Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нурсулу отчет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

4.«Банк ЦенрКредит» ақ несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары

Бүгінде несие портфелі банктің несиелік саясатының сапасы туралы пайымдауғы және есепті кезеңдегі несиелік қызметтің нәтижесін болжамдауға мүмкіндік беретін анықтаушы критерий болып табылады. Несие портфелінің сапасын талдау және бағалау банк менеджерлеріне өздерінің несиелік операцияларын тиімді басқаруларына қызмет етеді.

Несие портфелiн қалыптастыруға, банктiң несиелік қызметiнің басты мақсаттары анықталған, несие саясатының стратегиясы жасалынған, осы стратегиялар шеңберiнде сыртқы ортаның қалыптасқан шарттарын, нарық конъюнктурасын, банктің меншiктi мүмкiндiктерiн ескере отырып,  несие портфелiн қалыптастырудың айрықша мақсаттары  анықталған жағдайда ғана кіріседі.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастыру қаржы ресурстарын орналастырудың негiзгi бағыттарының бiрi ретінде кез келген банк үшiн ең маңызды мәселе болып табылады.

Банктің несие портфелі – бұл берілген ссудалардың, нақты критерилер бойынша жіктелген, құрылымы мен сапасының сипаттамасы. Осындай критерилердің бірі болып, шетелдік және отандық тәжірибеде қолданылатын несие тәуекелінің деңгейі табылады. Сондықтан критериде несие портфелінің сапасы анықталады. Несие портфелінің сапасын талдау мен бағалау, банк менеджерлеріне, оның ссудалық ссудалық операцияларын басқаруға мүмкіндік береді.

Несие портфелін басқарудың бірнеше этаптары бар:

  • жеке алынған ссуданың сапасын бағалау критериін таңдау;

  • ссудалардың негізгі топтарын, олармен байланысты тәуекел пайызын көрсетуімен анықтау;

  • банктен берілген әр ссуданы бағалау;

  • топтастырылған ссудалар кескінінде несие портфелінің құрылымын анықтау;

  • несие портфелінің сапасын бүтіндей бағалау;

  • динамикадағы несие портфелі құрылымының өзгерісіне әсер ететін факторларды талдау;

  • банк несие портфелінің тәуекелге ортақ резервтік қор сомасын анықтау;

  • несие портфелінің сапасын жақсарту мақсатында шаралар ұйымдастыру

Мерзімі өткен несиелерге қоржын қалыптастыру және қарыз операцияларын басқаруды толық жүзеге асырылмауының нәтижесінде пайда болған жағымсыз сәттерге келесі факторларды жатқызуға болады: несие саясатының құжаттарының жоқ болуы, несие портфелінің толық диверсификациясының жоқ болуы, басқарма орталығының деңгейі рационалды болмауы, қарыз алушыны тексерудің жеткілікті болмауы, несиелік құжаттарды бақылаудың жеткілікті болмауы қарыз операцияларын басқарудың мұндай жетіспеушіліктері несие портфелінің төменгі дәрежесіне әкеледі. Ал бұл жетіспеушіліктерге жетпеу үшін коммерциялық банктер қарыз операцияларын тиімді басқару қажет. Ол үшін несиенің қайтарымдылығына, мерзімділігіне, төлемділігіне көп көңіл бөлулері керек. Қарыз алушының несие қабілеттілігін, тәуекел түрлерін, оны шешу жолдарын анықтауы қажет, сонымен қатар несие беруші банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген тәртіпте жоғалтуларды жабу үшін қор құруы керек.

