Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖ жаннат.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
301.06 Кб
Скачать

2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері

Іргетас құрастырмалы-жиналмалы болып жобаланды. Сыртқы көтеру қабырғаларының қалыңдығы - 600 мм. Ішкі көтергіш қабырғалар – 380мм.

Іргетас ғимараттың немесе құрылыстың, түсірілген салмақты – жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер немесе су астындағы бөлігі; ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.

Аз қабатты тұрғын үйдің құрылымдық шешімдері қаңқасыз тұрғын үйге жатады. Жеке тұрғын үйдің іргетасы жиналмалы блоктардан құрастырылған, іргетас көпшіктері жиналмалы құрастырмалы. Өлшемдері Каталог «ТОО Строй Деталь» бойынша таңдалған.

Қабырғаларға тастар мен қыш тақтайшалары пайдаланылды. Сыртқы қабырғаларына табиғи тас «Ракушняк» тасы пайдаланылады. Бұл тасты пайдалану себебі ғасырлар бойы табиғаттың өзінің қалауымен жасалған құрылыс материалдары. Табиғи тас теңіздің түбінде пайда болған және адамның өміріне химиялық қосылыстарға өте бай құнды құрылыс материалы болып есептеледі.

Бұл тастың құрамына қарай, қаттылығына қарай бірнеше түрі болады. Химиялық құрамы адамды таңқалдырады, ракушняктың ішінде теңіз тұзы бар.

Тастың құрамына қарай қабатталған теңіз малюскалары, құмнан, известтен және әртүрлі элементтермен табиғаттан құралған материал. Оның қиындысынан табуға болады: ертедегі фауна және флора қалдықтарын табуға болады. Ал ішкі қабырғалары силикат кірпішпен қаланған. Бұл кірпіштің 90 %-ы кварцтық құмнан, 10%-ы известтен және қоспалардан тұрады. Бұл кірпіштің әртүрлі түстері құрылыста пайдаланылады.

Жылу өткізгіштігі : силикат кірпіштің жылу өткізгіштігі қыш кірпіштің мықтылығына және жылу өткізгіштігіне кем бөлінеді. Силикат кірпіштің жылу өткізгіштік күші - 0.070 В/м С. Кірпіштің тығыздығы - 1750кг/м. Бұл кірпішті жақында ашқан небәрі 130 жыл бұрын, бірақ ол көп сұранысқа ие. Салмақ түсетін қабырға 380 см болып қаланған. Салмақ түспейтін қабырғалары, яғни бөлмелерді бөлуге арналған қабырға 120 см болып қаланады. Салмақ түсетін қабырғаға төбе жабынынан, шатырдан түскен салмаққа қарсы төтеп береді.

Қабырға қалағанда арасы раствор салынып қаланған. Қабырғаның сыртына да, ішкі бетіне де, бөлмелерді бөлуге арналған қабырғаларға да құм ерітіндісі мен сылақ жүргізілді.Содан құм ерітіндісінен кейін гипс ерітіндісі сылақ, соңынан қабырға бетіне желімді ертінді шпаклевка сылақ жұмыстары жүргізіледі. Жеке тұрғын үйдің санторап бөлмесінің қабырғасы қыш тақтайшамен (кафель) жабыстырылған. Қабырға, сылақ, әрлеу жұмыстары құрылыс мөлшері және ережелеріне (ҚНжЕ) сай сақталынған.

Жабындарды қабырғаның үстіне орнатып болғаннан соң, бетіне қара қағаз (рубероид) толығымен жайылады.Қара қағаз бетіне қуыс қиыршық тас жылылыққа төселінеді. Жабындар құрылыс мөлшері және ережелеріне (ҚНжЕ)сай қарастырылған.

Ал еденге ламинат төселінді, ламинаттың астына подлошка жайылды, қабырға мен еденнің түйіскен жерінде қазіргі заманға сай пластмасса бір-біріне кигізілетін плинтус орнатылды.

Шыны сәулетші материалы ретінде тарихта өте бай. Шыны өнеркәсібінің алға басқан техникалық прогресі ХVII ғасырда жапырақ шынының пайда болуына жол аша отырып, біздің шыныға деген күнделікті қарапайым көзқарасымызды түбегейлі өзгертті.

Адамның күнделікті қолдану сферасында шыны соңғы жылдары кең қолданысқа ие. Бұл дегеніміз шыны қазіргі таңның өзгертілмейтін атрибутына айналды.

Дүниежүзінің сәулетшілері мен дизайнерлерін шынының түпнұсқалылығы, мөлдірлігі мен ерекше дыбыс изоляциялық және және жылу изоляциялық қасиеттері қатты қызықтырады.

Заманауи сәулеттік шыны – бірегей құрылыс және ерекше өңдеу материалы бола алады және ол өзінің аса нәзіктігіне қарамастан химиялық әсерлерге берік болып келеді.

Ғимараттың сыртын шынымен жабдықтай келе ол тек мөлдір болмай, ол металл және тас тәрізді тұнық болуы мүмкін. Сонымен қатар шыны өзінің күн өткізгіштік қасиетімен ғимараттың кей бөліктеріне күн сәулесінің өтуіне әсерін тигізеді. Қазір де шыны жаңа заман сәулетінде қаланың көп қабатты үйлерді, жеке тұрғын үйді, демалыс орындарын тұрғызуда лайықты және үлкен сұранысқа ие. Мен де жобамның, яғни жеке тұрғын үйімнің терезелерін осы сәулеттік шыны материалымен құрастыруды жөн санадым.