Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.16 Кб
Скачать

5.37. Стандарт «Гипс таңғыш алудың техникасы»

Мақсаты: гипс таңғышты алу.

Көрсеткіштері: иммобилизация мерзімінің өтуі.

Ресурстар: тігіншінің қайшысы, Штиле қайшысы, Вольф қысқышы, Кнорр кеңейткіші, арнайы қайшы, арнайы пішақ, ара.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Таңылған аяқты арнайы түпқоймаға, ал қолды - ұстелге орналастыру.

4.Таңғышты арнайы қайшы немесе ара арқылы алып тастау. Штиле қайшысы арқылы алу:

-қайшының кесетін шетін гипспен оның астында ораналасқан шпательдің арасына еңгізу;

-бір қолмен үстіңгі түтқасын көтеру - кесетін бөлігі төмен қарай түседі;

-төменгі түтқасы арқылы кесетін бөлігін алға қарай жылжыту;

-екі қолды жақындатып таңғышты кесу.

Ескерту: гипс таңғышты алу кезде аяқ-қолды жарақаттан сақтау қажет:

1.Қыйғаннан кейін кесушінің шеттерін екі жаққа айыру.

2.Аяқ-қолды шетінен ұстап абайлап таңғышты алып тастау.

3.Теріні жұмсақ шүберекпен сабын қосылған жылы сумен жуу.

4.Жеке сулықпен құрғату.

5.Теріні вазелин майымен өндеу.

Ескерту: буын аймағындағы қиын алынатын таңғыштарды гипертоникалық ерітіндімен жұмсарту.

5.38. Стандарт «Транспорттық құрсау салудың ережелері»

Мақсаты: ауруханаға жеткізу мерзімінде жарақаттанған мүшені иммобилизациялау.

Көрсеткіштері: Аяқ-қолдың жарақаттары.

1.Құрсау 2 немесе 3 қатар орналасқан буынға салыну қажет.

2.Аяқ-қолды физиологиялық жағдайда орналастыру.

3.Киім, аяқкиім шешілмейді.

4.Ашық жарақат кезінде асептикалық таңғыш салу.

5.Терімен құрсаудың арасына жұмсақ төсем салу.

6.Земблден қозғалтқанда жарақаттанған аяқ-қолды көмекші ұстайды.

7.Құрсаудың пішінін сау аяқ-қол арқылы жасап алады.

Ескерту: Өздігінен шыққан буынды салуға болмайды. Ашық сынық кезінде сынықтарды орнына келтіруге болмайды. Дұрыс жасалынбаған имобилизация қан-жүйке тамырларына зақым келтіру мүмкін. Қан тоқтататын бұрау ашық болу қажет. Суық ауа райы кезінде аяқ-қол жылы түрде болу қажет. Коматозды жағдай шокқа қарсы іс-шараларға кедергі емес.

5.39. Стандарт «Иық сүйегі сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»

Мақсаты: иық сүйегі сынғанда транспорттық иммобилизация.

Көрсеткіштері: иықтың сынуы, шығуы.

Ресурстар: Крамер құрсауы, бинт, мақта, жансыздандыратын дәрмектер (2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, шприц, қайшы, зарарсыздандырылған қолғап.

Ескерту: Есіңде сақта! Құрсау салу 3 кезеңде өтеді.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандыру.

2.Іс-шаралардың негізін түсіндіру.

3.Қолдарды спиртпен өндеп зарарсыздандырылған қолғапты кию.

4.Жансыздандыратын дәрмектерді еңгізу.

5.Жарақаттанған аймақты зерттеу.

6.Жарақаттың түрін анықтау.

7.Аяқ-қолды ораша физиологиялық жағдайда орналастыру.

8.Жарақаттанған қолды тік бұрыш түрде бүгу. Білекті кеудеге басу.

9.Ені 11см, ұзындығы 120см Крамер құрсауын алу.

10.Құрсауды сау қол арқылы саусақтардың үштарынан білек буынына дейін өлшеп белгілеу.

11.Құрсауды белгілеген жерден тік бұрыш түрде бүгу.

12.Бүгілген құрсауды сау қол арқылы білек буынынан иық буынына дейін өлшеп белгілеу.

13.Құрсауды белгілеген жерден доғал бұрыш түрде бүгу.

14.Құрсауды денеге басу; шеті арқамен сау жауырынға жету қажет.

15.Құрсаудың пішінін сау қол арқылы жасап алады.

16.Құрсауды жарақаттанған қолға салу.

17.Бинтпен сау жауырынға дейін бекіту.

18.Жақсы бекіту үшін үшкіл орамалмен таңу.

Ескерту:

-құрсаудың пішінін сау аяқ-қол арқылы, киімнің ұстінен жасап алады;

-иық, сан буындарында - 3 буынға, білек, жіліншік буындарында - 2 буынға қоса иммобилизация жасалынады.

- құрсаудың ішкі бетіне мақта салынып бинтпен бекітіледі.