- •Формалар
- •Фрейм туралы түсінік.
- •Гипермәтіндік сілтеме. Қарапайым гиперсілтемені құру. Сілтеме ретінде графикалық файлды қолдану. Сілтеме және түс.
- •Графикалық файл сілтеме рөлінде.
- •Сілтемелер және түстер.
- •Көлденең сызықтар
- •Сырғымалы жол
- •Сүзгілеулер. Сүзгілеуді мәтінге қолдану.
- •Filter: сүзгі аты (параметрлері)
- •Сүзгілеуді суретке қолдану.
- •Ms FrontPage бағдарламасымен танысу
- •Интернетте Web-бетті ақысыз жариялау жолдары
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
БИОФИЗИКА КУРСЫМЕН ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
№10 тақырып. Интернет технология
Формалар
Форма — HTML-құжатындағы ақпаратты Web-сервер арқылы әлемнің алдын ала белгіленген бір жеріне жіберу үшін қолданылатын құрал. Формалар арқылы сайтқа кірушілерге сұрақнама құруға, жарнама жасауға және медициналық анықтамалар құруға болады.
Форманың жұмыс істеу принципі мынадай: сайтқа кіруші форманы толтырады, толтырып болғаннан кейін белгілі бір батырманы басып, формадағы ақпарат көрсетілген жерлерге барады. Формалар <FORM> ... </FORM> тэгтер арасында орналасады. HTML-құжатының ішінде бірнеше форма болуы мүмкін, бірақ, олар бірінің ішінде бірі орналаспауы керек. <FORM> тэгінің негізгі атрибуттары:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
ACTION |
Міндетті атрибут. Форма өңдеушісінің Web-сервердегі жолын көрсетуді анықтайды. |
METHOD |
Формадағы ақпарат өңдеушіге қалай баратынын анықтайды. Мүмкін болатын мәндері: METHOD=POST және METHOD=GET. Мұндағы РOST атрибуты формадағы ақпарат URL-ден бөлек жіберіледі, ал GET атрибуты URL-мен бірге жіберіледі. Егер атрибут мәні жазылмаса, онда, автоматты түрде METHOD=GET мәні ұйғарылады. |
ENCTYPE |
Тұтынушы мәліметін браузерден Web-серверге жіберудегі кодтау түрін анықтайды. |
Қолданушы формаға ақпаратты енгізу үшін <INPUT> элементін қолданады. Әрбір <INPUT> элментінде NAME=имя атрибуты бар, ол жолдың атын анықтайды (жолдың идентификаторы). Келесі кестеде <INPUT> элементінің басты типтері көрсетілген:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
TYPE=text |
Мәтін енгізетін ұяшықты анықтайды. Қосымша мынадай атрибуттары бар: SIZE=сан (ұяшықтың ені символмен беріледі) және MAXLENGTH=сан (Өріске жазлатын символдардың мүмкін максималды саны): <INPUT TYPE=text SIZE=20 NAME=User VALUE="Алмас">
Ені 20 символдан аспайтын мәтін енгізуге арналған ұяшықты анықтайды. Автоматты түрде ұяшықта “Алмас” сөзі шығады, оны қолданушы өз қалауынша өзгерте алады. |
TYPE=password |
Пароль енгізетін ұяшықты анықтайды. Тext типіне өте ұқсас, бірақ, мәтіннің орнына жұлдызшалар (*) шығады: <INPUT TYPE=password NAME=PW SIZE=20 MAXLENGTH=10>
Еніне 20 символ сиятындай пароль енгізу ұяшығын шығарады. Көрсетілген үлгіде парольды 10 символға дейін енгізуге болады. |
TYPE=radio |
Радиобатырманы экранға шығарады. CHECKED (радиобатырманың ерекшеленгенін) деген қосымша атрибуты болады. Аттары бірдей бір топ радиобатырмалардың ішінде тек біреуі ғана белгіленген радиобатырма болады: <INPUT TYPE=radio NAME=Question VALUE="Yes" CHECKED> Иә <INPUT TYPE=radio NAME=Question VALUE="No"> Жоқ <INPUT TYPE=radio NAME=Question VALUE="Possible"> Мүмкін
Радиобатырманы ерекшелеп алған соң осы ақпарат тұтынушыға жіберіледі. Егер радиобатырманы ерекшелемесе Question айнымалысына Yes мәні беріледі: Question=Yes. |
