- •I. Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жобаның құрамы
- •1.2 Құрылыс алаңының жалпы сипаттамасы
- •1.3 Климаты мен тарихи жағдайы
- •Іі. Сәулеттік құрылыстық бөлім
- •2.1 Бас жоспар
- •2.2 Телім жоспар бойынша техника техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.3 Көлемдік-жоспарлау шешімдері
- •2.4 Техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.5 Бөлме экспликацясы
- •2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
- •2.7 Қоршау қабырғаларының жылу техникалық есебі
- •2.8 Іргетас блоктары бойынша тізімі
- •2.9 Еден экспликациясы
- •2.10 Ағаш және пластик тізімі
- •2.11 Қабаттар аражабындары мен төбежабындары бойынша тізімі
- •Ііі. Санитарлық – техникалық бөлім
- •3.1 Жылумен қамтамасыз ету
- •3.2 Жылыту және желдету
- •3.3 Сумен қамтамасыз ету
- •3.4 Кәріздендіру
- •3.5 Газбен қамтамасыз ету
- •Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары
- •Өртке қарсы және жарылуы қауіпсіздік іс-шаралары
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Құрылыс нормасы және ережелері
КІРІСПЕ
Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Соңғы жылдары, айтарлықтай жеке ғимаратта қызығушылық артты. Бұл байланысты биік құрылысден астам, оның артықшылықтары көп. Тапсырыс беруші бөлмелер, үйдің макеті, сәулеттік шешімдер кешенін таңдайды, олардың көзқарастары мен таңдауларға негізделген. Сондай-ақ, жеке үйлерде орналасқан экологиялық таза аумақтар мен дыбыс оқшаулау үшін талаптары бар. Тұрғын үй ғимаратының жобалау негізгі мақсаты - өмір тіршілік ету ең қолайлы жағдай, ол еді жасау тұратын әр талаптарды қанағаттандыру.
Функционалдық талаптар ыңғайлы және тиімді орындау үшін қабілетті болуы керек процестер болып табылады. Сіз сондай-ақ санитарлық талаптарды орындауға тиіс үйде өмір сүретін ортаның физикалық сапасы: температура, ылғалдылық, таза ауа, табиғи жарық, оқшаулау, сыртқы дыбыс оқшаулау шу, үйде ішкі ортасы қоршаған ортаға тығыз байланысты болып табылады, демек, тұрғын үй талаптары климаттық тікелей тәуелді болып табылады шарттары мен басқа да жергілікті жағдайлар мен материалдар және құрылыс жинағы солармен байланысты.
Осылайша, жобалық тұрғын үй толық болуы тиіс, мүшелік отбасылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бұл қолайсыз әсерінен қорғалуы тиіс ашық және қоршаған ортаны қорғау тиісті мәдени және қазіргі заманғы технологиялық жасаудың жайлылық деңгейі. Сонымен қатар, олар берік, сенімді болуы тиіс.
Сәулет өнері барша адaмзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі. Ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Заманауи көзқараста сәулет бұл – ғимарат пен үймереттерді және олардың кешендерін жобалау мен құрастыру өнері. Ол өмірлік процесстердің барлық жақтарын ұйымдастырады.
Сәулетші ғимараттарды жобалау барысында ежелгі рим сәулетшісі Витрувийдің триадасын әр уақытта есте ұстауы тиіс. Ол: «беріктілік, пайдалылық, әсемділік». Осы триадаға сәйкес ғимараттар функциональды (ыңғайлы, пайдалы, конструктивті (берік, үнемді), эстетикалық (әдемі, мағынасына сәулеті сай болуы) талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым – құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Функциональдық ерекшелігіне байланысты ғимараттардағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталынады. Ол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, қасбетте, қимада жобаланады. Ғимараттың сыртқы және ішкі әсемдігіне көп көңіл бөлінеді.
Барлық ғимараттардың сол және басқадай функционалды процесстеріне сәйкес келетін рацоналды жоспарлануынан басқа баспалдақ, лифт, жабдықтар мен инженерлік құрылғыларды (санитарлық, жылытқыш, вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі.
