- •Ауру тарихы
- •I. Паспорттық бөлім
- •II. Науқастың шағымдары
- •III. Қазіргі ауру тарихы
- •IV. Науқастың өмір тарихы
- •V. Науқастың қазіргі жағдайы
- •VI. Дененің жеке бөлімдерін қарау
- •Тыныс мүшелерін тексеру
- •Жүрек – тамыр жүйесін тексеру
- •Ас қорыту ағзаларын тексеру
- •VII. Зерттеу жоспары:
- •Зерттеу қорытындылары:
- •Алдын – ала қойылған клиникалық диагноз
- •Дифференциалды диагноз:
VII. Зерттеу жоспары:
-жалпы қан анализі;
-жалпы зәр анализі;
-биохимиялық қан анализі;
-коагулограмма;
-Р-графия;
-БК-ға үш реттік қақырық алу;
- кеуде клеткасының КТ;
Зерттеу қорытындылары:
Жалпы қан анализі:
Гемоглобин - 121 г/л
Эритроциттер – 4,4*1012/л
Лейкоциттер - 11,8*109/л
ЭТЖ – 24 мин/сағ
Қорытынды: ЭТЖ жоғарылаған
Жалпы зәр анализі:
ақуыз – 0,08 г/л
жалпақ эпителий – 0-1
Лейкоциттер – 5-8
Эритроциттер – 6-8
Қорытынды: протеинурия мен микогематурия анықталуы
Биохимиялық қан анализі:
Жалпы ақуыз – 73 г/л
Мочевина – 6,2 ммоль/л
Креатинин – 113 ммоль/л
Глюкоза – 8,2 ммоль/л
АлаТ – 28 Ед/л
АсаТ – 42 Ед/л
Жалпы билирубин – 25,9 мкмоль/л
Тура билирубин – 4,2 мкмоль/л
Қорытынды: Глюкоза, АсаТ, жалпы билирубин жоғарылаған.
Коагулограмма:
Протромбинді уақыт – 15 сек
МНО – 1,1
АЧТВ – 34 сек
Фибриноген – 3,3 г/л
Қорытынды: Коагулограммада өзгеріс жоқ
R – графия: оң жақта төменгі бөлікте өкпе суретінің пневмотизациясы анықталады. Синустары бос. Өкпе түбірі аз құрылымды, кеңейген, тығыздалған, деформацияға ұшыраған, перибронхиалды инфильтрациямен. Диафрагма күмбез тәрізді. Көкірек аралық көлецке: ерекшеліксіз.
Қорытынды: оң жақтық полисегментарлы пневмония.
- Кеуде сегментінің КТ:
Зерттеу контрастты затсыз, 4/1,25 мм 3D реконструкциялы суретпен жасалынған. Алынған КТ суреттерде оң жақ өкпенің II, IV, V сегменттерінде интенсивтілігі біркелкі емес инфильтрация анықталды, тығыздығы + 35 бірлікке.Н дейін. Трахеяның, басты және бөліктік бронхтардың кеңістігі сегментарлы деңгейге дейін анықталады. Бронх қабаттары тығыздалған. Жүрек, аортаның кеуделік бөлігі, өкпе сабауы және оның тармақтары дифференцияланған. Көкірек аралық лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Плевральды қуыста және перикард қуыстаында бос сұйықтық анықталмайды. Жұмсақ тіндер және сүйектік құрылым дифференцияланған.
Қорытынды: Оң жақтық полисегментарлы пневманияның КТ белгілері
БК-ға үш реттік қақырық алу – теріс
Алдын – ала қойылған клиникалық диагноз
Жетекші синдромдар:
- интоксикациялық синдром (дене температурасының 40 градусқа дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, бас ауруы);
- өкпе тінінің тығыздалу синдромы (жөтелу, қақырық тастау);
- тыныс жеткіліксіздігі синдромы (ентігу);
- ауырсыну синдромы (кеуде сарайының ауырсыну сезімі, терең дем алғанда, жөтелген кезде күшеюі)
Қосымша синдромдар:
Диспепсиялық синдром ( құсу, іш өту)
Болжамды диагноз: Ауруханадан тыс оң жақтық полисегментарлы
пневмония, орташа ауыр дәрежелі. Тыныс жеткіліксіздігі I дәреже.
