Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңының құқықтық нормаларымен көзделген статистикалық ақпарат жинау жүргізіледі.

Талдамаға арналған ақпарат келесі бағыттар бойынша жиналады:

Пайдаланудың нормативтік мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды алмастыру кестелері.

Пайдаланудың нормативтік мерзімін өткерген, алмастыру мерзімі оның қалдық пайдалану ресурсын анықтау мәніне кестемен анағұрлым кейін кезеңге ауыстырылған техникалық құрылғыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кестелері.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша қауіпті өндірістік объектілер басшылары мен мамандарының оқудан өтулері мен емтихан тапсыру кестелері.

Өндірістік бақылауды ұйымдастыру туралы ақпарат:

өндірістік бақылау туралы ереже;

өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өндірістік бақылау жүргізген басшылар мен мамандар туралы бұйрықтар көшірмелері.

Оқиғалар, авариялар, жазатайым оқиғаларды тергеу материалдары, кәсіби аурулар туралы мәліметтер, орындалған алмастыру кестесі туралы мәліметтер, пайдаланудың нормативтік мерзімін өткерген техникалық құрылғылар сараптамасы.

Қауіпті өндірістік факторлардың болуы мен есепке алу. Қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету немесе тарату бойынша шаралар, олардың материалдық қамтамасыз етілуі. Орындалған шаралар туралы ақпарат.

Меморгандар жазбалары, олардың орындалуы туралы белгілер.

Үшінші тұлға алдында жауаптылық сақтандыру шартын жасау туралы ақпарат.

Қауіпті объектілерге қызмет көрсететін, АҚҚ техникалық жарықтандырылуды авариялық-құтқару қызметтері туралы мәлімет.

Аварияларды тарату жоспарларының болуы олардың материалдық және қаржылық, сондай-ақ оқу дабылының және аварияға қарсы жаттығулар жоспарларының, оларды жүргізу мен жүзеге асыру нәтижелері бойынша шаралардың қамтамасыз етілуі.

Декларациялау үшін негіз болып табылатын жұртшылыққа қауіпті факторлардың әсерін төмендету, тарату бойынша шаралар, оларды орындау бойынша ақпарат.

2.5 Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы

2.5.1 Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:

Кч=n/N,

мұнда n – осы өндірістік объектіде жыл бойына тіркелген жазатайым оқиға саны;

N – қауіпті объектіге жыл бойына қызмет көрсететін қызметкерлердің орташа жылдық саны.

Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 35-тарау, 317-бабына сәйкес мынадай деректер қосылады:

- осы өндірістік объектіде жыл бойына тіркелген жазатайым оқиға саны;

- қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын, зиянды және қауіпті өндіріс жағдайларымен айналысатын жұмыскерлер саны;

- өндірістегі жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындау кезiнде қызметкердiң жарақаттануы, немесе кәсiби ауруға шалдығуы, не денсаулығының күрт нашарлауы, улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер ету жағдайы.

2.5.2 Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады

Кт = n1/N,

мұнда n1 – жыл бойына барлық жол берілген жазатайым оқиға бойынша зардап шегушінің еңбек ету қабілетсіздігі күндерінің саны.

Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 37-тарау, 322-бабына сәйкес барлық жол берілген жазатайым оқиға бойынша еңбек ету қабілетсіздігі күндерінің саны туралы деректер есепке алынады.

Еңбек ету қабілетін шектеумен жазатайым оқиға – бұл нәтижесінде жұмыскер еңбек ауысымында барлық жұмыс жүктемесін қалыпты орындауға қабілетсіз болатын жарақат немесе оны басқа жұмысқа уақытша немесе тұрақты түрде жарақат алғаннан кейін келесі күні тағайындайды.

Еңбекке қабілеттілікті жалпы тұрақты жоятын өндірістік жарақат кезінде жұмыскерді тұрақты еңбек етуге қабілетсіздікке, медициналық көрсеткіш (аяқ қолдың сынуы, бастың жарақаттануы, көрудің жоғалуы және с.с.) бойынша жұмыстың тоқтауына соқтыратын, лауазымдық міндеттерді толық орындауға кедергі келтіретін еңбекке қабілеттілікті жою.

Тұрақты жартылай еңбек ету қабілетін жоғалтукез келген өндірістік жарақат кезінде ұйымның қызметінің бұзылуына соқтыратын, жұмыскердің өз жұмысын тұрақты негізде орындау мүмкіндігін жекелей шектейтін еңбекке қабілеттікті жою.

2.5.3 Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті мынадай формуламен анықаталды:

Кс=n2/N,

мұнда n2 – жыл бойына өлімге соқтыратын жағдай саны (жазатайым оқиғадан кейін бір жыл бойына зардап шегушілердің өлімін есепке алумен).

Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 37-тарау 322-бабына сәйкес осы өндірістік объектіде бір жыл бойына жұмыскердің өліміне соқтырған тіркелген жазатайым оқиға, саны туралы деректер қосылады.

Өндірістік жарақат – болған жазатайым оқиға сәтінен және жарақат пайда болған уақыт мерзіміне тәуелсіз дененің жазатайым оқиға нәтижесінен кез келген бөлігінің зақымдалу немесе физикалық зақымдалу белгісі.

Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті КС – белгілі бір мерзім кезеңіне қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлер санына сәйкес келетін өндірістегі өлім санын сипаттайды (әдетте бір жылға).

Жазатайым оқиға жиілігінің коэффициенті - белгілі бір мерзім кезеңіне қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлер санына сәйкес келетін өндірістегі жазатайым оқиға санын сипаттайды (әдетте бір жылға).

2.5.4 Кәсіби ауру коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:

Кз =n3/N,

мұнда n3 – есепті жылға кәсіби ауру бірінші рет белгіленген қызметкерлер саны.

Кәсіби ауру коэффициентін анықтау үшін жыл сайынғы медициналық қаралу деректерін есепке алу қажет.

Есепті жылда алғаш рет кәсіби ауру анықталған жұмыскерлер саны – бұл медициналық қаралу кезінде алғаш рет кәсіби ауру анықталған (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 «Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауларды өткізу ережесін және кезеңділігін бекіту туралы бұйрығы) және мамандандырылған емдеу мекемелері растаған тұлғалар саны.

Кәсiби ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаумен байланысты оған өндiрістік факторлардың әсер етуiнен туындаған және оларға кәсіптік еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоюға соқтырған созылмалы немесе қатты ауруы.

Кәсіби ауру - жыл бойында қайтадан анықталған кәсіби аурулар мен уланулар санының өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларының әсеріне тартылатын 100, 1000, 10000, 100000 жұмыс істеушілерге есептелген көрсеткіші.

Қатты кәсіби аурулар мен улануларға – рұқсат берілген шоғырлану немесе рұқсат берілген деңгейден шамалы асқан кезде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс ауысымынан артық емес уақытта) әсерінен кейін бірден пайда болған аурулар жатады (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» N 74-ө бұйрығы).

Созылмалы кәсіби ауруларға (улануларға) зиянды заттардың, қауіпті және жағымсыз өндірістік факторлардың ұзақ мерзімді әсері нәтижесінен туындаған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануларға) сондай-ақ, қатты және созылмалы кәсіби аурулардың (нервтік, жүрек қан тамырлары, гепатобилиарлы және басқа жүйелердің әртүрлі өндірістік улармен улануынан кейін тұрақты органикалық өзгерулері) жақын және алыс салдары жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]