтерді (11-"Құрылыс салуға жасалған шарттар" IAS Халықаралық стандартын қараңыз);
(с) кейінге қалдырылған салық активтерін (12-"Пайдаға салынатын салықтар" IAS Халықаралық стандартын қараңыз);
(d) қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерді (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандартын қараңыз);
(е) 39-"Қаржы құралдары - тану және бағалау" IAS Халықаралық стандартын қолдану саласындағы қаржы активтерін;
(f) әділ құны бойынша бағаланатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті (40-"Инвестициялық жылжымайтын мүлікті" IAS қараңыз);
(g) ауылшаруашылық қызметіне байланысты және көзделген өткізу шығыстары шегерілген әділ құны бойынша бағаланатын биологиялық активтерді (41-"Ауыл шаруашылығын" IAS қараңыз);
(h) кейінге қалдырылған аквизицияланған шығындарды және 4-“Сақтандыру шарттары” IFRS Халықаралық стандарты қолданылатын саладағы сақтандырушының сақтандыру шарттары шеңберіндегі шарттық құқықтарынан туындайтын материалдық емес активтерді;
және
(і) 5-“Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет” IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығып қалу топтарын).
Мынадай терминдер 36 Стандартта төменде көрсетілген мағыналарында пайдаланылады:
Активтік нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:
(а) нарықта мәміле объектілері біртекті болып табылады;
(b) әдетте, кез келген уақытта мәміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін;
және
(c) бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.
Кәсіпорындарды біріктіру туралы келісімнің күні бірігетін тараптардың арасында елеулі келісімге қол жететін күн болып табылады, және, жария листингісі бар ұйымдар болған ретте, жұртшылықтың назарына жеткізіледі, дұшпандық жұтылу жағдайында біріккен тараптардың арасында елеулі келісім жасалатын күн сатып алынатына ұйым иелерінің жеткілікті саны осы сатып алынатын ұйымға бақылау орнату туралы сатып алушы-ұйым ұсыныс қабылдаған күн болып табылады.
Баланстық құн – жинақталған амортизация және құнсызданудан болған жинақталған залал сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.
Қозғалысқа келтіретін бірлік – бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар тасқынына едәуір дәрежеде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.
Корпорациялық активтер – бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын іскерлік беделден басқа активтер.
Шығару шығындары – бұл қаржы шығындарын және, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.
Амортизацияланатын құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.
Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.
Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген әділ құн – бұл жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.
Құнсызданудан болған залал – бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.
Активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның әділ құны немесе оны пайдалану құндылығы болып табылады.
Пайдалы қызмет мерзімі – бұл не:
(а) ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі; - не
(b) өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.
Пайдалану құндылығы – бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының дисконтталған құны.
Стандарттың мақсаты рәсімді орнату болып табылады, яғни кәсіпорын өтелетін құннан жоғары болмайтын көлемі бойынша өзінің активтерін есепке алу үшін пайдаланылады. Егер оның баланстық құны соммасынан асып жатса және сомма осы активтің сатуынан немесе пайдалануынан өтелетін болса, онда өтелетін құннан жоғары болмайтын көлемі бойынша актив есептелінеді.
