Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к Дип работе каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.16 Кб
Скачать

5 Дипломдық жұмысты қорғау рәсімі

Дипломдық жұмысты қорғаудан 1 ай бұрын бітірушілер міндетті түрде кафедраның ашық отырысында ғылыми жетекшілердің қатысуымен алдын-ала қорғау рәсімдері өтулері керек. Алдын-ала қорғау кафедра жиналысының хаттамасымен толтырылады.

Диплом жұмыстарын қорғауға бес күн қалғанда МАК-қа мыналар ұсынылады:

1) студенттер мен кеңесшілердің қолдары қойылған, жазылып біткен дипломдық жұмыс ғылыми жетекшіге ұсынылады, жұмысты қарап шыққаннан кейін ол жазбаша түрде пікір жазады; ғылыми жетекшінің дипломдық жұмысқа жазған пікірде «Қорғауға жіберілді» немесе «Қорғауға жіберілмейді» делінген айғақты қорытынды беріледі;

2) дипломдық жұмысты қолдаған жағдайда – ғылыми жетекші оған қол қояды және қорғауға жіберілгендігі туралы өзінің жазбаша түрдегі пікірмен кафедра меңгерушісіне ұсынады.

3) дипломдық жұмысты қолдамаған жағдайда – ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ қорғауға жібермеу туралы шешіміне әкелген өзінің көзқарасы көрсетілген жазбаша пікір жазады.

4) кафедрада қорғауға ұсынылған бітірушінің дипломдық жұмысы факультет деканы арқылы рецензияға ұсынылады.

5) дипломдық жұмысқа рецензия, онда қорғауға ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың жан-жақты сипаттамасы және балды-рейтингті әріптік жүйе бойынша бағаланған дәлелді қорытынды мен «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау немесе мамандыққа сәйкес біліктілікті беру мүмкіндіктері көрсетілген.

Дипломдық жұмыстарды пәндік плагиатқа тексеру жұмыстары сәйкесінше деканаттарда жүргізіледі.

Студент дипломдық жұмысты ғылыми жетекшінің пікірі және қорғалынатын жұмыстың профиліне сәйкес бір маманның пікірлемесі оң пікірде жазылған болса қорғауға жіберіледі (Қосымша З).

Білім алушы дипломдық жұмысты қорғауға рецензенттің оң қорытынды жасау кезінде де, сондай-ақ теріс қорытынды жасау кезінде де жіберіледі.

Дипломдық жұмысқа пікір беру біліктілігі қорғалатын дипломдық жұмыстың бейініне сәйкес келетін сыртқы ұйымдардың мамандары арқылы жүзеге асырылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі әр студентке тақырыбы көрсетілген жеке бекіту арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Рецензенттер тізімі бітіруші кафедраның меңгерушісі ұсынған, жұмыс орны, атқарып отырған қызметі және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білімі туралы диплом бойынша негізгі білімі) көрсетілген ұсыныс бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Рецензент дипломдық жұмысқа оның өзектілігін, жаңашылдығын және зерттелініп жатқан тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын, зерттеу тақырыбының маманды дайындау бейініне және берілетін біліктілікке сәйкестігін, жүргізілген зерттеудің өзбеттілігін, қорытындылар мен ұсыныстардың болуын, мәселелерді шешу дәрежелерін, зерттеудің аяқталғандығын міндетті түрде қамтитын жазбаша көлемі 1-2 бетті рецензия ұсынады (Қосымша И, Қосымша К)

Факультет деканы бітірушіні шығарып отырған кафедра меңгерушісінің және бітіруші- студентті пікірімен таныстырады, қорғау үшін студент-бітіруші қорғауға бір күн қалғанда дипломдық жұмысты пікірімен бірге Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына өткізеді.

Студенттің қалауымен дипломдық жұмысты қорғау қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Студент кафедра ұсынысы бойынша жұмыстың қысқаша мазмұнын қосымша шетел тілдерінің бірінде баяндауына болады және осы тілде сұрақ-жауапты да жалғастыру мүмкіндігіне ие.

