М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
Балаңыз мектепке дайын ба?
(арналған тест сұрақтары)
Қызылорда, 2017 жыл
А. Байтурсынов былай деген екен: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам бірінші балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен, қатар ақылы қалай кіретін жолын білуі керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халімен хабар аларлық болуы керек...»
АЛҒЫ СӨЗ
Балалардың 5-6 жастағы жас ерекшеліктері
Бұл жастағы балалардың дене бітімінің және таным процесстерінің қабілеттерінің дамуының кезеңі.
Айналадағы әлемді танудың негізгі іс әрекеті ойын болып қала береді, тек қана оның мазмұны өзгереді.
Бұл жаста балаңыз:
Айналадағы әлемді белсенді тануды жалғастырады. Бала тек қана өзі сұрақтарды қоймай, сонымен бірге өзі жауаптар құрып немесе нұсқаулар құрастырады. Қиялы 24 сағаттай іске асырылуда және оған тек даму ғана емес өзіне таныс емес қиын түсініксіз әлемге бейімделуге көмегін береді
Бала әлемге өзін көрсеткісі келеді. Ол жиі өзіне көңіліңізді аударғысы келіп отырады, өйткені оған өзін өзі білдірудің куәгері керек. Кейде балаға жоқтан гөрі сіздің кері көңіліңіз маңызды, сондықтан бала сіздің көңіліңізді «жаман» жүріс-тұрыспен сізді ұрындырады.
Өзінің «қалауын» басқалардың қалауларымен мүмкіндіктеріне келмейтінін айырмашылығын қиын ажыратады, сондықтан ылғи сіздің қойған шектеулеріңіздің беріктігін тексеріп, өзінің қалағанын жасауға тырысады.
Өзіне қатар әріптестерімен қарым-қатынас ережелерін таны отырып қатынасқа дайын болып тұрады. Бірте-бірте сюжетті-рөлдік ойындардан өз жүріс-тұрысын билеудің механизмін құрайтын және кейін басқа да іс әрекеттерде анықталатындай ережелік ойындарға ауысады.Осы жастағы балаларға әлі де сырттай бақылау қажет-өз жастағы балалар жағынан. Балалар әуелі бір бірін бақылайды, ал кейін-әркім өз өзін.
Өз бетімен жүруге тырысады. Бала бәрін өзі өз бетімен жасай алады, бірақ қызықсыз іске зейіні жинақталмаған.
Өзіне жақын адамға өте ұқсағысы келіп отырады, сондықтан «үлкен адамның ойындарын» және басқа әлеуметтік ойындарды ойнауды жақсы көреді.ойын ұзақтығы әжептәуір маңызды.
Жыныстық айырмашылықты сезіне бастауы мүмкін. Сол себептен үлкендерге ыңғайсыз сұрақтар қоюы мүмкін
Адамның өлуі туралы сұрақтарды қоя бастайды.қорқыныштар күшейуі мүмкін, әсіресе ұйқыға жатар кезде.
Сізге ата-аналар ретінде өте маңызды:
Баланың қиялы мен нұсқауларына сиқырлығын ойлауын баспай сыйластықпен қарауыңыз қажет.
«өтірік айту» , қорғаныс қиял және қиялды ойынды ажырата білу қажет
Баланың өзін өзі білдірудің оңды болуын қолдау, таланттар мен қабілеттерін пайдаланбай оны дамытуға мүмкіндік беру.
Мүмкіндігінше алуан түрлі шығармашылықпен қамтамасыз ету.
Баланың көңіліне зейінді бола отырып оның армандары өзіне және айналадағы ларға зиян тигізетін жерге шек қоя білу.
Өзіңіз шек қоя отырып оны ұстай алмайтындай жағдайдан аулақ болыңыз
Балаға әріптестерімен қарым-қатынасына қамтамасыз етіңіз тек эмоционалды қиындықтар пайда болған кезде ғана қол ұшын беру
Отбасымен туысқандармен жиі қатынасу
Бақылау мен қамқорлықты төмендету
Жетістіктеріне қуану
Бала міндет еткеннен гөрі көмекке тез қол ұшын беретінін естен түсірмеу
Балаға көмекшіретінде қарау керек сонда балада «ересек» көзқарас болады, ал міндетті жүктей берсеңіз бала «сәбилік»көзқарасты ұстана береді
Бала сізге «ыңғайсыз» сұрақтар қойғанда қорықпай, қашпаңыз дұрыс жауап беріңіз
Балаға қорқыныштардан арылуға көмек беру, қасында болу.
Психологикалық даярлау деген не?
Мектепке түскенде өз эмоцияларын бағыттай алмайтын балалар қиын жағдайда болады. Кез келген реніш оларды күйзелтеді. Бұл жағдайда айналаны қабылдау қабілеті құрт төмендейді. Өз уайымдарынан шыға алмаған балалар айналадағы оқиғаларды бағдарлай алуға мүмкіндігі жоқ, олардың зейіні төмендейді, ой қорытуға, логикалық ойлауға қабілеті жайылады. Кейде, балалар қабілетсіз болып көрінуі мүмкін, әсіресе стресс жағдайында: Мектепке қабылдау әңгімелесуінде, тестілуде, тақта алдында.Сондықтан 5-6 жасқа қарай балаға өз сезімін және уайымын бақылауды үйрету, оны «өзін - өзі жұбату» тәсілдерімен таныстыру қажет. Мысалы: «Бәрі жақсы болады, бәрі өтеді, мен ақылдымын, мен істей аламын...»Балаға қарапайым дем алу жаттығуларын (10 терең дем алу, дем шығару, «шеттету» техникасын барлық жағымсыз жағдайлар қалың шынымен ағынды сумен және т.с.с.) бөлек қоршаған деп елестетуді үйрету қажет.Жалпы алғанда, баланың ақыл-ойы, дене және эмоционалдық
дамуының деңгейіне қарамай, үнемі олардың өзіне сенімділігін қолдап, көңіл күйі жақсы, жаңа жағдайларға тез үйренеді және үлкендерге мұндай балалармен жұмыс істеу өте қызықты да жеңіл болады.
Жас кезеңдер і және олардың мәні
Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады.
Тіл. Мектепке барар алдында балаланың сөздік қоры кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кезкелген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді. 6 жасар бала түсінікті тілмен қатынас жасай алады, яғни не туралы айту керегін жеткілікті түрде толық сипаттап бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.
Сенсорлық даму. Бала түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп...) анықтай алады және мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б. қажетті біліктіктері қалыптасқан.
Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты, өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс -әрекетпен айналасу өте қиын. Зейіннің бұл, ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін еңгізуге және іс-әрекет түрлері жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Ес. Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді ойында қалдырады және сақтайды.
Ойлау. Тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жаңаша түрде сөз арқылы бейнеленеуі.
Қиял. 6 жасар қиялында әр түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әр түрлі жағынан көрінеді. Тіл және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады, тез арада жанынан ойлап шығара алады (импровизация)өз шығармасына басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде (үлкендерге қарғанда)үлкен орын алады.
