Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тұп нұсқа (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.86 Кб
Скачать

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын жүйелеу

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат, мұражайларға бару, мақсаттық серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер, табиғат туралы көркем әдебиеттер, суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрациялауды тамашалау, музыка тыңдау, дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялқ тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

  • Педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

  • Балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата-аналарына насихаттау;

  • Әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар.

Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:

  • Жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;

  • Өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.

Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрніс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

  • Табиғаттағы әр оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қоғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;

  • Балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтар, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;

  • Табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;

  • Табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгелі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;

  • Тәжірбие жасау – бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

  • Тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалыр, әңгімелер және диологқа қатысу;

  • Табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөніндегі пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

  • Бақылау – өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

  • Табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.

Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде танысу болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білу керек. Бала жүрегеін табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекентінде кеңінен пайдаланады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығын оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары өзін қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектеріне мүлдем көрініс таппады деуге болады.

Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақада балалардың өздері бақылап, бағап-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды оларды қоршағар ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.

К.Д.Ушинский “Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамытудың, оның өзіндік логикалық ойлауын , сөздік қорын, сананың жетілуіне әсері мол” екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгрудің суретін көрсетсе отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологилық тәрбиесімен тікелей байланыстыруға болады.

Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруге қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.

  • «Тіршілік иелерінің өміріне қажетті туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәрбие жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірбие мен моделденге іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуда. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуда қатысу балаларға қажетті тәжірбиелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

  • Бақылау – табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдісі. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қошаған ортамен тікелей байланыста болуы қамтамасыз етеді. Табиғат объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балалардытабиғатпен таныстырудың тәсілі болып табылады. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінін баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.

  • Табиғатты бейнелеу әдісі – эклогиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрнісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөніндегі ұғым қалыптастырады.

Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай «табиғатты бейнелеу әдісінен» «сөз әдебін әдісін» өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, «диолог» түрінде үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрніс табуымен нақтылаланады. «Монолог» арқылы балалар білімінің жаңа саласына енеді.

Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынуға болады:

  • Балабақшаның немесе мектептің, туған қаласының орнын картаға белгілеп, тәрбиеші көмегімен желімдеу;

  • Теңіздер мен мұхиттар жөніндегі қарапайым түсініктер беру;

  • Өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен белгілеу;

  • Экологиялық таза емес аймақтарды бергілеп, желімдеу.

Картамен жүрізілетін мұнадай жұмыс түрлері балалардың алғашқы гографиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайын танып білуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.

Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайға саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жерлердегі экожүйелерге, орманға, жорықтарға шығу, көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру - экологиялық сауықтыру мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемділігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл-қозғалыстарын бақылайды.

Мектеп жасына дейнгі балалардың экологиялық білім мен тәрбие алуына отбасы зор әсер етеді. Отбасындағы табиғатты қорғау тәрбиесі – балаларда туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің негізі. Әр отбасының ересек мүшелері баланың алғашқы тәрбиелеушілері болып табылады. Ана сүтімен, әке қанымен, ата-әжелердің шексіз еркелетуімен бөбектің өміріне, жақындарына, үй ішіне, қаласына, табиғаттың элементтеріне деген алғашқы сүйіспеншілік сезім кіреді. Осы сүйіспеншілік кейін баланың саналы табиғи қорғау жұмысының негізі болып табылады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік туған үйінің босағасында қалыптасады. Мұнда ата-аналар ең маңызды рол атқарады.

Республикамызда осы бағытта бір қатар жұмыстар жүргізілуде, отбасындағы табиғат қорғау тәрбиесі бойынша материалдар жиналып, сарапталуда. Республикада отбасылық табиғат қоғау мәселесі бойынша мына жұмыстар жоспарланып отыр:

  1. Балаларға берілетін отбасылық табиғат қорғау тәрбиесінің бағдарламасын әзірлеу;

  2. «Ата-аналары туған өлкенің табиғаты туралы» кітабын баспадан шығару;

  3. Отбасылық табиғат қоғау тәрбиесі бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиені одан әрі зерттеу және тарату;

  4. Ата-аналарға арналған табиғат қорғау мазмұнындағы дидактикалық материалдар мен тақырыптық фильмдер жасау;

  5. Ата-аналарға арналған «Табиғат қорғау» университетін ұйымдастыру.

Қорытынды

Балабқша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамен таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттаы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.

Табиғи-сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

Халықтық тәрбие талғамдағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көзің қарашығындай сақтап , жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің «көкті жұлма» болмаса «құсты атап», «су анасы- бұлақ», «судың да сұрауы бар» - деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымды кең философиялық терең ой, тәлім-тәрбиелік бастау жатыр.

Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

Балалардың көңілін өсіріп, оның мақсатындағы бағалаудың мазмұнына сай тәуелік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққа ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қоғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптард қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғи заңдылығының шынайы құндылығы. Қошаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысынң жүйелі жүруіне бағыт-бағдар береді.

Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектілерді қазіргі оқу пәндеріне кіріктіру арқылы дүзеге асырылады.Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым міндеттерінің бірі ретінде танылады.

Мемелекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіби білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді. Мемелкет мынадай басым бағыттар бойынша:

  1. Қазақстан еспубликасының орнықты дамуға көшуі үшін білім беру саласында ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспарын айқындау;

  2. Экологиялық білім беру мен ағартудың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

  3. Қошаған ортаны қорғау саласында білікті мамандар даярлау;

  4. Экологиялық білім беру мен ағарту жөніндегі оқу және әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  5. Қоғам мен отбасы экологиялық ағарту жөніндегі бағдарламаларды және іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі экологиялық білім беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.

Табиғат – ортақ үйіміз. Қазіргі уақытта әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында жаңа экологиялық сезім қалыптастыруы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын талаптардың бірі. Сондықтан баланы сәби кезінен экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеуге баса назар аударамын. Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие берудің ең маңызды міндеті – балаларды табиғи әсемдігін көруге, оған қамқор бола білуге үйрету. Экология саласы бойынша нақты білім беріп, өңірімізде қолданылатын табиғат ресурстары шектеулі екенін түсіндіріп қана қоймай, табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйрету керек.

Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылысттарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балалара алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сынып дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныпта биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып “... басқа адамдармен жарамды қатыныасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек қолы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегенімі- дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынасындағы адам” – дейді. Аталған еңбектерде бала тәрбиесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттейді. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда балалардың дүние танымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе. Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ: - балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы; -табиғат тазалығын сақтау дағдыларының дұрыс қалыптаспауы; - табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі және т.б. Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақты қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі білім бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық- әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақты және тиімді зерттеулерді қажет етеді.

Экологиялық білім беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделді. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: табиғат- балалардың дүниетанымын қалыптастырудың негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми-әдістемелк педагогикалық тұрғыдағы тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістері. Балалардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда педагогтар мен ата-аналарға арналған ұсыныстар. Балабақшада экологиялық тәрбие беру негізінде балалардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері атты мәселесінің философия, психология, педагогика, экология саласында зерттеу деңгейі салыстырылып, балабақшаларды экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары, мазмұны баяндалып балаларға экологиялық біім беру мен тәрбие бағытында сұрыпталып, проблеманың бүгінгі таңдағы жағдайы сипатталады. Балабақшада экологиялық тәрбие беру негізінде балалардың дүниетанымын қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйымда адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұны туралы қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастар талданады; балаға экологиялық тәрбие беру негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыруда экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрлымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орнын ашып көрсетеді; балалардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс-әрекет процесінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі. Балаларды аданершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетеді; экологиялық іс-әрекет процесінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірбиелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады.

32