- •Дипломдық жобаны қалай сәтті жазып шығуға болады?
- •Құрметті студенттер!
- •2. Дайындықты қашан бастау керек?
- •3. Тақырыпты қалай таңдауға болады?
- •4. Жобаңызға ғылыми жетекшіні қалай таңдау керек және ғылыми жетекшінің рөлі қандай?
- •5. Жұмысты қалай жоспарлау керек?
- •6. Жобаны орындау кезінде студенттер қандай мәселелерге тап болады және осы мәселелердің шешімі.
- •7. Дипломдық жобамен жұмыс жасайтын студентке Нархоз қалай қолдау көрсетеді, егер де лайықты деңгейде қолдау көрсетілмесе не істеу керек.
- •8. Міндетті талаптар.
- •9. Жоғары баллды қалай алу керек. Жобаны қорғау мен жұмысты қорғаудың үздік мысалдары мен жұмысты бағалау ережесі.
- •Заключение (түйін, егер бар болса)
- •Әдебиеттер
- •10. Сіздің танысуыңызға міндетті нормативті құжаттар.
- •Нархоз Университетінің командасы
Дипломдық жобаны қалай сәтті жазып шығуға болады?
Нархоз Университетінің студенттеріне арналған нұсқаулық
Құрметті студенттер!
Нархозда оқу кезіндегі сіздің жетістігіңіздің соңғы қадамы – бұл дипломдық жоба. Сіз үшін бұл теорияны меңгеріп, енді оны өмірдің өзекті мәселелерін шешуде қолдана алатыныңыздың мүмкіндігін көрсету, сонымен қатар дипломдық жобамен жұмыс жасау - бұл төрт жыл оқу барысында қалыптасқан құзіреттілігіңіздің бағалануы болып табылады. Сондықтан бұл сіздің кәсіби мансабыңыздың қалыптасуының маңызды қадамы. Жақсы дайындалған дипломдық жоба сізге жалақысы жоғары жұмыс табуға немесе жеке бизнесіңіздің негізін сәтті қалауға көмектеседі. Бұл өте маңызды мақсаттың бірі болғандықтан, жобаны ойдағыдай жазсын деген тілекпен, біз сіздерге дипломдық жобаны сәтті жазып шығуда көмектесетін 10 нұсқаулықты дайындадық.
1. Жобаны дайындау кезінде есте сақталынатын негізгі он принцип.
Нархоз барлық студенттер мен оқытушылардың академиялық жұмыстарына қатысты өте жоғары этикалық принциптерді ұстанады. Бұл деген көшіру, плагиат сияқты және де басқа этикаға сай емес тәрбиенің түрлері біздің университетке жат, сондықтан осы ережені бұзған студенттер оқу орнынан шығарылады. Әрбір дипломдық жоба антиплагиат бағдарламасымен тексеріледі және осы тексеруден өткен студенттер ғана жобаны қорғауға дейін жіберіледі (плагиатқа тексеру шараларын сипаттайтын сілтемені 10 қадамда көре аласыз). Әрбір дипломдық жобаны студенттің өзі жазуы тиіс. Бұл ережені бұзуға жол берген студент университеттен шығарылады.
Кейде материалдың белгілі бір бөлігін көшіріп алған студенттер плагиат бағдарламасын алдағысы келіп, әдейі грамматикалық және орфографиялық қателер жіберіп, сөздердің орнын ауыстырады, осылайша бағдарлама оң нәтиже бергенге дейін жұмысты бірнеше рет тексеруге тырысады. Бұндай әдіске жүгінбеуіңізді сұраймыз – біздің жүйе бұны да анықтай алады. Бір ғана қарапайым ережені есте сақтауыңызды сұраймыз, сіздің жұмысыңыздың әрбір әріпі клавиатурадағы клавиштерге сәйкес басылып терілуі керек. Егер де сіз осы ережені сақтасаңыз, яғни жобаны өзіңіз жазсаңыз плагиатқа тексеруден жеңіл өтесіз.
Командада жұмыс жасай білу еңбек нарығында зерттеу талаптарының ең басты құнды біліктілігіңізді көрсетеді. Сондықтан да біз, барлық бакалавриат түлектеріне дипломдық жобаны 3-5 адам топтасып, командамен орындауы туралы шешім қабылдадық. Ерекше жағдайда жоба аса ірі және күрделі болғанда топтағы адам санын көбейтуге болады.
Сіздің жобаңыз еліміздің экономикасы мен қоғамның өзекті мәселелерін зерттеуге арналады деп күтеміз. Нархоздың бизнестегі және қоғамдық сектордағы серіктестері (әрі қарай оларды клиент деп атаймыз) зерттеу мақсатының қайнар көзі бола алады.
Студенттердің жобасынан клиенттің мәселесін шешуге үлес қосуын, ал клиенттерден студенттердің жұмысы бойынша пікір білдіруін, егер мүмкін болса жобаны қорғауға қатысуын күтеміз.
2. Дайындықты қашан бастау керек?
Студент қай аймақты зерттегісі келетіндігі туралы идеяны оқу барысының үшінші курсында түсінуі керек. Сіздің таңдауыңыз мамандығыңыз бен келешектегі мансабыңызбен байланысты болуы тиіс. Кейбір курстарды өту үшін сізге шағын жобалармен жұмыс жасау қажет болады, бұл сізді шабыттандырады. Егер сіз экономиканың белгілі бір аймағында немесе компанияға жұмысқа тұрғыңыз келсе, онда сіз олардың қызметін, маңызды мәселелерін білгеніңіз қажет. Зерттеу тақырыбы бойынша сіз қызығушылық танытқан клиентке тікелей барғаныңыз абзал. Бұл жөнінде Университет сізге көмектесе алады, ол үшін сіз өзіңіздің супервайзеріңізге (ғылыми жетекші) немесе мансап орталығына, болмаса оқытушыларға жолығуыңыз керек. Ал кейбір студенттерге жобаның идеясы төртінші курстағы міндетті өндірістік практика кезінде келуі мүмкін. Бұл да жақсы, дегенімен сапалы жоба жазу үшін, бұл сізден және сіздің командаңыздан үлкен күш-қайратты талап етеді.
