- •«Хирургиялық аурулар» пәні бойынша мамандық стандарттар
- •V.I.Асептика және антисептика
- •5.1.Стандарт «с-4 қосындымен қолды өндеудің техникасы» (первомур)
- •5.2.Стандарт «Көмекшінің көмегімен операциялық медбикеге зарарсыздандырылған халатты кигізудің техникасы».
- •5.3. Стандарт «Хирургті киіндірудің техникасы»
- •5.4. Стандарт «Филончиков-Гроссих әдісімен операциялық алаңын өндеудің техникасы»
- •V.II.Қансырау.
- •5.5. «Артериалды қан ағуда резеңке жгут салудың техникасы»
- •5.6. Стандарт «Қысатын таңғыш салудың техникасы»
- •5.7. Стандарт «Бұрау салудың техникасы»
- •V.III.Қан топтары, қан құю.
- •5.8. Стандарт «Стандартты сарысу арқылы қан топтарын анықтау техникасы»
- •5.9. Стандарт «Цоликлон арқылы қан топтарын анықтау техникасы»
- •5.10.Стандарт «Экспресс-метод арқылы резус-факторды анықтау техникасы»
- •5.11. Стандарт «Жеке сәйкестікті анықтауға арналған сынаманың техникасы»
- •5.12. Стандарт «Резус-тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтауға арналған сынамасының техникасы»
- •5.13. Стандарт «Цоликлон арқылы резус-факторды анықтау техникасы»
- •5.14. Стандарт «Полиглюкин арқылы резус сәйкестік сынаманы қоюдың техникасы»
- •5.15. Стандарт «Биологиялық сынаманы жасау техникасы»
- •V.IV.Десмургия
- •5.16.Стандарт «Бинт таңғыш салудың техникасы»
- •5.17.Стандарт ««Милықтата» таңғыш салудың техникасы»
- •5.18.Стандарт ««Жүген» таңғыш салудың техникасы»
- •5.19.Стандарт «Екі көзге таңғыш салудың техникасы».
- •5.20.Стандарт «Бәрі саусаққа шиыршық «Қолғап» таңғыш салудың техникасы»
- •5.21.Стандарт ««Дезо» таңғыш салудың техникасы»
- •5.22 Стандарт «Масақ тәрізді иық білекке таңғыш салудың техникасы»
- •5.23. Стандарт «Жіліншік буынына таңғыш салудың техникасы»
- •5.24. Стандарт «Білезікке «Қолғап» қайталамалы таңғыш салудың техникасы»
- •5.25.Стандарт «Қолға үшкіл орамал арқылы таңғыш салудың техникасы»
- •5.26.Стандарт «Кеуде торына шиыршықты таңғыш салудың техникасы»
- •5.27.Стандарт «Сүт безіне бинтті таңғыш салудың техникасы»
- •5.28.Стандарт ««Гиппократ тақиясы» таңғыш салудың техникасы»
- •5.29.Стандарт «Желкеге крест тәрізді таңғыш салудың техникасы»
- •V.V. Жансыздандыру
- •5.30.Стандарт «а.В.Вишневский атты инфильтрациялық бөлекқабатты жансыздандыру жасау техникасы»
- •5.31.Стандарт «Гипс таңғыш салудың ережелері»
- •5.32 Стандарт «Гипс бинтті дайындаудың техникасы»
- •5.33. Стандарт «Білек сүйектері сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.34. Стандарт «Иық сүйегі сынғанда гипсті гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.35. Стандарт «Жіліншік сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.36. Стандарт «Сан сүйегі сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.37. Стандарт «Гипс таңғыш алудың техникасы»
- •5.38. Стандарт «Транспорттық құрсау салудың ережелері»
- •5.39. Стандарт «Иық сүйегі сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»
- •5.40. Стандарт «Білек сүйектері сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»
- •5.41. Стандарт «Жіліншік сүйектері сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»
- •5.42. Стандарт «Дитерихс құрсау салудың техникасы»
- •5.43. Стандарт «Медициналық пневматикалық құрсауды салу»
- •5.44. Стандарт «Алғашқы медициналық көмек көрсетуде жасалынатын жараның өндеуі»
- •5.45. Стандарт «Таңудың техникасы»
- •5.46. Стандарт «Операциядан кейін таза жараны таңу техникасы»
- •5.47. Стандарт «Іріңді жараны таңу техникасы»
- •5.48. Стандарт «Сіреспеге қарсы өзгеше алдын алуын жүргізу»
- •5.49. Стандарт «Теріге тігіс салу техникасы»
- •5.50. Стандарт «Түйінді тігіс алудың техникасы»
- •5.51. Стандарт «авс жүйемен жүрек-өкпе реанимация жүргізу техникасы»
- •5.52. Стандарт «Тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуінде жедел жәрдем»
- •5.53. Стандарт «Кеуде торының тесілуінде көрсетілетін алғашқы көмек (пневмоторакс)»
- •5.54. Стандарт «Бас-ми зақымдалған кездегі алғашқы көмек»
- •5.55 Стандарт «Іштеспе кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.56. Стандарт «Қысылып қалу синдром кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.57. Стандарт «Омыртқа жарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.59. Стандарт «Электржарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.60. Стандарт «Іш тесілген жарақаты кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек»
- •5.61. Стандарт «Іштің жабық жарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.62. Стандарт «Бір құлаққа таңғыш салған кездегі мейірбикенің іс алгоритмі»
5.6. Стандарт «Қысатын таңғыш салудың техникасы»
Мақсаты: көк тамырдан және капиллярлардан аққан қанды тоқтату, бастың жұмсақ үлпаларынан аққан қанды тоқтату.