Несие портфелін талдай отырып, несие портфелінің сапасы төмендей бастаған банктерге қадағалау органдары тарапынан бірден несиелеу көлеміне, мерзіміне байланысты немесе уақытша несиелеу қызметін тоқтата тұру жөнінде белгілі бір шаралардың қолданылуы және осы мәселе ҚҚА тарапынан қолға алынуы тиіс. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетіндігінің дәлелі.Коммерциялық банктің ұтымды несие портфелi — бұл несие ресурстарын жинақтау және үлестiру, берiлген несиелер мерзiмдері және сомалары бойынша банкте бар несие қорларына сәйкес келетiн жағдайда жүзеге асырылатын несие портфелі,  мұндай жағдайларда ол бойынша табыстылық деңгейі максималды мүмкіндікті болып табылады, ал тәуекел деңгейі минималды деңгейге сәйкес келеді. Ұтымды несие портфелiн қалыптастыру – банк қызметінің маңызды міндеттерінің және басты проблемаларының бірі болып табылады.

Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар тұлғаларына байланысты несиелеу нормативтерін қоса алғанда дұрыстығын айту қажет. Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық несиелеу және құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып,  несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша  пруденциалдық нормативтерді  күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын ЕДБ–ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне алып келді .

2-кестеде келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, несиелеудің жоғары қарқыны 2005-2006 жылдарға сәйкес келеді, бұл жылдары өсім 68,9% және 95,7 % құраған. 2007 жылы ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстаннның банк жүйесінің құрылымдық проблемаларына әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары болуымен түйінделген 2007 жылы несиелеу (өсім 48,0%) 2006 жылмен салыстырғанда 2-есе шамасында азайса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 4,2% артқанын көруге болады. ал 2009 жыл нәтижесі несиелеу көлемінде айтарлықтай өзгеріс болмағанын көрсетті.

Кесте 2 - Банктік сектордағы несие портфелінің көлемі және өсімі, 2015-2016 жж.

Атауы

01.01.11

жыл

01.01.12

жыл

01.01.13

жыл

01.01.14

жыл

01.01.15

жыл

01.01.16

жыл

Несие портфелі, млрд теңге

1 813,4

3 062,0

5 991,8

8 868,3

9244,54

9558,9

Өсім, өткен кезеңге %-бен (оң жақ шкала)

66,8

68,9

95,7

48,0

4,2

4,3

2015-2016 жылдар аралығында жылдан-жылға артып келе жатқан ЕДБ несиелері бойынша берешек сомалардың артуы көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты, бүгінгі күні оның бастылары болып Әлемдік экономиканың бұдан әрі бәсеңдеуі, ірі экономикалық державалардың рецессиясы және әлемдік қаржы институттарының тұрақсыздығы жағдайларында тек қана қаржылық емес, сонымен қатар тауар нарықтарының да қолайсыз конъюнктурасы Қазақстанда экономикалық өсудің бұдан әрі бәсеңдеу тәуекелділігінің күшеюіне және төлем балансын қаржыландырудың тапшылығына әкелуде, бұл елдің ішкі ресурстарымен қатар халықаралық резервтеріне де әлеуетті жүктемені ұлғайтуда (3-кесте).

Кесте 3 - ЕДБ несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер, млн теңге

 

Барлығы

Ұлттық валюта

дағы несие

Шетел валюта

ында

ғы несие

Қысқа мерзімді

несие

Ұзақ мерзімді

несие

Банктік емес заңды тұлға несиесі

Жеке тұлға

несиесі

01.01.11 ж.

30043

16412

13631

17796

12247

27796

2247

01.01.12 ж.

33135

15147

17988

17323

15811

28612

4523

01.01.13 ж.

77859

30583

47276

53486

24373

69608

8251

01.01.14 ж.

121395

74143

47252

58897

62498

91397

29998

01.01.15 ж.

318120

203910

114210

89623

228498

228324

89787

01.01.16 ж.

1048130

515835

532295

585154

765976

449583

82713

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың бес кезеңiн ерекше атап өтуге болады:

• несие сұранымы мен ұсынымына әсер ететiн факторларды талдау;

• коммерциялық банктің несиелік потенциалын  қалыптастыру;

• несие потенциалының құрылымының және берiлген қарыздардың сәйкестiгiн қамтамасыз ету;

• берiлген қарыздарды әр түрлi белгiлері бойынша талдау;

• несие портфелiнiң тиiмдiлiгі мен сапасын бағалау, банкттің несие портфелiн жетiлдiру бойынша шаралар жасау.

