- •Тақырып 1. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаты мен дебиторлық берешектер
- •Дәрістің мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып- 2: «қорлар есебі ( қехс 2)»
- •4. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі.
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып – 3. Негізгі құралдар есебі ( хқес 16)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып 4. Материалдық емес активтердің есебі (қехс 38)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Тақырып 6. Ұйымның міндеттемелерінің есебі
- •Дәрістің мазмұны:
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырып 7. Түсім кірістер мен шығыстарды тану (18 хқбс)
- •Дәрістің негізгі мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
- •Тақырып 8: «капитал және резервтер есебі»
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
- •Дәріс мазмұны
- •Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Тауарлық –материалдық қорларға анықтама беріңіз.
2.Тауарлы – материалдық қорлар қалай бағаланады?
3.Тауарлы – материалдық қорлар есебінде қандай құжаттар қолданылады?
4.Материалдық қорлардың жіктелуі
5.Тауарлы – материалдық қорлардың құжатталуы
Әдебиеттер тізімі : 1,2,3,4,5,6,7,10,11,12
Тақырып – 3. Негізгі құралдар есебі ( хқес 16)
Тақырыптың мақсаты: негізгі құралдар туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.
Негізгі түсініктер: ұзақ мерзімді активтер, негізгі құалдар, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.
Дәріс сұрақтары:
1. Негізгі құралдар туралы түсінік, оларды тану критерийлері және бағалау.
2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.
3. Негізгі құралдардың тозу есебі.
4. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары..
5. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету.
Дәріс мазмұны:
Негізгі құралдар есебі 16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер.үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде танылуы (есепке алуға) тиісті:
а) Егер кәсіпорынның активпен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
б) Егер кәсіпорын үшін оларды сатып алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құрал есебін ойдағыдай жүргізу үшін жүйелеп топтастыру қажет. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құрал деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.
Өндірістік емес негізгі құрал қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады. Негізгі құралдар өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы, орман, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату, өткізу әосіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқа ұйымдар,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құрал пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.
3. Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.
4. Көлік құралдары
5. Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай мсншікті яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:
1. Өзіндік (бастапқы) құны
2. Жойылу құны
3. Амортизациялық (тозу) құны
4. Әділетті (сатып өткізу) құны
5. Баланстық құн
6. Өтелмелі құны
Өзіндік құн (бастапқы)- бұл төленген ақша қаражаттарының немесе баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі алдымен өзіндік құн бойынша өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
- жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны оның сатып алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды қамтиды;
- сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған кезде шегеріледі. Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:
1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда;
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:
1) Нақты ақшаға сатылып алынады.
2) Несиеге алынады.
3) Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады).
4) Басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады.
5) Салу, құру, жасау арқылы алынады.
6) Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына кіреді:
Сатып алу бағасы;
Жеткізуге кеткен шығындар;
Қызметкерлерге төленетін өтем ақы;
Және басқа да тікелей шығындар.
Негізгі құралды қарызға алу: ҚЕХС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.
Активтермен алмасу: ҚЕХС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.
Мысалы: Компания автомобильді құрал-жабдыққа ауыстырды. Автомобильдің баланстық құны 450 000 ш.б. (бастапқы құны 500 000 ш.б. шегерілген жинақталған амортизация 50 000 ш.б.) Автомобиль әділ құны сенімді емес.
Шешуі: Компания «Барс» үшін
Дебет 2410 Негізгі құралдар: құрал-жабдық 450 000
Дебет 2420 Автомобильдің жинақталған амортизациясы 50 000
Кредит 2410 Негізгі құралдар - автомобиль 500 000
Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ҚЕХС 20 «Мемлекеттік субсидияны есептеу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» стандартына сәйкес мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар:
Капитал әдісі
Табыс әдісі
Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал түрінде көрсету.
Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе бірнеше есеп мерзімінде тану.
Жерді сатып алу егер жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына капитализацияланады.
Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі. Негізгі құралдар кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:
- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;
- моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;
-объектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;
- табиғи апат, авария және басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде;
- басқа субъектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша тапсыру;
- бұрын жалға сатып алу құқығымен берілген объектілер бойынша меншік құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;
- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;
Негізгі құралдар кәсіпорыннан қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін бастапқы құны мсн тозу сомасы есептсн шығарылады. Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.
Тозу дегеніміз-негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.
Негізгі құралдар шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндылықтарын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Оны амортизация деп атаймыз.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі құрал объектісінің жалпы өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компоненті жеке амортизациялануы тиіс. Негізгі құралдардың амортизациялық құны жүйелі түрде объектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып отырылуы керек.
16 ХҚЕС-қа сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:
1.құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
2.құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
3.жеделдетіп есептен шығару;
а) қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
Негізгі құрадардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құраддың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін тандау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің кұны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзактығына байланысты болып келеді.
