Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
namefix-252.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

8.1Аппараттар тізімі

Белгіленуі

Аталуы

Тип

G1

Үш фазалы қоректену көзі

201,2

A1

Сызықтық дроссельдер блогы

337

A2

Үш фазалы трансформатер

302

A3

Электр желісі аумағының үлгісі

303

A4

Адам үлгісі

309

AH

Қорғап ажыратқыш құрылғы

321

P1

Мультиметр блогы

5082

8.2 Жұмыс жүргізу тәртібі.

1. Жұмыс бастар алдында тәжірибе барысында қолданылатын электр көзінен ажыратылғанына көз жеткізу керек.

2.Тәжірбиеде қолданылатын құрылғының «╧», қорғап жерлендіргіш ұяшықтары G1 көзінің “ РЕ ” ұяшығымен жалғанады.

3. Аппарат электр сұлбасымен сәйкес қосылады.

4. G1 көзі және P1 мультиметрдің қоректену блогы қосылады.

5. Электр желісімен қоректенетін жабық жерлендірілген режимі трансформаторды бейтарап нүктесінің ұяшығы және A2 үш фазалы трансформатор блогындағы R0 жерлендіргіштің кедергісінің ұяшығы арасындағы жалғастырғыш орнатумен үлгіленеді.

19-сурет. Жалғанудың электр сұлбасы

6.Тәжірибе жүргізу барысында Ra Rb Rc кедергінің оқшауланған бейтарапты желісінде A3 үлгісіндегі фазалардың оқшаулануы белгілі шамаға ие болуы керек.

7. Адамныңаяқ кимі мен ол тұрған еденнің кедергісінің қажетті мәні A4 адамның үлгісіне орнатылады.

8. А11 қорғап ажыратқыш құрылғысының іске қосылуының тоқты және уақытты қондырғысы оның беткі панеліндегі “<” және “>” тетіктерінің көмегімен орнатылады.

9.А11қорғап ажыратқыш құрылғынын қосылуы оның беткі панеліндегі “ВКЛ” тетігін басу арқылы жүргізіледі.

10.А11 қорғап ажыратқыш құрылысының жоғарғы индикаторынан адам арқылы өтетін тоқтың азаюының шамасын байқауға болады.

11. Егер қосылғаннан кейін А11 қорғап ажыратқыш құрылғы өсіп қалса , онда оның жоғарғы индикаторында салдарынан ажыратылу болған тоқ азаюының шамасы пайда болады. Бұл азайған тоқ мәнінің туындысы және қорғап ажыратқыш құрылғының іске қосылу уақыты соңғысының нәтижелігімен бағалау үшін қолданылады.

12.Адам жанасатын фазаның кернеуі P1мультиметр блогының вольтметр көмегімен өлшенеді.

13.Тәжірибені аяқтағанда G1 көзі және P1 мультиметр блогының қорегі ажыратылады.

8.3 Зертханалық жұмыс бойынша есепке қойылатын талаптар.

  • 7-8п.п. бойынша электр желісімен қоректенетін жабық жерлендірілген бейтарап режим үшін, тоқ шамасының азаюын және аяқ киім кедергісінің ААК= 1;10;30;3000 кОм және еденнің Re=1;100;900;2500кОм әртүрлі шамасында /оқытушы тапсырмасы бойынша/ қорғап ажыратқыш құрылғыны іске қосылу уақытын көрсету қажет.

7-8п.п.бойынша оқшауланған бейтарапты режимге оқшауланудың кедергісі Ra=Rb=RcR=1;2;5;10;100;500;кОмбелгілі шамаға ие болғанда дәл солай тоқ шамасының азаюын және аяқ киім кедергісінің Rак=1;10;300;3000;кОм және еденнің Re=1;100;900;2500;кОм әртүрлі шамасында қорғап ажыратқыш құрылғының іске қосылу уақытты көрсету қажет, сондайақ адам жанасатын фазаның кернеуін анықтау қажет.

  • Барлық орындалған тәжірбиелер бойынша қорытынды жасау қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Қорғап ажыратқыш дегеніміз не?

2. Автоматты сөндіргіш дегеніміз не?

3. Қорғап ажыратқыш міндеті немен тұжырымдалады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]