Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667.14 Кб
Скачать

2012-2013 Ж.Ж. ««Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ жалпы табысын талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Іс жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2012ж.

2013ж.

1

2

3

4

5

6

1.

Өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден түскен пайда

мың тг.

759,0

2163,0

+1404,0

2.

Өткізілген өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны

мың тг.

46496,0

57254,0

+10758,0

3.

Жалпы пайла

мың тг.

-45737,0

-55091,0

-9354,0

3.8 кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша өткізілген өнімнен және көрсетілген қызметтен түскен пайда 2012 жылмен салыстырғанда 1404,0 мың тг. артқан. Өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны да 2012 жылмен салыстырғанда 10758,0 мың тг. артқан. Жалпы пайданың нақты көлемi 2012 жылғы көлемiнен 9354,0 мың тг. кеміген.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткiштерiне нарықтық экономика жағдайындағы қоғамның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды тиiмдi пайдалану сияқты мүмкiндiктерiн анықтайтын, осы қоғам қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштерi жатады. Олар кәсiпорын қызметiн түрлi бағытта белгiлейдi және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделерiне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттерi салыстырмалы талдау мен кәсiпорынның қаржы жағдайын бағалаудың мiндеттi элементтерi болып табылады, өйткенi олар кәсiпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткiштер.

Табыстылық көрсеткiштерi 3 топқа бөлiнедi:

  1. Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтерi;

  2. Өнiмдер;

  3. Ақша каражаттарының таза ағымы (немесе түсiмi) негiзiнде есеп-телетiн табыстылық көрсеткiштерi.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ активтерiн (мүлкiн) пайдалану тиiмдiлiгi берiлген кәсiпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешiмдер қабылдауда қажеттi әрi маңызды белгiлердiң бiрi болып саналады.

Қоғамның мүлiктерiнiң (активтерiнiң) тиiмдiлiгiн өлшеудiң бiрден-бiр дұрыс, танылған әрi кең тараған қорытындылаушы көрсеткiштерiнiң бiрi – табыстылық коэффициентi, ол таза табыстың жалпы активтер (авансталған капиталға) қатынасын көрсетедi.

Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткiшiнiң бiрi – бұл өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейi болып табылады. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражатының қалдығымен негiзгi құралдардың орташа құнына қатынасы ретiнде есептелiп шығарылады. Сонымен, өндiрiстiк қорлар құны, сәйкесiнше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негiзгi құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды.

Өндiрiстiк қорлардың табыстылық деңгейiн талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған факторлық талдау әдiстемесi, көрсеткiштiң алғашқы формуласын, табыстылық деңгейiн қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиiмдiлiгiн арттыру және өндiрiстi интенсивтендiрудiң барлық сапалы сипаттамасы бойынша жiктеудi қарастырады.

Өнiмнiң табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негiзгi қорлардың қор қайтарымдылығы мен негiзгi қорлардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнiмнiң 1 теңгесiне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтерi бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестiк шығындары неғұрлым төмен болса), өндiрiстiк құралдардың табыстылық деңгейi соғұрлым жоғары болады.

Негiзгi қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бiр көрсеткiшi – бұл өткiзiлген өнiмнiң табыстылығы.

Өнiмнiң табыстылығының модификацияланған көрсеткiшi – бұл сату көлемiнiңтабыстылығы, ол мына (3.4) формула бойынша анықталады:

(3.4)

мұндағы D - сату көлемiнiң табыстылығы;

D - жалпы пайда;

D - өнiмдi өткiзуден алынған пайда.

Сату көлемiнiң табыстылық деңгейiне өткiзiлген өнiмнiң құрылымының, оның өзiндiк құнының және өнiмдi сату бағаларының өзгерiсi ықпал жасайды. Ол келесi 3.9 кестеде көрсетiледi.

Кесте 3.9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]