Ресурстар: зарарсыздандырылған салфеткалар, зарарсыздандырылған қолғап, йодонаттың 1% ерітіндісі, дәке-мақта тампоны, бинт, антисептик ерітіндісі, 2 пинцет, спирт, ауырсынуды басатын дәрмектер, КБУ шөлмек. Іс алгоритмі:
1.Қолдарды спиртпен өндеу.
2.Қолғапты кию.
3.Науқасты тексеріп тыныштандыру, жатқызу.
4.Науқастың жағдайын, жараны бағалау.
5.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
6.Науқасты жәйлі жатқызу, жара өндеуге ыңғайлы жағдайда болу қажет.
7.Жараның шеттерін йодонаттың 1% ерітіндісімен өндеу.
8.Жараны салфеткамен құрғату.
9.Жараның үстін зарарсыздандырылған салфеткамен жабу.
10.Салфетканың үстіне дәке-мақта тампонды салу.
11.Тампонды бинт таңғышпен бекіту (жараның орналасуына қарай).
12.Науқасты ауруханаға тасымалдау, ҚҚ, пульсті, есін, таңғышты бақылап отыру.
13.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.
Ескерту:
-қысатын таңғыш көк тамырдан және капиллярлардан қан кеткенде қолданылады;
-алғашқа көмек ретінде қолданылады.
5.7. Стандарт «Бұрау салудың техникасы»
Мақсаты: артериалды қан ағуды тоқтату.
Көрсеткіштер: артериалдық қан ағу.
Ресурстар: салфетка, таяқша, қағаз, резеңке қолғап, таңғыш материалдар, бинт, КБУ шөлмек.
Іс алгоритмі:
1.Науқасты тексеріп тыныштандыру, жатқызу.
2.Науқастың жағдайын, жараны бағалау.
3.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
4.Аяқ-қолды көтеріңкі қалыпқа келтіру.
5.Қолдарды спиртпен өндеу.
6.Қолғапты кию.
7.Бұрау салынатын жерге жарадан жоғары салфетканы орнату.
8.Салфетканың шеттерін байлау.
9.Таяқшаны еңгізіп, қан тоқтағанша және пульс жоғалғанша бұрау.
10.Таяқшаның бос шетін таңғышпен бекіту.
11.Жараны өндеп асептикалық таңғыш салу.
12.Бұраудың астына салудың уақытын жазып қыстыру.
13.Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау.
14.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.
V.III.Қан топтары, қан құю.
5.8. Стандарт «Стандартты сарысу арқылы қан топтарын анықтау техникасы»
Мақсаты: қан тобын анықтау.
Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операциядан кейін кезеңінде, қан аурулары кезінде.
Ресурстар: арнайы планшеттер, изотоникалық ерітінді, пипеткалар, шана таяқшалар, бір рет пайдаланатын скарификатор, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, стандартты сарысудың 2 сериясы, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.
Іс алгоритмі:
1.Стандартты сарысудың сапасын тексеру: түрі (ақшыл мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қан тобы және титр жазылған заттаңбасын, жарамдылық мерзімін.
2.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
3.Қалпын бақылауға жарайтын жағдаймен науқасты жатқызу.
4.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.
5.Қолғапты кию.
6.Бөлек пипеткалармен стандартты сарысудың 2 сериясында 1 тамшыдан планшеттің ұйяшықтарына құю (I, II, III топтар).
7.Спиртке малынған мақта тампонымен науқастың сол қолының шеткі бөлігін өндеу.
8.Скарификатормен тесіп қанның 1-ші тамшысын зарарсыздандырылған шарикпен сүрту.
9.Бөлек шыны таяқшамен қанның тамшысын алу.
10.1 тамшыдан планшеттің ұйяшықтарына сарысудың қасына құю 1:10 үйлесіммен.
11.Қанмен сарысуды араластырып шамалап шайқау.
12.Реакцияны 5мин бақылау.
13.Агглютинация болған ұйяшықтарға 1 тамшыдан изотоникалық ерітіндіні қосу.
14.Нәтижесін бағалау: агглютинация болған ұйяшықтарда реакция оң, болмаса - теріс.
15.6 ұйяшықтарда да агглютинация болса АВ(IV) топтың сарысуымен бақылау зерттеу жүргізу.
16.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.
0(I) |
A(II) |
B(III) |
AB(IV) |
Қан тобы |
- |
- |
- |
+ |
0(I) |
+ |
- |
+ |
+ |
A(II) |
+ |
+ |
- |
+ |
B(III) |
+ |
+ |
+ |
- |
AB(IV) |
(+)агглютинация бар, (-)агглютинация жоқ
