Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

3.3 Технологиялық бөлім

Өндірістік агрегаттарды, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоршауларсыз, дыбысты немесе жарық белгілерін беру және бақылау - өлшеу құралдарынсыз, бөлектеуіштерсіз пайдалануға жіберуге рұқсат етілмейді.

Барлық технологиялық аппараттарға, технологиялық сызбадағы нөмірге сәйкес келетін нөмір ілінеді.

Егер өндіріс шарттарына сәйкес қондырғыларды жиі тоқтата отырып, әрдайым бекітпелер орнатуға тура келетін болса (мысалы, катализаторды ауысымда алмастыру және тағы басқалар), онда оларды орнату жобамен анықталады, оларға еркін жол ашылып және жұмыс алаңы бекітпелерді орнатуға немесе шешіп алуға ыңғайлы болады.

Бекітпелерді орнату немесе шешіп алу жұмыстары арнайы журналға жазылып, қол қойылады. Барлық бекітпелер нөмірленіп, жұмыс қысымы есептеледі. Нөмір және есептелген қысым, бекітпеге ұрылып жазылады.

Технологиялық жабдықтарды қарау, жөндеу және тазалау алдында олардың электрлік сызбалары бойынша электр қабылдағыштарына тоқ беру тоқтатылады. Қосқыш құрылғыларға «Қоспаңдар, адамдар жұмыс үстінде» деген жазуы бар тақтайша ілінеді. Аппараттар мен резервуар ыдыстардың ішіндегі жөндеу жұмыстарын технологиялық регламентке сәйкес екі жұмыскер жүргізеді.

Жұмыс орнынан алыс қашықтықта орналасқан, температуралары және қысымдары үнемі бақылауды талап ететін аппарат пен агрегаттар температура мен қысым мәндері жұмыс орнында көрсетіліп тұратын қашықтықтан басқару аспаптарымен жабдықталады.

Химиялық агрессивті ортада қолданылатын аппараттарды жасайтын материалдар осы химиялық агрессивті ортаға төзімді болады. Аппараттардың тоттануға қарсы қорғанышы жобаға сәйкес жүргізіледі.

Ішкі байқауды талап ететін аппараттар, ыдыстар және олардың коммуникациялық жүйелері, жөндеудің алдында үрленіп, жуылып тазартылады және буланады.

Қышқылдарға (азот, күкірт, фосфор, кремнийлі - фторсутек қышқылдары) және сілтілерге (күйдіргіш және кальцийленген сода) арналған резервуарлар және жинағыш ыдыстар герметикалық түрде орындалады, деңгей көрсеткіштерімен, құрылғылармен, сұйықтықтардың еденге және алаңға төгілуіне жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады. Сұйықтықтарды максималды жоғарғы деңгейден асыруға рұқсат етілмейді. Резервуардың және жинағыш ыдыстар қақпақтары ауа сорғыш құбыршалармен жабдықталады.

Химиялық агрессивті сұйықтықтарды тасымалдап айдайтын сальниктік сорғылардың сальниктерді жауып тұратын, тоттануға қарсы материалдан жасалған қорғағыш қаптамалармен жабдықталады.

Қосқыш құрылғылар олардың сақтандыратын және қоршаушы құрылғылары алынып тасталған кезде іске қосу мүмкіншілігі болмайтындай етіліп бекітпелермен жабдықталады. Құрылғылар мен механизмдердің, агрегаттардың қайтадан жөнделген қоршаумен жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан улы, зиянды және өрт жарылыс қауіпті заттарға арналған қондырғылар ауа шықпайтындай етіп бекітіледі.

Агрессивті сұйықтықтарға арналған резервуар ыдыстар (қойма есебінде) борттың биіктігі 15 см кем емес поддондарға қондырылады. Поддондар төгу келте құбырымен немесе төгілген сұйықтықтарды тиісті жинағыштарға (ыдыстарға) сорып айдайтын құрылғылармен жабдықталады. Поддондар бір ғана немесе топ ыдыстардың астына орнатылады.

Өндіріс орындарында жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды қысымсыз немесе вакууммен жұмыс істейтін ыдыстармен араларына берік қабырға тұрғызбай-ақ, қатар орнатуға рұқсат етіледі.

Жоғарғы қысымда жұмыс істейтін жабдықтар мен вакуумды-қайнатқыш бу аппараттарының құрылысын куәландыру және қауіпсіз пайдалану жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысына және оларды қауіпсіз пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптарына сай жүргізіледі.

Құбыр желілері мен олардың тетіктерінің құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану бу және ыстық су құбырларының құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану туралы Талапқа сай жүргізіледі.

Құбыр желілері мен олардың тетіктері құрылымы, жасалған материалдары және механикалық беріктіктілігі тасымалданатын өнімдердің ерекше қасиеттеріне және олардың тасымалдау кезіндегі жұмыс шартына сай болады.

Сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған пісірілген құбыр желілері фланецтік жалғау тек тетіктері қойылған немесе жабдықтарға қосылған жерлерде ғана қолданылады.