Қазақ архитектурасы. Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы.
Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік – экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстетикалық талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған.
Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі.
Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 метрге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған.
Қола дәуіріндегі кешендер. Неғұрлым кейінгі дәуірдегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы ауылы, Қарағанды облысы) жабылды. Тегіскен мазарларының композицияларында (б.з.б. IX - VI ғасырлар, Қызылорда облысы) сыртқы қабырғалардың шаршылары оларға кірігіп тұрған дөңгелек камералармен (шикі кірпіштен тұрғызылған), сырықтармен жабылған шатырмен үйлесіп тұр. Б.з.б. IV ғасырда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. Бұлар негізінен сақ тайпалары көсемдерінің мазарларында (Баланды-2 кешені, Қызылорда облысы) тұрғызылған.
Ерте орта ғасырларда отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді. Ежелгі бекініс - қалалардың орнына нығайтылған бекініс - үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Қалалардың экономикалық маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Үйлер мен қорғаныс құрылыстары, қорғаныс дуалдары мен мұнаралары шикі кірпіштен және саз балшық соқпаларынан салынды. Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталары табылды.
IX - X ғасырларда Қазақстанда бүкіл Орта Азиядағы сияқты зор сапалық өзгерістер болды. XI – XII ғасырларда ол гүлдену шегіне жетті. Бұл кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан тұрды: қамал, шахристан және рабат. Құрылысқа күйдірілген кірпішті қолдана бастау – сәулет өнерін дамыту ісіндегі ілгері дамуға жол ашты. Ғаныш ерітіндісін қосып күйдірілген кірпіштің өте берік болуы ғимарат төбесі құралымын жетілдіруге, үйлердің аумағын ұлғайтуға жағдай туғызды. Ғаныш ерітіндісінің тез қататын қасиеті күмбездерді шегендеусіз қалауға қол жеткізді, мұның орманы жоқ аймақтар үшін зор маңызы болды.
Ғимараттардың құрылымында сегіз қырлы барабандар пайда болды. Олар ғимараттың шаршы пішінді төменгі аумағының күмбездерге ауысуын оңайлатты. Желкендер сегіз бұрыштың қырларына орнатылды. Күйдірілген кірпіш бастапқыда негізгі конструкциялардың, шикі кірпіштен тұрғызылған монументті құрылыстардың (Қызылорда облысындағы бүгінгі күнге дейін біршама жақсы сақталған Сараман-Қосы мұнарасы және Бегім ана мұнарасы) алдыңғы жақ бетін қаптау үшін қолданылды. Сыртқы аумағы мұнара секілді қабір үстіне шатырлы құрылыстарды салудың ең ежелгі жергілікті дәстүрін сақтап қалған екі ескерткіштің маңызы зор (Тегіскен мазарларының солтүстіктегі тобы, б.з.б. IX - VI ғасырлар; Баланды күмбезі б.з.б. IV – II ғасырлар).
Қарахан әулеті билігі кезінде сәулет өнері барынша гүлденіп өсті. Қазақстан жерінде бұл кезеңнен Жамбыл облысындағы Бабажы қатын кесенесі (X - XI ғасырлар), Қарахан күмбезі (XI ғасыр), Айша бибі кесенесі (XI - XII ғасырлар), Жезқазған облысындағы Жұбан ана күмбезі (XI - XII ғасырлар), Тараз қаласындағы моншалар, т.б. ескерткіштер біршама жақсы сақталған, кейбіреулерінің қалдықтары бар. Айша бибі мазары мемориалдық құрылыстардың орт. білікті түріне жатады. Егер Бабажы қатын кесенесі және Қарахан мазарының тек алдыңғы беттері кірпішпен өрнектелген болса, Айша бибі кесенесі түгел әсем және сан алуан геом. және көгеріс нақышына құрылған әшекей тақталармен қапталған.
