Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару

І санатты радиациялық қондырғыларда пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін бес жыл мерзімнен кешіктірілмей, тұтас объектіні немесе оның бөліктерін пайдаланудан шығару жобасы өңделеді. ІІ санатты радиациялық қондырғылар үшін пайдаланудан шығару жобасы пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін үш жыл мерзімнен, ІІІ санатты радиациялық қондырғылар үшін 1 жылдан кешіктірілмей өңделеді.

Радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жобасында оны пайдаланудан әр түрлі кезеңдерде тоқтау, консервация, қайта монтаждау, қайта сақтандыру, тарату немесе көму, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шығарудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделеді.

Радиациялық қондырғыларда пайдаланудан шығару жобасы:

- қайта монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған қажетті жабдықты дайындауды;

- өнеркәсіп қауіпсіздігін, жұмыстарды жүргізу кезінде дозиметриялық және санитарлы-гигиеналық бақылауды қамтамасыз ету бойынша шараларды;

- жөнделетін жабдықтың дезактивация әдістері мен құралдарын;

- радиоакитвті қалдықтарды пайдалану тәртібін;

- қоршаған ортаны қорғау шаралары және жұмыс барысында да, сондай-ақ аяқталған соң да экологиялық жағдайды қалыптандыруды құрайды.

Радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару бойынша жұмыстарды объект персоналы немесе осы жұмыстар өндірісіне жіберілген басқа ұйым персоналы орындайды.

4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары

Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау үшін радиациялық қорғаныс бағдарламасы өңделеді. Бағдарламада көзделген персонал мен тұрғындарды қорғау тәсілдері мен шаралары сәулелену үлкендігі мен нақтылығына байланысты болады.

Тасымалдау, қорғау және қауіпсіздікті жүзеге асыру кезінде жекелеген мөлшер үлкендігі, сәулеленуге тартылған адам саны және сәулелену нақтылығы барынша нанымды төмен деңгейде ұсталатындай, ал жеке сәулелену мөлшері сәйкес мөлшер шамасынан аспайтындай оңтайландырылады.

Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдауды жүзеге асыратын маманның өнеркәсіп қауіпсіздігі сұрақтары бойынша сәйкес дайындағы болады.

Иондайтын сәулелену көздері бар орауларда және оларды тасымалдайтын көліктерде сәйкес нөмірлер, таңбалар, этикеткалар мен белгілер болады.

Жүк жөнелтуші:

- көлік құралына тиеу, жүру жолында, түсіру, аварияны жою жоспары кезінде болуы мүмкін авариялық жағдайлар тізбесін, ілесіп жүретін авариялық-құтқару қалыптасуының болуын көздейтін өңдеуді;

- орау жиынтығын қауіпсіз тасымалдау, орауды дұрыс таңбалау және көлік құралында ескерту белгісін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкестігін;

- көлік құжаттары дұрыс толтырылуын және қажеттілігіне қарай қолжетімді болуын;

- көлік құралдарындағы көрсетулер, шектеу шаралары, маршрутты белгілеу және авариялық жағдайдағы әрекет түріндегі тасымалдаушы міндеттерін;

- иондайтын сәулелену көздері бар орауларға сертификаттарды;

- орама мен жүкке қойылатын қолданыстағы талаптарды орындау бойынша сапалы қамтамасыз ету кепілін;

- тасымалдау мен алдын ала дайындық жүргізудің барлық кезеңдерінде авариялық-құтқару қалыптастырудың өзара әрекет ету тәртібін бекітуді;

- аварияны таратуға және зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуге арналған құралдарды қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]