- •1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •1.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.1.1 Уәкілетті органның құзыреті
- •1.1.2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.2 Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
- •1.3 Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
- •1.4 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша
- •2.1 Қауіпті өндірістік факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі
- •2.5 Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы
- •2.5.5 Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •2.5.7 Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы
- •3.1 Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
- •3.2 Электротехникалық бөлім
- •3.3 Технологиялық бөлім
- •3.4 Газ қауіпті жұмыстар
- •3.5 Өндірістердегі ерекше талаптар
- •3.6 Қорғаныстың жеке құралдары
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)
- •4.1 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі
- •4.2 Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.4 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
- •4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
- •4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
- •4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
- •4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
- •5.1 Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы
- •5.2 Қазандардың құбырөткізгіштері
- •5.3 Болат құбырлар
- •5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу
- •5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары
- •5.6 Сақтандырғыш құрылғылар
- •5.7 Манометрлер
- •5.8 Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау
- •5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер
- •5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар
- •5.11 Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік
- •5.12 Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы
- •5.13 Электр қазандарға арналған үй-жай
- •5.14 Жарықтандыру
- •5.15 Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру
- •5.16 Алаңдар мен сатылар
- •5.17 Қазандардың сулы-химиялық режимі
- •5.18 Бақылау, құрамы, қызмет көрсету
- •5.19 Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру
- •5.20 Қазанды авариялық тоқтату
- •5.21 Жөндеуді ұйымдастыру
- •5.22 Техникалық куәландыру
- •5.23 Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
Бақылау сұрақтары
1. Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар.
2. Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі.
3. Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру.
4. Жабық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру.
5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
6. Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару.
7. Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
8. Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау.
9. Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету.
5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің
2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген).
Осы Талап жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) артық бу қазандарына және су температурасы 115 °С (388 К) жоғары су жылыту қазандарына пайдаланылады.
Осы Талапта пайдаланылған негізгі терминдер мен анықтамалар:
- электр қазан – атмосфералықтан жоғары қысыммен ыстық су (су жылыту қазандығы) немесе қанық бу (бу қазандығы) алу үшін жылу пайдаланылатын құрылғы;
- тікелей жылытылатын электр қазан – ыстық суды немесе қанық су буын алу үшін электр токтың тікелей жылытылатын су арқылы ағуы кезінде бөлінетін жылу пайдаланылатын құрылғы;
- жанама жылытылатын электр қазан (қарсыласудың электр қыздыру элементтерімен) – ыстық суды немесе қанық су буын алу үшін электр токтың жылытылатын суға тиелген қарсыласудың электр қыздыру элементтері арқылы ағуы кезінде бөлінетін жылу пайдаланылатын құрылғы;
- стационарлы қазан – жылжымайтын іргетасқа орнатылған қазан;
- бу аралас су трактысы бойынша қазан шекарасы – бекіту құрылғылары: қоректік, сақтандырғыш, дренажды және басқа клапандар мен қазан элементтерінің ішкі қабаттарын шектейтін және оған құбыр өткізгіштерді қосатын ысырмалар. Қазан шегінде бекіту құрылғылары болмаған кезде қазаннан бірінші болып ернемектік, жалғастықтық немесе дәнекерлеу қосылыстары саналады; жалғастықсыз дәнекерлеу кезінде қазан шекарасы болып құбырды дәнекерлеудің дәнекерлеу тігісі табылады;
- қазанның габаритті өлшемдері – қазанның оқшаулаумен және қапталумен, нығыздайтын немесе тіреу элементтерімен шығыңқы аспаптарды, сынама алу құбырын, импульсті құбырларды есепке алмай, биіктігі, ені мен тереңдігі бойынша өлшемдері;