Күн түскен кезде ғимарат қабырғалары алуан түспен құлпырып тұрады. Ескерткіш қабырғаларының құралымы ерекше. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Аяққамыр күмбезі Орталық Қазақстанның аса көрнекті ескерткіштерінің қатарына жатады. Кейбір зерттеушілер оны оғыз-қыпшақ дәуіріне (XI - XII ғасырлар) жатқызады. XI – XII ғасырлардағы ғимараттардың күмбездеп жабылу құралымдары, сәулетті аумақты композициямен салынуы және сәндік құралдары мен пішіндері Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінің озық үлгімен ілгері дамуына негіз болды.
Қазақстанның онан әрі дамуы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының сәулет өнерін өркендетудің жалпы бағыт-бағдарын бейнеледі. Күмбез астындағы құралымдар жетілдірілді, құрылыстардың үйлесімдік құрылымын өзгерткен қос қабатты сымбатты барабандар, ғимараттарға әсемдік және сәулеттік түр беретін алуан түсті жылтыр кірпіштер, қаптағыш тақталар пайда болды. Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің сәулеттік пішіндері мен құралдары пайда болды.
1927 – 1929 жылы Республиканы жоспарлау комитетінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да шаруашылық - тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қаласында жеке әкімшілік ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды.
30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан - Сібір темір жолын салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың күрт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты - орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды. Қала орталығы жаңа құрылыстар ауданына (қазіргі Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығына) ауысты.
60-жылдардың 2-жартысы Қазақстан сәулетінің маңызды бетбұрыс кезеңі болды. Сәулет өнерінің міндеттері жергілікті жағдайларды ескере отырып, ұлттық бейне және ұлттық этнографиялық ерекшелік негізінде шешілді. “Арман” кинотеатрының құрылысында сәулет пен мүсінді ұштастыру жолымен қабырғалардың бетін бедерлеп өңдеу тәсілі пайдаланылды, бедерлік композиция енгізілді, табиғи тасты нақты көрсету арқылы ғимараттың сезімдік әсерлілігін көрсетуге мүмкіндік туды. Ортада ашық алаң-фойе жасау, қабырғаларында жапсырма бедерлер арқылы қазақ халқы тұрмысындағы текеметтің түрінен туындайтын өрнектер пайдаланылды.
2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді. Осы күнге орай әлемге танымал Қожа Ахмет Иасауи кесенесі қайта жөндеуден өткізілді, Есім ханның хан алаңы жасалынып, “Яссы” қонақ үйі тұрғызылды, сонымен қатар, Ұлы жібек жолын символдық тұрғыдан көрсететін “Керуен” ескерткіш кешені ашылды. Қазақстан тәуелсіздігінің он жылы ішінде салынған сәулет ескерткіштерді төрт топқа бөлуге болады. Алғашқы топқа ата-бабалар мен тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер жатады.
2001 ж. 27 тамызда Алматы қаласынан 35 км қашықтықта Алматы – Бішкек тас жолының бойынан қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысына арналған мемориал ашылды. Бұл ескерткіш 300 жыл бойы жоңғар басқыншылығына қарсы тұрып келген қазақ халқының ерлігі мен бірлігін танытады. Тәуелсіздік кезеңіндегі ескерткіштердің екінші тобы қазақ халқының белгілі қайраткерлеріне арналған.
I. Жалпы бөлім
1.1 Курстық жобаның құрамы
Жобаның есептік түсініктеме жазбасы 29 беттен тұрады.
Курстық жобамның тақырыбы: «Ақтөбе қаласындағы 2 қабатты 5 бөлмелі эркерлі жеке тұрғын үй».
№1 курстық жобамның графикалық бөлімі төмендегідей масштабтармен сызылған:
Бас қасбет М1:100
Жан қасбет М1:100
1–қабат жоспары М1:100
2-қабат жоспары М1:100
Төбежабын жоспары М1:100
Аражабын жоспары М1:100
Типтік қабат жоспары М1:100
Шатыр жоспары М1:200
8) Іргетас жоспары М1:100
9) Тілік 1 М1:25
10) Тілік 2 М1:25
11) Перспектива М1:100
12) Телім жоспары М1:200
1.2 Құрылыс алаңының жалпы сипаттамасы
«Сәулеттік жобалау» пәнінен берілген жалпы қамтитын ортақ №1 курстық жобамның тақырыбы: «Ақтөбе қаласындағы 2 қабатты 5 бөлмелі эркерлі жеке тұрғын үй».