TYPE=checkbox |
Белгі қоюға болатын квадрат батырмаларды анықтайды және CHECKED деген қосымша атрибуты бар. (квадратқа белгі қойып көрсетеді). Радиобатырмалардан айырмашылығы - аттары бірдей квадраттар тобында бірнеше квадраттар белгіленуі мүмкін: <INPUT TYPE=checkbox NAME=Comp VALUE="CPU"> Процессорлар <INPUT TYPE=checkbox NAME=Comp VALUE="Video" CHECKED> Видеоадаптерлар <INPUT TYPE=checkbox NAME=Comp VALUE="Scan"> Сканерлер <INPUT TYPE=checkbox NAME=Comp VALUE="Modem" CHECKED> Модемдер
Квадрат батырмалардың бірнешеуі белгіленгеннен соң, осы ақпарат тұтынушыға жіберіледі. Егер белгіленбесе, келесідей екі айнымалы жіберіледі: Comp=Video және Comp=Modem. |
TYPE=submit |
Формадағы мәліметті тұтынушыға жіберетін батырманы шығарады. Ол әрекет "Жіберу" батырмасын басқанда жүзеге асады: <INPUT TYPE=submit VALUE="Жіберу">
|
TYPE=reset |
Формадағы жолдарды тазалайтын батырманы анықтайды. Ол әрекет батырма басу арқылы орындалады. "Тазарту" батырмасы басылған соң формадағы мәлімет өңдеушіге жіберілмейді:
|
Формада көлемді мәтіндер енгізуге арналған ұяшық орнатуға болады. Ол <TEXTAREA> элементі арқылы орындалады:
<TEXTAREA NAME=address ROWS=5 COLS=50> Өзіңіз туралы мәлімет енгізіңіз </TEXTAREA>
NAME атрибуты ұяшыққа енгізілген мәтінге ат меншіктейді, сол атпен ол тұтынушыға жіберіледі. ROWS атрибуты ұяшықтың биіктігін мәтін жолдарымен анықтайды. COLS атрибуты ұяшықтың енін символдармен анықтайды. <TEXTAREA>...</TEXTAREA> тэгтерінің арасындағы мәтін, қалыпты жағдайда осы ұяшықтың ішінде орналасады. Қолданушы оны өзгерте немесе мүлде өшіре алады. Бұдан басқа формада тағы таңдау менюін қолдануға болады. Ол <SELECT> ашылатын тэгімен басталып (менюға ат беретін NAME міндетті атрибуты бар, ) және </SELECT> жабылатын тэгімен аяқталады. Олардың арасында меню элементін анықтайтын <OPTION> тэгі орналасады. Егер осы элемент таңдалса, міндетті VALUE атрибуты тұтынушыға жіберілетін мәндер қояды. <OPTION> тэгінде selected атрибутын қолдануға болады, ол қалыпты жағдайда қай элемент таңдалып тұрғанын көрсетеді.
<SELECT NAME="Аты"> <OPTION VALUE="option_1" selected> 1-ші мәтін <OPTION VALUE="option_2"> 2-ші мәтін <OPTION VALUE="option_n">n-ші мәтін </SELECT> |
|
<SELECT> тэгінде MULTIPLE атрибутын қолдануға болады, ол меню ішінен бірнеше элементті таңдап алуға болатынын көрсетеді. Көп жағдайда <SELECT MULTIPLE> элементін бүтін ұяшық ретінде шығарып көрсетеді. Ол ұяшықтың ішіне менюдің барлық элементтері сияды. Ұяшықтың жол санын анықтау үшін SIZE= “сан” атрибуты қолданылады.
<SELECT MULTIPLE SIZE= “2” NAME="Аты"> <OPTION VALUE="option_1" selected>1-ші мәтін <OPTION VALUE="option_2"> 2-ші мәтін <OPTION VALUE="option_n"> n-ші мәтін </SELECT> |
|
Мысал 1:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>
ПРИМЕР
</TITLE>
</HEAD>
<Body BGCOLOR="RED" FORM METHOD="POST">
<H1 align="center"><I> “Жұмысқа тұру” анкетасы</I></H1>
<p>
<H2>Аты-жөні:</H2>
<INPUT TYPE="TEXT" NAME="Аты" SIZE="30">
<H2>Мекен-жайы:</H2>
<INPUT TYPE="TEXT" NAME=" Мекен-жайы" SIZE="30">
<H2>Телефоны:</H2>
<INPUT TYPE="TEXT" NAME="Телефон" SIZE="10"><BR>
<H2>Жынысы:</H2>
<INPUT TYPE="RADIO" NAME="Таңдау 1" VALUE=" Ер бала ">Ер бала<BR>
<INPUT TYPE="RADIO" NAME="Таңдау 1" VALUE=" Қыз бала ">Қыз бала
</FORM>
</HTML>
