- •1.1 Зертханалық стендте орындалатын жұмыстар тізімі
- •1.2 Зертханалық стендте жүргізілетін тәжірибелерде қолданылатын қондырғылар
- •1.3 Зертханалық стендте жүргізілетін тәжірибелерде қолданылатын қондырғылар
- •2 Электронды мультиметр көмегімен өлшемдер алу және оған дайындалу
- •3 Зертханалық жұмыстарды орындау барысындағы қауіпсіздік шаралары
- •1 Жалпы мәліметтер
- •1.2 Жұмыстың орындалу реті
- •1.3 Есеп беру талаптары
- •2 Жалпы мәліметтер
- •2.1 Электрлік желілер сипатына байланысты қорғаныстық жерлендіру кедергілерінің максималды рұқсат етілген мәндері
- •2.2 Жұмыстың орындалу реті
- •3 Жалпы мәліметтер
- •3.2 Жұмыстың орындалу реті
- •Есеп беру талаптары
- •4 Жалпы мәліметтер
- •4.1 Нөлге қосудың әрекет ету принципі
- •Аппараттар тізімі
- •4.3 Жұмыстың орындалу реті:
- •4.4 Есеп беру талаптары
- •5 Жалпы мәліметтер
- •5.1 Зертханалық жұмыста қолданылатын аппараттар тізімі
- •5.2 Жұмыстың орындалу реті.
- •5.3 Есеп беру талаптары
- •6 Жалпы мәліметтер
- •6.1 Электрлік желілер сипатына байланысты қорғаныстық жерлендіру кедергілерінің максималды рұқсат етілген мәндері
- •6.2 Құрал-жабдықтар тізімі
- •6.3 Жұмыстың орындалу реті
- •Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру талаптары
- •7 Жалпы мәліметтер
- •7.1 Электрлік желілер сипатына байланысты қорғаныстық жерлендіру кедергілерінің максималды рұқсат етілген мәндері
- •7.2 Құрал-жабдықтар тізімі
- •7.3 Жұмыстың орындалу реті
- •8 Жалпы мәліметтер
- •8.1Аппараттар тізімі
- •8.3 Зертханалық жұмыс бойынша есепке қойылатын талаптар.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
3 Жалпы мәліметтер
Адам ағзасы арқылы өткен ток термиялық электролитті және биологиялық әсерін тигізеді.
Термиялық әсер дененің жеке бөліктерінің күюімен, қан тамырларының, жүйке жүйелерінің және басқа да ұлпалардың қызуымен көрініс табады.
Электролитті әсер – қанның және басқа да органикалық сұйықтықтың ыдырауымен көрініс табады, ол олардың физико-химиялық құрамының айтарлықтай бұзылуына әкеп соқтырады.
Биологиялық әсер - ағзаның тірі ұлпаларының қозуымен (әдетте бұлшық еттердің дірілдік тырысуы), қалыпты әрекеттегі ағзада болатын және оның өмірлік функцияларымен тығыз байланыста ішкі биоэлектрлік үрдістердің бұзылуымен сипатталады. Оның салдарынан адам ағзасында біршама өзгерістер болуы мүмкін, сонымен қатар қан айналымымен тыныс алу мүшелері өзгеріске ұшырап, тоқтап та қалуы мүмкін. Токтың ағза ұлпаларына тітіркендіргіш әсері тікелей болуы мүмкін, егер ток сол ұлпалар арқылы және рефлексті ағзалар арқылы өтсе, яғни арналық жүйке жүйесі арқылы өтсе.
Токтың әсер ету салдары көптеген факторларға байланысты, соның ішінде токтың мәніне, адам денесі арқылы өту ұзақтығына, түріне, жиілігіне және адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Адам денесінің электрлік кедергісі мен оған келген кернеулік зақымдалу салдарына әсерін тигізеді, бірақ адам денесі арқылы өткен токтың мәні қаншалықты болса соншалықты әсер етеді.
Адам денесінің кедергісі тері мен ішкі ұлпалар кедергісінен тұрады.