Тұрғын үйдің ось бойынша өлшемдері: 12* 13,3 м
Жобаланған аймақта тұрғын үй жанындағы бос орындар көгалданып, жаяу жүргіншілер жолы орналасқан.
Құрылыс ауданы – Ақтөбе қаласы.
Климат ауданы – ІІІ А
Қысқы сыртқы ауа есептеу температурасы - 310 С
Қарлыжамылғы салмағы горизонтальдық беттің 1 кПа
Топырақтардың мұздау тереңдігі 1.8 м.
Жел қысымы биікте жер бетінің үстінде
Инженер – геологиялық шарттар келесі топырақтармен сипатталады: Топырақтардың тоттылық белсенділігі: Жерлерге объектілердің геодезиялық бөлінуін (ҚНжЕ) жүзеге асырады. Жаяу соқпақтар және жолдар қатты жабынмен жобаланған.
1.3 Климаты мен тарихи жағдайы
Құрылыстар аудан құрылысының ІІІА климаттық аймағына жататын Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы болып табылады.
Ақтөбе қаласының климаттық жағдайы: қаласының табиғи климаты мұхиттар мен биік таулардан шалғай жатыр, осінің кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм). Орташа жылдық мөлшері 100-160 мм-ге дейін құбылады. Жыл бойы ылғал тегіс түспейді. Кейбір жылдары жауын – шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып отырады.
Жер беті топырағы негізінен қара топырақ. Мұнда топырақтың қара шірінділері аз болады, негізінен қиыршық құмдар болады. Дегенмен, ылғал талапқа сай жетпейді.
Топырақты метрлік қабатындағы тиімді ылғалдығының орта есебі өсімдік қоректенуі мүмкін бөлігі, жаздық дақылдарын себетін уақытта кеңістікте 100-150 мм болады. Жылдың орташа жел жылдамдығы 2.4 м/с. Жылдық орташа ауаның ылғалдығы 68%.
Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамындағы азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшер байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағына көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен.
2013 жылы сантарлық – эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2—16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2013 жылы қаладағы автокөліктер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады.
Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен Елек өзеніне жылына 10 млн. м³ дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес.
Ақтөбе қаласының тарихы. Ежелгі замандарда бұл аймақта өмір сүрген ежелгі тайпалар мал шаруашылығымен айналысып, Солтүстік Қазақстанның тайпаларына жақын болған. Тікбұрышты және доғал қорымдардың ендік бағытталуының мысалы ретінде Ақтөбе маңындағы Сынтас және Бесоба қорымдарын келтіруге болады. Қала маңындағы далада қола дәуіріне жататын сақина тәріздес тас дуалдар мен қорғандар табылған. Ақтөбеге жанындағы Қарғалы өзенінің жағасында орта қола дәуіріне жататын бұйымдар табылған.
Ақтөбе бекінісінің қалануы 1869 жылдың мамыр айында Елек пен Қобда өзендерінің аралығына флигель-адъютант граф фон Борг басқарған екі рота жаяу әскер, жүз казак және 14 зеңбіректен тұратын жасақ аттанды. Әскери губернатор Лев Баллюзектің талабымен 15 (28) мамыр күні Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылатын жеріндегі екі төбенің үстінде Ақтөбе (орыс. Ак-Тюбе) бекінісінің негізі қаланды. Қарауыл алаңы, гауптвахта, қару-жарақ қоймасы, азық-түлік пен оқ-дәрі сақталатын жертөле салынды.
Ақтөбе аумағы Баллюзек өзінің есептемелерінде «сенімсіз» деп сипаттаған табын руынан шыққан Арынғазиевтердің қарамағында болды. Баллюзек жергілікті тұрғындардың бағыныштылығын атап өткеніне қарамастан, орыс жасақтары келгеннен кейін олардың көп бөлігі көршілес Орал облысына көшіп кетті. Қалған қазақтардың арасынде тек Арынғазиев әулетінің сұлтандары мен казактардан жеңіліс тапқаннан кейін қарсыласуды доғарған Айжарық би Бекбауұлының көтерілісшілер жасағы болды.
