Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер

Қазанда немесе оның құбыр өткізгіштерінде орнатылатын арматураның корпусында мынадай деректерден тұратын анық таңбасы болады:

- дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

- шартты өту;

- шыртты қысым;

- орта ағынының бағыты.

Шартты бөлу орнына жұмыс қысымын көрсетуге рұқсат беріледі.

Шартты өтуі 50 мм және одан жоғары арматура белгіленген формадағы паспортпен қоса беріледі.

Арматура маховигінде арматураны ашу және жабу кезіндегі айналыс бағыты көрсетіледі.

Арматура типі, оның саны мен орнату орнын қазан жобасының авторы қазанды сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етумен таңдайды.

Бекіту органын қазаннан шығар орында қазандықтың жиналған бу өткізгішімен қосқанға дейін орнату міндетті. Қазандардың өнімділігі 4 т/с артық негізгі бу бекіткіш органдары басқаруды оператордың жұмыс орнына шығарумен қашықтан жеткізумен жарақталады.

Ауыз судың қазанға кіретін орнында судың қазаннан шығуын болдырмайтын кері клапан және бекіту органы орнатылады.

Су жылыту қазандарында екі бекіту органы орнатылады: бірі – қазанға кірерде және екіншісі – қазаннан шығарда.

Қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) артық қазандарда әр үрлеу, дренажды құбырөткізгіште, су (бу) сынамасын алу құбыр өткізгішінде кемінде екі бекіту органы орнатылады, оның бірі реттелетін болады.

Ортаны қазаннан қазанға қарағанда төмен қысымды жинау багына (сепаратор, кеңейткіш және басқалар) бұру кезінде, жинау багы қысымның есептіден жоғары артуынан қорғалады.

Қорғаныс тәсілін таңдау, сондай-ақ арматураны, бақылау-өлшеу аспаптарын, сақтандырғыш құрылғыларды орнату орны мен саны жобамен анықталады.

Қазандардың барлық құбыр өткізгіштерінде арматураны қосу түйісумен дәнкерлеумен немесе ернемек көмегімен орындалады. Бу шығарылымдылығы 1 т/с артық емес қазандарда арматураны бұрандаға шартты өтуі 25 мм артық болмағанда және жұмыс қысымы 0,8 МПа (8,0 кгс/см2) жоғары болмағанда рұқсат беріледі.

Бекіту және бекіту-реттегіш арматура тікелей қазан корпусына қосылған жалғастықтарда немесе одан жұмыс ортасын бұратын, не алып кететін құбыр өткізгіштерде орнатылады. Бірнеше қазанды қосу кезеңділігі жағдайында олардың арасында мұндай арматураны орнату жобамен анықталады.

Арматураны оны басқаруға анағұрлым ыңғайлылықты ескерумен қазанға жақын орналастыруға болады.

Әр қазанның қоректендіру желісінде реттегіш арматура орнатылады. Қазан қорегін автоматты реттеу кезінде оператордың жұмыс орнынан реттегіш қорек арматурасымен басқару үшін қашықтан келтіру орнатылады.

Жалпы соратын және айдау құбыр өткізгіштері бар бірнеше қорек сорғысын орнату кезінде әр сорғыда сору жағында және айдау жағында бекіту органдары орнатылады. Әр ортадан тепкіш сорғының айдау жағында бекіту органына дейін кері клапан орнатылады.

Сақтандырғыш клапаны жоқ және пайда болған ағыны құбыр өткізгіштің есепті қысымынан асатын бекіту органы мен поршенді сорғы арасындағы қоректендіргіш құбырөткізгіште сақтандырғыш клапан орнатылады.

Қоректендіргіш құбыр өткізгіштің құбыр өткізгіштің жоғарғы нүктесінен ауаны шығаруға арналған ауалықтары мен құбыр өткізгіштің төменгі нүктесінен суды шығаруға арналған кәріздері болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]