Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1701_aringazin_k.sh_nerkasiptik_khauipsizdik_negizderi_mir_tirshiliginin_khauipsizdigi_jane_khorshagan_ortani_khorgau_mamandi...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.59 Кб
Скачать

К. Ш. Арынгазин, Е. Т. Кусанов, О. Г. Газизова,

А. Х. Жакиянова

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

К. Ш. Арынгазин, Е. Т. Кусанов, О. Г. Газизова,

А. Х. Жакиянова

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку

2012

ӘОЖ 331.45(075.8)

КБЖ 30.н.я73

Ө-48

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

баспаға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

Б. К. Дюсеналин – химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Б. А. Тулеубаев – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор.

К. Ш. Арынгазин, Е. Т. Кусанов, О. Г. Газизова, А. Х. Жакиянова

П30 Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері : «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / К. Ш. Арынгазин, Е. Т. Кусанов, О. Г. Газизова, А. Х. Жакиянова. – Павлодар : Кереку, 2012. – 109 б.

Оқу-әдістемелік құралында өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері баяндалған. Материал мысалдар мен тапсырмалардың үлкен көлемімен түсіндіріліп, сипатталған.

Оқу-әдістемелік құралы «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған.

ӘОЖ 331.45(075.8)

КБЖ 30.н.я73

© Арынгазин және т.б., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдық дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………........

3

1

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы………………..

4

1.1

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті.....................

8

1.1.1

Уәкілетті органның құзыреті...................................................

8

1.1.2

Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті......................................................................................

11

1.2

Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері.....................................

11

1.3

Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету...............................................................................................

17

1.4

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау....................................................................................

25

2

Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымдар............................................................

28

2.1

Қауіпті өндірістік факторлар...................................................

29

2.2

Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу............................

30

2.3

Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі

жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі...

30

2.4

Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі...............................................................................

33

2.5

Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы...

34

2.5.1

Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті ....................

34

2.5.2

Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициенті.................

34

2.5.3

Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті.........

35

2.5.4

Кәсіби ауру коэффициенті.......................................................

36

2.5.5

Негізгі қордың тозу коэффициенті..........................................

37

2.5.6

Негізгі қорды ауыстыру коэффициенті..................................

38

2.5.7

Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті.......

39

3

Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы...........

40

3.1

Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері....

42

3.2

Электротехникалық бөлім……………………………………

43

3.3

Технологиялық бөлім………………………………………...

44

3.4

Газ қауіпті жұмыстар…………………………………………

50

3.5

Өндірістердегі ерекше талаптар……………………………..

51

3.6

Қорғаныстың жеке құралдары……………………………….

57

4

Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)....

58

4.1

Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі.............................................

61

4.2

Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру.............................................................................

65

4.3

Жабық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру.............................................................................

67

4.4

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу...............................

69

4.5

Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару........

72

4.6

Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары..............................................

73

4.7

Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау...............................................................

74

4.8

Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету...............................

75

5

Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар..................................................................

77

5.1

Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы..................

80

5.2

Қазандардың құбырөткізгіштері.............................................

81

5.3

Болат құбырлар.........................................................................

82

5.4

Дайындау, монтаждау мен жөндеу.........................................

82

5.5

Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары...........

83

5.6

Сақтандырғыш құрылғылар.....................................................

83

5.7

Манометрлер.............................................................................

85

5.8

Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау......................................................................................

87

5.9

Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер.................................................................................

87

5.10

Қоректендіру және айналымды сорғылар..............................

89

5.11

Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік..........

91

5.12

Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы.................

92

5.13

Электр қазандарға арналған үй-жай........................................

94

5.14

Жарықтандыру..........................................................................

95

5.15

Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру.............

96

5.16

Алаңдар мен сатылар................................................................

97

5.17

Қазандардың сулы-химиялық режимі.....................................

97

5.18

Бақылау, құрамы, қызмет көрсету...........................................

98

5.19

Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру........................

101

5.20

Қазанды авариялық тоқтату.....................................................

101

5.21

Жөндеуді ұйымдастыру...........................................................

102

5.22

Техникалық куәландыру..........................................................

103

5.23

Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат..........

107

Әдебиеттер…………………………………………………….

109

Кіріспе

 Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі (ӨҚБЖ) келесі маңызды міндеттерді шешеді: 

- өнеркәсіп қауіпсіздігі (бұдан әрі ӨҚ) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

- жұмыс өндірісінің қауіпсіздік ахуалына ықпал ететін бұзушылықтардың туындау жағдайлары мен себептерін айқындау;

- ӨҚ ахуалына, соның ішінде тиісті сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жолымен талдау;

- ӨҚ ахуалын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға тигізетін нұқсандардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу;

- заңдармен және басқа нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ӨҚ талаптарының сақталуын бақылау;  

- қауіпті өнеркәсіп объектілеріндегі (бұдан әрі ҚӨО) апаттардың, дау-жанжалдардың алдын алуға және олардың зардабын оқшауландыруға және жоюға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіру;

- ҚӨО қолданылатын техникалық құрылғылардың уақытылы сынаудан өткізуді және техникалық куәландыруды бақылау;

- технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау.

1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алуға, аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.

Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) авария ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;

2) инцидент қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;

3) мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;

4) қауіпті өндірістік фактор қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйi;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) техникалық басшы ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман;

8) техникалық құрылғылар машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары:

1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;

2) Егер Қазақстан Республикасы бекіткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар.

Қауіпті өндірістік объектілерге:

а) мынадай:

1) тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;

2) жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;

3) жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;

4) тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;

5) уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:

- асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;

- теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;

- ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;

- жоғары уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:

- асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;

- теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;

- ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;

- қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:

- балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

- дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

- балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

- құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;

- радиоактивті және ионды сәулелену көздері;

- қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

- тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

- қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

- қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;

б) Қауіпті техникалық құрылғыларға:

- 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

- жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.

Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:

1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;

2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;

3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;

4) кәсіптік ауру;

5) негізгі қорлардың тозуы;

6) негізгі қорларды ауыстыру;

7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.

Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды.

Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.

Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;

- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалау;

- өнеркәсiптiк қауіпсіздікке сараптама жасау;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;

- өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді.

Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет аясында орындалуға міндетті өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігінен қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]