Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
namefix-252.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

4.4 Есеп беру талаптары

1. 9-пункт бойынша, = 1, 2, 3 Ом арқылы жерге тұйықталу нәтижесі мен қорғаныстың іске қосылуын көрсету керек.

2. 10-пункт бойынша, қорғаныстың нөлге қосылу әрекеттерінің туындауына назар сала отырып, қысқа тұйықталу тізбегінің кедергісінің мәні = 5, 10, 15, 20 Ом болғандағы қорғаныстың нөлге қосылу әрекеттерін көрсету керек.

3. 11-пункт бойынша, нөлдік өткізгішті қайта жерлендіру кедергісінің нөлге қосылу әрекеттеріне әсерін көрсету керек.

4. Экспериментті жүргізуге арналған бағдарламаларға сай барлық орындалған эксперименттер бойынша қорытынды жасау керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Нөлдену

  2. Нөлдік қорғаныстық өткізгіш деп нені атайды?

  3. Нөлдену әрекетінің принципі?

5 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бейтарап сымы оқшауланған электрлік желілердегі оқшауларды бақылау.

Жұмыс мақсаты: Бейтарап сымы оқшауланған электрлік желілердегі оқшаулағыштардың бұрыстығын бақылауды үйрену

5 Жалпы мәліметтер

Электрлік қондырғылармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік түрлі техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Олар күшіне енген электр қондырғыларын орнату ережелері бойынша реттеледі (ПУӘ 2001).

Қолданылатын машиналардың, механизмдердің, аппараттардың құралдармен басқа да электр қондырғыларының сондай-ақ сымтемірлер мен кабельдердің құрылымы, орындалуы, орнату тәсілімен оқшаулағыштарының классымен сипаттамалары электр қондырғыларының немесе желі өлщемдеріне, жұмыс тәртібіне, қоршаған орта жағдайларына және ПУӘ сәйкес бөлімдерінің талаптарына сай болу керек.

Тоқ өткізгіш бөліктерді оқшаулау (қорғаныстық оқшаулау) – тоқ өкізгіш бөліктермен жанасудан қорғану тәсілі. Оның әсер ету принципі ток өткізгіш бөліктерді оқшаулайтын материалмен қаптау. Тоқ өткізгіш бөліктерді оқшаулау – электр қауіпсіздік шараларының негізгісі болып табылады.

Бейтарап сымы доға сөндіргіш реактор арқылы жерлендірілген немесе оқшауланған, ауыспалы тоғы 1кВ астам желімдерде; бейтарап сымы оқшауланған ауыспалы тоғы1кВ дейінгі желілерде және полюстары оқшауланған немесе орта нүктесі оқшауланған тұрақты тоқ желілерінде оқшауларды автоматты бақылау жүргізілуі керек. Олар бір фазадағы оқшаулағыш кедергілері берілген мәннен төмендегі жағдайда берілетін дабылға байланысты іске қосылады және содан соң көрсеткіш аспап көмегімен кернеулер ассимметрияларын бақылайды.

Оқшаулағыштарды, аракідік кернеуді өлшеу арқылы да бақылауға болады, ол кернеулер ассимметриясын көріп бақылау мақсатында атқарылады.

ПУӘ-ге сай тоқ өткізгіш бөліктердің оқшаулағыштарының жерге тәуелді кедергісі 0,5-10 Ом төмен болмау керек. Оқшаулағыштар жұмысшы, екі қабатты және күшейтілген жұмысшы болып бөлінеді.

Жұмыс оқшаулағышы деп – электрлік қондырғының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін және қызметкерлерді электр тоқ соғуынан қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулағыштарды айтамыз. Екі қабат оқшаулағыштар жұмыс және қосымша оқшаулағыштардан тұрады және электр қондырғылардың жоғарғы электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етілетін жағдайда қолданылады(мысалы, қолдың электр құралдары, тұрмыстық электр құралдары және т.с.с). Екі қабатты оқшаулағыштардың кедергісі 5МОм-нан кем болмау керек, ол қарапайым жұмысшы оқшаулағышының кедергісінен 10 есе артық көп жағдайларда жұмысшы оқшаулағыштарды берік етіп орындайды, олардың электрлі кедергісі 5 МОм-нан кем болмайды және сол себепті жұмысшы оқшаулағыштар электр тоқ соғуынан екі қабатты оқшаулағыштар сияқты қорғайды. Мұндай оқшаулауды күшейтілген жұмыс оқшаулағышы деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]