- •1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •1.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.1.1 Уәкілетті органның құзыреті
- •1.1.2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.2 Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
- •1.3 Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
- •1.4 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша
- •2.1 Қауіпті өндірістік факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі
- •2.5 Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы
- •2.5.5 Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •2.5.7 Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы
- •3.1 Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
- •3.2 Электротехникалық бөлім
- •3.3 Технологиялық бөлім
- •3.4 Газ қауіпті жұмыстар
- •3.5 Өндірістердегі ерекше талаптар
- •3.6 Қорғаныстың жеке құралдары
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)
- •4.1 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі
- •4.2 Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.4 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
- •4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
- •4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
- •4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
- •4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
- •5.1 Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы
- •5.2 Қазандардың құбырөткізгіштері
- •5.3 Болат құбырлар
- •5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу
- •5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары
- •5.6 Сақтандырғыш құрылғылар
- •5.7 Манометрлер
- •5.8 Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау
- •5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер
- •5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар
- •5.11 Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік
- •5.12 Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы
- •5.13 Электр қазандарға арналған үй-жай
- •5.14 Жарықтандыру
- •5.15 Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру
- •5.16 Алаңдар мен сатылар
- •5.17 Қазандардың сулы-химиялық режимі
- •5.18 Бақылау, құрамы, қызмет көрсету
- •5.19 Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру
- •5.20 Қазанды авариялық тоқтату
- •5.21 Жөндеуді ұйымдастыру
- •5.22 Техникалық куәландыру
- •5.23 Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
5.17 Қазандардың сулы-химиялық режимі
Су-химиялық режимді ұйымдастыру қазан, құбыр өткізгіш және басқа жабдықтардың жұмысын олардың элементтерін қайнау, қож немесе металл тоттануы нәтижесінен зақымдамай қамтамасыз етеді.
Барлық қазандықтар суды деаэрациялау құрылғыларымен және оны қазанға дейінгі өңдеу қондырғысымен жабдықталады. Сонымен қатар суды өңдеудің жоғарыда аталған талаптардың орындалуын кепілдендіретін басқа да тиімді тәсілдерін пайдалануға рұқсат беріледі.
Суды деаэрациялау тәсілдерін, оны қазанға дейін және қазан ішілік өңдеу тәсілдерін таңдауды жобалық ұйым шығатын (шикі) су сапасын, қазандық тағайындалуын, жылу тасымалдағышқа санитарлық талапты, жылу тұтынатын жабдық құрылымымен анықталатын талаптарды, қауіпсіз пайдалану шарттарын, технико-экономикалық көрсеткіштерді есепке алумен және дайындаушының пайдалану құжаттамасына сәйкес жүргізеді.
Қазанның қайнауынан тазалау, электродтарды немесе электр қыздыру элементтерін олардағы қайнау қабаттарынан алмастыру арасындағы кезең қазанды жоспарлы қараумен сәйкес болады.
Суды қазанға дейін өңдеуге арналған құрылғылармен жабдықталған қазандарды шикі сумен қоректендіруге рұқсат берілмейді.
Жобамен қазанды шикі сумен қоректендіру көзделетін авариялық жағдайларда жұмсартылған қосылатын су немесе конденсат желісіне, қоректендіру багына қосылған шикі су желісінде екі бекіту органы және олардың арасында бақылау краны орнатылады. Қалыпты пайдалану уақытында бекіту органдары жабық қалыпта болады және пломбыланған, ал бақылау краны ашық.
Қазанды шикі сумен қоректендірудің әр жағдайы су дайындау (су-химиялық құрам бойынша) бойынша журналға қоректендіру ұзақтылығын және осы кезеңге қорек суының сапасын көрсетумен тіркеледі.
5.18 Бақылау, құрамы, қызмет көрсету
Ұйым басшылығы қазандардың ақаусыз жағдайда болуын және оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.