Бiрiншi кезеңде талдау банк жұмыс iстейтiн аймақтық рыноктердi есепке ала отырып банктің талдамалық қызметтерiмен жүзеге асырылады. Осы жұмыс несие портфелiн жетiлдiру процесінің тұрақты құраушысы болғаны лазым, өйткенi бұл банкке банктiк конъюнктураның өзгерiсiн уақытында аңғаруға және несие тәуекелiн төмендету шараларын жүзеге асыруға және несие беру табыстылығының жоғарылатуына мүмкiндiк бередi.

Банктегі несие операцияларының дамуын анықтайтын факторлар  өз арасында iшкi және сыртқы деп бөліп қарастырады.

Банктің несие операцияларына әсер ететін факторларды (ішкі және сыртқы) талдау нағұрлым жетілдірілген несие портфелін қалыптастыруға, сол кездегі ең қауіпті несиелік операцияларды анықтауға және тәуекел деңгейін төмендетуге ықпал ететін шаралар жасауға мүмкіндік береді.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың екiншi кезеңі банктің несие потенциалының құрылымын құралдардың көздерi және олардың жеделдiгi бойынша анықтаумен сипатталады. Несие потенциалы бұл жағдайда қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несие потенциалдарының сомасы ретінде қарастырылады.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың келесі, үшінші кезеңі несиелік потенциал мен несиелік портфельдің теңгерімділігін талдайды. Қазақстандық банктер қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік несие потенциалының жетіспеушілігіне жиі ұшырайтыны белгілі. Несиелік потенциал мен несиелік портфельдің теңгерімсіздігі кезінде банк өзіне қажетті қаржылар көздерін табуы керек.

Ұзақмерзімдік несиелік потенциалдың жетіспеушілігі кезінде және оны толықтырудың көздерін таппаған жағдайда банк қысқамерзімдік потенциалды ұзақмерзімдік несие потенциалына трансформациялауға мәжбүр болады, бұл өз кезегінде банктік ликвидтілік мәселесін туындатады.

Егер несиелік потенциал несиелік портфельден көп болса, банк несиелік ресурстарды қайта бөлістіруіне және оларды басқа белсенді операцияларға (бағалы қағаздармен операцияларға, валюталық операцияларға және т.б.) пайдалануына болады.Ерекше қасиеттері ретінде несиені жабу мерзімі, қарыз алушылар категориялары бойынша, несиемен қамтамасыздандыру сипаты бойынша, несие формалары бойынша, табыстылығы бойынша, тәуекел деңгейі бойынша және т.б. жабу сипаты алынуы мүмкін. Берілген қарыздарды көрсетілген қасиеттері бойынша талдау коммерциялық банктегі бар несие портфелінің құрылымын сипаттайды.

Ұтымды несие портфелiн қалыптастырудың соңғы бесінші кезеңінде несие портфелінің тиімділігі мен сапасына баға беріледі. Ол банк қызметіндегі несиелік операциялардың ролін, банктің несие потенциалын пайдалану тиімділігін анықтаудан, пайыздық мөлшерлеме деңгейін және несиелік қызметтен түскен табыс көлемін, пайыздық маржа мөлшерін, сондай-ақ мерзімі өткен қарыздарды талдау негізінде несиелік операциялардың шынайы тәуекелін анықтаудан құрылады.

Жоғарыда айтылып өткен қадамдардың негізінде коммерциялық банктің ұтымды несие портфелі қалыптасады.  Оны қалыптастыру кезінде несие тәуекелін бағалауға және оны төмендету әдістеріне ерекше көңіл бөлу керек.