Агрессивті сұйықтықтар, ыстық ерітінділер және бу жүретін құбыр желілерінің фланецтік қосылыстары қорғағыш құрылғылармен қамтамасыз етіледі (қаптамалар, науалар және басқалар).

Барлық бекіткіш тетіктер, кері итергіш және сақтандырғыш қалпақшалар құбыр желілеріне орнатылар алдында тегіс тексеруге және механикалық беріктіктері мен ауа жібермейтін нығыздығын байқау үшін гидравликалық сынақтан өтеді. Сынақ нәтижелері арнайы журналда тіркеледі.

Сақтандырғыш қалпақшалар іске қосар алдында арнайы құрылғыда жұмыс қысымына реттеледі және белгі салынады. Тартқыш білікті сақтандыратын қалпақшалардың жүктері белгіленеді және бекітіледі.

Құбыр желілеріне қондырылған бекіткіш және реттеуіш тетіктер, оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерге орналастырылады; егер тетіктер 1, 8 метр биіктікте орнатылған болса, онда оларды бақылап, қадағалауға арналған алаңдар мен сатылар алдын ала ескеріледі. Жиі ашылып, жабылатын тетіктерді еденнен немесе алаңнан 1, 6 метр жоғарырақ орналастыруға рұқсат етілмейді.

Реттегіш тетіктерді бекіткіш тетіктер ретінде қолдануға рұқсат етілмейді; реттегіш тетіктерден басқа қосымша бекіткіш тетіктер орнатылады.

Конденсаттың бөлінуі мүмкін газ тасымалдағыш құбырлар сұйықтарды құйып алатын тетікпен жабдықталынады. Бу тасымалдағыш құбырлар желісі гидравликалық соққылар мен дірілдеулерді болдырмау үшін еңкіш орнатылады.

Өрт және жарылыс қауіпті, зиянды және улы заттарды тасымалдайтын құбырлар желісін тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық орындар арқылы, электр бөліп тұратын құрылғылар, электрлік бөлмелер, бақылау-өлшеу аспаптарына арналған және желдеткіштер орнатылған бөлмелер арқылы жүргізуге болмайды.

Қышқылдар және басқа да зиянды агрессивті сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр желілерінің фланецтік қосылыстарын цехтың ішіндегі есіктер мен негізгі өтетін жерлердің жоғарғы жағына орналастыруға жол берілмейді.

Адамдардың және көліктің қозғалыс орындарынан (жолдардың, өткелдер, асу жолдарының үстінен) өтетін фланецтік қосылыстары бар зиянды агрессивті сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр желілері қаптамалармен тартылады, төгілген сұйықтықтарды қауіпсіз орынға құятын ақпа жолы болады.

Эстакадаларда басқа көміртекті болаттан жасалған құбырлардың үстінен қышқылдар тасымалданатын құбыр желілерін салуға рұқсат етілмейді.

Барлық құбыр желілеріне ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрдегі байқау және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Құбырлардың түс айыру бояуын МСТ 14202 сәйкес орындалады.

Барлық бекіткіш крандар анық белгілеумен қамтамасыз етіледі, кран тығындары сызық түрінде сыртқы жағы егеліп, ақ бояумен боялады. Діңнің сыртқы жақтарындағы тіліктердің көмегі арқылы жапқыштардың және шиберлердің жайы белгіленеді. Автоматты түрдегі бөлектегіштердің шеткі жайлар нұсқаулармен («ашық», «жабық») жабдықталады.

Егер жоғарыда көрсетілген тәсілдермен бекіткіш тегірлердің тығындарының орнын белгілеу мүмкін болмаса, онда олардың орнын белгілеу үшін сілтеме тілдер көрсеткіштер немесе жазулар қолданылады.

Жоғарғы қысымдағы, температурадағы, сұйықтар толтырылған және технологиялық газдардан босатылмаған немесе жұмыс істеп тұрған аппараттарды, құбырларды, құрылғыларды және олардың тетіктерін жөндеу, реттеу және тазалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.

Биікте орнатылған құбырлар мен жабдықтарды ажырату, монтаждау жұмыстары жан-жақтары бортпен қоршалған, ағаштан жасалған сатыларды пайдаланып жүргізіледі.

Жанатын заттарды оттықтарға беруші құбырлар оттықтағы жалын өшіп қалған жағдайда және оттықтың бақылау-өлшеу және автоматты құралдарының электрлі (ауалы) қосылыстарының үзілуі кезінде тез арада жанатын заттарды беруді тоқтататын бекіткіш құрылғылармен жабдықталады.

Сұйық және газ тәрізді жанатын заттарды (мазутты, табиғи газды, күкіртті сутегіні және сол сияқтыларды) жағуға арналған газ құбыры желілерінің, мазут құбыры желілерінің және күкірт құбыры желілерінің құрылымы мен оларды пайдалану газ шаруашылығындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі.

