Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667.14 Кб
Скачать

2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ сату көлемiнiң табыстылығын талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Іс-жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2012ж.

2013ж.

1

2

3

4

5

6

1

Өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден түскен табыс

мың тг.

759,0

2163,0

+1404,0

2

Өткізілген өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны

мың тг.

46496,0

57254,0

+10758,0

3

1 тг. шаққандағы шығындардың көлемі

теңге

61,26

26,47

-34,79

3.9 кестенің мәліметтері бойынша өткізілген өнімнің 1 тг. шаққандағы шығындарын өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 61,26 тг. болған, яғни кәсіпорын 34,79 тг. артық қызмет атқарған.

Нарықтық экономика сұраным мен ұсынымның ең соңында өндiрушi мен сатып алушының арақатынасының күрделi механизмi болып табылады. Кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелер – экономикадағы адамзат қызметiнiң екiншi маңызды ортасының құрамдық құраушылары. Кез-келген меншiк түрiндегi кәсiпорынның негiзгi мақсты қаржылық нәтижелердi, яғни пайданы жоғарылату болып табылады. Талдау жасалып отырған кәсiпорынның қызметiнiң қаржылық нәтижелерiн бағалау үшiн қаржылық нәтиженiң деңгейiне, динамикасына жөне құрылымына тиянақты талдау, жалпы табысты факторлық талдау, сонымен қатар табыстық қатыстық көрсеткiштерiне жүргiзiлдi.

Жүргiзiлген есептiң нәтижесiнде келесiлер анықталған:

  • өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өсуi;

  • өнiмнiң өзiндiк құнының өсуі;

  • жалпы зиянның өсуi;

  • кезең шығындарының өсуi;

  • таза табыстың мәнi, базистiк мәнмен салыстырғанда төмендендеген;

  • сатылым көлемiнiң табыстылығынан басқа рентабельдiлiктiң барлық қатыстық көрсеткiштерi бойынша терiс коэффициент мәндерi.

Табыстылық коэффициенттерi кәсiпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасының маңызды сипаттамасы болғандықтан, олар кәсiпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау мен бағалаудың мiндеттi элементi болып табылады.

Акционерлiк қоғамның активтерiн (мүлкiн) тиiмдi пайдалану – осы кәсiпорынға қаржы салудың мақсаттылығы жөнiндегi мәселенi шешудiң маңызды көрсеткiштерiнiң бiрi болып табылады. Қоғамның мүлкi (активi) тиiмдiлiгi өлшемiнiң ең дұрыс, мойындалған, кең қолданылатын көрсеткiшi болып табыстылық (пайдалылық) коэффициентi табылады. Ол таза табыстың жалпы активтерге қатынасымен анықталады. Активтердiң табыстылық деңгейiн капиталды пайдаланудың альтернативтi жолдарымен салыстыру керек. Активтердiң табыстылық деңгейi қоғамда инвестициялық шешiм қабылдауда, сонымен қатар қаржылық жоспарлауда, реттеуде, шаруашылық қызмет пен оның нәтижелерiн бағалау мен бақылауда маңызды роль атқарады. Жақсы басқарылатын кәсiпорын әрбiр орталық бойынша табысты қалаптастыруды қатаң бақылап, тиiстi бөлiм басшыларын осы нәтижелер негiзiнде марапаттайды.

Қорытынды

Қаржылық инвестициялардың ішкі бақылау жүйесі мен бухгалтерлік есебін бастапқы бағалауды дәлелдеу үшін аудитор алынған ақпарат және жүргізілген тест нәтижелері бойынша ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін орнатады, оны аудитті жоспарлау кезеңінде алынған бастапқы бағамен салыстырады. Егер ондай баға бастапқы бағадан төмен болса, онда басқа аудиторлық процедуралар көлемі мен жүргізу тәртібіне түзетулер енгізу кажет. Аудитор өзіне бақылау процедураларын жоспарлау кезінде басты назар аударатын объектілерді анықтайды және аудиторлық тәуекелдікті нақтылайды. Аудитордың ықтимал бұрмалаулар туралы білімі мен тәжірибесі осы ақпаратты толықтырады.