Осы мақсатпен ең бірінші коммерциялық банктің несие портфеліне талдау жүргізу керек және соның негізінде оның сапасына баға берілу керек. Содан кейін, алынған мәліметтерді негізге ала отырып, банктің несие портфелінің сапасын жақсартатын және оны максималды тиімділікке жақындататын шаралар жүйесін жасау керек. Ең соңында жасалынған шаралардың тиімділігін анықтап, жаңартылған несие портфеліне талдау жүргізу керек. Несие портфелін басқаруды ұйымдастыру процесі – пайда болатын жағдайларға байланысты ылғы қайталанып және өзгеріп отыратын  циклдік және үзіліссіз процесс.Банктер ерекше көңіл бөлетін негізгі тәуекелі кредиттік тәуекел болып қалып отыр. Осы тәуекел түрінің маңыздылығы банктердің несие портфелінің сақталып отырған төменгі сапасына байланысты. Бұл ретте 3-тоқсанда оның деңгейі мүлдем өзгерген жоқ – респондент банктердің 16% осы тәуекел азайған банктер саны 14% болған кезде кредиттік тәуекелді ұлғайту туралы мәлімдеді. 4-тоқсанда банктердің 22% кредиттік тәуекелдің өсуін, ал 14% – оның төмендеуін күтеді.

"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы

Даму стратегиясы

Ұзақмерзімді бесжылдық мақсатқа жету аралық кезеңдерден өтуге негізделеді:

  1. 2016-2017 жж. – корпоративтік сегмент нарығындағы үлесті ұстап тұру, ШОБ сегментінің орташа өсімі, бөлшекті сегменттің жаңа өнімдері бойынша нарыққа қарағанда тезірек даму; 2018 – 2020 жж. – корпоративтік сегменттің орташа өсімі, ШОБ нарығындағы үлесін елеулі арттыру, бөлшекті сегменттің жаңа өнімдері бойынша нарыққа қарағанда тезірек даму.

Банктің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі қағидалары 

  • Банк стратегиясы бөлшекті бизнес пен ШОБ-тағы үлесті арттыру және корпоративтік портфельдің үлесін ағымдағы деңгейде ұстап тұру арқылы несие портфелін әртараптандыруға ерекше назар аударады;  

  • Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында банктің өнімдерін нысаналы сегменттерге жіктеу;  

  • Бизнес сегменттеріне ерекше назар аудару және сәйкес өнімдерді дамыту;  

  • Ағымдағы сыртқы экономикалық жағдаят пен банктік секторға сәйкес Банктің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруды кезеңдерге бөлу;  

  • Қызметті оңтайландыру, бизнестің ауқымын кеңейту және кірістілігі жоғары өнімдерді дамыту есебінен кірісін арттыру; 

  • Ұзақмерзімді болашақта тәуекелдіктерді бағалаудың қазіргіден икемді моделіне өту арқылы қысқамерзімді болашақта тәуекелдік тәбетіне қатысты консервативті тәсілді сақтау;  

  • Банктің операциялық моделінің тиімділігін арттыру;  

  • ЦКБ-нің перспективті моделі дәстүрлі банкингтен иновациялық-технологиялық және клиентке бағытталған модельге өтуді көздейді. 

Банктердің несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту үшін қабылдайтын шараларына қарамастан төменгі деңгейде сақталып отыр. Таяудағы 3 айда респонденттердің 22%-ы несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, банктердің 62%-ы көрсеткіш өзгермейді деп болжамдайды. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша респонденттердің тиісінше 18% және 26% несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, 68% және 70% портфелдің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп күтеді.Банктердің көпшілігі  қайта құрылымдау процесінің және проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың кейбір баяулауын атап өтті, бұл проблемалық кредиттер бойынша мәселелердің негізгі бөлігін шешуге байланысты. Бұл ретте несие портфелінің сапасын жақсартудың маңызды факторы  жеңілдікпен салық салу және проблемалық активтер қорын іске қосу мәселелерін жедел шешу болып табылады.

Банктер тарапынан бизнесті барынша терең түсіну, тәуекел-менеджментінің сапасын айтарлықтай жақсарту және кредиттік жобаларды барынша мұқият қарау байқалады, бұл шетелдік қатысумен банктер тарапынан бәсекелестік қысымның күшеюімен,  сондай-ақ қаржы ресурстарын барынша тиімді бөлуге және пайдалануға тырысуға байланысты.

