Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар

Қазандарды қоректендіруге қазандарды қоректендіргіш құбыр өткізгішпен қосуға арналған жалпы топтық және жеке – тек бір қазанға арналған болады.

Қазандарды бір топқа қорек бойынша қосуға қазандарда жұмыс қысымының айырмасы 15 % аспайтын шарт кезінде рұқсат беріледі.

Жалпы магистральға қосылатын қоректік сорғылардың олардың қатар жұмысына рұқсат беретін сипаттамасы болады.

Қазандарды сумен қоректендіру үшін:

- электр жетекті ортадан тепкіш және поршенді сорғыларды;

- бу жетекті ортадан тепкіш және поршенді сорғыларды;

- бу инжекторларын;

- қол жетекті сорғыларды;

- су өткізгіш желіні пайдалануға рұқсат беріледі.

Су өткізгіш желіні қазанды қоректендірудің реттегіш органы алдында су өткізгіште судың барынша аз қысымы немесе қазанда рұқсат берілген қысым 0,15 МПа (1,5 кгс/см2) төмен болмайтын шарт кезінде, тек қазандарды қоректендірудің резервтік көзі ретінде пайдалануға рұқсат беріледі.

Бу ағынды инжектор бу жетекті сорғыға теңестіріледі.

Су жылыту қазанды қазандықтарда кемінде екі циркуляциялық желілі сорғы орнатылады. Сорғылардың ағыны мен өнімділігі ең қуатты сорғы қатардан шыққан кезде қалғандары жылумен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететіндей есеппен таңдалады.

Әр сорғының не инжектордың корпусында мынадай деректер көрсетілетін кестеше бекітіледі:

- дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

- зауыттық нөмір;

- шыртты қысым;

- судың номинальды температурасы кезінде номинальды беру;

- ортадан тепкіш сорғылар үшін минутына айналым саны немесе поршенді сорғылар үшін минутына жүріс саны;

- сорғы алдында судың номинальды температурасы;

- номинальды беру кезінде барынша көп ағын.

Сорғының әрбір күрделі жөндеуінен кейін беру мен ағынды анықтау үшін оған сынау жүргізіледі. Сынау нәтижесі актімен ресімделеді.

Сорғымен жасалатын ағын қазанды гидростатикалық биіктікті және қазанда, реттегіш құрылғыда және ауыз су трактында қысымның жоғалуын есепке алумен жұмыс қысымы кезінде сумен қоректендіруді қамтамасыз етеді.

Жобалық (құрылымдық) ұйым сорғыны қазанды жұмыс қысымы кезінде, сонымен қатар сақтандырғыш клапандардың олардың толық ашылғанға дейін іске қосылу жағдайында қоректендірудің үздіксіздігін қамтамасыз ету сипаттамасымен таңдайды.

Қазандарды топтық коректендіру кезінде сорғы ағыны жоғарыда аталған талаптарды, қазан қорегін барыншы көп жұмыс қысымымен қамтамасыз ету қажеттілігін немес қоректендіру құбыр өткізгішінде ағынның барынша жоғалуын есепке алумен таңдалады.

Циркуляциялық және қоректік сорғылармен жасалатын су ағыны мен шығыны судың су жылыту қазаны мен жылумен жарақтау жүйесінде қайнап кету мүмкіндігін болдырмайды. Барынша аз су ағыны мен шығыны жобамен белгіленеді.

Қоректік құрылғылар түрі, саны мен схемасын қазанды барлық режимде сенімді және қауіпсіз пайдалануды және авариялық тоқтау кезінде қазан бөлшектерінің зақымдалуының алдын алуды қамтамасыз етумен жобалық ұйым таңдайды.

Қазандарды жалпы магистарльдан қоректендіру кезінде кемінде екі қоректік (циркуляциялық) сорғы орнатылады, бұл ретте әрқайсысының өнімділігі электродты қазандардың жалпы магистралынан бір уақытта жұмыс істейтін номинальды өнімділіктен 110 % кем болмайды.

Резервті сорғыны іске қосу жұмыс сорғысын ажыратқан кезде автоматты жүргізіледі.

Су жылыту қазандарын толықтыру үшін кемінде екі толықтыру сорғысы орнатылады.

Толықтыру сорғыларының өнімділігі ашық ыстық сумен жарақтау жүйесіне алынған ағулар мен су мөлшерінің қосынды үлкендігіне сәйкес болады.

Су жылыту қазандарын толықтыру циркуляциялық (желілік) сорғының соратын келтеқұбыры алдында немесе жылыту жүйесінің кеңейту багында жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]