- •Ұйым мен оның ішкі ортасының ұйымдастырушылық-құқықтық фомасын үйрену және анализ жасау.
- •Компанияның ұйымдастыру құрылымын үйрену
- •Компания функционалды бөлімшелерінің қызметі мен қарым-қатынас жүесіне анализ
- •Компанияның сақтандыру агенті деген кім?
- •Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
- •Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар
- •Қорытынды:
Компания функционалды бөлімшелерінің қызметі мен қарым-қатынас жүесіне анализ
Компанияның қарқынды дамуы, сақтандыру құқығы бойынша мамандандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі, қазіргі сақтандыру заңнамасындағы кемістіктер, сақтандыру алдауларының фактілері, рольді бағалаудағы субъективизм және компания құрылымындағы заң бөлімшелерінің мән-мағынасы сақтандыру ұйымы қызметінің заңмен қамтамасыз етілуінің негізін қалайды. Соған байланысты «SP Malakut» сақтандыру компаниясында кәсібі заңды бөлімше құрылды.
Сақтандыру компаниясы қызметін заңмен қамтамасыз ету – бұл төмендегі әрекеттерге бағытталған ұйымдастырушылық-құқықтық негіздегі шаралар жиынтығы: сақтандыру компаниясын сақтандыру құқықты қатынастарының субъектісі ретінде жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздер құруға; сақтандырушы мен сақтанушының құқығын қорғауға.
Сақтандыру компаниясы сақтандыру жұмыстарының технологиялық процестерін дұрыс жасағанымен, ол сақтандыру төлемімен қанағаттанбайтын сақтанушымен болатын даудан құтыла алмайды. Және бұл кездейсоқтық емес, себебі екі жақты да өзінің мүліктік пайдасы қызықтырады.
Кез келген дау, соның ішінде соттың қатысуымент болатын ұзаққа созылған дау жақсы нәтижемен келмейді. Ол қызметкерлерді өз міндеттерін орындауына едергі жасап, сақтандыру компаниясының іскерлік беделін түсіреді. Сол себептен компания штатына даулы жағдайларды заң негізінде шеше білетін мамандандырылған заңгер қосылған.
Компанияның сақтандыру агенті деген кім?
Сақтандыру агенті - біздің елімізде әлі жаңа мамандық. Агенттер немен айналасатыны және ақшаны қалай табатыны жөнінде көбісі біле бермейді.
Қысқаша айтар болсам, сақтандыру Агенті сақтандыру ұйымының сақтандыру полистерін сатады, яғни сақтандыру шарттар жасалу бойынша сақтандыру ұйымның мүддесін қорғайды. Шын мәнінде, олардың жұмысы тым кеңірек.
Сақтандыру агенттері сақтандыру Шартын жасасуымен шектелмейді: олар клиенттерге үнемі кеңес береді, сақтандыру өнімдердің түрлерімен таныстырады, артықшылықтарын түсіндіріп, оларды таңдауға көмектеседі. Кеңестік қолдауды шарт жасасу барысында ғана емес, сақтандыру шарттың қолданыс мерзімінен бастап оның соңына дейін қамтамасыз етеді.
Сақтандыру агенті жеке және заңы тұлға бола алады, мысалы, банктер, туристтік ұйымдар, автосалондар. Олар өздерінің клиенттеріне сақтандыру шартын ұсына алады.
Клиенттер үшін бұл өте ыңғайлы, өйткені бұл жағдайда сақтандыру шартын жасау барысын өз жауапкершілігіне алады.
Сонымен бірге, сақтандыру ережелері мен артықшылықтарын түсіндіріп, шарт жасауға тартатын делдалдық етуші агенттер де және берілген үлгі бойынша сақтандыру полистерін, шарттарын жасау өкілдігі бар агенттер.
Тәжірибесі мол, арнайы білімді агенттерге одан да күрделі сақтандыру өнімдерін сатуға тапсырады.
Агент – сақтандыру компаниясының сатылым Департаментіндегі алғашқы мансап баспалдағы.Келесі деңгейге көтерілуі агенттің біліктілігі, зеректігі және жігерлігіне тәуелді.
Сақтандыру Агенті - сақтандыру Компаниясының ең маңызды бөлшегі.
Қазіргі кезде өмірді сақтандыру дамуда. Сақтандыру бизнесі - өркендеу бизнестің бірі. Адамдар бүгінгі күнде сақтандыру саласына сеніммен қарайтын болды, сондықтан өмірді сақтандыру қажет екенін түсінді.
Сақтандыру агенті - жалақысы жағымды өте қызық жұмыс. Олардың жұмысы нақты және келешек клиенттермен кездесу, сақтандыру қызмет түрлері жөнінде хабардар ету, сақтандыру шартын жасасу және оған әрі қарай қолдау қөрсету болып табылады. Компания агенттерінің жұмыс тәртібі еркін және еңбекақысы кесімді. Қанша уақыт жұмыс жасайды, қанша ақша алады - оны өзі шешеді, ал тәлімгерлер жұмысты жоспарлап, нәтижелі болуға көмектеседі.
Осы жұмысқа алу барысында адамның мейірімділігі, оның өжеттілігі, жігерлігі, өмірге деген оңтайлы қөзқарасы, шығармашылық қасиеті бар адамдарға көңіл аударылады.
