Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
namefix-252.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

8 Жалпы мәліметтер

Қорғап ажыратылу –электр қондырғысының , тоқпен зақымдану қауіпттілігі пайда боланда автоматты түрде өшірілуін қамтамасыз ететін шұғыл қимылдайтын қорғаныс.

Мұндай қауіптілік- электр сымының қондырғы қаңқасымен тұйықталуы кезінде ;жерге қатысты, сымдардың оқшаулану кедергісі белгілі төмен тусуі кезінде; желіден жоғары кернеу пайда болғанда; кернеумен тұрған тоқтың негізгі бөлігіне адамның жанасуы кезінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайларда желіде кейбір электр параметрлерінде өзгерістер жүруі мүмкін: мысалы; жерге қатысты қаңқаның кернеуі озгеруі , сымдардың кернеуі, нөлдік тізбектелудің кернеуі және т.б. өзгеруі мүмкін. Бұл параметрлердің кез-келгені, нақтырақ айтқанда- адамның тоқпен зақымдану қауіпі туындайтын белгілі бір шекке өзгеруі, қорғап ажыратқыш құрылғының іске қосылуына, яғни, желінің қауіпті аумағының автоматты түрде өшірілуіне лып келетін импульс қызметін атқарады.

Қорғап ажырату аспабы-электр желісінің қандай да бір параметрлерінің өзгеруіне жауап қайтаратын және автоматты сөндіргіштің белгі беретін жекелеген элементтерді жиынтығы. Мұндай элементтерге жатады:

  • Бақылау тізбектерді қорғап ажыратқыш құрылғы сұлбасының дұрыстығын мезгілдік тексеруге арналған құрылғы;

  • Күшейткіш , қадаға белгілерін жеткілікті мөлшерде қуатты болмаған жағдайда күшейтуге арналған құрылғы;

  • Бақылау тізбектері қорғап ажыратқыш құрылғы сұлбасының дұрыстығын мезгілдік тексеруге арналған құрылғы;

  • Қосалқы элемент- белгі шамдары, қондырғының жағдайын сипаттайтын өлшеуіш аспаптар, т.с.с.

Автоматты сөндіргіш- бұл қысқа тұйықталу кезіндегі жүктемеде тұрған тізбектердің қосылуын және өшірілуін жүзеге асыратын құрылғы. Ол қорғап ажыратқыш аспаптан белгі түскен кезде автоматты түрде тізбекті ажыратуы керек.

Қорғап ажыратқыш құрылғы жауап қайтаратын параметрлеріне байланысты сол немесе басқа типке жатқызуға болады, сонымен қатар жерге қатысты қаңқа кернеуіне, жермен тұйықталу тоғына жерге қатысты сым кернеуіне, нөлдік тізбектелу кернеуіне, нөлдік тізбектелу тоғына, жедел тоққа және т.б. жауап қайтаратын құрылғы типтеріне жатқызуға болады.

Қорғап ажырату міндеті бір аспап арқылы қорғаныс жиынтығын немесе оның кейбір келесі түрлерінің жиынтығын жүзеге асыруымен қортындыланады:

  • Жерге немесе кернеуден қалыпты оқшауланған электр жабдықтарының элементтеріне бірфазалы тұйықталудан;

  • Адамның электр жабдығының фазаларының біріне жанасқан кезде, егер жанасу аспапты қорғау қызметінің аумағында болса;

Қорғап ажыратқыш құрылғы 1кВ-қа дейінгі электр қондырғыларында қолданады:

  • Оқшауланған бейтарапты жылжымалы электр қондырғыларында қолданады. Жерлендіргіш құрылғыны жасау қиындық туындатқан кезде, өздігінен қорғану жерлендіргіш ретінде қолданылуы мүмкін.

  • Оқшауланған бейтарапты стационарлы электр қондырғыларда қолдан басқарылатын электр машиналарын жеке бір қорғанысы және басқаларына қосымша қорғаныс ретінде қорғауға арналған.

  • Электр тоғымен зақымданудың жоғары қауіпті жағдайларында және бейтараптың әр түрлі режиміндегі жылжымалы және стационарлы электр қондырғыларда жарылыс қауіпі жоғары жағдайларда;

  • Нөлдендірумен қорғау жеткіліксіз және нәтижесіз болатын алыстатылған жекелеген электр энергиясын тұтынушылардағы жабық жерлендірілген бейтарапты стационарлы электр қондырғыларда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]