Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
namefix-252.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

3.2 Жұмыстың орындалу реті

  1. Адам денесінің кедергісін зерттеуге арналған қондырғының желілік шнурының көмегімен 220 В 3 проводты электрлік желіге қосамыз.

  2. Индикатор бойынша «Генератор синусоидального напряжения» өрісіндегі тетіктерді баса отырып, қажетті кернеулік U пен жиілік f таңдалады, мысалы, 6,0 В және 15 кГц.

  3. Жанасу бетінің S=1250 мм2 2 электродқа 2 қолдың алақаны мен ұстату керек және жоғарғы индикатордан адам денесі арқылы өткен токтың мәні Ik алынады.

  4. Содан соң екі қолдың алақанының ауданы S=2500мм2 жанасу бетіне қоямыз және жоғары индикатор адам денесі арқылы өткен ток өлшемі In алынады.

  5. Жанасу беттерінің аудандарына байланысты адам денесінің электрлік кедергісі есептеледі Zh=U/Ih. Есептеулер нәтижелері бойынша жанасу бетінің ауданының адам денесінің кедергісіне әсер етуі туралы қорытындылар жасалады.

  6. Адам денесі арқылы өтетін тоқ күшінің жиілікке тәуелділігі In(f) алынады .

  7. Адам денесінің электрлік кедергісінің ток жиілігіне тәуелділігі есептеледі Zh(f) = U / Ih(f).

  8. Эксперимент аяқталған соң адам денесінің кедергісін зерттеуге арналған құрал (код 341) ток көзінен ажыратылады.

    1. Есеп беру талаптары

  • 2-4 пунктер бойынша, жанасу бетінен S өлшеміне байланысты, түрлі кернеулік U пен жиілік f өлшемдеріндегі адам денесі арқылы өтетін ток өлшемін көрсету керек.

  • 5-пункт бойынша, барлық жағдайдағы адам денесінің электрлік кедергісін Zn= U/ In есептеу керек .

  • 6-пункт бойынша, жанасу бетінің әр түрлі өлшеміндегі S жиіліктерге байланысты In(f) адам денесі арқылы өтетін токтың график түріндегі тәуелділігін тұрғызу керек.

  • Орындалған эксперименттердің барлығы бойынша қорытынды жасау керек .

Бақылау сұрақтары:

1. Электр тоғының электролитикалық әсері.

2. Электр тоғының биологиялық әсері

3. Адам ағзасына токтың әсерінің шығуы қандай факторларға тәуелді.

4 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Электрлік қондырғының нөлге қосуын натуралы модельдеу

Жұмыстың мақсаты: Қорғаныстық нөлге қосудың жұмысының принципін және нөлге қосу элементтерінің бағытталуын зертханалық стендте үйрену (қоректендіру көзінің бейтарап сымын нөлге қосу, электр қондырғысының корпусын нөлдік сыммен қосу, нөлдік сымды қайта жерлендіру).

4 Жалпы мәліметтер

Нөлге қосу – ол электр қондырғыларының ашық ток өткізгіш бөліктерін үшфазалы ток желілеріндегі генератордың немесе трансформатордың жабық жерлендірілген бейтарап нүктесімен, бірфазалы ток көзінің жабық жерлендірілген шығысымен, тұрақты ток желілеріндегі ток көзінің жерлендірілген нүктесімен электрлік кесу, оны электр қауіпсіздігінің мақсатында орындайды.

Электр энергиясын тұтынудың ашық ток өткізгіш бөліктерін ток көзінің жабық жерлендірілген бейтарап нүктесімен қосу үшін нөлдік қорғаныстық өткізгіш қолданылады.

Нөлдік қорғаныстық өткізгіш деп (РЕ-TN-S жүйесіндегі өткізгіш)нөлге қосылатын бөліктерді (ашық ток өткізгіш бөліктерді) үшфазалы ток көзінің жабық жерлендірілген бейтарап нүктесімен немесе бір фазалы ток көзінің жерлендіргішінің шығысымен, болмаса тұрақты ток желілеріндегі жерлендірілген ортанғы ток көзімен байланыстыратын өткізгішті айтамыз.

Нөлдік қорғаныстық өткізгішті нөлдік жұмысшы және PEN өткізгішінен айыра білу керек.

Нөлдік жұмысшы өткізгіш (N-TN-S жүйесіндегі өткізгіш) – үшфазалы ток желілеріндегі трансформаторлардың немесе генераторлардың жабық жерлендірілген бейтарап нүктесімен, бір фазалы ток көзінің жабық жерлендірілген шығысымен немесе тұрақты ток желілерінің тұйық жерлендірілген ток көзінің нүктесімен қосылған электр қабылдағыштарды қоректендіруге арналған кернеулігі 1кВ дейінгі электр қондырғыларының өткізгіштігі.

Заманауи (PEN-TN-C жүйесіндегі өткізгіш) нөлдік қорғаныстық және нөлдік жұмысшы өткізгіш – кернеулігі 1кВ дейінгі электр қондырғыларындағы нөлдік қорғаныстық және нөлдік жұмысшы өткізгіштер қызметін қатар атқаратын өткізгіш.

Нөлге қосу электр қондырғысын желіден жедел сөндіруді және жерге байланысты корпус кернеулігін төмендету есебінен жанама байланысу кезіндегі электр ток соғуынан қорғануды қамтамасыз ету үшін қажет.

Нөлге қосудың қолданылу саласы:

  • Бейтарап сымы жерлендірілген ауыспалы токтың үшфазалы желілеріндегі кернеулігі 1кВ дейінгі электр қондырғыларында (TN-S жүйесі; әдетте бұл 220/127; 380/220; 660/380 В желілер) ;

  • Шығысында жерлендірілген ауыспалы токтың бірфазалы желілеріндегі кернеулігі 1кВ дейінгі электр қондырғыларында;

  • Ток көзінің орта нүктесі жерлендірілген тұрақты ток желілеріндегі кернеулігі 1кВ дейінгі электр қондырғыларында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]