Алғашқы онжылдықтарда қоныстың тұрмысы көшпенді мал шаруашылығымен айналысаты қазақтармен тығыз байланыста болды. Қаланың алғашқы бас жоспары 1874 жылы әзір болды. Елді мекен бірнеше аудандарға бөлінді: Құрмыш, Татар слободасы, Оторвановка. Ең алғашқы көшелер Гарнизонная, Крепостная, Оренбургская, Илецкая және Георгиевская деп аталды.
Уездік қала дәрежесінде 1891 жылдың 25 наурызында шыққан «Далалық облыстарды басқару туралы ережеге» сәйкес, Ақтөбе Қостанай секілді Ресей империясының Торғай облысының уездік қалаларының бірі болып бекітілді.
Бастапқы уақытта тез дамымағанымен, Ақтөбе қаласы бірқалыпты өсу қарқынын сақтап, Қостанай секілді құлдырау мен халық санының азаюына душар болған жоқ. 1886 жылдың шілдесіне қарай қаладағы аулалардың саны 177 жетті, бірақ 1891—1892 жылғы ашаршылықтың кесірінен біраз тұрғын қаладан босып кетті. 1893 жылдан бастап халық саны қайтадан өсе бастады. 1895 жылы тұрғындар саны 2263 адамға жетті, оның 1041 православ христиандар, 202 мұсылман болды. 1896 жылы қалаға Кіші Ресейдің губернияларынан 100-ге таман отбасы көшіп келді.
1902 жылы қала арқылы Орынбор мен Ташкент арасын жалғастырған Ташкент темір жолы өтіп, Ақтөбе экономикасының әрі қарай дамуына әсер етті. 1905—1907 жылдары қалада бірнеше рет қара халықтың наразылық шерулері мен ереуілдер ұйымдастырылды.
Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды, бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті.
1919 жылдың 1 қыркүйегінде Всесвятский ауылы жағынан (қаланың оңтүстік-батысы) қызылдардың Оңтүстік армияның уақытша базасына айналған Ақтөбе қаласына шабуылы басталды. Қалаға зеңбіректерден оқ жаудырылды; аспанан қызылдардың аэропланы бомбалар лақтыра бастады. Үлкен дүрбелең басталды. Тұрғындар оңтүстік-батыс бағытында қаланы тастай жөнеліп еді, алайда тез арада жетіп үлгерген қызылдардың атты әскері қашқындардың бір бөлігін қоршап үлгерді. Тым-тырақай қашқан әскердің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмады. 2 қыркүйек күні Ақтөбе қызылдардың қоластына өтті.
1920—1925 жылдары Ақтөбе қаласы Ресей КФСР-ның Қырғыз АСКР-ы құрамында болды, 1925 жылы Қазақ АКСР-ның қарамағына өтті, 1936 жылы Ресей КФСР-ның құрамынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-на қосылды. Кеңес дәуірінде Ақтөбе қаласы Ақтөбе губерниясы (1921—1928), Ақтөбе ауданы (1921—1922, 1928—1933, 1970—1997), Ақтөбе уезі (1922—1928), Ақтөбе округы (1928—1930) және Ақтөбе облысы (1932 жылдан бастап) сияқты бірнеше әкімшілік-территориалды бірліктердің орталығы болды.
Қазан төңкерісінен кейін Ақтөбе қарқынды дами бастады. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналды. Осыдан кейін қалада ұзындығы 10,5 км болатын алғашқы су құбыры жүргізілді, 25 су колонкасы орнатылды. Облыс орталығы ретіндегі алғашқы онжылдықта қалада 2 электр станциясы салынды, көшелерде 250 жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Қаланы жасылдандыру жұмыстары атқарылды, жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолдар пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбеде 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы, 129-шы миномет полкы және тағы да басқа әскери жасақтар құрылды. 312-ші атқыштар дивизиясының 11 мың адамының 9,5 мыңы соғыс майданында қаза тапты. Дивизия командирі Александр Наумов «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағының бірінші иегері болды. 29 ақтөбелік Кеңес Одағы батыры атанды.