3-тоқсанда негізгі қорландыру көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, жұмыс істейтін акционерлер (бас банктер) тарапынан капиталға инвестициялар және алынған түсімді қайта инвестициялау болып табылады.

2015 жылғы 3-тоқсанда банктердің сыртқы міндеттемелері орташа есеппен алғанда  мынадай көздер есебінен өтелді:

— ішкі міндеттемелер есебінен (58%);

— сыртқы нарықтарды резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (24%);

— резиденттерге активтер мен талаптарды қысқарту есебінен (18%).

Кейінгі 12 айдың ішінде (2015 жылғы қазан —  2016 жылғы қазан бойынша) банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды жоспарлайды (47%); капиталдың сыртқы нарықтарында берешекті қайта қаржыландыру пайызы 2015 жылы, банктердің бағалаулары бойынша, сыртқы міндеттемелердің жалпы жоспарланған өтеулерінен  27% деңгейде болады, бұл ретте  банктер 12 айды (2015 жылғы қазан — 2016 жылғы қазан бойынша) болжамдау кезінде, резидент еместерден қаражатты тарту мүмкіндігіне жол беретіндігін атап өту қажет. Сонымен қатар, банктер капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру құны банктер үшін оңтайлы және тиімді мәндерге жеткен кезде осы қаржыландыруды қарайтын болады. Яғни осы тарту капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру бағасына тікелей байланысты. Сонымен қатар банктер қаржыландыру тапшылығын активтерді (резиденттерге және резидент еместерге талаптардың қысқаруы) сату,  тиісінше 19% және 7% жуығы сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулері есебінен белсенді түрде жабуды болжамдайды.

Қорыта айтқанда, несиелік саясат несиелендіру шеңберіндегі банктің стратегиясы мен тактикасын көрсетеді деп айтуға болады. Ол несиелік процестің барлық кезеңдеріндегі жұмыс ретін анықтайды. Оны жасаудың негізінде ұтымды несие саясатының теориялық негізделген құрылымы болуы керек. Сонымен қатар, несие саясаты банк қызметінің тәуекелін басқару негізі болып табылады, сондықтан несиені зерттеу кезеңінде тәуекелді қадағалауға көбірек көңіл бөлу керек.

Жоғарыдағы ағымдағы жағдайдың жай-күйін ескере отырып банктің несиелік қызметінің сапа критериі болып табылатын несиелік банктік портфельді қалыптастыру және басқару процесін жалпы алғанда төмендегі қадамдар арқылы жүргізу ұсынылады:

1)  жеке алынған қарыз сапасын бағалау критериін таңдау;

2)  негізгі топтастырылған несиелер мен оларды алмастыратын тәуекелдер коэффицентін анықтау;

3)  Әр берілген несиенің топтастырылған несиелік топтардың біріне қатысы;

4)  Топтастырылған несие топтарының тілігінде несиелік портфель құрылымын анықтау;

5)  Несиелік портфель сапасының жалпы бағасын;

6)  Динамикадағы несиелік портфельдің құрылымының өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау және талдау;

7)  Әр берілген несиелерге жасалынатын резервтер көлемі мен банктің несиелік портфелі тәуекеліне резервтік қор сомасын анықтау;

8)     несиелік портфель сапасының жоғарылату бойынша шаралар жасау;

Банктің несиелік портфелінің сапасы оның рентабельді жұмысына және қаржылық-шаруашылық жұмысында сенімді серіктес ретінде шешуші болып табылады. Белсенді несиелік операциялар процесінде  банктік несиелік портфельдің өтімділік элементі қалыптасады, ал банктің несиелік ресурстарды дұрыс орналастыру және банктерді несиелік портфельді тиімді басқару оларға стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және банк қызметінде жетістікті қаржылық нәтижеге қол жеткізумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді,ал несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.