Ұйымның қаржылық қызметін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайда болып табылады. Аталған көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 1404,0 мың тг. артқан. Өткізіген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын өткен жылмен салыстырғанда 10758,0 мың тг. артқан. Сәйкесінше жалпы пайда 9354,0 мың тг. кеміген. Жалпы пайданың кему себебі өткізілген өнім өзіндік құнының артуына байланысты болған.

Ұйымның қаржылық қызметін көрсететін келесі көрсеткіш бұл таза пайда. Таза пайда жалпы пайдаға кезеңдік табыстарды қосып кезеңдік шығындарды алып тастау арқылы анықталынады. Ол да өткен жылмен салыстырғанда 10907,0 мың тг. төмендеген. Ұйымның қаржылық қызметін көрсететін келесі көрсеткіш бұл қызметкерлердің орташа тізімдік саны. Оны өткен жылмен салыстырғанды 3 адамға артқан. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны да 3111,0 мың тг. артқан. Аталған көрсеткіштердің қатынасында қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы, қормен қаруланы көрсеткіштері анықталынады. Қор қайтарымдылығы 0,0085 тг. артса, қор сиымдылығы 140,49 тг. және қормен қаруланы 129,14 тг. кеміген.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ бухгалтерлік балансын талдау барысында оны екіге бөліп қарастырдық. Соның ішінде активті қарастыратын болсақ, актив екіге бөлінеді. Олар: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер.

Ұйымның қысқа мерзімді активтері өткен жылдармен салыстырғанда 83359,0 мың тг. артқан. Қысқа мерзімді активтер ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінен, қорлардар, ағымдағы салық активтерден, өзге қысқа мерзімді активтерден құралған. Оның ішінде ақша қаражаттары және оның эквиваленттері 6,0 мың тг., қорлар 83157,0 мың тг., ағымдағы салық активтер 44,0 мың тг., өзге қысқа мерзімді активтер 152,0 мың тг. артқан.

Ұзақ мерзімді активтер ұйымда бір жылдан артық пайдаланатын және болашақта пайда алып келетін активтер. Олар ұйымда негізгі құралдардан ғана құрылған. Ұзақ мерзімді активре 2012 жылы 22813,0 мың тг. құраса, 2013 жылы 23161,0 мың тг. құраған, яғни 348,0 мың тг. артқан.

Активтің екінші бөлімі ұзақ мерзімді активтерді өткен жылмен салыстырғанда 23161,0 мың тг. артқан. Оның арту себебі негізгі құралдар 23161,0 мың тг. артуында.

Бухгалтерлік баланстың екінші бөлігі пассивте сәйкесінше өткен жылмен салыстырғанда 83707,0 мың тг. артқан. Өзімізге белгілі бухгалтерлік баланстың пассиві үшке бөлінеді. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер, капитал. Қысқа мерзімді міндеттемелерді талдайтын болсақ, есепті жылы 94614,0 мың тг. артқан. Олар салықтар бойынша міндеттемелерден, басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерден, қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардан, еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардан, өзге де кредиторлық қарыздардан, өзге қысқа мерзімді міндеттемелерден тұрады. Оның ішінде салықтар бойынша міндеттемелер 352,0 мың тг., басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер 294,0 мың тг., қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар 93320,0 мың тг., еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар 627,0 мың тг., өзге қысқа мерзімді міндеттемелер 31,0 мың тг. артқан және өзге де кредиторлық қарыздар 10,0 мың тг. кеміген.

Ұйымда ұзақ мерзімді міндеттемелер екі жылда да болмаған. Пассивтің үшінші бөлігі капитал болып табылады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 10907,0 мың тг. кеміген. Кему себебі, бөлінбеген табыс 10907,0 мың тг. кеміген.

Өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен пайданы өткен жылмен eсепті жылды салыстырсақ 1404,0 мың тг. артқан. Сатылған дайын өнімнің өзіндік құныда өткен жылмен салыстырғанда 10758,0 мың тг. артқан. Жалпы пайда көрсеткіш бұл өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен пайда пен өткізілген өнім (қызмет, жұмыс) өзіндік құны арасындағы айырманы көрсетеді. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жалпы пайдасы 2012 жылы -45737,0 мың тг. құраса, 2013 жылы -55091,0 мың тг. құраған, яғни -9354,0 мың тг. кеміген.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ төлем қабілеттілігін есептеу барысында қысқа мерзімді активтердің деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін дәлелдедік. Қысқа мерзімді активтерді өткен жылмен салыстырғанда 83359,0 мың тг. артқанын көреміз. Оның арту себебі барлық баптардың артуында.

Сонымен қатар кысқа мерзімді міндеттемелер де 94614,0 мың тг. артқан.

Өнімділік көрсеткіші негізінен үш коэффициенттік қызмет атқарады, яғни абсолюттік өтімділік коэффициенті, аралық өтімділік коэффициенті және жалпы өтімділік коэффициенті.

Сонын ішінде: абсолюттік өтімділік коэффициенті 2012 жылы 4,404 теңгені құраса, 2013 жылы 5,392 теңгені құраған, яғни 0,988 теңгеге артқан.

Ал ұйымның аралық өтімділік коэффициентін өткен жылмен eсепті жылды салыстырсақ 2012 жылы 4,404 теңгені құраса, 2013 жылы 5,392 теңгені құрап отыр, яғни 0,988 теңгеге артқан.

Жалпы өтімділік коэффициенті 2012 жылы 0,0314 теңгені құраса, 2013 жылы 0465 теңгені құраған, яғни 0,4336 теңгеге артқан.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Астана, Ақорда, 2012ж.

Кеулімжанов Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негізі. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 384 бет.

Исакова С.А. Международные стандарты учета и аудита. – Тараз: Тараз университеті, 2007. – 351с.

Исакова С.А. Международные стандарты учета и аудита. – Москва: Оргсервис-2000, 2011. – 352с.

Исакова С.А. Современные проблемы бухгалтерского учета и аудита в Республике Казахстан. – Германия. LAP LAMBERT Academic Publishing, 2011. – 328с.

Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. Жалпы ред. Басқарған Н.Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2006. – 310 бет.

Толпоков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. – 568 бет.

Ержанов М.С., Нурумов А.А. Финансовая отчетность казахстанских предприятий: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2007. – 180с.

Дүйсембаев К.Ш. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Издат Маркет, 2005. – 312 бет.

Исакова С.А., Калабаева А.Б. Аудит.- Тараз: Тараз университеті, 2008.- 309 бет.

Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ Оқулық құралы.-Алматы, «Издательство LEM» ЖШС, 2009. – 428 бет.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Заңы.

Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексі.-2009ж. 15 қыркүйек Салық кодексі. №99-ІҮ. – Алматы: БИКО, 2009.-504 бет.

Аудиторлық қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1998ж. 20 қарашадағы Заңы (15.02.2006 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар). – Алматы: Юрист, 2009.-140 бет.

Қаржылық есеп берудің халықарарлық стандарттары. – Алматы: Корпорация «КАРАНА – ЮСАИД», 2007 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары - /Файл бухгалтера/ №30 (330), июль 2007 ж.

Дипломдық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша әдістемелік нұсқау // Исакова С.А., Игликова А.Н. – Тараз: 2009. – 32 бет.

Исакова С.А. Проблемы развития современного бухгалтерского учета: Монография. – Одинцово: АНОО ВПО ОГИ, 2011. – 124с.

Нұрымов А.А., Шоимбаева С.А. Салық және салық салу: Оқу құралы. – Астана. – Қаз ЭҚХСУ: БПО, 2009. – 546 бет.

Исакова С.А. Заманауи Бухгалтерлік есепті дамыту мәселелері. – Тараз: Тараз университеті, 2012. – 138б.

Исакова С.А. Проблемы развития современного бухгалтерского учета – Тараз: Тараз университеті, 2009.-124с.

Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Оқу құралы. – Алматы: «Заң әдебиеті», 2006. – 163бет.

Нурсейтов Э.О: Бухгалтерский учет в организациях / Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 472с.

Нурумов А.А., Бекболсынова А.С. Налоги и налогообложение: учебник. – Астана: Изд. Каз УЭФМТ, 2009. – 583с.

63

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]