Осы мақсатта әкімшілік:
- белгіленген тәртіпте білімін тексеруден өткен мамандардан қазандардың ақаусыз жағдайда болуына және қауіпсіз пайдаланылуына жауап беретін тұлға тағайындайды;
- мамандарды қазандарды қауіпсіз пайдалану бойынша нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді;
- қажетті мөлшерде оқытылған және қазандарға қызмет көрсету құқына куәлігі бар қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз етеді;
- қазандарға қызмет көрсету бойынша қазанды монтаждау мен пайдалану бойынша дайындаушы нұсқаулығы негізінде, жабдықтың жиынтықталуын есепке алумен ішкі технологиялық регламент өңдейді және бекітеді. Қазан қайта құрылған жағдайда технологиялық регламентке түзету енгізіледі;
- қазанға қызмет көрсету бойынша міндет жүктелген персонал оған жүктелген жабдыққа, электр жабдықтың ақаусыздығын тексеру, арматура әрекетін, бақылау-өлшеу аспаптарын, сақтандырғыш клапандарды, дабылдама және қорғаныс құралдарын, қорек құрылғыларын қарау жолымен мұқият қадағалау тәртібін бекітеді. Қарау және тексеру нәтижелерін жазу үшін ауысым журналы жүргізіледі;
- басшылар мен мамандардың нормативтік техникалық құжаттама және өнеркәсіп қауіпсіздігі талабынан білімін кезеңді тексеруді қамтамасыз етеді және тәртібін белгілейді;
- мамандардың өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын, қызмет көрсетуші персоналдың технологиялық регламентті орындауын қамтамасыз етеді;
- қазандардың техникалық куәландырылуын белгіленген мерзімде жүргізілуін қамтамасыз етеді;
- кезеңді, жылына бір рет қазандарды тексеруді жүргізеді.
Технологиялық регламент – өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техикалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
Қазандықтар сағатпен және буды тұтыну орындарымен, техникалық қызметпен және ұйым әкімшілігімен байланыс үшін телефондармен қамтамасыз етіледі.
Қазандыққа қазандарды және қазандық жабдығын пайдалануға қатысы жоқ тұлғалар жіберілмейді. Бөтен тұлғалар қазандыққа тек әкімшілік рұқсатымен және оның өкілінің ілесуімен жіберіледі.
Қазандарды ақаусыз жағдайда ұстау мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғалар ұйым бұйрығымен бекітіледі. Жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық нөмірі мен мерзімі қазан паспортына жазылады.
Қазандарды ақаусыз жағдайда ұстау мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғаның арнайы жылу техникалық немесе электротехникалық білім болады.
Жауапты тұлға болмаған уақытта (еңбек демалысы, іссапар, сырқаттануы) оның міндетін орындау осы Талапты білу тексеруінен өткен басқа маманға бұйрықпен жүктеледі.
Қазандарды ақаусыз жағдайда ұстау мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға:
- қазандарды ақаусыз жағдайда ұстауды;
- уақытылы техникалық қызмет көрсетуді, сынау және қазандарға жоспарлы алдын алу жөндеулерін және оларды техникалық куәландырылуға дайындауды жүргізуді;
- табылған ақауларды уақытылы түзетуді;
- қазанға оқытылған және аттестациядан өткен персоналдың қызмет көрсетуін;
- қызмет көрсетуші персоналдың технологиялық регламентті білуі мен білімін кезеңді тексеруді;
- қызмет көрсетуші персоналдың технологиялық регламентті орындауын қамтамасыз етеді.
- Қазандарды ақаусыз жағдайда ұстау мен қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлға:
- қазандарды жұмыс қалпында тұрақты қарайды;
- жұмыс күндері күн сайын ауысым журналында жазбаларды тексереді және оған қол қояды;
- персоналмен біліктілікті көтеру бойынша жұмыстар жүргізеді;
- қазандарға техникалық куәландырылу жүргізеді;
- қазандар паспорты мен дайындаушының олардың монтажы мен пайдалану бойынша нұсқаулығын сақтайды;
- қазандық персоналымен аварияға қарсы жаттығулар жүргізеді;
- тексерулер мен техникалық куәландырылуға қатысады ;
- қазанды пайдалану мен жөндеу кезінде техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін тексереді;
- аттестация бойынша комиссияға және мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың білімін кезеңді тексеруге қатысады;
- мемлекеттік бақылау органдары берген жазбаларды уақытылы орындайды.
Қазандық жабдығына қызмет көрсету бойынша кезекшіліктегі қазандықтың жедел персоналына технологиялық регламентте көзделмеген басқа жұмыстарды орындауға рұқсат берілмейді.
Жедел персоналға жұмыс істеп тұрған қазанды тұрақты қадағалаусыз қалдыруға рұқсат берілмейді.
Қазандардың жұмысын жедел персоналдың қалыпты жұмыс жағдайын авариялық жағдайды тарату, жұмыс режимі бұзылған кезде қазанды тоқтатуды қамтамасыз ететін автоматика, дабылдама және қорғаныстың болуы кезінде тұрақты бақылаусыз пайдалануға рұқсат беріледі.
