- •1 Жалпы ережелер
- •2 Дипломдық жұмыстың орындалу кезеңдері
- •3 Дипломдық жұмыстың құрылымы
- •3. 1 Мұқаба және титул парағы
- •3.2 Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма
- •3.3 Мазмұны
- •3.5.1 Әдеби шолу
- •3.5.2 Жұмыстың тәжірибелік бөлімі
- •3.5.3 Нәтижелер және оларды талдау
- •3.5.4 Қорытынды
- •3.5.5 Әдебиеттер тізімі
- •3.5.5 Қосымшалар
- •4 Рәсімдеу ережесі
- •5 Дипломдық жұмысты қорғау рәсімі
- •Тапсырма
- •5В060600-«Химия» мамандығы
- •5В060600-«Химия» мамандығы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімін жазу және орналастыру тәртібі
- •Нормобақылау
2 Дипломдық жұмыстың орындалу кезеңдері
Дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болуы керек және химия ғылымы мен технологияның қазіргі заманғы күйі мен даму болашағына сәйкес келуі тиіс.
Дипломдық жұмыс тақырыбын анықтау барысында химия ғылымының нақты тапсырмалары мен мәселелері ескерілуі тиіс.
Дипломдық жұмыс тақырыбы 5В060600 – «Химия» мамандығы және химия бакалаврын дайындау бейініне сәйкес болуы керек.
Дипломдық жұмыс тақырыбы бітіруші кафедрада құрастырылып, жаратылыстану факультетінің кеңесінде қарастырылады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде бекітіледі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының жалпы тізімі жыл сайын 30%-дан кем емес жаңарып тұруы тиіс.
Дипломдық жұмыстар ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде орындалады, сонымен бірге теориялық және тәжірибелік бөлімі болуы тиіс.
Студент дипломдық жұмыс тақырыбын бекітілген тақырыптардың ішінен берілген өтініш негізінде таңдайды (Қосымша А).
Дипломдық жұмыс тақырыбы студентке бітіруші курс басында беріледі және жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алдындағы іс тәжшрибе аяқталуына орай диплом жұмысының тақырыбы қажет кезінде бітіруші кафедраның өкімі бойынша өзгертілуі, дәлденуі, түзетілуі мүмкін.
Дипломдық жұмыс жаңалық элементтерінен тұруы тиіс және студенттің жалпы ғылыми және арнайы дайындығын, оның тәжірибелік дағдыларын айқындауы керек, сондай-ақ, диалектикалық тұрғыда ойлай алу және теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра алу керек.
Дипломдық жұмыстардың негізін құрайтын зерттеу жұмыстар өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде оқу жылы бойы немесе бірнеше жылдар бойы кафедра тағайындаған ғылыми жетекшінің басшылығымен жүргізіледі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі ретінде химия кафедрасының профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары және ғылыми қызметкерлері немесе 5В060600 – «Химия» мамандығы бойынша ғылыми еңбектері сәйкес келетін басқа ұйымның ғылыми қызметкерлері мен жоғары маманданған қызметкерлері бола алады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмыстың орындалуы үшін тапсырма береді;
2) студентке дипломдық жұмыстың барлық кезеніне сәйкес орындалуына орай күнтізбелік кестесін құруға көмектеседі;
3) студентке тақырып бойынша қажетті басты әдебиеттерге, анықтамалық және архивті материалдарға, типтік жобалар мен басқа көздерге нұсқау береді;
4) студенттің дипломдық жұмысының күнтізбелік кестесін сақтауын бақылауды жүзеге асыратын кеңес беру кестесін орнықтырады;
5) дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін орнықтырады және диплом жасаушы мен кеңес берушіні байланыстырады.
Дипломдық жұмыс тапсырмасы студент жасаған бастапқы материалдар мен әдебиет көздерден, сұрақ тізімдерінен, нұсқалған әдебиеттер тізімінен, графикалық материал тізімдерінен (кесте, диаграмма, сызбанұсқа және т.б), дипломдық жұмыстың толық күнтізбелік кестесінен тұрады (Қосымша Б).
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы және оның аяқталу мерзімі кафедра меңгерушісімен расталып, дипломдық жұмысқа тігіледі.
Жұмыстың күнтізбелік кестесі бүкіл мерзімге жеке бөлімдердің орындалу кезегінің көрсетілуімен құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынуы бойынша қажетінше кафедра дипломдық жұмыстың уақыт есебінен жеке бөлімдер бойынша кеңесшілерді шақыра алады. Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, оқытушылар және ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері бола алады. Кеңесшілер студент орындаған бөлімдерді тексеріп, қол қояды. Кафедрада дипломдық жұмыстың орындалуының басталуына дейін әдістемелік нұсқауларды өңдеп студенттерді олармен қамтамасыз ету керек, әдістемелік нұсқауларда мамандықтың жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар орнықтырылады.
Кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысының орындалуы бойынша мерзімдік есеп беру уақытын бекітеді. Осы мерзімде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп беріп, дипломдық жұмысқа дайындық дәрежесін көрсетеді, сондай-ақ ол туралы факультет деканына хабарлайды.
Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді (кітаптарды, оқу нұсқауларын, монографияларды, мерзімді әдебиеттерді, дәрістік курстарды, оның ішінде шет тілдерінде, нормативті әдебиеттерді және т.б. терең зерттеу негізінде орындалады.
Әрбір дипломдық жұмыс жеке перспективті теориялық және тәжірибелік сұрақтар әдістемесінің тапсырмасымен сәйкес болуы керек. Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық біліммен, пайдаланылған зерттеу әдістерінің негіздемесімен, ереже бойынша, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, есептеудің қабылданған әдістерімен және есептеудің өзімен, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамасымен, олардың анализі және сол бойынша қорытындысымен, графиктермен, диаграммалармен, сызбанұсқалармен және т.б жан-жақты айқындалуы керек.
Дипломдық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің жаратылыстану факультетінің химия кафедрасында, сондай-ақ басқа да ғылыми ұйымдардар мен зертханаларда орындалуы мүмкін.