Тері, дәлірек айтар болсақ, эпидермистер деп аталатын ішкі қабат, оның қалыңдығы 0,2 мм дейін болады және ол көбінесе ірі өлі клеткалардан тұрады. Оның кедергісі үлкен және ол адам денесінің жалпы кедергісін анықтайды. Терінің астыңғы қабаттары мен адамның ішкі ұлпаларының кедергісі өте аз. Зақымдалмаған таза кедергі 2 кОм – 2МОм аралығында ауытқиды. Тері лас және дымқыл болса, онда 500 Ом шамасында болады, яғни дененің ішкі ұлпаларының кедергісінің мәніне дейін жетеді. Есептеу барысында адам денесінің кедергісі 1 кОм-ға тең деп алынады.
Адам денесі арқылы өткен токтың мәні зақымдалу дәрежесіне әсер ететін негізгі фактор болып табылады: ток көп болған сайын оның әсеріде қауіпті болады. Адам өз денесі арқылы өткен (50Гц) өндірістік жиіліктегі аз токты сезеді: 0,6 – 1,5 мА. Осы ток сезіну тогының шегі деп аталады.
Жиілігі 50 Гц, 10-15 мА ток адам игере алмайтындай ауыртпалығы бар дірілдік тырысуды (қол, бұлшық еттері) туындатады, яғни ол ток өткізгішті ұстап тұрған қолын босата алмайды және өзінен ары да лақтыра алмайды, сол ток өткізгішке байланып тұрғандай болады. Мұндай ток жібермейтін ток шегі деп аталады.
25 – 50 мА тогы әсер еткен кезде ол ток адамның төс бұлшық еттеріне таралады, оның салдарынан адамның тыныс алуы күрделенеді және тоқтап қалуыда мүмкін, осы ток ұзақ бірнеше минуттар әсер ететін болса, онда өкпенің жұмысы тоқтауынан адам өлімге ұшырауы мүмкін.
100 мА ток әсер ету кезінде ол бірден жүрек бұлшық еттеріне әсер етеді; 0,5 секундтан астам уақыт бойы әсер ететін болса, онда жүректің фибрилляциясы мен токтауын туындатады, яғни жүрек бұлшық ет талшықтарының (фибрилл) жедел хаосты және әркелкі тырысып тартылуы, соның салдарынан жүректің насос ретіндегі қызметі тоқтайды. Нәтижесінде ағзаның қан айналымы тоқтап өлімге әкеп соқтырады. Бұл ток фибрилляциялы ток деп аталады.
Адам денесі арқылы өтетін токтың ұзақтығы артқан сайын, адам денесінің кедергісі төмендей береді және токтың кері әсері жиналады, соның салдарынан токтың күші арта бастайды да зақымдалу нәтижесіне қатты әсер етеді.
Зақымдалу нәтижесіне белгілі бір дәрежеде токтың түрі мен жиілігі де әсерін тигізеді. Аса қауіп туғызатыны – жиілігі 20-100 Гц ауыспалы ток болып табылады. Жиілігі 20-дан аз немесе 100-ден астам болған кезде токтың зақымдау қаупі төмендейді.
Жиілігі 0,5 МГц астам токтар ұлпаларға тітіркендіргіш әсерін тигізбейді және сондықтан да электр тогы соқпайды. Бірақ термиялық күйіктер туындатуы мүмкін.
Тұрақты ток кезінде сезіну тогының шегі 6 – 7мА дейін, жібермейтін ток шегі 50-70 мА дейін, ал фибрилляциялық токтың әсер ету ұзақтығы 0,5 астам болса оның шегі – 300 мА дейін артады.
Адамның жеке қасиеттері – денсаулығы, электр қондырғыларында жұмыс істеуге дайындығы және басқа да факторлар зақымдалу нәтижесіне септігін тигізеді. Сондықтан электр қондырғыларында қызмет атқаратын адамдар арнайы дәрігерлік тексеру мен арнайы оқытудан өтеді.
3.1 Аппараттар тізімі
Атауы |
түрі |
Адам денесінің кедергісін зерттеуге арналған құрал |
341 |
