- •1.1 Зертханалық стендте орындалатын жұмыстар тізімі
- •1.2 Зертханалық стендте жүргізілетін тәжірибелерде қолданылатын қондырғылар
- •1.3 Зертханалық стендте жүргізілетін тәжірибелерде қолданылатын қондырғылар
- •2 Электронды мультиметр көмегімен өлшемдер алу және оған дайындалу
- •3 Зертханалық жұмыстарды орындау барысындағы қауіпсіздік шаралары
- •1 Жалпы мәліметтер
- •1.2 Жұмыстың орындалу реті
- •1.3 Есеп беру талаптары
- •2 Жалпы мәліметтер
- •2.1 Электрлік желілер сипатына байланысты қорғаныстық жерлендіру кедергілерінің максималды рұқсат етілген мәндері
- •2.2 Жұмыстың орындалу реті
- •3 Жалпы мәліметтер
- •3.2 Жұмыстың орындалу реті
- •Есеп беру талаптары
- •4 Жалпы мәліметтер
- •4.1 Нөлге қосудың әрекет ету принципі
- •Аппараттар тізімі
- •4.3 Жұмыстың орындалу реті:
- •4.4 Есеп беру талаптары
- •5 Жалпы мәліметтер
- •5.1 Зертханалық жұмыста қолданылатын аппараттар тізімі
- •5.2 Жұмыстың орындалу реті.
- •5.3 Есеп беру талаптары
- •6 Жалпы мәліметтер
- •6.1 Электрлік желілер сипатына байланысты қорғаныстық жерлендіру кедергілерінің максималды рұқсат етілген мәндері
- •6.2 Құрал-жабдықтар тізімі
- •6.3 Жұмыстың орындалу реті
- •Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру талаптары
- •7 Жалпы мәліметтер
- •7.1 Электрлік желілер сипатына байланысты қорғаныстық жерлендіру кедергілерінің максималды рұқсат етілген мәндері
- •7.2 Құрал-жабдықтар тізімі
- •7.3 Жұмыстың орындалу реті
- •8 Жалпы мәліметтер
- •8.1Аппараттар тізімі
- •8.3 Зертханалық жұмыс бойынша есепке қойылатын талаптар.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
1 Жалпы мәліметтер
Қауіпсіздік жағдайлары мен технологиялық талаптар бойынша үш фазалы желінің бейтараптарының тәртібі таңдалады. ПУЭ –и сай, кернеулігі 1кВ жоғары болған жағдайда екі жүйе қолданылады: бейтарап сымы оқшауланған және бейтарап сымы тиімді жерлендірілген үш желілер. Кернеулігі 1кВ дейін болған жағдайда бейтарап сымы оқшауланған үш проводты және бейтарап сымы жабық жерлендірілген төрт проводты желілер қолданылады.
Бейтарап ол трансформаторда немесе генаротор тізбегін қоректендіретін орамның қосылу нүктесі. Бейтарап оқшауланған немесе жерлендірілген болуы мүмкін.
Жерлендірілген бейтарап деп- оның жерлендіруші қондырғыға тікелей аздаған кедергі арқылы қосылуын айтамыз.
4.оқшауланған деп- оның жерлендіргін құралған қосылмауын немесе үлкен кедергі арқылы қосылуын айтамыз.
Адамның үш фазалы электр желісімен жанасуларының түрлі жағдайларын талдай отырып, бейтараптың кез-келген тәртібіндегі екі фазалы жанасу адам үшін аса қауіпті екендігіне көз жеткізуге болады. Ондай жағдайда Ir - адам денесі арқылы өткен тоқ Uл –тізбекті кернеумен және оның денесінің Rr кедергісі арқылы анықталады:
I r =Uл / Rr (1)
Uл =1,73Uф (2)
Қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған үш проводты желінің бейтарап сымы оқшауланған бір фазасына жанасқан кездегі адам денесі арқылы өтетін тоқ күшін кешенді түрде келесі өрнек арқылы анықтаймыз.
(3)
Мұндағы Z-жерге қатысты бір фазаның толық кедергісінің кешені, ОМ;
R-жерге қатысты сымтемір (провод) оқшаулағышының кедергісі,ОМ;
С-жерге қатысты сымтемір оқшаулағышының сыйымдылығы, Ф
Шынайы түрдегі тоқ келесіге тең:
(4)
Егер сымтемірлердің сыйымдылығы жерге қарағанда аз болса онда теңдік келесідей түрленеді.
(5)
Мұнда ,r-оқшаулығыш кедергісі,ОМ
Егер сыйымдылық көп, ал оқшаулағыш өткізгіштігі аз болса, онда адам денесі арқылы өтетін тоқ күші келесідей болады.
(6)
Мұнда , xc -сыйымдылық кедерісі,ОМ; ω -бұрыштық жиілік,рад/с.
Сымтемірлер мен жер арасындағы аздалған сыйымдылыққа бейтарап сымы оқшауланған желілердің қалыпты жұмыс істеу аралығында оның бір фазасына жанасқан адамға төнетін қауіп жерге қатысты сымтемірдің кедергісіне байланысты болады: кедергі артқан сайын қауіп төмендейді.Сондықтан осындай желілерде оқшауланғыштардың кедергісін арттырып және орын алған кемшіліктерді дер кезінде анықтап,оны жоюды қамтамасыз ету үшін оның жағдайын бақылап отыру керек. Бірақ жерге қарағанда сыйымдылығы жоғары желілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сымтемірлерді оқшаулау үшін жоғалтады, оны теңдіктерден де көруге болады.
Бейтарап сымы жерлендірілген төрт сымтемірлі үш фазалы желілерде бейтарап сымның жерлендіргіш өткізгіштігімен салыстырғанда жерге қарағандағы сымтемірлердің сыйымды өткізгіштігі мен оқшаулағыш өткізгіштігі аз, сондықтан желі фазасын ұстаған адам арқылы өтетін тоқ күшін анықтау кезінде оны елемеуге болады.
Желінің қалыпты тәртіппен жұмыс істеу барысында адам денесі арқылы өтетін тоқ күші келесідей болады:
(7)
Мұнда rо - бейтарап жерлендіргішінің кедергісі,ОМ.
rо <100м, адам денесінің кедергісі Rч жүз ОМ-нан кем болмайды. Демек теңдікте еш бір үлкен қатесіз rо -ді ескермеуге болады және бейтарап сымы жерленген төрт сымтемірлі үш фазалы желінің бір фазасына жанасу кезінде адам фазалық кернеулік астында деуге болады,ал ол арқылы өткен тоқ Uф-ның Rч-ға қатынасына тең болады.
Осыған орай, бейтарап сымы жерлендірілген үш фазалы желіге, жанасу оның қалыпты жұмыс аралығында қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған бейтарап сымы оқшауланған желі фазасына жанасуға қарағанда қауіптірек.
Аппараттар тізімі
Белгіленуі |
Атауы |
Тип |
G1 |
Үш фазалы қоректену көзі |
201,2 |
A1 |
Тізбекті дросселдер блогы |
337 |
A2 |
Үш фазалы трансформатор |
302 |
A3 |
Электр желісі аймағының моделі |
303 |
A4 |
Адам моделі |
309 |
A5 |
Жерге тұйықталу моделі |
310 |
P1 |
Мультиметрлер блогы |
508,2 |
Сурет 1- қосылыстардың электрлік сұлбасы
