- •1Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •2.Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы
- •1. 2 Мектеп жасына дейiнгi балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру
- •2. Мектеп жасына дейінгі балаларғы экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
- •2. 1 Мектеп жасына дейiнгi балаға экологиялық тәрбие беру арқылы жан дүниесiн дамыту
- •2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын жүйелеу
Мазмұны
Кiрiспе
1Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейiнгi балаларға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
1. 2 Мектеп жасына дейiнгi балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру
2.Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
2. 1 Мектеп жасына дейiнгi балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы жан дүниесiн дамыту
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын жүйелеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Кiрiспе
Қазіргі кезде адмазатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол. Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент Н.А.Назарбаев ұсынған “2030 стратегиясы” бағдарламасында басты орында тұр.
Бүгінгі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп – баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат – баланың ақыл – ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, әдептілікке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат – бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтанда да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие жұмысы бұынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Балаларды табиғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiптi айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көрiнiстерi жас нәрестенi де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектiң туған табиғат әлемiнiн саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсiнуiне ерте заманнын өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер зер сала көңiл бөлген.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ''Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейiнгi балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру және жан дүниесін дамыту .
Зерттеу жұмысының нысаны: Мектеп жасына дейiнгi мекеменiң тәрбие үрдiсi.
Зерттеу жұмысының пәні: Мектепке дейінгі оқытудағы экологиялық тәрбие.
Зерттеу жұмысының мiндетi:
Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін анықтау;
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мүмкіндіктерін анықтау;
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын әдістерін талдау;
Экологиялық тәрбиеліктің өлшемдері мен көрсеткіштерін белгілеп, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
Жұмыстың теориялық негiзi ретiнде мектеп жасына дейiнгi балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру жолдарын жүйелеу.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Осы мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта тәрбиешiлергежұмыс барысында көмегі тиеді.
Зерттеу жұмысының әдістері: талдау,бақылау, әңгімелесу, жинақтау.
