Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bkh (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

8 Билет .

  1. цАМФ пен цГМФ,олардың түзілуі,осы заттардың гормондардың әсер етуіндегі рөлі: инозитолтрифосфат және кальций иондары, тирозинкиназды каскад сияқты екіншілік делдалдар( мессенджерлер) арқылы. Бұл гормондар жасуша ішілік ферменттердің молекуласын модификациялау арқылы олардың белсенділігін өзгертеді. Гормон- рецептор комплексін түзу арқылы гендер экспрессиясын реттейді. Гормон мембрана өткізгіштігіне тікелей әсер етіп,субстрат концентрациясын арттыруы мүмкін,соның салдарынан жасуша ішілік ферменттердің белсенділігі артады.

  2. Альдостерон,химиялық табиғаты,нысана-жасушалары,әсер ету механизмі,физиологиялық эффект,секрециясының реттелуі: Альдостеронның секрециясына қандағы натрий және калийдің концентрациясы әсер етеді.Қандағы натрийдің мөлшерінің азаюы-альдостеронның артуына,ал калий мөлшерінің төмендеуіне әкеледі.Альдостерон секрециясына басты рөлді бүйрек атқарады, артериялық қысым төмендегенде,көп қан жоғалтқанда, ишемияда,ренин ферменті түзіледі. Ол қан плазмасының белогы ангиотеногенді ангиотензинге айналдырушы фермент әсерінен ангиотезин II ге айналады.Соңғысы бүйрек үсті безіне біріншілік механизм бойынша әсер етіп, протеинкиназа С белсенділігін жоғарылатады. Ол кальцийдің нысана жасушаларының цитоплазмада көбеюін және цитохром Р450 белсенділігін арттырады, ол альдостеронның түзілуі мен секрециясын арттырады.Альдостерон секреция реттелуі- Ренин-ангиотензинді жүйемен реттеледі.Организм көп қан жоғалтқанда,гипотензияда (артериялық қысым төмендегенде)NaCL концентрациясы төмендегенде бүйректің юкстагломерулары аппаратында ренин түзіледі.

3.Гонадотропты гормондар,өкілдері,құрылысы,физиологиялық әсері : фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ) және лютеиндеуші гормон ( ЛГ),пролактин ( лактотропин- ЛТГ) ФСГ мен ЛГ біріншілік механизм бойынша цАМФ арқылы әсер етеді. ФСГ – нағыз гликопротеид,2 суббірліктін тұрады- альфа( 96аминқышқылының қалдығынан) және бетта (112аминқышқылының қалдығынан) Биологиялық арнайлығын бетта-суббірлігі анықтайды. ФСГ- әйел адам организмінде аналық бездердің өсуіне және фолликулалардың жетілуіне ықпал етеді; андрогендердің эстрогендер айналуын қамтамасыз етеді.Ер адам организмінде сперматогенезді активтендіреді,Сертолли жасушаларымен андроген-байланыстырушы протеиннің түзілуін стимулдейді.

4 Қантты диабет, қантты диабет кезінде байқалатын биохимиялық өзгерістері: Қантты диабет ауруы кезіндегі биохимиялық процестердің өзгеруі тек қана инсулиннің жоқтығынан емес, контринсулярлы гормондардың ГКС,КА,СТГ глюкагон әсерінің күшеюінен де пайда болады. а) Қантты диабет ауруы кезінде гипергликемия одан кейін глюкозурия пайда болады,бұл жағдайда – инсулин жоқ кезінде жасуша мембранасының өткізгіштігі төмендейді,сондықтан глюкозаканнан жасушаға аз мөлшерде түсіп,қанға жиналады.б) контринсулярлы гормондардың әсерінен нысана жасушаларда липолиз күшейеді,БМҚ реакциясы артып,тіндерге глюкозаның түсуіне кедергі жасайды.в) ГСК АҚ ыдырауы өнімдерінен глюкозаның түзілуін арттыратындықтан қанда глюкоза мөлшері артады. г) катезоламиндер мен глюкагон гликогеннің ыдырауынан глюкозаның мөлшерін арттырады.

5.Науқастың денесінің кейбір бөлімдері( мұрны,құлағы,қолы,табаны)үлкейген; жауабы- Акромегалия- өсу гормонының секрециясының артуында байқалады.(мұрын,тіл,ерін,табан,беттің қолдың жұмсақ тіндері үлкейеді кейде қолдың,аяқтың жеке саусақтары шектен тыс өсіп кетуі мүмкін.) Осындай жағдай босану алдыңдағы әйелдерде болуы мүмкін.Оның себебі нәресте жолдасы СТГ-ны көп мөлшерде түзеді,босанғаннан кейін қайтіп қалпына келеді.СТГ-балалық кезде көп мөлшерде синтезделсе-гигантизм пайа болады,бала аса ірі бойы ұзын келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]