- •6.1 Техникалық күту және жөндеу кезіндегі еңбек объектісі ретіндегі автомобиль
- •6.2. Технологиялық үрдіс жайлы түсінік
- •Жеңіл және жүк автомобилдер
- •6.1 Сурет. Күрделі жөндеуге дейінгі жортуға тк және аж орындаудағы еңбекшығындарының қатынасы
- •6.2 Кесте
- •Орындау бойынша тк және аж жұмыстардың көлемдерін үлестіру
- •6.4. Жұмыстардың жалпы сипаттамасы.
6.4. Жұмыстардың жалпы сипаттамасы.
Тазалау – жуу жұмыстары.Бұл іс - әрекеттер жолаушылар тасымалы және әр түрлі жүктерді тасымалдау кезіндегі санитарлық ережелерді сақтаудың міндетті шарттарының бірі болып табылатын автомобильдерді таза және сай күйінде ұстау үшін арналған.
Сонымен қатар, автомобильдерді заманауй жуу лактық, бояулық жабындыны сақтауға көмектеседі, сонымен қатар туған ақауларды табуға мүмкіндік береді.Әртүрлі жолдық және ауа – райлық жағдайлардағы автомобильдердің жұмысыда шанақтың және шассидің әртүрлі кірлену түрлері болады.
Қоршаған ортаның температурасының әсерінен, атмосфералық әсерлерден және шанаққа органикалық және органикалық емес қышқылдардан тұратын кірдің жабысуынан лактық бояулық жабындының химиялық қасиеттерінің қалпына келместей өзгеруі жүреді.Лактық бояулық жабындының эластикалығын жоғалтуы, сондай – ақ автомобильдің қозғалысы кезіндегі шанақтың деформациясының және дірілінің әсерінен болады, бұның нәтижесінде оның бетінде микросызаттар пайда болады, оның тот басуына әкеп соғатын металдың жұқаруы жұреді.Нәтижесінде, автомобильдің шанағының беттік бояуының жабындысы сұрланады және бұзылады.
Автомобильдің төменгі беттерін, көруді және қажетті жұмыстарды жүргізуді қиындататын қатты қатқылды түзетін, сазды, құмды, органикалық және басқада да қосылыстар былғайды.Күкіртті қосылыстардан тұратын ауаның , көктайғақ кезде жолға себетін аспаздық тұздың әсерінен хромдалған шанақтың бөлшектері жарқырауын жоғалтады.Шанақтың ішкі қабы, орындықтардың жастықшалары және төсеніштері, құралдар панелі және еден шаңмен және қоқыспен ластанады.
Осымен байланысты жылжымалы құрамды күнделікті күту үрдісінде тазалау, жуу, кептіру және шанақты мерзімдік полирлеу жүргізіледі.
Автомобильдің шанағын тазалау автомобильдің шанағынан және кабинасынан шаңды және қоқысты жоюдан, орындықтарды әйнектерді және шанақ ішіндегі арматураларды сүртуден, сонымен қатар қозғалтқышты, щиттерді және капоттың ішкі жағын сүртуден тұрады.Арнайы арналған автомобильдердің (санитарлық, азық-түлікті тасымалдауға арналған және басқалары) және автобустардың шанақтары, сонымен қатар едендерін және қабырғаларын жуу және ішін дезинфекциялау мерзімдік жүзеге асырылады.
Бақылау-көру жұмыстары – сыртқы зақымдалуларды табу мақсатында көліктік құралды көру, сонымен қатар автомобильдің маңызды агрегаттарының механизмдерінің және жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
Сыртынан байқау кезінде кабиналардың есіктерінің, платформалардың, әйнектердің артын көру айналарының, күнге қарсы жабқыштардың, тіректердің нөмірлік белгілерінің есіктердің механизмдерінің, иілетін кабинаның бекітпе механизмінің, платформаның борттарының бекітпелерінің, капоттың, жүк салғыштың қақпағының автомобиль өзі түсіргіштің артқы бортының және оның механизмдернің бекітпелерінің, қаңқалардың, рессорлардың, доңғалақтардың күйі тексеріледі.
Сонымен қатар тіректік-іліністік немесе тіркемелік құрылғылар жартылай тіркемелердің тіректік сырғымалары, іліністің сенімділігі, спидометрдің және және таксометрдің бүтіндігі және дұрыстылығы, жарықтандыру және жарықтық белгі беру құралдарының, дыбыстық белгі берудің, әйнек тазалағыштардың, желдік әйнектердің және фарлардың жуғыштарының, әйнектерді жылыту және қыздыру жүйесінің (қоршаған ортаның төмен температурасы кезінде) желдету жүйесінің күйін тексереді.
Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің қымтақталғандылығы, рульдік жүрісінің күйі, басқарылатын доңғалақтардың максималды бұрылу бұрыштарын шектегіштердің, тежегіш механизмдерінің жетегінің және іліністі ажырату механизмінің, қозғалтқыштың майлау жүйесінің қоректендіру және салқындату жүйелерінің, автомобиль - өзі түсіргіштің платформасын көтеру механизімінің гидравликалық жүйесінің, жетектік таспалардың тартылу күйі тексеріледі.
Спидометрдің максометрдің және басқа да бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын автомобильдің жүрісі кезінде тексерген жөн.
Қозғалтқыштың тоқтауы кезінде майды тазалаушы центрден тепкіш сүзгіштің жұмысын естумен тексереді.
Майлау және құю жұмыстары.Қозғалтқыштың астауындағы және гидромеханикалық берілістер қорабындағы, жоғары қысымды отындық сораптағы және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін реттеушідегі майдың деңгейін, тежегіш механизмдерін гидрожетектеріндегі және іліністің ажырау механизміндегі сұйықтық деңгейін күнделікті тексерген жөн.
Автомобильді тұраққа қою кезінде автомобильге отын құю, желдік әйнекті және фарларды жуғыштардың бөшкешелеріне су құю, тежегіш механизмдерінің пневможетектерінің ауалық боллондарының су бөлгішінен конденсатты төгу, отындық сүзгілердегі және отындық бактегі (дизельдік автомобильдерде қыста) тұнбаларды төгу қажет.
Әдебиет: 3нег .[108-116].
Бақылау сұрақтары: 1. Автокөліктік кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын есептеу негізінде не қарастырылады.2. Бір жылда бір автомобильге ТК және КЖ саны қалай есептеледі.3. Технологиялық үрдіс және операция түсініктеріне анықтама беріңіз.4. Көліктік құралға техникалық күту жүргізу кезінде қандай жұмыс түрлері орындалады.5. Еңбек шығынының жүктік автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жортуындағы ТК және АЖ орындауға арақатынасы бойынша берілгенін келтіріңіз.
