Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.16 Кб
Скачать

5.25.Стандарт «Қолға үшкіл орамал арқылы таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: қолды иммобилизациялау.

Көрсеткіштері: бұғананың, қолдың жарақаттары.

Ресурстар: үшкіл орамал, түйреуш.

Іс алгоритмі:

1.Жарақаттанған қолды физиологиялық жағдайға келтіру (білек буынында бүгіп денеге қысу).

2.Орамалдың табанын өзіңе қаратып екі қолыңа жаю.

3.Жарақаттанған қолдың физиологиялық жағдайын бұзбай орамалдың ұшін білек буынның артына келтіріп білекті орналастыру.

4.Орамалдың бос шеттерін науқастың мойынына байлау.

5.Орамалдың ұшін иықтың алдңғы бетінде түйреу.

5.26.Стандарт «Кеуде торына шиыршықты таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: кеуде торында таңғыш материалдарды бекіту.

Көрсеткіштері: кеуде торының жарақаттары.

Ресурстар: ұзындығы 100-120см бинт бөлігі, ені 15-20см бинт, қайшы, түйреуш.

Іс алгоритмі:

1.Ұзындығы 100-120см бинт бөлігін ал.

2.Иықтан асып қой.

3.Семсер тәрізді өсіндісінен төмен 2 циркулярды ораммен кеуде торына бекіт.

4.Алғашқы орамдардың ½ немесе 1/3 бөлігін жауып отырып кеуде торын қолтық асты шұқырына деін шиыршықты таңу.

5.Бинтті түйреушпен немесе жабысқақ пластырьмен бекіту.

6.Қарсы иықта бинт бөлігінің бос шеттерін байлау.

5.27.Стандарт «Сүт безіне бинтті таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалдарды бекіту.

Көрсеткіштері: мастит себебінен болған операция, жарақаттар, күйік.

Ресурстар: ені 20см бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызу, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.Бинттің шетін сол қолға, басын - оң қолға ал (таңғыш өң жақ сүт безіне салынса).

3.Сүт безінің астынан 2 бекіту тур жасау.

4.Бинтті арқадан қолтық асты шұқырына алып келу.

5.Сүт безін төменнен алып бинтті қиғаш жоғарыға қарсы иықтың үстіне алып бару.

6.Бинтті арқадан зақымданған жағының қолтық асты шұқырына алып келу.

7.Сүт безін жоғарыдан алып бинтті сау қолтық асты шұқырына алып келу. 4, 5, 6 пунктті қайталау.

8.Сүт безі толық жабылғанша турларды қайталау.

9.Сүт безінің астында 2 бекіту тур жасап таңуды аяқтау. Таңғыштың шетін кесіп байлау.

5.28.Стандарт ««Гиппократ тақиясы» таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалды баста бекіту.

Көрсеткіштері: бастың жарақаты.

Ресурстар: ені 10см 2 бинт, қайшы, жабысқақ пластырь.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.2 бинтті 15см ұзындығына жаю.

3.Бинттердің шеттерін қарама қарсы жалғау. Екі басты бинт болады.

4.Екі басты бинтті екі қолға алу.

5.Бинтті маңдайдан желкеге алып бару.

6.Желке аймағында бинттерді айқастыру. Бинттің 1-ші басын желкеден маңдайға, бастың күмбезін жауып, 2-ші басымен циркулярды ораммен басты айналу.

7. 1-ші бинтті - маңдайдан желкеге алып бару, маңдай аймағында 2-ші бинтпен айқастырып. 2-ші бинтті төбе арқылы жүргізу (алғашқы ораммның ½ бөлігін жауып), 1-ші бинтпен басты айналып өту.

8.Төбе жабылғанша таңу.

9.Бастың күмбезі толық жабылғанша орамдарды қайталау.