Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
58521650df1d7.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.79 Кб
Скачать

5. Жұмысты қалай жоспарлау керек?

Студенттер дипломдық жобаларын жиі ALAP (As-Late-As-Possible ағылшын тілінен аударғанда «мүмкіндігінше кеш») принципі бойынша жазады. ALAP мағынасы мен айтылуы бойынша «соңына дейін созу» қойылған мерзімге үлгеру үшін күн және түн жұмыс жасау дегенді білдіреді. Бұл жақсы әдет емес. Жұмысты тиянақты жоспарлап, команда мүшелерінің арасында міндеттерді бөліп, супервайзермен кестені және мерзімді талдау қажет. Жасалған жұмыс тиімді болмай қалып, басқаша жасау қажеттігі туындауы мүмкін, сондықтан өз кестеңізде осындай тәуекелдерді ескеруіңіз қажет. Сонымен қатар плагиатқа қарсы жүйенің тексеруінен кейін бір жерлерін түзету керек болар, оған да уақыт керек екенін есте сақтаңыз (1 пункте көрсетілген ереже бойынша жазсаңыз бұлай болуы мүмкін емес).

6. Жобаны орындау кезінде студенттер қандай мәселелерге тап болады және осы мәселелердің шешімі.

Жобамен жұмыс жасау сіздің келешектегі кәсіби өміріңізге даярлауы тиіс. Шынайы өмірде жиі кездесетін мәселе - «бөтен біреулердің есебімен жүруді жақсы көретіндер немесе «қояндар» - бұл ортақ іс үшін көп тер төкпейтіндер туралы. Сондықтан командада міндеттерді бөлу кезінде нақты және теңдей етіп бөлінуі керек, «ақысыз жүру немесе «қояндар» мәселесі туындаған жағдайда супервайзердің көмегіне жүгіне аласыз. Студенттер бір жобамен жұмыс жасағанымен әртүрлі балл алуы мүмкін. Супервайзердің міндеттерінің бірі команданың әрбір мүшесінің қосқан үлесін бағалап, студенттердің жобаны қорғау алдында Комиссия мүшелеріне хабардар етуі тиіс.

Жобаны жазуда кездесетін тағы бір мәселе диплом жобасының жазбаша түрінің көлемі белгіленген (барлық қосымшаларды қосқанда) бет санынан асып кетуі мүмкін. Бұндай болмас үшін жазба жұмысына тек негізгі нәтижелер мен жобаның қадамдарын ғана көрсетіп, таңдауда нақтылыққа сүйеніңіз.

Диплом жобасы университеттегі оқу кезінде сіз меңгерген теориямен және жеке дербес дайындыққа негізделуі тиіс. Сондықтан сіздің жұмысыңызда теорияны қаншалықты меңгергеніңізді көрсететін теориялық бөлімді көргіміз келеді. Қандай әдебиетпен жұмыс жасағаныңызды көрсету үшін сілтемені және дәйексөзді ұмытпаңыз.

Тұйыққа тірелген кездеріңізде әрі қарай қимылдай алмай, қажетті мәліметтерді таба алмай немесе қолданып отырған әдіс-тәсіліңіздің талдауын дұрыс емес деп білсеңіз, бұндай жағдайларда супервайзерге хабарласуыңыз қажет, ол өз кезегінде сізге кім көмектесе алатынын немесе нені оқу керек екенін айта алады.

Жобаның ғылыми жетекшілері жобалық топтағы студенттердің жұмысына тұрақты түрде мониторинг жүргізуге және жобаға тапсырыс берушімен және жобалық топпен үнемі байланыста болуға міндетті. Жұмыс барысында супервайзермен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, кафедра меңгерушісіне жүгініңіз. Мәселе шешілмеген жағдайда университеттің арыз беру және аппеляция жүйесін қолданыңыз. Білім алушылардың арыздарын қабылдау ережелерін университеттің порталында мына жүктеме бойынша таба аласыз http://portal.narxoz.kz/images/original_img/56616cd4c0047.pdf.

7. Дипломдық жобамен жұмыс жасайтын студентке Нархоз қалай қолдау көрсетеді, егер де лайықты деңгейде қолдау көрсетілмесе не істеу керек.

Сіздің жоғары сапалы жоба дайындауыңызды қалаймыз, сондықтан сізге қажет көмекті көрсетуге әзірміз. Есте сақтаңыз, сіздің супервайзеріңіз кез-келген мәселе бойынша кеңес бере алады. Ал университет қажетті компаниямен/клиентпен байланыс орнатуға көмектеседі. Жұмыс барысында сіздің супервайзеріңізбен немесе клиентпен қандай да бір күрделі жағдай қалыптасса, онда сіз кафедраңыздың меңгерушісіне немесе деканға баруыңыз қажет. Егер де сізге кафедрада да, деканатта да көмектесе алмаса, онда академиялық қызмет жөніндегі проректорға баруыңызға болады. Дегенмен, плагиатсыз, сапалы еңбек жазуға сіз және сіздің командаңыз жауапты екенін ұмытпаңыз. Университеттің міндеті кеңес беру мен сізге қолдау көрсету, бірақ та сіз өз жұмысыңызды дұрыс жоспарламасаңыз, онда төмен бағаға және жұмысты қорғауға жіберілмегеніңізге таң қалмаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]