Аппараттар мен құбырларда, олардағы сұйықтықтардың айналуын бақылауға арналған байқау шынылы терезесі бар болса, онда ол қорғаныш торлармен және «көмескі жарықпен» жабдықталады.

Жұмыс істеп тұрған құбыр желілерін блоктарды, сатыларды және басқа заттарды бекітуге рұқсат етілмейді.

Құбыр желілері арқылы өтетін жүргінші жолдар екі жағында ұстағыш қоршаулары бар металл сатылармен (кішкене көпіршелермен) жабдықталады.

Бақылау-өлшеу, өндірістік белгі беру және байланыс құралдары

Барлық бақылау-өлшеу құралдарын жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін ұйымның техникалық бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүйелі тексеруден өткізіп тұрады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық технологиялық үрдістер бақылау-өлшеу аспаптарымен, үрдістерді, сараптаманы, белгі беруді, бекітулерді логикалық басқарумен жабдықталады.

Бақылау-өлшеу құралдары олардың көрсетулерін жазып алуға, тексеруге немесе ауыстыруға ыңғайлы орындарға орнатылып бекітіледі.

Өлшеу және автоматтандыру құралдарына технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес құрғатылған және сығылған ауа жіберіледі.

Жарылыс қаупі бар өндірістік орындардың сығылған ауа жүйелері 1 сағат ішінде автоматтық жүйелеу құралдарымен жұмыс істеуге арналған сығылған ауамен қамтамасыз ететін буферлі ыдыстармен жабдықталынады. Бұл талаптар, ауаның немесе рессивердегі газдың қысымына байланысты автоматты түрде іске қосылатын компрессорлары бар қондырғыларға таралмайды.

Барлық өндірістер телефондық қатты дауыспен сөйлейтін байланыспен қамтамасыз етіледі.

Өндірістерді автоматтандыру технологиялық көрсеткіштердің шекті мәндеріне жетуіне және апаттық, технологиялық белгі берулерге байланысты бекітпелердің іске қосылуын, қорғаныс шараларының қолданылуын және технологиялық, апаттық, ескерту белгі берулерді қарастырады.

Күкіртті сутегі, күкіртті газ, көміртек тотықтары, фторлы газдардың бөлінуі мүмкін өндірістік орындарында шекті концентрацияларының автоматты белгі беру аспаптары орналастырылады. Өндіріс орындарының атмосферасын бақылау лаборатория ұйымының техникалық бастығы бекіткен сызбаға сәйкес жүргізіледі.

Радиоактивтік сәулелері бар реттеуіш құралдарды пайдалану оларды шығарған ұйымның техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Технологиялық үрдістерді автоматтандыру сызбасы автоматиканың бөлек құрылғыларының істен шығуы немесе олардың бүлінуі апаттар, инцинденттер туғызбайтындай етіп жасалынады.

Жарылыс және жарылыс-өрт қауіпті өндірістердің бөлімшелері мен учаскелеріне арналған басқару бекеттерін орналастыру химиялық және мұнайхимиялық өндірістердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Технологиялық процестерді автоматтандыру құрылғыларын электр энергиясымен қоректендіру тоқтаусыз қамтамасыз етіледі.

Автоматты немесе дистанциялық түрде қосылып және ажыратылатын әрбір агрегат жарықпен жазылған «Сақ бол! Автоматты түрде жұмыс істейді! Дабылсыз қосылады! » деген жазулары бар тақтайшалармен жабдықталады.

Автоматты немесе дистанциялық түрде қосылатын агрегаттарға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралар технологиялық регламент талаптарына сай жүргізіледі.

Ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарды механикаландыру.

Механикаландыруға мыналар жатады:

- шикізаттарды түсіру;

- шикізаттарды қоймаларға тиеу;

- қоймалардан шикізатты технологиялық өңдеуге жіберу;

- шикізаттардың, жартылай өнімдердің, дайын өнімдердің және қалдықтардың барлық цех ішінде тасымалдануы;

- дайын өнімдерді қаттау, өлшеу, тігу, қоймаға жіберу, көлікке жақындатып тиеу;

- қаттау агрегаттарына керек ыдыстарды беру;

- тазалау және жөндеу жұмыстары.

Тоттанудан қорғау

Агрессивті орталардың әсеріне ұшырайтын аппараттар, коммуникациялар және олардың қосылыстары тоттануға төзімді материалдардан жасалады немесе арнайы жабулармен қорғалады.

Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан барлық жабдықтар, коммуникациялар және болат конструкциялар жобаға сәйкес сыртқы тоттанудан қорғалады.

Тоттануға ұшырайтын ортада жұмыс істейтін аспаптардың жағдайын жүйелік регламенттік тексеру және аппараттардың қабырғаларының қалыңдығын және оның тозу мөлшерлерін анықтау үшін (ұйымның техникалық бастығы бекіткен кестеге сәйкес) бақылау жүргізіледі. Аппараттардың жағдайын тексеру нәтижелері арнайы журналда тіркелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]