- •Дипломдық жобаны қалай сәтті жазып шығуға болады?
- •Құрметті студенттер!
- •2. Дайындықты қашан бастау керек?
- •3. Тақырыпты қалай таңдауға болады?
- •4. Жобаңызға ғылыми жетекшіні қалай таңдау керек және ғылыми жетекшінің рөлі қандай?
- •5. Жұмысты қалай жоспарлау керек?
- •6. Жобаны орындау кезінде студенттер қандай мәселелерге тап болады және осы мәселелердің шешімі.
- •7. Дипломдық жобамен жұмыс жасайтын студентке Нархоз қалай қолдау көрсетеді, егер де лайықты деңгейде қолдау көрсетілмесе не істеу керек.
- •8. Міндетті талаптар.
- •9. Жоғары баллды қалай алу керек. Жобаны қорғау мен жұмысты қорғаудың үздік мысалдары мен жұмысты бағалау ережесі.
- •Заключение (түйін, егер бар болса)
- •Әдебиеттер
- •10. Сіздің танысуыңызға міндетті нормативті құжаттар.
- •Нархоз Университетінің командасы
3. Тақырыпты қалай таңдауға болады?
Тақырыпты таңдауда бірнеше принциптерді сақтау қажет. Ең бастысы – тақырып сіздің кәсіби мансабыңыздың қалыптасуына септігін тигізуі керек. Сондықтан ойыңыздағы жұмыс туралы саралаңыз, бұндай жұмысқа тұру үшін қандай қабілеттерді, дағдыларды білуіңіз керек, кімді білу керек, ойыңыздағы жұмыс берушінің алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді білуіңіз керек. Жұмыс берушінің вебсайтын саралаңыз, олардың ұйымдастыратын мастер кластарына қатысып (бұндай шаралар Нархозда жиі жүргізіледі), танысып, байланысқа шығыңыз. Осы сияқты шаралар сіздің ынтаңызды арттыра түсуі мүмкін. Тақырыпты таңдаудағы екінші принцип бойынша тақырып сізге қызықты болуы тиіс. Егер де сіз бір нәрсені білуге деген құштарлығыңыз тағатсыз болса, нағыз керегі осы болып табылады. Ал үшінші принцип бойынша тақырып сізге дейін сансыз рет зерттелген болмауы тиіс, демек бұрын соңды зерттелмеген тың тақырып болсын. Жаңа креативті, айрықша болуы тиіс, маңыздысы оның тәжірибеде тиімділігі. Жұмыс беруші/клиент үшін сіз зерттеуіңіздің құндылығын көрсетуіңіз қажет. Сәтсіз таңдалған тақырыпқа мысал ретінде «Қазақстанның банк секторының қазіргі жағдайын» келтіруге болады. Ал сәтті таңдалған тақырыпқа мысал ретінде «Кіші бизнесті несиелеуге арналған X банктің есебінің әдістемесін жақсартуды» келтіруге болады. Сондай-ақ жұмысты зерттеуде мәліметтерге қол жетімді болатынын ескерген жөн. Мәліметтерге қол жеткізу үшін ақпараттың таралмауы жөнінде сіздің клиентіңізбен келісімге қол қойылуы қажет. Осы мәселелер жөнінде сіз әрқашан университеттен көмек сұрай аласыз.
Нархоз көптеген зерттеу жобаларын жиі жүргізеді. Өзіңіздің дипломдық жобаңызға сіз университеттің осындай жобаларының қандай да бір бөлігімен жұмыс жасауды таңдай аласыз. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің кафедра меңгерушісіне немесе Нархоздың қолданбалы зерттеу институтының директорына харарласа аласыз.
Сіздің жобаңыз пәнаралық болуы мүмкін. Мысалы, Нархоздың партнер-компаниясына оның жаңа өнімінің дамуына сараптама жасау қажет. Сараптама жасау үшін нарықты (Экономика мамандығы), маркетингтік стратегияны (Маркетинг мамандығы) және күтілетін пайданың қаржылық көрсеткіштерін (Қаржы мамандығы) зерттеу қажет болады. Бұндай «тапсырысқа» әртүрлі мамандықтың студенттерін біріктіру керек болады, демек бұндай жобаны пәнаралық жоба деп атаймыз. Бұндай жоба кезінде қандай да бір мамандық жетекші болады, бұнда супервайзер жетекші мамандық бойынша оқытушылар қатарынан таңдалады. Егер де ірі жоба жұмысы жоспарланса әртүрлі мамандықтан бірнеше супервайзерлер жұмыс жасайды.
4. Жобаңызға ғылыми жетекшіні қалай таңдау керек және ғылыми жетекшінің рөлі қандай?
Барлық студенттің өз мамандығы бойынша кафедрасының оқытушылары тізімінен супервайзерді (ғылыми жетекшіні) таңдау құқы бар. Жобаны зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибесі мол және сіздің жобаңыз бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын супервайзерді таңдағаныңыз жөн. Таңдауды көп күттірмеңіз, себебі бір супервайзер шектеулі студенттер саны бойынша жобаға басшылық ете алады. Кейбір супервайзерлер жоба жөнінде қызықты идеялар ұсынып, тақырыпты зерттеуде сізді шабыттандыра алады. Бұндай жетекшіні табу үшін сіздің кафедраңыздың оқытушыларымен байланыста болуыңыз қажет.
Супервайзердің рөлі сіздің жұмысыңыздың сапасы стандартқа сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан сіздің жобаңыздың дамуын және талқылау үшін жүйелі түрде кездесуді ұйымдастырулар аса маңызды. Электронды пошта немесе WhatsApp арқылы жазбаға қарағанда кездесу арқылы тікелей қарым-қатынас әлдеқайда пайдалы, әрі тиімді екенін есте сақтаңыз.
Егер сіздің жұмысыңыз Нархоздың сапа стандарттарына сәйкес келмесе, онда жобаны қорғауға жіберілмейді. Сапалы жобаны дайындау көп ізденуді және супервайзер мен клиентпен жүйелі түрде өзара әрекет етуді талап етеді. Жобаның негізгі маңызды бөлігін жазғаннан кейін кеңес алу аса қажет.
Жобамен жұмыс жасауды кейінге ысыру үлкен тәуекелге әкеледі, сіздің жобаңыздың сапасы төмен болып, қорғауға кірмей қалуыңыз мүмкін. Сіздің супервайзеріңіз кеңес беруге әрдайым уақыт таба алады. Уақытты тиімді пайдаланасыз ба, жоқ па, ол тікелей сіздің өзіңізге байланысты.
Дипломдық жобалаудың уақыт шеңбері мен нормасын есепке ала отырып, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін, Сіздер «Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықты» оқи отырып сілтемеден таныса аласыздар (http://portal.narxoz.kz/index.php/site/StudyProcess). Сонымен қатар дипломдық жобаны іске асыруда ғылыми жетекшімен бекітілген уақыт кестесімен орындау міндетті.
