Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.53 Кб
Скачать

6Дәріс.Автомобильдерді жұмысқа қабілеттілікпен қамтамасыз етудің технологиялық үрдістерінін жалпы сипаттамасы

6.1 Техникалық күту және жөндеу кезіндегі еңбек объектісі ретіндегі автомобиль

Межелерге сәйкес автомобильді техникалық жарамды күйінде ұстап тұруға еңбек шығындарының негізгі үлесі ағымдық жөндеуді (6.1 сурет) орындаумен байланысты.Тәжірибеде пайдаланудың автомобильдің құрылмасының нақты шарттарына,жұмыстардың сапасына байланысты бұл тұрулармен тығыз байланысты автомобильдердің ағымдық жөндеудегі сұранысы әртүрлі (6.1 кесте).

Автомобиль күрделі еңбек объектісі болып табылады.Техникалық күтуді жүргізу, әсіресе ағымдық жөндеуді жүргізу кезінде өзінін физикалық мәні бойынша әртүрлі көптеген жұмыс түрлерін орындау қажет етіледі: тазалау - жуу, бақылау, реттеу, бекіту, көтеру - тасымалдау, мүшелеу - құрастыру, слесарлы - механикалық , ұсталық , жестяншылық , дәнекерлеу, мыстық , тазарту - шаю, аккумуляторлық , бояу.Санамаланған жұмыстардың көбін бір жерде орындау мүмкін емес және әр түрлі өндірістік бөлімдерде (цехтарда, аумақтарда) орындалуы тиіс.Бір уақытта бір жұмыс орнында жұмыстардың әрқилы түрлерін орындау мүмкін болған кездің өзінде міндетті түрде әр түрлі мамандықтағы орындаушылар талап етіледі.

Істен шығуды жою және ТК кезіндегі технологиялық әсерлердің орны автомобильдің астында, жанында, салонның ішінде және т.с. болуы мүмкін (6.2 кесте). Бұл орындаушылардың орналасуына, жұмыстардың (операциялардың) атау тізіміне талаптар қояды, яғни бұл талаптар объектіні бір орыннан екінші орынға минималды ығыстыру кезінде орындау қажет.Санамаланған , және бірқатар басқа да факторлардың өзара әсерін технологиялық үрдіс жүзеге асырады.

6.2. Технологиялық үрдіс жайлы түсінік

Автомобильдерді , оның торабтарын жөндеу немесе күту белгілі технология бойынша орындалады.Автомобильді ТК және АЖ технологиясы бұл жұмысқа қабілеттілікпен қамтамсыз ету мақсатында оның техникалық күйінің өзгеру әдістерінің жиынтығы.

Кесте 6.1.

Әр түрлі агрегаттардың істен шығуынан ағымдық жөндеудегі автомобильдің тұруын үлестіру (%)

Агрегат (жүйе)

Үлкен жүк көтергіштікті дизельдік жүктік автомобиль

Гидромеханикалық берілісті үлкен класты автобус

Қозғалтқыш

19,5

5,1

Берілістер қорабы

15,5

25,7

Ілініс

10,1

-

Артқы белдік

9,9

1,5

Карданды беріліс

3,3

2,6

Аспа

8,7

20,5

Тежегіш жүйесі

6,4

10,2

Рульдік басқару

4,8

10,2

Кабина, шанақ, тірек, қаңқа

4,5

2,6

Электр жабдығы

4,1

10,2

Басқалары

13,2

11,4

Технологиялық үрдіс – жоспарлық және салдарлы түрде уакыт және кеңістікте автомобильде орындалатын операциялар жиынтығы.

Операция - берілген объектімен (автомобильмен) немесе бір жұмыс орынында бір немесе бірнеше орындаушыларды, оның элементімен орындалатын технологиялық үрдістің біткен бөлімі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]