Қорғалғаннан кейін дипломдық жұмыс кафедра арқылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мұрағатына беріледі және онда 5 жыл сақталады.

Бұл мерзім аяқталғанда ректордың бұйрығымен жасалған комиссия актісі бойынша дипломдық жұмыстарды істен шығару жұмыстары жүргізіледі.

Диплом жұмыстарының түп нұсқаларын сыртқы ұйымдарға және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынған. Оқу-әдістемелік көмек беру, конкурстарға қатысу, өндіріске енгізу үшін оқу ісі жөніндегі проректордың рұқсатымен дипломдық жұмыстардың көшірмесін түсіріп қызығушылық танытқан тарапқа беріледі. Бітірушіге, қалауы бойынша, өзінің дипломдық жұмысының көшірмесін алуына болады.

Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің, рецензенттің, Мемлекеттік аттестаттау комиссия мүшелерінің балдық-рейтингтік жүйесі бойынша бір қатар сипаттамаларымен бағаланады.

Дипломдық жұмыстардың өлшем бағамдары мыналар:

  • орындалған жұмыстың кәсіби мамандандырылу бағытымен сәйкес келуі;

  • жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен тапсырмаларының негізделінуі;

  • жүргізілген тәжірибенің көлемі, қолданылған зерттеу және өңдеу әдістерінің негізділігі;

  • компьютерлік технологияны пайдалану;

  • дипломдық жұмыстарда ғылыми-зерттеу компоненттерінің болуы;

  • жұмыс нәтижелерін ретті, сауатты және анық баяндау қабілеттілігі;

  • қолданылған әдебиеттердің көлемі;

  • алынған нәтижелер мен қорытындылардың сенімділігі мен шынайылығы;

  • тәжірибе маңыздылығының мүмкіндігі;

  • жұмысты жазу сапалылығы;

  • дипломдық жұмысты қорғау (қысқалығы, анықтылығы, қисындылығы, сөйлеуді мәселелі және кәсіби меңгеру дәрежесі);

  • қорғау кезіндегі сұрақтарға толық жауаптылық;

  • жұмыстың ерекшелігіне байланысты басқа да сипаттамалар.

Сипаттамалар тізімін анықтау, кешенді бағалау процедурасын бекітуді Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы іске асырады.

Білімді бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Амелин В.Г. Итоговая государственная аттестация выпускников по специальности и направлению «Химия». Методические рекомендации по сдаче государственного экзамена, оформлению и защите дипломной работы/ Владимирский гос. ун-т;– Владимир: Изд-во Владим. гос. ун-та, 2008. – 20 с.

  2. Макарова Л.Л. Методические рекомендации к выполнению и оформлению курсовых работ по специальности «Химия». Методические указания/ УдГУ, Ижевск, 2008. – 40 с.

  3. Методические указания по составлению бибилиографического аппарата научной работы / сост. Н.В. Лещева, С.А.Воробьева, В.Н.Копанев, Г.В.Турбенева, Л.В.Крючков.- СПб.:Изд-во СПХВА, 2006,- 32с.

  4. Положение о дипломной работе. П-ЕНУ 33-13. Астана, 2013.

ҚОСЫМША А

Өтініш үлгісі

Факультет деканы

_________________

________ (Аты-жөні)

«___» _______ күні

Өтініш

Дипломдық жұмыстың тақырыбын келесі редакцияда № ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

бекітуін және ғылыми жетекші ретінде __________________________________

______________________________________________________________________

(ғылыми жетекшінің ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, аты жөні).

тағайындауыңызды өтінемін

топ студенті _____________ Аты-жөні

қолы

ҚОСЫМША Б

Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырманың үлгісі

Жаратылыстану факультеті

5В060600-Химия мамандығы

Химия кафедрасы

Бекітемін

Кафедра менгерушісі

А.К.Ташенов

________________

«____» __________ 20 ж.

Дипломдық жұмысты орындауға арналған