Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балаыз мектеп дайын ба тест.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
955.18 Кб
Скачать

Сіз қандай ата-анасыз?

 

1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

3.         Келіспеймін - 1 ұпай

  • 0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру

үшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

  • 17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда

тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен

әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

  • 31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек

түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 

Тапсырма. Доптардың санына қарай апта күндерін ата. Аптаның әр күнін қалай өткізесің?

Қабылдау.

Тапсырма: Геометриялық фигураға сәйкес затты тап, сызықпен қос. Қандай фигура екенін ата.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

  1. «Жақсы көретін ойыншығын сипаттау»

Өзінің жақсы көретін ойыншығың туралы айтып бер. Оның аты қалай аталады? Ол қандай? Сен онымен қалай ойнайсың?

Тапсырманы бағалау.

(ж)- жоспарды ескере отырып сипаттайды, тілі сауатты, мәнерлі

(о)- жоспардың пунктарын кезекпен айтуарқылы сипаттайды.

(т)- сипаттау орнына сұрақтарға қысқа жауап береді

Тапсырма. Суреттерді боя және жыл мезгілдерін ата

Көктем

Ж аз

К үз

Қ ыс

Ойын «Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс:

  1. Айлардың аттарын ата?

  2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?

  3. Әр мезгілде неше ай бар?

  4. Бір айта неше апта бар?

  5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

Тапсырма: Нүктелерді қос. Суреттерді ата, боя.

«Фигураларды аяқта» жаттығу

Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық фигуралардың суреттерін көрсетеді, бірақ аяқталмаған. Оны баланың аяқтауын өтінесіз.

Ес.

Тапсырма. Суретші нені ұмытып кетті. Суретті аяқта, жяне боя.

Зейін. Суреттерді аяқта.

Ойлау.

Тапсырма: Не артық? Заттарды топтастыр, боя.

Ұсақ моторикасың дамыту:

«Уақытты қабылдау жаттығу»

  1. Тәуліктің уақытын ата?

а) Таңертен деген қай уақыт? (таңертен не істейтіндірін сипаттау)

б) Түс деген қай уақыт? (түскі тамақ ішілуі, дем алуы т.б.)

в) Кеш деген қай уақыт? (үйдегі іс-әрекетін айту)

г) Түнде не істейміз? (ұйықтаймыз)

2. Аптада неше күн бар?

3. Қандай күндер?

4. Жұмыс күндері қандай?

5. Демалыс күндер қандай?

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар мен жаттығулар

«Өз орнынды тап» ойыны

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

«Дайын бол» ойыны.

Балалар шеңбермен жүрежі. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс –қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян- секіреді, ат шабады, құс-ұшады, ләйлек- бір аяғымен тұрады.

«Сендердің көңіл- күйлерін қалай?» жаттығу

Сендер көңіл-күйіміз жақсы- дедіңдер, енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші

  • Көңілді болғанда не істейміз?

  • Ренжігенде? (бұртияды, қабақ түсіреді)

  • Қорыққанда? (көздерін жұмады)

  • Қуанғанда , көңілденгенде (күледі)

  • Таң қалғанда (көздері шарасынан шығады)

«Суреттің екінші бөлігін сал және боя» жаттығу

Еркін есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Дидактикалық ойын «Есіңе сақталғаныңды айт»

Тапсырманы орындау үлкендердің нұсқауымен материалды еске сақтап және қайталап айтып беруін талап етеді. Ол әдейі, есте сақтауға және кейін еске түсіруге негізделген.

Жылдың басында және ортасында 6 зат ұынылады: стакан, табақша, ваза, жүзік, пирамида, зырылдауық. Жылдың соңында оған тағы үш зат қосылады: құмыра, текше, шар.

Тәрбиеші: (ата-ана) «Ойыншықтар мұқият қара да еске сақта. Мен оларды жинап алған соң, сен оларды еске түсіріп, аттарын айтуың керек»

«Ойыншықты сипатта» ойыны

Балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады. (1мин)

Мысалы: қуыршақ,түлкі , қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі –түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықтың түрлі-түсті пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақталғанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Орныңды тап» ойыны. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірнеше белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау)

Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғаның есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқап балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

Мен- фотоаппарат» ойыны

Балаға өзін кез келген затты, жағдайды, адамды және т.б. фотоға түсіріп алатын фотоаппарат түрінде елестетуін сұраңыз.

Мысалы, бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелнің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Сосын көзін жұмады да, есінде сақтағандардың бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есі ғана емес, зейінінде дамытуға болады.

«Ойыншықтар әлемі» жаттығу

  1. Топтарыңда қандай ойыншықтар бар?

  2. Саған өзіңе ұнайтын «ең әдемі ойыншықты кім сыйлады?»

  3. Ойыншықтар неден жасалады? (ойыншықтар түрін алдарына қою, ағаштан, қағаздан, резинадан, пластмастан, матадан т.б.) Осы ойыншықтарды ұстап көру арқылы сипаттап айтып беру.

  4. Ойыншықтар туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар, білесіңдер ме?

  5. «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына әңгіме құрастыру