- қазанның есепті қызмет ету мерзімі – мерзімі өткеннен кейін қысыммен жұмыс істейтін қазандардың негізгі бөліктерінің техникалық жағдайына өлшемдердің қолжетімділігі мен қазанды бұдан әрі пайдалану не оның қайтадан монтаждалу шарттарын анықтау мақсатында сараптамалық тексеру жүргізу керек болатын қазандардың күнтізбелік жылдардағы қызмет ету мерзімі. Қызмет ету мерзімі қазанды пайдалануға енгізу күнінен бастап саналады;
- қазанның (элементтің) есепті ресурсы – дайындаушы оның жұмысының сенімділігін дайындаушы нұсқаулығында көрсетілген пайдалану режимін сақтау шарты кезінде кепілдендіретін қазанды (элементті) пайдалану ұзақтылығы;
- қазанды сараптамалық тексеру – қазанның (қауіпсіз жұмыстың есепті ресурсының бітуіне байланыссыз) есепті мерзімі өткен соң, авариялардан немесе қысыммен жұымс істейтін зақымдалған элементтер табылғаннан кейін бұдан әрі пайдалану шарты мен мүмкіндігін анықтау мақсатында орындалатын қазанды техникалық тексеру;
- бұрышты дәнекерлеу қосылысындағы құрылымдық саңылау – жалғастық (құбыр) мен негізгі бөлшек арасында пайда болатын және дәнекерлеу жүргізгеннен кейін толықтай, не жартылай сақталатын саңылау;
- металлдың қызметтік қасиеті – беріктілік және жылулық есептер кезінде пайдаланылатын механикалық және физикалық сипаттама кешені;
- есепті қысым – есепті ресурс кезінде қазанның сенімді жұмысын қамтамасыз ететін негізгі өлшемдердің негізділігі кезінде беріктілікке есеп жүргізілетін бөлшектегі барынша көп артық қысым;
- қазанның (элементтің) рұқсат берілген қысымы – қазанның (элементтің) техникалық куәландыру немесе беріктілікке бақылау есебі нәтижелері бойынша белгіленген барынша көп рұқсат берілетін артық қысым;
- қазанның жұмыс қысымы – пайдаланудың қалыпты жағдайы кезінде қазанның барынша көп рұқсат берілетін артық қысымы;
- сынама қысым – қазанның немесе оның элементтерінің беріктілік пен тығыздыққа гидравликалық сынауы жүргізілетін артық қысым;
- пайдаланудың қалыпты шарты – жұмыстың жоспарлы регламентімен көзделген пайдалану режиімінің тобы: стационарлы режим, іске қосу, өнімділіктің өзгеруі, тоқтау, ыстық резерв;
- аттестатталған жобалық (құрылымдық) ұйым – қызметінің бірі қазанды жобалау немес оның элементтерін құрылымдау болып табылатын ұйым;
- қазан иесі ұйымы – қазан балансында болатын ұйым;
- қазан элементі – қазанның негізгі қызметінің бірін орындау үшін арналған қазанның жинау бірлігі;
- құбыр өткізгіш элементі – бу немесе ыстық су құбыр өткізгішінің құбыр өткізгіштің негізгі қызметінің бірін орындау үшін арналған жинақтау бірлігі;
- қазанның жинақтау бірлігі – құрамды бөлігі өзара дәнекерлеу және басқа да жинақтау операцияларымен қосылуға жататын өнім;
- бөлшек – атауы мен маркасы бойынша біртекті материалдан жинақтау операцияларын пайдаланусыз дайындалған өнім;
- өнім – саны данамен саналатын өндірістік өнімдер бірлігі;
- жұмыс ортасының температурасы – қазанның ерітілетін элементінде қарастырылатын будың немесе ыстық судың барынша көп температурасы;
- қабырғаның шекті температурасы – қазан немесе құбыр өткізгіш бөлшегі қабырғасының орта жағынан анағұрлым көп температурамен есеппен немесе сынаумен жылытудың уақытша үлкеюін есепке алусыз анықталатын барынша көп температурасы;
- сыртқы ауаның есепті температурасы – сыртқы ауаның жылдың анағұрлым суық бес күніне орташа температурасы;
- нормативтік-техникалық құжаттама – нормативтік сипатты техникалық құжаттама;
- өндірістік-техникалық құжаттама – өнімді дайындаушы кәсіпорын жасаған технологиялық регламенттер;
- ашық өткізетін бөліктер – адамдардың жанасуына қолжетімді, ток өткізу бөліктердің жерге қатысты оқшаулауы бұзылған кезде арасында (не олар мен жер арасында) адам үшін жанасу кернеуінің рұқсат берілетін мән шегінен асатын кернеу туындауы мүмкін ток өткізбейтін (металл) бөліктер;
- қарсыласудың электр жылыту элементі – электр токтың жоғары омдық қарсыласу балқымасынан дайындалған өткізгіш арқылы ағу кезінде жылу бөлінетін құрылғы;
- жабық типті қарсыласудың электр жылыту элементі – жоғары қарсыласу балқымасынан ток өткізгіші болатын, сыртқы қабатына қосылған, өткізгіштің жылытылатын сумен түйісуін болдырмайтын электр жылыту құрылғысы;
- құбырлы электр жылытқыш (тэн) – жоғары қарсыласу балқымасынан жасалған, сығымдалған электр оқшауланған толтырғыш (переклиз) ішінде орналасқан және түтікті металл қабатпен қоршалған шиыршық түріндегі ток өткізгіштен тұратын жабық типті электр қыздырғыш элемент.
Осы Талап:
- теміржол вагондарының;
- теңіз бен су кемелерінде және басқа да жүзу құралдарында, су астында пайдаланылатын объектілерде орнатылған;
- сыйымдылығы 0,025 м3 (25 л) және одан төмен емес жылу тасымалдағыш ретінде су орнына пайдаланылатын басқа заттардың қазандарына пайдаланылмайды.
Қазандардың монтажы мен жөнделуіне қойылатын талаптар дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес болады.
Өлшеу бірлігінің (ӨЖ) халықаралық жүйесін енгізуге байланысты осы Талаптың 1-қосымшасында және осы Талапта пайдаланылған және бұл бірліктер арасындағы қатынас кестесі көрсетілген.
Паспорт әр қазанға мемлекеттік және орыс тілдерінде 2-қосымшаға сәйкес дайындалады.