Соғыс кезінде Кеңес Одағының жау басып алған қалаларынан көшірілген кейбір кәсіпорындар Ақтөбеге жөнелтілді. 1941 жылдың тамызында қалаға Запорожьеден ферроқорытпа зауытының жабдықтары келді. Мәскеуден «Электросчетчик» кәсіпорынының, Мәскеу рентген зауытының, № 14 жүн тоқу фабрикасының және тағы да басқа кәсіпорындардың жабдықтары көшірілді.
1940—1960 жылдары ферроқорытпа және хром қосындылары, рентген аппаратурасы және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары; ет және сүт комбинаттары; трикотаж, жиһаз және тігін фабрикалары секілді ірі өнеркәсіп мекемелері ашылды. 1962 жылдың 3 мамырында орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан, құрамына Ақтөбе, Орал және Гурьев облыстары кіретін Батыс Қазақстан өлкесі құрылды. 1964 жылдың 1 желтоқсанында Батыс Қазақстан өлкесі таратылды. 1977 жылы қала Батыс Қазақстан темір жолының орталығы боп тағайындалды.
Кеңес дәуірінде көптеген кәсіпорындары бар индустриалды қалаға айналды, өнеркәсіп пен мәдениеттің аймақтық орталығы болды және бүгінгі таңда да осындай болып қала береді.
Тәуелсіз Қазақстан дәуірі. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты.
Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республикаға 1970—1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.
2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың м² тұрғын үй енгізу жоспарланғанымен, жылдың қорытындысы бойынша 289 773 м² тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды. Жеке құрылыс көрсеткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа баралгин еден.
2007—2008 жылғы қаржылық дағдарыс пен оның артынан ұласқан Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан Ақтөбедегі жылжымайтын мүлік пен жалға алу құны күрт төмендеп кетті. Қала ішіндегі жер телімдерінің бағасы 30 % кеміді. Қала тұрғындарының жалақы мөлшері төмендеді, кейбір кәсіпорындар медициналық сақтандыруға бөлінетін қаражатты азайтты, тұрмыстық техника мен электроникаға сұраныс азайды. Ақтөбе әуежайындағы жолаушылар тасымалы 13 % бәсеңдеді, ұлттық валюта девальвациясының кесірінен қала автосалондарындағы автокөлік сатылуы кеміді.
2010-шы жылдар Батыс Қазақстандағы діни экстремизмнің өршуімен сипатталады. 2011 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе қаласының 25 жасар тұрғыны Рахымжан Мақатов Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жергілікті Департаментінің алдында жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан өзі қайтыс болды, бірнеше адам жарақттанды. Бір айдан астам уақыт өткен соң, 26 маусым күні қалада тәртіп сақшылары мен қылмыстық іс бойынша күдіктілер арасында қарулы қақтығыс орын алды. Бұл оқиғаларды жұртшылық Темір ауданында бірнеше полиция қызметшілерін қасақана өлтірген діни экстремистердің тобымен байланыстырды. Аз уақыттан кейін қаланың шет ауданындарының бірінде құрылысы аяқталмаған үйдің ішіндегі жарылыстың салдарынан үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі Ақтөбе облысының Ішкі істер Департаментінің экстремизмге қарсы күресетін басқармасының жедел уәкілі болып шықты.
Қала халқының саны 2030 жылға дейін 625 мың адамға, 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін қаланың аумағы 29 739 га-дан 72 965 га-ға шейін ұлғаюы тиіс (2003 жылғы бас жоспар бойынша 42 847 га болуы керек еді). Жеке тұрғын үй құрылысы шектетіледі, жаңа бас жоспар бойынша қалада негізінен көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Ақтөбе «жаңа» және «ескі қала» болып бөлінетін Қазақстанның жалғыз қаласы. Осы бөліктердің арасын жалғау үшін қаланың Мәскеу ауданында сәйкес инфрақұрылымы бар көпқабатты тұрғын үй массивтерін тұрғызып, қаланы біріктіретін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр.