Дифференциалды диагноз:
|
Пневмония
|
Өкпе туберкулезі |
Өкпе рагі |
Анамнез |
Салқындаудан кейін,қосымша ауру ЖРВИ, жарақат т.б вирусты инфекция болуы |
Туб контакт, қауіп факторлар |
Басқа мүшелердің ісіктері болуы мүмкін. |
Аурудың басталуы |
Жедел |
Біртіңдеп , симптомсыз |
Біртіңдеп , симптомсыз |
Клиникалық симптомы |
Айқын интоксикация-дене температурасы-фебрильді деңгейге дейін жоғарлауы, қалтырау,бас ауруы, айқын әлсіздік,ентікпе. кеуде клеткасында ауырсынуы, жөтелгенде терең дем алғанда күшейеді. Жөтел құрғақ, кейіннен ылғалды. |
Дене температурасы-субфебрильді кешкі уақытта жоғарлауы, қан қақыру, қанық қызыл түсті, түнгі тершеңдік, салмақ жоғалту, тамаққа тәбеттің төмендеуі |
дене температурасы- субфебрильді, фебрильді, деңгейге дейін жоғарлауы,Жөтел – құрғақ немесе аз мөлшерде қақырықпен. Ұстама тәрізді. Қан түкіру: түсі малина тәрізді. Ентікпе. Салмақ жоғалту |
Объективті зерттеу |
Кеуденің екі жағы дем алуға бірдей қатысуы: оң жағы қалыңқы. Пальпация: дауыс дірілі әлсіреген- күшейген-әлсіреген. Перкуссия: перкуторлы дыбыс тұйықталу-тұйық. Аускультация: везикулярлы тыныс әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырыл.
|
Habitus phtisicus: Дене салмағының жетіспеушілігі, румянец, блеск глаз, қарашық кеңеюі, қанат тәрізді жауырын. Микрополиадения. Кеуде клеткасы формасы- астеникалық. Пальпация: дауыс дірілі әлсіреген- күшейген-әлсіреген. Перкуссия: тұйық. Аускультация: везикулярлы тыныс әлсіреген немесе ештене естілмейді. |
Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаяды. Кеуденің екі жағы дем алуға бірдей қатысуы:тыныс алуға қатыспайды. Пальпация: ауырсынады, Перкуссия: тұйықталу. Аускультация:құрғақ сырыл. |
Лабораторлы зерттеу
|
ЖҚА; лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, |
ЖҚА; лейкоцитоз, нейтрофильдердің солға ығысуы,ЭТЖ жоғарлауы, анемия, лимфопения, моноцитоз. |
ЖҚА; лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, анемия, |
Қақырықты зерттеу |
Ашық сары түсті. Лейкоциттер анықталады.
|
Қақырық кілегей-іріңді. Қанық қызыл түсті. ТМБ анықталады. |
атипиялық клеткалар, іріңді-кілегейлі, түсі малина тәрізді |
R-қ зерттеу |
пневмониялық инфильтрат өкпенің төменгі бөлігінде орналасады, түрлері біркелкі емес, шеттері айқын көрінбейді, көлеңкенің бояуы әлсіз, өкпенің жалпы суреті күшейген. Себінді ошақтар мен өкпе түбіріне жол болмайды. Пневмониялық инфильтрат 1-4 апта ішінде сіңіп кетеді.
|
Туберкулезде инфильтрат көбіне өкпенің жоғарғы бөлігінде 1-2 сегментте орналасады. инфильтрат дөңгелек, шеттері айқын. Өкпе суреті күшейген немес күшеймеген. Көбіне өкпе түбірімен байланысады. өкпе түбірі кеңейген немесе кеңімеген. Мономорфты, полиморфты ошақтар. Ыдырау қуысы қалыптасуы мүмкін. Инфильтраттың тарауы баяу, 6-9 айға созылады. |
Қараю көлеңке –пішінді шар тәрізді , интенсивтілігі төмен, контур айқын лучистый, Гомогенді емес. Бронхогендік ракта обтурациялық ателектаз синдромының белгілері болады. Зақымданған жақта гомогенді көлеңке, зақымданған жаққа қарай ірі тамыр және жүрек ығысуы, диафрагма жоғары ығысқан.
|
