«Балаңыз мектепке дайын ба?»
(балалардың мектепке дайындығын
байқауға ата-аналарға арналған тест)
Балаңыз мектепке барғысы келе ме?
«Мектепте көп нәрсе үйренесің және онда оқу қызық» деген оны қызықтыра ма?
30 минут ішінде балаңыз ойын жинақтап бір нәрсемен шұғылдана ала ма? (мысалы, конструктор жинау)
Өзін танымайтын адамдардың арасында өзін еркін сезіне ме?
Балаңыз сурет бойынша әңгіме құрағанда 5 сөйлемнен артық құрай ала ма?
Сіздің балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта ала ма?
Сіздің балаңыз буындап немесе толық сөздерді оқи ала ма?
10-ға дейін тура және кері санай ала ма?
Бір бірлікті алу немесе қосу сияқты қарапайым есептерді шеше ала ма?
Қолына қаламды ұстай біле ме?
Сурет салуды, оны бояуды жақсы көре ме?
Желім мен қайшыны қолдануды біле ме? (мысалы, аппликация жасау)
1 минут ішінде 5 бөлікке бөлінген картинаны жинап үлгіреді ме?
Үй жануары мен жабайы жануарларды атай ала ма?
Балаңыз өздігінен сурет салғанды немесе картина құрастырғанды жақсы көре ме?
Тестілеудің нәтижесі сұрақты мақұлдау жауаптарының санынан белгілі. Егер мақұлдау жауаптары көп болса:
15- балл – сіздің балаңыз мектепке дайын деуге болады. Сіз онымен уақытыңызды текке кетірмепсіз, егер мектепте қандай да бір қиындықтар кезіксе - ол тез шешілетін мәселе.
10-14 балл – сіз дұрыс жолдасыз, балаңыз көп нәрсені үйреніп қалды, ал сіздің ол сұрақтарға жауап бермеуіңіз - әлі де біраз тер төгу керек дегенді білдіреді.
9 және одан төмен – балаңызға арнайы әдебиеттерді көп оқып беріңіз, оған уақытыңызды көбірек бөліңіз және балаңыздың нені істей алмайтынын біліп, соны алып кетуіне көмектесіңіз.
Мен өз баламды түсінемін бе?
Тест сұрақтарын ия, жоқ, білмеймін жауаптарын бересіз. «Ия» жауабына жұп сандар саласыз 2, 4, 6, 8, 10 «Жоқ» жауабына тақ сандар саласыз 1, 3, 5, 7, 9 білмеймінге «5»балл
1. Балаңыздың кейбір мінездерін жазалайсыз, соңынан қайта өкінесіз бе? 2. Балаңыздың іс әрекеті жөнінде бөгде адамдармен ақылдасасыз ба? 3. Бала тәрбиесіне өзіңіздің іс - тәжірибеңіз жетеді ме? 4. Сіз балаңызға ешкімге айтпаған ішкі сырыңызды айтасыз ба? 5. Сіздің балаңыз туралы теріс пікірлер айтса сенесіз бе? 6. Балаңыздан кешірім сұраған кездер болды ма? 7. Бала ата – анадан сырын жасырмау керек деп ойлайсыз ба? 8. Балаңыздың мінез – құлықтары сізге сәйкес келсе сіз қуанар ма едіңіз? 9. Балаңыздың сәтсіздіктеріне қатты уайымдайсыз ба? 10. Балаңыздың қоржынында ойыншықтар мол, бірақ балаңыз сол ойыншықты сұраса алып берер ме едіңіз? 11. Белгілі бір жасқа дейін бала тәрбиесіне қайыс белбеу қажет деп ойлайсыз ба? 12. Сіздің балаңыз нағыз арманшыл. Сіз осыны армандадыңыз ба? 13. Сіздің балаңыздан сізге қуаныштан гөрі жағымсыз хабарлар көбірек түседі жазалайсыз ба? 14. Сізге жаңа ойлар балаңыз арқылы пайда болатынын сезесіз бе? 15. Сіз балаңызды басқа балалармен салыстырасыз ба? Жауабы: 100 - 150 балл. Сіз балаңызды жақсы түсінесіз. Сізге бір мүмкіндік жетіспейді оның орнын балаңыз толтырады. 50 - 99 балл. Сіз бала тәрбиесінде дұрыс жолдасыз. Балаңызға қиыншылық туса қателікті өзіңізден іздеңіз. Уақыттың жоқтығы ол сылтау емес. 0 - 49 балл Әттеген-ай. Сіз балаңызға аяушылық сезімдесіз. Бірақ әлі де мүмкіндігіңіз бар.
