- •Тақырыбы:қр-ның екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары.
- •«Банк ЦенрКредит» ақ даму тарихы мен басқару құрылымы
- •«Банк ЦенрКредит» ақ атқаратын негізгі қызметтері
- •«Банк ЦенрКредит» ақ қаржы – экономикалық жағдайын талдау және тұрақтылығын анықтау
- •4.«Банк ЦенрКредит» ақ несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары
- •Шағын және орта бизнестің несиелік қабілеттілігін несие үрдісінде анықтау
Тақырыбы:қр-ның екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары.
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………..........………………....…
1.«Банк ЦенрКредит» АҚ даму тарихы мен басқару құрылымы.....................................................................................................
2.«Банк ЦенрКредит» АҚ атқаратын негізгі қызметтері......................................................................................................
3.«Банк ЦенрКредит» АҚ қаржы – экономикалық жағдайын талдау және тұрақтылығын анықтау..................................................................................
4.«Банк ЦенрКредит» АҚ несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары...........................................................................................
5.Шағын және орта бизнестің несиелік қабілеттілігін несие үрдісінде анықтау...........................................................................................................
Қорытынды....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде.Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиесімен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз шартында уақытша пайдалануға,яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды жіне жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.
Сөйтіп, несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі болып табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр.Өйткені еліміз нарық экономикасына көшкен кезде көптеген шағын және орта бизнестер дами және көбее бастады. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бизнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез-келген банктен әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару және оның жағдайы мен перспективаларын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан түсініктер беру;
- банктің несиелік портфелін басқаруда теориялық негізде түсініктер беру;
- банктің несиелік портфелін басқарудың жағдайы мен преспективаларына теориялық және тәжірибелік материалдар негізінде талдау жүргізу;
Жұмыстың объектісі. Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару: жағдайы мен перспективалары.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік портфеліне қатысты мәселелерді дамыту және несенің рөлі мен экокномикалық мәнін анықтайтын еңбектері пайдаланылды. Бұл ғалымдар: Макыш С.Б., Сейткасымов Г.С., Бабичев Ю.А., Лаврушин О.И.
Статистикалық және ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің активтердің жіктелуі туралы ережесі, АҚ «Банк ЦенрКредит»- тің жылдық есеп деректері, нормативтік құжаттары әртүрлі ережелері, банктердің жекелеген клиенттерінің мәліметтері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебитеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс мазмұны ___ беттік компьютерлік терім мәтінде жазыла отырып, __ кестені, ___ диаграмманы қамтиды.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері негізделген.
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару сапасын бағалаудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымы, банктің несиелік портфелін басқару жолдары жан-жақты зерттелді.
«Банктің несиелік портфелін басқару: жағдайы мен перспективаларын қалыптастыру және бағалау тәжірибелері» деп аталатын екінші тарауда АҚ «Банк ЦенрКредит» - тің несиелеу тәртібі мен несиелік портфелін бағалауға талдау жүргізілді.
Үшінші тарау «Банктің несиелік портфелінің сапасын жетілдіру жолдары» деп атала отырып, проблемалық несиелермен банктердің жұмысы жіне несиелік тәуекелді басқару әдістері ашып көрсетілді.
Қорытындыда бітіру жұмысының нәтижелерімен шығатын түйіндер мен ұсыныстар тұжырымдалған.
